Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Шардара ауданы әкiмдiгiнiң 2024 жылғы 12 маусымдағы № 155 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17 бабының 5-1) тармақшасына және 69 бабының 4 тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31 бабының 1 тармағы 10) тармақшасына сәйкес, Шардара ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Шардара аудандық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Шардара қаласындағы су электр станциясынан Тама құдығына дейін электр желілерін тарту үшін осы қаулының қосымшасына сәйкес, жердің меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймастан, жер учаскелеріне уақытша өтеусіз қысқа 3 (үш) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкiмiнiң орынбасары С.Ильясовқа жүктелсiн.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі А.Карсыбаев

  Шардара ауданы әкімдігінің
2024 жылғы 12 маусымдағы
№ 155 қаулысына қосымша

Шардара қаласындағы су электр станциясынан Тама құдығына дейін электр желілерін тарту үшін қауымдық сервитут белгіленетін жер көлемдері

Жер учаскесінің орналасқан жері

Қауымдық сервитуттың әрекет ету көлемі (гектар)

соның ішінде

Ауданның арнайы жер қоры

Су қоры жері

Орман қоры жері

1

2

3

4

5

6

1

Шардара ауданы аумағы

3,2982

2,259

0,0004

1,0388


Барлығы

3,2982

2,259

0,0004

1,0388


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады