Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32469 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Глубокое ауданының төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2024 жылғы 22 қарашадағы № 8 кезектен тыс отырысының хаттамасы негізінде, ШЕШТІМ:
1. Глубокое ауданы Белоусовка кентінде және Ертіс ауылдық округінде жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы әкімінің 16.01.2025 № 01 шешімімен (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2025 жылғы 5 қантардан бастап туындаған құқықтық қатынастарға қолданылады).2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою басшысы болып Глубокое ауданы әкімінің орынбасары А. М. Макиевқа тағайындалсын және осы шешімнен туындайтын тиісті іс-шараларды жүргізу тапсырылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Глубокое ауданының әкімі | Э. Л. Тумашинов |