Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы "Тарбағатай ауданының Жетіарал ауылдық округіне қарасты Қамысты ауылының тұрғыны С.Камитжановтың ауласына шектеу шараларын белгілеу туралы" № 13 шешімінің күшін жою және шектеуді алып тастау туралы

Жаңа

Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 4 наурыздағы № 3 шешімі

      "Қазақстан Республикасында жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабының 2-тармағы және "Ветеринария туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-1 бабындағы 8) тармақшасына, "Құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27- бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Тарбағатай аудандық аумақтық инспекциясы" мемлекеттік мекемесі басшысының 2024 жылғы 28 ақпандағы № 045 ұсынысы негізінде Жетіарал ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1.Тарбағатай ауданының Жетіарал ауылдық округіне қарасты Қамысты ауылының тұрғыны С.Камитжановтың ауласындағы ірі қара малының құтырық ауруымен ауруды жою бойынша кешенді ветеринариялық іс-шаралар кешенін жүргізуіне байланысты шектеу іс-шаралары алынсын.

      2.Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданы Жетіарал ауылдық округі әкімінің 2024 жылғы 24 желтоқсандағы № 13 шешімнің күші жойылды деп танылсын.

      3.Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4.Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жетіарал ауылдық округінің әкімі С. Кажиекберов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады