"Бас әскери прокуратура, Бас көлік прокуратурасы, облыстардың прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралар туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 37 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2024 жылғы 10 қазандағы № 127 бұйрығы

      "Прокуратура туралы" Конституциялық заңның 9-бабының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Бас әскери прокуратура, Бас көлік прокуратурасы, облыстардың прокуратуралары және оларға теңестірілген прокуратуралар туралы ережелерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 20 қаңтардағы № 37 бұйрығына келесі өзгеріс енгізілсін:

      аталған бұйрықпен бекітілген 6-қосымшада:

      9-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      " 9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 071400, Қазақстан Республикасы, Абай облысы, Семей қаласы, Оборонная көшесі, 86".

      2. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Аппараты заңнамада белгіленген тәртіпте:

      1) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін "Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықпен Абай облысы прокуратурасының прокурорлары және өзге де жұмыскерлері таныстырылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының Аппаратына жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
Бас Прокуроры
Б. Асылов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады