"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабының 1-тармағы 9) тармақшасына, "Автомобиль көлігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 19-бабының 4-тармағына сәйкес, Жәнібек ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. №1 маршрут Жәнібек ауылы "Д.Нұрпейсова атындағы көшесі – М.Мәметова көшесінің қиылысы" аялдамасы – Абай көшесі "Балдәурен" балабақшасы аялдамасы, №2 маршрут "Водстрой көшесі" аялдамасы – И.Жұмаев көшесі, "Аудандық орталық аурухана" аялдамасы және №3 маршрут Х.Чурин көшесі, "Теміржол вокзалы" аялдамасы – "Жеңіс көшесінің оңтүстік жақ бөлігі" аялдамасы, №4 маршрут "Наурыз көшесі аялдамасы – "Т.Жароков атындағы мектеп", №5 маршрут "Ғ.Қараш көшесі – Д.Нұрпейісова көшесінің қиылысы" аялдамасы – "Абай көшесі – Д.Нұрпейісова көшесінің қиылысы" аялдамасы бойынша жолаушыларды әлеуметтік мәні бар тұрақты тасымалдау тарифі 100 теңге мөлшерінде белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Жәнібек ауданы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Т.Шиниязов |