Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Түркістан облысы Сауран ауданы әкiмдiгiнiң Шаға ауылдық округ әкімінің 2024 жылғы 26 наурыздағы № 91 шешімі

      Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 19 және 69 баптарына және Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 37 бабына сәйкес Шаға ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ЕТТІ:

      1. Сауран ауданы, Шаға ауылдық округі, Қазақстанның ХХХ жылдығы ауылы Қазыбек би көшесі, 51 мекен жайда орналасқан Түркістан қалалық мамандандырылған халыққа қызмет көрсету бөліміне "талшықты-оптикалық байланыс желісін жүргізу үшін" жалпы алаңы 0,0600 га (600 ш.м.) жер теліміне "ҚазақТелеком" акционерлік қоғамының филиалы – жобаларды басқару дирекциясына 3 (жыл) мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өз құзырымда қалдырамын.

      3. Осы шешім оның алғашқы жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Шаға ауылдық округі әкiмi Ы.Жуманов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады