Шектеу іс-шараларын алу және "Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Солоновка ауылдық округінің Малонарым ауылындағы "Селегер" шаруа қожалығына шектеу іс - шараларын белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Солоновка ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 20 сәуірдегі № 2 шешімінің күші жойылды деп тану туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Солоновка ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 5 шілдедегі № 4 шешімі

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2 тармағына, "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1-бабының 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 46-бабының 2 тармағының 4) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Катонқарағай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесінің басшысының 2024 жылғы 5 шілдедегі № 283 ұсынысына сәйкес, ШЕШТІМ:

      1. Алтай аудандық зертханасының 2024 жылғы 5 шелдедегі №СО-24-F-07-(10)-00876-А-D сараптама актісі негізінде Солоновка ауылдық округінің Малонарым ауылындағы "Селегер" шаруа қожалығына қарасты мүйізді ірі қара малдардың құтыру ауруына қойылған шектеу іс - шаралары алынсын.

      2."Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Солоновка ауылдық округінің Малонарым ауылындағы "Селегер" шаруа қожалығына шектеу іс - шараларын белгілеу туралы" Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданы Солоновка ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 20 сәуірдегі № 2 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Солоновка ауылдық округінің әкімі М. Елеусизов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады