Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Түлкібас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жастар орталығы" КММ қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемақы белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Түлкібас аудандық мәслихатының 2024 жылғы 27 маусымдағы № 20/6-08 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 "Қазақстан Республикасындағы жергілік мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 қаулысының 5-тармағы 3) тармақшасына сәйкес, Түлкібас аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Жергілікті атқарушы органы айқындаған тәртіпте жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын Түлкібас ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің "Жастар орталығы" мемлекеттік коммуналдық мекемесі қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджеттен ынталандыру үстемақысы 25% аспайтын көлемінде белгіленсін.

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы Х.Байысбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады