Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 3) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, Геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілер тізілімінде № 24382 болып тіркелген) сәйкес Шемонаиха аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Шемонаиха ауданы бойынша халық үшін тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Шемонаиха аудандық мәслихатының төрағасы | М. Желдыбаев |
Шемонаиха аудандық мәслихатының 2024 жылғы 9 ақпандағы № 13/3-VIII шешіміне қосымша |
Шемонаиха ауданы бойынша (Шемонаиха қ., Усть-Таловка к.) халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифтер
№ | Атауы | Есеп бірлігі | Қызметтердің құны, теңге (ҚҚС-сыз) | Қызметтердің құны, теңге (ҚҚС-пен) |
Шемонаиха қаласы | ||||
1 | Абаттандырылған үйлер | тұрғын / ай | 625,16 | 700,18 |
2 | Абаттандырылмаған үйлер | тұрғын / ай | 706,6 | 791,39 |
3 | Бірлікке жылдық тариф (көлемі) | 1 м3 | 2874,3 | 3219,22 |
Усть-Таловка кенті | ||||
1 | Абаттандырылған үйлер | тұрғын / ай | 625,05 | 700,05 |
2 | Абаттандырылмаған үйлер | тұрғын / ай | 706,48 | 791,25 |
3 | Бірлікке жылдық тариф (көлемі) | 1 м3 | 2873,8 | 3218,66 |