Тарбағатай ауданының Жетіарал ауылдық округіне қарасты Қамысты ауылының тұрғыны С.Камитжановтың ауласына шектеу шараларын белгілеу туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 13 шешімі

      "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағы және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабы 3 тармағына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 249 ұсынысы негізінде Жетіарал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1.Тарбағатай ауданының Жетіарал ауылдық округіне қарасты Қамысты ауылының тұрғыны С.Камитжановтың 1(бір) бас ірі қара малынан құтырық ауруының анықталуына байланысты, Жетіарал ауылдық округіне қарасты Қамысты ауылында орналасқан С.Камитжановтың ауласына құтырық ауруын таралуын түбегейлі жою мақсатында шектеу іс-шаралары қойылсын.

      2. "Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринария бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысына тиісті іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу ұсынылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жетіарал ауылдық округінің әкімі С. Кажиекберов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады