Тауар биржалары қызметі әкімшілік деректерінің көрсеткіштерін қалыптастыру (есептеу) әдістемесін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2024 жылғы 15 мамырдағы № 118-НҚ бұйрығы

      "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Тауар биржалары қызметі әкімшілік деректерінің көрсеткіштерін қалыптастыру (есептеу) әдістемесі бекітілсін.

      2. Биржалық бақылау департаменті осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) интернет-ресурсында, сондай-ақ қажет болған кезде басқа да ашық ақпарат көздерінде орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Агенттік төрағасының орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға М. Омаров

      "КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және реформалар
агенттігінің Ұлттық статистика бюросы

  Қазақстан Республикасының
Бәсекелестікті қорғау және
дамыту агенттігі төрағасының
2024 жылғы 15 мамырдағы
№ 118-НҚ бұйрығымен бекітілді

Тауар биржалары қызметі әкімшілік деректерінің көрсеткіштерін қалыптастыру (есептеу) әдістемесі

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Тауар биржалары қызметі әкімшілік деректерінің көрсеткіштерін қалыптастыру (есептеу) әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және тауар биржалары қызметі әкімшілік деректерінің көрсеткіштерін қалыптастыру (есептеу) әдістемесін айқындайды.

      2. Тауар биржалары қызметінің көрсеткіштері қалыптастыру (есептеу) объектілері болып табылады.

      3. Әдістеме тауар биржалары қызметінің көрсеткіштерін қамтиды:

      1) биржалық мәмілелердің жалпы саны;

      2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 142 бұйрығымен бекітілген Биржалық тауарлар тізбесіне (бұдан әрі – Биржалық тауарлар тізбесі) (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10587 болып тіркелген) енгізілген тауарлар бөлінісінде биржалық мәмілелердің жалпы саны;

      3) құндық мәндегі биржалық мәмілелердің жалпы саны;

      4) қосарланған қарсы аукцион режимінде өткізілген құндық мәндегі биржалық мәмілелердің жалпы саны;

      5) стандартты аукцион режимінде өткізілген құндық мәндегі биржалық мәмілелердің жалпы саны;

      6) Биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлар бөлінісінде құндық мәндегі биржалық мәмілелердің жалпы саны;

      7) биржалық мәмілелер бойынша сатушылардың жалпы саны;

      8) биржалық мәмілелер бойынша сатып алушылардың жалпы саны.

      4. Тауар биржалары қызметінің әкімшілік деректерінің көрсеткіштерін қалыптастыру (есептеу) әдістемесі "Тауар биржалары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 4-3-бабы 3) тармақшасына сәйкес қалыптастырылатын әкімшілік деректердің әдіснамасына жатады.

2-тарау. Көрсеткіштерді қалыптастыру (есептеу) әдісі

      5. Биржалық мәмілелердің жалпы санының көрсеткіші:

      Көрсеткішті қалыптастырудың кезеңділігі мен мерзімдері: ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей.

      Әкімшілік деректерді жинау көрсеткіштің ақпарат көзі Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі Төрағасының 2021 жылғы 31 наурыздағы № 5 бұйрығымен бекітілген Тауар биржасының монополияға қарсы органға есептерді ұсыну қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) қосымшаға сәйкес нысан болып табылады.

      Көрсеткішті қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаттамасы: биржалық мәмілелердің жалпы санының көрсеткіші есепті кезеңде жұмыс істеп тұрған Қазақстан Республикасының барлық тауар биржаларында жүргізілген биржалық мәмілелердің жиынтық санын көрсетеді:

      жалпы саны БМ = Тб1 БМ саны + Тб2 БМ саны + Тб3 БМ саны + Тб4 БМ саны,

      мұндағы:

      БМ - биржалық мәміле;

      Тб - тауар биржасы;

      Өлшем бірлігі - абсолюттік сан.

      Шығу ақпаратын орналастыру орны: көрсеткіш ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірілмей Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің (бұдан әрі – Агенттік) www.gov.kz ресми интернет-ресурсында "Салалық құжаттар", "Тауар биржаларының қызметін талдау және мониторингілеу" бөлімінде жарияланады.

      6. Биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлар бөлінісінде биржалық мәмілелердің жалпы санының көрсеткіші:

      Көрсеткішті қалыптастырудың кезеңділігі мен мерзімдері: ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей.

      Әкімшілік деректерді жинау көрсеткіштің ақпарат көзі Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан болып табылады.

      Көрсеткішті қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаттамасы: Биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлар бөлінісіндегі биржалық мәмілелердің жалпы санының көрсеткіші Биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген нақты тауар бойынша есепті кезеңде жұмыс істеп тұрған Қазақстан Республикасының барлық тауар биржаларында жасалған биржалық мәмілелердің жиынтық санын көрсетеді:

      жалпы саны БМ Х = Тб1 Х БМ саны + Тб2 Х БМ саны + Тб3 Х БМ саны + Тб4 Х БМ саны,

      мұндағы:

      БМ - биржалық мәміле;

      Тб - тауар биржасы;

      Х - Биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауар түрі;

      Өлшем бірлігі - абсолюттік сан.

      Шығу ақпаратын орналастыру орны: көрсеткіш ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірілмей Агенттіктің www.gov.kz ресми интернет-ресурсында "Салалық құжаттар", "Тауар биржаларының қызметін талдау және мониторингілеу" бөлімінде жарияланады.

      7. Құндық мәндегі биржалық мәмілелердің жалпы санының көрсеткіші:

      Көрсеткішті қалыптастырудың кезеңділігі мен мерзімдері: ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей.

      Әкімшілік деректерді жинау көрсеткіштің ақпарат көзі Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан болып табылады.

      Көрсеткішті қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаттамасы: биржалық мәмілелердің жалпы көлемінің құндық мәндегі көрсеткіші есепті кезеңде жұмыс істеп тұрған Қазақстан Республикасының барлық тауар биржаларында жасалған Қазақстан Республикасындағы биржалық мәмілелердің жиынтық көлемінің құндық көрінісін көрсетеді:

      жалпы саны БМ ҚМ = Тб1 ҚМ БМ саны + Тб2 ҚМ БМ саны + Тб3 ҚМ БМ саны + Тб4 ҚМ БМ саны,

      мұндағы:

      БМ - биржалық мәміле;

      ҚМ - құндық мән;

      Тб - тауар биржасы;

      Өлшем бірлігі - абсолюттік сан.

      Шығу ақпаратын орналастыру орны: көрсеткіш ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірілмей Агенттіктің www.gov.kz ресми интернет-ресурсында "Салалық құжаттар", "Тауар биржаларының қызметін талдау және мониторингілеу" бөлімінде жарияланады.

      8. Қосарланған қарсы аукцион режимінде өткізілген құндық мәндегі биржалық мәмілелердің жалпы санының көрсеткіші:

      Көрсеткішті қалыптастырудың кезеңділігі мен мерзімдері: ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей.

      Әкімшілік деректерді жинау көрсеткіштің ақпарат көзі Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан болып табылады.

      Көрсеткішті қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаттамасы: Қосарланған қарсы аукцион режимінде өткізілген құндық мәндегі биржалық мәмілелердің жалпы көлемінің көрсеткіші есепті кезеңде жұмыс істеп тұрған Қазақстан Республикасының барлық тауар биржаларында жасалған Қазақстан Республикасындағы биржалық мәмілелердің жиынтық көлемінің құндық көрінісін көрсетеді:

      жалпы саны БМ ҚҚА ҚМ = Тб1 ҚҚА ҚМ БМ саны + Тб2 ҚҚА ҚМ БМ саны + Тб3 ҚҚА ҚМ БМ саны + Тб4 ҚҚА ҚМ БМ саны;

      мұндағы:

      БМ - биржалық мәміле;

      ҚҚА ҚМ - қосарланған қарсы аукцион бойынша мәмілелердің құндық мәні;

      Тб - тауар биржасы;

      Өлшем бірлігі - абсолюттік сан.

      Шығу ақпаратын орналастыру орны: көрсеткіш ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірілмей Агенттіктің www.gov.kz ресми интернет-ресурсында "Салалық құжаттар", "Тауар биржаларының қызметін талдау және мониторингілеу" бөлімінде жарияланады.

      9. Стандартты аукцион режимінде өткізілген құндық мәндегі биржалық мәмілелердің жалпы санының көрсеткіші:

      Көрсеткішті қалыптастырудың кезеңділігі мен мерзімдері: ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей.

      Әкімшілік деректерді жинау көрсеткіштің ақпарат көзі Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан болып табылады.

      Көрсеткішті қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаттамасы: стандартты аукцион режимінде жүргізілген құндық мәндегі биржалық мәмілелердің жалпы көлемінің көрсеткіші есепті кезеңде жұмыс істеп тұрған Қазақстан Республикасының барлық тауар биржаларында стандартты аукцион режимінде жасалған Қазақстан Республикасындағы биржалық мәмілелердің көлемінің құндық көрінісін көрсетеді:

      жалпы саны БМ СА ҚМ = Тб1 СА ҚМ БМ саны + Тб2 СА ҚМ БМ саны + Тб3 СА ҚМ БМ саны + Тб4 СА ҚМ БМ саны;

      мұндағы:

      БМ - биржалық мәміле;

      СА ҚМ - стандартты аукцион бойынша мәмілелердің құндық мәні;

      Тб - тауар биржасы.

      Өлшем бірлігі - абсолюттік сан.

      Шығу ақпаратын орналастыру орны: көрсеткіш ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірілмей Агенттіктің www.gov.kz ресми интернет-ресурсында "Салалық құжаттар", "Тауар биржаларының қызметін талдау және мониторингілеу" бөлімінде жарияланады.

      10. Биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлар құндық мәндегі биржалық мәмілелердің жалпы санының көрсеткіші:

      Көрсеткішті қалыптастырудың кезеңділігі мен мерзімдері: ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей.

      Әкімшілік деректерді жинау көрсеткіштің ақпарат көзі Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан болып табылады.

      Көрсеткішті қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаттамасы: Биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауарлар бөлінісінде құндық мәндегі биржалық мәмілелердің жалпы көлемінің көрсеткіші Биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген нақты тауар бойынша есепті кезеңде жұмыс істеп тұрған Қазақстан Республикасының барлық тауар биржаларында жасалған Қазақстан Республикасындағы биржалық мәмілелердің жиынтық көлемінің құндық көрінісін көрсетеді:

      жалпы саны БМ ҚМ Х= Тб1 ҚМ Х БМ саны + Тб2 ҚМ Х БМ саны + Тб3 ҚМ Х БМ саны + Тб4 ҚМ Х БМ саны,

      мұндағы:

      БМ - биржалық мәміле;

      ҚӨ - құндық мән;

      Х - биржалық тауарлар тізбесіне енгізілген тауар түрі;

      Тб - тауар биржасы;

      Өлшем бірлігі - абсолюттік сан.

      Шығу ақпаратын орналастыру орны: көрсеткіш ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірілмей Агенттіктің www.gov.kz ресми интернет-ресурсында "Салалық құжаттар", "Тауар биржаларының қызметін талдау және мониторингілеу" бөлімінде жарияланады.

      11. Биржалық мәмілелер бойынша сатушылардың жалпы санының көрсеткіші:

      Көрсеткішті қалыптастырудың кезеңділігі мен мерзімдері: ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей.

      Әкімшілік деректерді жинау көрсеткіштің ақпарат көзі Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан болып табылады.

      Көрсеткішті қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаттамасы: биржалық мәмілелер бойынша сатушылардың жалпы санының көрсеткіші қолданыстағы есепті кезеңде Қазақстан Республикасының барлық тауар биржаларында биржалық сауда-саттыққа қатысқан биржалық мәмілелер бойынша сатушылардың жиынтық санын көрсетеді:

      жалпы саны С БМ = Тб1 БМ С саны + Тб2 БМ С саны + Тб3 БМ С саны + Тб4 БМ С саны,

      мұндағы:

      С - сатушы;

      БМ - биржалық мәміле;

      Тб - тауар биржасы;

      Өлшем бірлігі - абсолюттік сан.

      Шығу ақпаратын орналастыру орны: көрсеткіш ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірілмей Агенттіктің www.gov.kz ресми интернет-ресурсында "Салалық құжаттар", "Тауар биржаларының қызметін талдау және мониторингілеу" бөлімінде жарияланады.

      12. Биржалық мәмілелер бойынша сатып алушылардың жалпы санының көрсеткіші:

      Көрсеткішті қалыптастырудың кезеңділігі мен мерзімдері: ай сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірмей.

      Әкімшілік деректерді жинау көрсеткіштің ақпарат көзі Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан болып табылады.

      Көрсеткішті қалыптастыру (есептеу) әдісінің сипаттамасы: биржалық мәмілелер бойынша сатып алушылардың жалпы санының көрсеткіші қолданыстағы есепті кезеңде Қазақстан Республикасының барлық тауар биржаларында биржалық сауда-саттықта жеңімпаз деп танылған биржалық мәмілелерді сатып алушылардың жиынтық санын көрсетеді:

      жалпы саны СА БМ = Тб1 БМ СА саны + Тб2 БМ СА саны + Тб3 БМ СА саны + Тб4 БМ СА саны;

      мұндағы:

      СА - сатып алушы;

      БМ - биржалық мәміле;

      Тб - тауар биржасы;

      Өлшем бірлігі - абсолюттік сан.

      Шығу ақпаратын орналастыру орны: көрсеткіш ай сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 15-күнінен кешіктірілмей Агенттіктің www.gov.kz ресми интернет-ресурсында "Салалық құжаттар", "Тауар биржаларының қызметін талдау және мониторингілеу" бөлімінде жарияланады.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады