Сауран ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасын және жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін ауылдар тұрғындары өкілдерінің сандық құрамын бекіту туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сауран аудандық мәслихатының 2024 жылғы 2 ақпандағы № 116 шешімі

      Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және "Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы № 122 бұйрығына сәйкес, Сауран аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Осы шешімнің 1-қосымшасына сәйкес Сауран ауданының аумағында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің қағидасы бекітілсін.

      2. Осы шешімнің 2-қосымшасына сәйкес Сауран ауданының құрамындағы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудан құрамындағы 12 ауылдық округ тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы бекітілсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сауран аудандық мәслихатының төрағасы С.Байсбаев

  Сауран аудандық мәслихатының
2024 жылғы 2 ақпандағы
№116 шешіміне 1-қосымша

Сауран ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Сауран ауданында жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу қағидалары "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 39-3-бабының 6-тармағына және Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2023 жылғы 23 маусымдағы №122 бұйрығымен бекітілген Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізудің үлгілік қағидаларына сәйкес әзірленді және аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ тұрғындарының жергілікті қоғамдастығының бөлек жиындарын өткізу тәртібін белгілейді.

      2. Осы Қағидаларда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

      1) бөлек жергілікті қоғамдастық жиыны – аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ, ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындарының (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерді сайлауға тікелей қатысуы;

      2) жергілікті қоғамдастық – шекараларында жергілікті өзін-өзі басқару жүзеге асырылатын, оның органдары құрылатын және жұмыс істейтін тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) жиынтығы.

2-тарау. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарын өткізу тәртібі.

      3. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын өткізу үшін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің аумағы учаскелерге (ауылдар, шағын аудандар, көшелер, көппәтерлі тұрғын үйлер) бөлінеді.

      4. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарында жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін саны үш адамнан аспайтын өкілдер сайланады.

      5. Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің және ауылдық округтің әкімі ауыл, шағын аудан, көше, көппәтерлі тұрғын үй шегінде жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын шақырады және өткізуді ұйымдастырады.

      Көше шегінде көппәтерлі үйлер болған кезде көппәтерлі үйдің бөлек жиындары жүргізілмейді.

      6. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиындарының шақырылу уақыты, орны және талқыланатын мәселелер туралы жергілікті қоғамдастықтың халқын аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы немесе өзге де тәсілдермен өткізілетін күнге дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей хабардар етеді.

      7. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын ашудың алдында тиісті көшеден қатысып отырған тұрғындарын тіркеу жүргізіледі.

      Кәмелетке толмағандардың, сот әрекетке қабілетсіз деп таныған адамдардың, сондай-ақ сот үкімі бойынша бас бостандығынан айыру орындарында ұсталатын адамдардың жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысуына жол берілмейді.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиыны осы көшеде тұратын тұрғындардың (жергілікті қоғамдастық мүшелерінің) кемінде он пайызы қатысқан кезде өтті деп есептеледі.

      8. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынын аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға ашады.

      Аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің әкімі немесе ол уәкілеттік берген тұлға бөлек жергілікті қоғамдастық жиынының төрағасы болып табылады.

      Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында хаттама жүргізіледі, жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасын ресімдеу үшін ашық дауыс беру арқылы хатшы сайланады.

      9. Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудандық маңызы бар қаланың, ауылдың, кенттің, ауылдық округтің көше, көппәтерлі тұрғын үй тұрғындары өкілдерінің кандидатураларын ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) мәслихаты бекіткен сандық құрамға сәйкес жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының қатысушылары ұсынады.

      10. Дауыс беру ашық тәсілмен әрбір кандидатура бойынша дербес жүргізіледі. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынына қатысушылардың ең көп дауысын жинаған кандидаттар сайланды деп есептеледі.

      Егер жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынында дауыс беру кезінде қатысушылардың дауыстары тең бөлінген жағдайда, бөлек жиынның төрағасы шешуші дауыс құқығын пайдаланады.

      11. Жергілікті қоғамдастықтың бөлек жиынының хаттамасына төраға мен хатшы қол қояды және бөлек жиын өткізілген күннен бастап екі жұмыс күні ішінде жиын хатшысы тіркеу үшін тиісті аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент және ауылдық округ әкімінің аппаратына береді.

      Жергілікті қоғамдастық жиынында немесе жергілікті қоғамдастық жиналысында хаттама жүргізіледі, онда:

      1) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының өткізілген күні мен орны;

      2) тиісті аумақта тұратын және жергілікті қоғамдастық жиынына немесе жергілікті қоғамдастық жиналысына қатысуға құқығы бар жергілікті қоғамдастық мүшелерінің жалпы саны;

      3) қатысушылардың саны және олардың тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда) көрсетілген тізім;

      4) жергілікті қоғамдастық жиынының немесе жергілікті қоғамдастық жиналысының төрағасы мен хатшысының тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда);

      5) күн тәртібі, сөйленген сөздердің мазмұны және қабылданған шешімдер көрсетіледі.

  Сауран аудандық мәслихатының
2024 жылғы 2 ақпандағы
№116 шешіміне 2-қосымша

Сауран ауданының құрамындағы ауылдық округтерінің жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін аудан құрамындағы 12 ауылдық округтерінің тұрғындары өкілдерінің сандық құрамы Ескі Иқан ауылдық округі бойынша

Р/с

Елді мекен атауы

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам)

1

Ескі Иқан

16

2

Мәшһүр Жүсіп

1

Жаңа Иқан ауылдық округі бойынша

Р/с

Елді мекен атауы

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам)

1

Ибата

6

2

Ойық

1

3

Ақтөбе

1

Шаға ауылдық округі бойынша

Р/с

Елді мекен атауы

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам)

1

Қазақстанның 30 жылдығы

3

2

Бершін төбе

2

3

Шаға

2

Ораңғай ауылдық округі бойынша

Р/с

Елді мекен атауы

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам)

1

Оранғай

5

2

Бостандық

2

3

Қосқорған

2

Иассы ауылдық округі бойынша

Р/с

Елді мекен атауы

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам)

1

Енбекші-Дихан

4

2

Шойтөбе

1

Жүйнек ауылдық округі бойынша

Р/с

Елді мекен атауы

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам)

1

Жүйнек

6

2

Шекербұлақ

2

3

Шыпан

3

Қарашық ауылдық округі бойынша

Р/с

Елді мекен атауы

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам)

1

Қарашық

9

2

Құмтүйін

2

Бабайқорған ауылдық округі бойынша

Р/с

Елді мекен атауы

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам)

1

Бабайқорған

3

2

Абай

2

3

Үлгілі

1

4

Құмайлықас

1

5

Көксарай

1

6

Игілік

1

Майдантал ауылдық округі бойынша

Р/с

Елді мекен атауы

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам)

1

Ынталы

2

2

Қаражон

1

3

Егізқара

1

Жібек жолы ауылдық округі бойынша

Р/с

Елді мекен атауы

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам)

1

Сауран

3

2

Ескі Сауран

2

Шорнақ ауылдық округі бойынша

Р/с

Елді мекен атауы

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам)

1

Шорнақ

4

2

Қосмезгіл

4

3

Аша

4

Үшқайық ауылдық округі бойынша

Р/с

Елді мекен атауы

Жергілікті қоғамдастық жиынына қатысу үшін өкілдерінің саны (адам)

1

Теке

2

2

Нұртас

2

3

Қожанов

2

4

Жалаңтөс

1


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады