Ескерту. Күші жойылды - Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Солоновка ауылдық округі әкімінің 05.07.2024 № 4 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 35-бабының 2-тармағына, Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 10-1 бабының 7) тармақшасына және "Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министірлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Қатонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекеме басшысының 2024 жылғы 19 сәуірдегі № 165 ұсынысына сәйкес, ШЕШТІМ:
1. Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Солоновка ауылдық округінің Малонарым ауылындағы "Селегер" шаруа қожалығына мүйізді ірі қара малында құтыру ауруының пайда болуына байланысты шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешіммен "Селегер" шаруа қожалығының басшысы Веригин Дмитрий Николаевич таныстырылсын.
3. Осы шешімінің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізілсін.
Солоновка ауылдық округінің әкімі | М. Елеусизов |