Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының 2024-2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасын бекіту туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы мәслихатының 2024 жылғы 20 қарашадағы № 18-31 шешімі

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, "Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2023 жылғы 18 мамырдағы №154-ө бұйрығына сәйкес жергілікті атқарушы органдардың әдістемелік ұсынымдарын бекіту туралы коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны әзірлеу жөніндегі атқарушы органдарға" (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24382 болып тіркелген), Бәйтерек ауданының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының 2024-2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Мәслихат төрағасы Н.Хайруллин

  Бәйтерек ауданы мәслихатаның
2024 жылғы 20 қарашадағы
№18-31 шешіміне қосымща

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының 2024-2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасы

      Мазмұны

      Терминдер және анықтамалар............................................................................................................................ 4

      Бағдарлама паспорты ..........................................................................................................................................6

      КІРІСПЕ ................................................................................................................................................................8

      1. БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНДАҒЫ КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ

      АҒЫМДЫҚ ЖАЙ-КҮЙДІ ТАЛДАУ ................................................................................................................11

      1.1 Коммуналдық қалдықтардың түзілуінің және қайта өңдеудің сандық көрсеткіштері............................11

      1.2 ТҚҚ сапалық құрамы.................................................................................................................................... 11

      1.3 Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары және тарифтер.................................12

      1.4 Коммуналдық қалдықтарды басқарудың қолданыстағы жүйесін бағалау.............................................. 13

      1.5 Қалдықтардың жеке түрлерін басқару жүйесін талдау............................................................................. 16

      1.6 Қалдықтарды басқару жөніндегі шараларға бөлген қаржыларды талдау.............................................. 16

      1.7 2024-2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды түзілу көлемін болжау.............................. 17

      1.8 Коммуналдық қалдықтарды басқару бойынша ағымдық жағдайды талдау бойынша қорытындылар.18

      1.9 Коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен

      қатерлерін талдау.................................................................................................................................................18

      2. ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ МАҚСАТТЫҚ

      КӨРСЕТКІШТЕРІ.............................................................................................................................................. 20

      2.1 Мақсаты және міндеттері.............................................................................................................................. 20

      2.2 Мақсаттық көрсеткіштер............................................................................................................................... 20

      3. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ, ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРҒА

      ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ СӘЙКЕС ШАРАЛАР............................................................................................... 21

      3.1 Барлық тұрғын пункттерден коммуналдық қалдықтарды үнемі шығарып отыруды ұйымдастыру....... 21

      3. 2 Коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды алдын-ала қарастыратын қажетті инфрақұрылымды құру

      және оның жұмыс істеуі........................................................................................................................................ 23

      3.3 Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін дамыту....................................... 29

      3.4 Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету..................................................................... 29

      3.5 Қалдықтарды басқару бойынша, соның ішінде қалдықтарды бөлек жинау саласындағы тұрғындардың

      қызығушылықтары мен мәдени деңгейін жоғарылату..................................................................................... 31

      4. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР.................................................................................................................................... 33

      5. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ...................................... 34

      6. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МОНИТОРИНГІ............................................................................ 35

      1-қосымша Бәйтерек ауданындағы коммуналдық қалдықтарды жинау және шығарумен қамтуды

      жоғарылату үшін контейнерлік алаңдар мен контейнерлердің қажетті санын алдын-ала есептеу..............37

      2-қосымша Бәйтерек ауданының 2024-2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару

      жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары......................................................... 40

      Терминдер және анықтамалар

      Биоыдырайтын қалдықтар - анаэробты немесе аэробты ыдырауға қабілетті қалдықтар, соның ішінде бау-бақша және саябақ қалдықтары, сондай-ақ тамақ өнеркәсібінің қалдықтарымен салыстырылатын тамақ қалдықтары, макулатура.

      Қалдықтарды көму – қалдықтарды алу ниетінсіз, шектеусіз мерзім аралығында қауіпсіз сақтау үшін арнайы бекітілген орындарда жинау.

      Коммуналдық қалдықтар – тұтыну қалдықтары, құрамына кіретіндер:

      1) аралас қалдықтар және қағаз және картон, шыны, металл, пластмасса, органикалық қалдықтар, ағаш, тоқыма, қораптар, пайдаланылған электрлік және электрондық жабдықтар, батареялар мен аккумляторлар секілді үй шаруашылығында бөлек жиналған қалдықтар;

      2) аралас қалдықтар және өзінің сипаты мен құрамы бойынша үй шаруашылығындағы қалдықтарға ұқсас болып келетін басқа көздерден бөлек жиналған қалдықтар.

      Контейнерлік алаңдар – коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған арнайы алаңдар, мұнда коммуналдық қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын мамандандырылған көлікке арналған жүру жолдары бар коммуналдық қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер орнатылады;

      Ірі көлемді қалдықтар – шаруашылық әрекет барысында (тұрмыстық техника, жиһаз және басқалары) өзінің тұтынушылық қасиетін жойған және өзінің көлемі бойынша тек мамандандырылған көлік құралдарымен ғана тасымалдау мүмкіндігі бар тұтыну қалдықтары.

      Тұтыну қалдықтары – адамның тіршілігі барысында түзілген қалдықтар, толық немесе ішінара өзінің тұтынушылық қасиетін жойған өнімдер және (немесе) бұйымдар, олардың қораптары және басқа заттар немесе олардың қалдықтары, агрегатты күйіне қарамастан, пайдалану мерзімі немесе жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, сонымен қатар, меншік иесі өз бетінше немесе құжат арқылы тұтыну қалдығы разрядына өткен қалдықтар.

      Электрондық және электрлік жабдық қалдықтары – Жарамсыз немесе қолданыстан шыққан, қалдық қатарына жатқызылатын электрондық және электрлік жабдықтар, сонымен қатар, оның тораптары, бөліктері, бөлшектері.

      Тамақ қалдықтары - тамақ өнімдерін өндіру және тұтыну нәтижесінде пайда болатын, тамақ өнеркәсібінде түзілетін қалдықтармен салыстырылатын қалдықтар.

      Қалдықтарды көму полигондары -. қалдықтарды алу ниетінсіз, арнайы жабдықталған, экологиялық, құрылыс және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келетін орынға тұрақты орналастыру.

      Қалдықтарды бөлек жинау - ары қарай мамандандырылған басқаруды жеңілдету мақсатында түрлері немесе топтары бойынша бөлек жиналған қалдықтар.

      Қалдықтарды жинау – жеке және заңды тұлғалардан мамандандырылған ұйымдарға ары қарай қайта қалпына келтіруге немесе жоюға бағыттау мақсатында қалдықтарды қабылдауды ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттер.

      Мамандандырылған ұйымдар – коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау, тасымалдау, қалпына келтіру және (немесе) жою бойынша іс-әрекеттерді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар;

      Құрылыс қалдықтары - ғимараттарды, құрылыстарды, өнеркәсіптік нысандарды, жолдарды, инженерлік және басқа коммунакциялардың құрылысы немесе оларды бұзу, сұрыптау, қайта жабдықтау, жөндеу (соның ішінде капиталдық) барысында түзілетін қалдықтар.

      Тұрмыстық қатты қалдықтар (ТҚҚ) - қатты күйдегі коммуналдық қалдықтар.

      Қалдықтарды тасымалдау – жинау, сұрыптау, қайта өңдеу, қалпына келтіру және (немесе) жою барысында түзілген, жинақталған қалдықтарды мамандандырылған көлік құралдары көмегі арқылы тасымалдаумен байланысты іс-әрекеттер.

      Қалдықтар жою – термиялық, химиялық немесе биологиялық үдерістер нәтижесінде көлемі маңызды түрде төмендейтін және (немесе) қалдықтардың физикалық жай-күйі мен химиялық құрамы өзгеретін, бірақ өнім өндіру немесе энергия алу мақсатында қолданылмайтын қалдықтарды жою тәсілі.

      Қалдықтарды басқару - қалдықтар түзілгеннен бастап, соңғы жойғанға дейінгі жүзеге асырылатын опеарциялар.

      Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесі – меншік нысаны және іс-әрекет түріне қарамастан, тұрғын үйлерде және (немесе) жеке тұрған ғимараттарда (құрылыстарда) тұратын немесе өзінің іс-әрекетін жүзеге асыратын, сонымен қатар, меншік иелігінде контейнерлік алаңдары мен контейнерлері жоқ, немесе жалпы пайдаланылатын жерде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметін жүзеге асыру үшін контейнерлік алаңдары мен контейнерлері бар жеке және заңды тұлғаларды қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органмен ұйымдастырылатын жүйе.

      Бағдарлама паспорты

Атауы

Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданының 2024-2028 жж арналған коммуналдық қалдықтарын басқару жөніндегі бағдарламасы

Әзірлеуге арналған негіздеме

Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі. 2021 жылдың 2-қаңтарындағы № 400-VI ҚРЗ
Жергілікті атқарушы органдарға коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі Бағдарламаны әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 18.05.2023 ж. №154б бұйрығы.

Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

"Бәйтерек ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары бөлімі" ММ

Бағдарлама мақсаты

Экологиялық заңнама талаптарын сәйкес Бәйтерек ауданының аумағындағы коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру

Бағдарлама міндеттері

1.Коммуналдық қалдықтарды үнемі шығарып отыруды ұйымдастыру;
2.Қалдықтарды бөлек жинауды алдын-ала қарастыратын қажетті инфрақұрылымды құру және оның жұмыс істеуі.
3.ТҚҚ қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін дамыту.
4.Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету.
5.Қалдықтарды басқару жөнідегі, соның ішінде қалдықтарды бөлек жинау саласындағы тұрғындардың қызығушылығын және мәдени деңгейін жоғарылату.

Қаржыландыру көлемі

Қаржыландыру көлемі жергіілкті атқарушы органдармен Бәйтерек ауданының 2024-2028 жылдардағы коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы іс-шараларды қаржыландыруға бөлінген бюджеттік қаржының санына сәйкес есептеледі.

Бағдарламаны орындаушылар

"Белес ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, "Дариян ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, "Переметное ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, "Достық ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, "Егіндібұлақ ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, "Атамекен ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, "Зеленов ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, "Бейбітшілік ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, "Көшім ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, "Макаров ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, "Махамбет ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, "Мичурин ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, "Раздольное ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, "Рубежин ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, "Сұлу көл ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, "Байқоныс ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, "Құрманғазы ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, "Чиров ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, "Шалғай ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, "Шапов ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, "Янайкин ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, "Январцев ауылдық округі әкімінің аппараты" ММ, коммуналдық қалдықтарды жинаумен, шығарумен, қайта қалпына келтірумен және көмумен айналыстын субъектілер, мемлекеттік мекемелер, әлеуметтік нысандар, заңды тұлғалар, дара кәсіпкерлер, ҮЕҰ, тұрғындар және басқа да мүдделі тараптар.

Кезең

5 жыл: 2024 – 2028 жж..

      КІРІСПЕ

      Бәйтерек ауданы (бұрынғы Зеленовский) 1939 жылы құрылған және Батыс Қазақстан облысының (ары қарай – БҚО) солтүстік бөлігінде орналасқан.

      Аудан аумағы 7,4 мың шаршы км.

      Солтүстік бөлігі Ресей Федерациясының Самара облысымен, солтүстік шығыс бөлігі БҚО Бөрлі ауданымен және Ресей Федерациясының Орынбор облысымен шектеседі. Шығыс бөлігі Орал қаласымен және БҚО Теректі ауданымен шектеседі. Оңтүстік бөлігі БҚО Ақжайық ауданымен, батыс бөлігі БҚО Тасқала ауданымен және Ресей Федерациясының Саратов облысымен шектеседі.

      Аудан орталығы Переметное ауылында, ол Орал қаласынан 38 км қашықтықта.

      Ауданның әкімшілік-аумақтық бөлінуі: 22 ауылдық округ, 68 тұрғын пункттер (1-кесте).

      1 - кесте – Бәйтерек ауданының әкімшіліктік-аумақтық бөлінісі

Ауылдық округ

Тұрғын пункт

Халқы, адам

Аула саны

Көше саны

Переметнинский

Переметное

4156

4177

44


Забродино

50

50

6


Калининское

1761

1769

29


Болашак

350

340

7


Поливное

72

72

2


Қаражар

216

201

5

Атамекен

Атамекен

886

275

20


Қайнар

696

197

12


Гремячее

21

11

2

Шалғай

Шалғай

647

220

14


Тыңдала

25

13

4


Таловая

9

6

6

Құрманғазы

Құрманғазы

468

108

4


Аманат

176

55

3

Дариян

Дариян

5739

1849

51


Озерное

603

193

7

Январцев

Январцево

1204

382

17


Кирсаново

297

78

10


Чинарево

218

82

3


Красноармейск

447

158

7


Спартак

63

21

5


Петрово

52

25

4

Рубежин

Рубежин

1486

487

18

Байқоныс

Байқоныс

3566

859

24


Новенькое

418

1318

11


Володарское

340

1117

10


Жайык

183

587

10

Махамбет

Махамбет

2393

575

26


Павлово

173

52

4


Горбуново

126

37

5


Кожевниково

5

0

5

Белес

Белес

1646

401

18


Ақжол

132

37

5

Щапов

Щапово

1891

492

20


Жанатан

357

101

5

Янайкин

Богатск

45

19

5


Скворкино

101

39

2


Янайкино

895

274

13

Зеленов

Зеленое

1610

420

29

Бейбітшілік

Бейбітшілік

914

305

16


Чапурина

6

3

4


Сырым батыр

141

59

4


Астафьево

17

6

4

Макаров

Макарово

735

226

9


Садовое

552

143

11


Мирное

128

58

4


Жалын

325

95

5

Көшім

Үлкен Шаған

1788

528

20


Көшім

1612

473

13


Ақсу

219

63

8


Кіші Шаған

64

20

2


Өркен

355

68

6


Колесово

626

63

6

Сұлу көл

Сұлу көл

507

138

6

Егіндібұлақ

Егіндібұлақ

484

22

9


Алмалы

41

135

3

Мичурин

Мичурин

7072

2320

84


Асан

2102

772

31


Жамбыл

572

145

6


Зеленое

339

116

7


Октябрь

554

162

15

Достык

Достық

5021

1294

60


Чувашин

626

176

7


Красный Урал

62

29

4

Раздольное

Раздольный

485

171

8


Ақбидай

85

26

2

Чиров

Чирово

421

104

5


Балабаново

79

27

2

      Халық саны 61579 адам (Бәйтерек ауданы әкімдігінің мәліметтері бойынша).

      Ауданның дамуына ықпал ететін негізгі құжаттар: 2022-2025 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді дамуы (Батыс Қазақстан облысының 2022-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарын бекіту туралы, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2022 жылғы 1-ақпандағы №40 Қаулысы), Батыс Қазақстан облысының экологиялық мәселелерін кешенді шешу бойынша жол картасы, БҚО 2022-2024 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралар жоспары. 2019-2025 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған орта сапасының мақсаттық көрсеткіштері (2019-2025 жылдарға арналған Батыс Қазақстан облысы бойынша қоршаған орта сапасының мақсаттық көрсеткіштерін бекіту туралы. Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының 2019 жылғы 1-наурыздағы №23-2 шешімі).

      Аудан бойынша 2021-2025 жылдарға арналған Бәйтерек ауданы аумағының даму бағдарламасы әзірленген. Осы құжатқа сәйкес, негізгі бағыттардың бірі ауданның экологиялық жай-күйін жақсарту болып табылады. Аумақты дамыту бағдарламасының жобасында "ТҚҚ қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін" 2025 жылға қарай – 2,06%-ға арттыру жөнінде мақсаттық көрсеткіщ орнатылған. ТҚҚ қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесін жоғарылату үшін ауданның ауылдық тұрғын пункттерін ТҚҚ жинау және шығару қызметімен біртіндеп қамту арқылы ендіру секілді жету жолдары анықталған. Мысалы, 2025 жылға қаарй 18-ге жуық тұрғын пункт ТҚҚ жинау және шығару бойынша қызметтермен қамтылған. Сонымен қатар, Бәйтерек ауданындағы ТҚҚ полигонының құрылысы экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкестендірілген.

      Коммуналдық қалдықтарды (ары қарай – бағдарлама) басқару жөніндегі осы Бағдарлама ұлттық, стратегиялық, бағдарламалық және концептуалдық құжаттардың, сонымен қатар, халықаралық тәжірибенің басымдықтарын ескере отырып, Қазақстан Республикасы Экологиялық Кодексінің 365-бабына және коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны әзірлеу бойынша жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік ұсыныстар (ҚР экология және табиғи ресурстар Министрлігінің 18.05.2023 жылғы №154 бұйрығы) құжатына сәйкес әзірленді.

      Бағдарламаны әзірлеу барысында Бәйтерек ауданының коммуналдық қадықтарын басқару жүйесінің ағымдық жай-күйіне талдау жүргізілді, экологиялық заңнама талаптарына сәйкес аудан аумағында коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құруға бағытталған мәселелерді айқындау және шаралар кешені әзірленді.

      Бағдарламаның негізгі бағыттарын жүзеге асыру үдерісі Бәйтерек ауданында коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіруге алып келеді: қалдықтарды басқару бойынша инфрақұрылымды жаңғырту; ТҚҚ жинау, тасымалдау, қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін жетілдіру, қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру, көмуге жіберілетін қалдықтардың көлемін қысқарту, ТҚҚ жаңа полигондарының құрылысы, қалдықтарды басқару және қалдықтарды бөлек жинау бойынша тұрғындардың қызығушылығы мен хабардарлығын жоғарылату.

      Бағдарламаны жүзеге асырудың басты мақсаты Бәйтерек ауданында, жалпы БҚО қоршаған ортаға коммуналдық қалдықтардың теріс әсерін төмендету, сонымен қатар, коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы Қазақстан Республикасының стратегиялық көрсеткіштеріне қол жеткізу болып табылады.

1. БӘЙТЕРЕК АУДАНЫНДАҒЫ КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ ЖӨНІНДЕГІ АҒЫМДЫҚ ЖАЙ-КҮЙДІ ТАЛДАУ

      1.1 Коммуналдық қалдықтардың түзілуінің және қайта өңдеудің сандық көрсеткіштері

      ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігінің (ары қарай – ҚР ЭТРМ) мәліметтері бойынша, Қазақстан Республикасында жыл сайын 4,5-5 млн тонна қатты тұрмыстық қалдықтар (ары қарай - ТҚҚ) түзіледі.

      Батыс Қазақстан облысында жыл сайын 118-135 мың тонна ТҚҚ түзіледі. 2022 жылы 17 251 тонна қалдық қайта өңделді.

      Бәйтерек ауданында 3200-3300 тонна коммуналдық қалдықтар түзіледі (Бәйтерек ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ мәліметтері бойынша).

      2-кестеде Бәйтерек ауданы бойынша 2020-2022 жылдардағы ТҚҚ түзілу және қайта өңдеу көлемінің мәліметтер келтірілген.

      2-кесте. ҚР, БҚО, Бәйтерек ауданы бойынша 2020-2022 жылдардағы ТҚҚ түзілу және қайта өңдеу көлемі

Атауы

Өлшем бірлігі

жылдар

2020

2021

2022

1

ТҚҚ түзілу көлемі

1.1

Қазақстан Республикасы*

тонна

3 674 000

4 214 056

4 340 630

1.2

БҚО*

тонна

135 000

119 000

114 240

1.3

Бәйтерек ауданы **

тонна

3200

3200

3300

2

Түзілген ТҚҚ жалпы көлемінен қайта өңдеу үлесі

2.1

Қазақстан Республикасы*

%

18,3

21,1

25,4

2.2

БҚО*

%

11

12,7

15,1

2.3

Бәйтерек ауданы**

%

53

53

57

      *ЭТРМ мәліметтері

      ** "Бәйтерек ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ мәліметтері бойынша.

      2-кестеде көрініп тұрғандай, Бәйтерек ауданындағы ТҚҚ түзілуінің орташа жылдық көлемі 3250 тонна немесе БҚО ТҚҚ түзілуінің жалпы көлемінен 2,7% ды құрайды.

      Бәйтерек ауданында 2020 және 2021 жылдары ТҚҚ қайта өңдеу 1700 тоннаны құраса, 2022 жылы 1900 тоннаны құрады (орташа 54%).

      1.2 ТҚҚ сапалық құрамы

      ТҚҚ құрылымдық құрамы қалдықтармен жұмыс жасау жүйесін қалыптастырудағы анықтаушы фактор болып табылады. Қалдықтардың сапалы құрамы ТҚҚ жұмыс істеу бойынша шараларды оңтайлы үйлестіру, қалдықтарды жинау және шығару жүйесіне талаптарды анықтайды.

      Қалдықтардың сапалы құрамы оның морфологиялық құрамы бойынша анықталады. Қалдықтардың морфологиялық құрамы – қасиетімен, пайда болуымен, жалпы массадағы пайызбен көрсетілетін химиялық құрамымен бір-бірінен ерекшеленетін жеке құрамдас (компонент) өндіріс және тұтыну қалдықтарының қатынасы. Шығарылатын және\немесе қайта өңдеуге жатқызылатын қалдықтардың көлемін нақты бағалау үшін ТҚҚ талдау барысында қолданылады.

      Морфологиялық құрамы бойынша ТҚҚ тағам қалдықтары; қағаз және картон; полимерлер (пластик, пластмасса), шыны; қара металл; түсті металл; мата; ағаш; қауіпті қалдықтар (батарейкалар, құрғақ және электролитті аккумляторлар, еріткіш, бояу ыдыстары; сынапты шамдар; телевизиялық кинескоп және т.б.) сүйек, тері, компоненттері алынғаннан кейінгі коммуналық қалдықтардың қоқыстары, құрылыс қоқыстары, тас, көше қалдықтары және т.б. секілді компоненттерден тұратын күрделі қоспа (Тұрмыстық қатты қалдықтардың морфологиялық құрамын анықтау әдістемесі, Құрылыс және тұрғын-коммуналдық шаруашылығы істері бойынша ҚР агенттігінің төрағасының 2012 жылғы 10 ақпандағы №4 бұйрығы).

      Қазақстанда ТҚҚ морфологиялық құрамының орташа көрсеткіштері келесідей: тағам қалдықтары (37,2), пластик (16,2%), макулатура (11,1%). Қалдықтардың (11%) компоненттері және басқалары алынғаннан кейінгі бөліктері коммуналдық қалдықтарға жатқызылады ("Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы" КЕАҚ 2020 жылы Қазақстан қалаларында жүргізген зерттеу мәліметтері бойынша анықталды).

      Ауылдық жерлердегі қалдықтардың морфологиялық құрамы қаладағы қалдық құрамынан өзгешеленеді. Мұнда органикалық қалдықтар басым және пластмассаның, қораптық материалдардың, қағаз және картонның аз бөлігі кездеседі. Қалдықтардың органикалық бөлігі шындығында үйінділерге немесе полигондарға тасталынбайды, жануарларға жем-қор ретінде беріледі немесе үй жағдайында қордаланады. Ағаш, қағаз және картондар үй пештерінде жағылады. Полигонға келіп түсетін қалдықтардың басым бөлігі қождар, құрылыс материалдары және сынған шынылар.

      Бәйтерек ауданындағы ТҚҚ морфологиялық құрамына зерттеулер жүргізілмеген.

      Қалдықтардың морфологиялық құрамы туралы ақпараттар қалдықтармен жұмыс жасауды тиімді жоспарлау мен басқаруды қамтамасыз етеді: қауіпсіз жинау мен тасымалдау жүйесін ұйымдастыру; пайдалануға немесе зарарсыздандыруға осы немесе басқа технологияларды қолдану негіздемесі; екінші реттік қайта өңдеуге жарамды пайдалы компоненттердің нақты құрамы; кәдеге жаратудың тиімді технологиясын таңдау.

      Бәйтерек ауданында орташа жылдық жобада ТҚҚ морфологиялық құрамына зерттеулер жүргізу қажет.

      1.3 Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары және тарифтер

      Болашақта коммуналдық қалдықтардың түзілу көлемін жоспарлау үшін, коммуналдық қалдықтарды басқарудың барлық үдерісін ескере отырып, ауданда бір есептік бірлікке жинақталатын коммуналдық қалдықтардың саны туралы ақпараттар қажет.

      Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу үшін негізгі нормативтік-құқықтық құжаттар Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 01 қыркүйектегі №347 Бұйрығымен бекітілген коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормаларын есептеу ережелері, Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі №377 бұйрығымен бекітілген Халыққа тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдауғ сұрыптау және көму тарифтерін есептеу әдістемесі болып табылады.

      Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы мәслихатының 2022 жылғы 20 маусымдағы №19-12 шешімімен коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары бекітілген (3-кесте).

      Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары аудандағы 1 тұрғынға 1,60м3, яғни, 320 кг-нан келеді.

      3-кесте – Бәйтерек ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары

Коммуналдық қалдықтардың жинақталу нысандарының түрлері

Есептік бірлік

1 есептік бірлікке жылдық норма, м3

1.

Жабдықталмаған үйлер

1 тұрғынға

1,60

      Ауданда коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларынан басқа тұрғындарға тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтері бекітіледі.

      Экологиялық заңнама бойынша (ҚР ЭК 367 бап 3 тармақ) тұрғындар жариялық келісім негізінде ТҚҚ жинаудың орталықтандырылған жүйесін пайдалануға және мәслихатпен бекітілген тариф бойынша қалдықтарды тасымалдау қызметтеріне ақы төлеуге міндетті.

      Батыс Қазақстан облысы Бәйтерек ауданы мәслихатының 2022 жылғы 14 қарашадағы №22-2 шешімімен Бәйтерек ауданы бойынша тұрғындардан тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтері бекітілді (4-кесте).

      4-кесте – Бәйтерек ауданы бойынша тұрғындардан тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтері

Атауы

Есептік бірлік

Теңге (қосылған құн салығынсыз)

1.

Жайлы жабдықталған үйлер

Айына 1 тұрғынға

199,19

2.

Жабдықталмаған үйлер

Айына 1 тұрғынға

199,19

3.

Бірлікке жылдық тариф (көлем)

1 м3

1 493,89

      Бәйтерек ауданында бір тұрғынға тарифтер айына 199,19 теңге.

      Бекітілген тарифті Переметное ауылы, Калинин ауылы, Мичурин ауылы, Асан ауылы, Дариян ауылы, Достық ауылы тұрғын пункттерінің тұрғындары ғана төлейді, себебі бұл тұрғын пункттерде қалдықтарды орталықтан жинау ұйымдастырылған.

      1.4 Коммуналдық қалдықтарды басқарудың қолданыстағы жүйесін бағалау

      Қалдықтарды жинау, жинақтау және бөлек жинау

      Коммуналдық қалдықтарды орталықтан жинау және шығару Бәйтерек ауданының 68 тұрын пункттерінің 6 -да ұйымдастырылған: Переметное ауылы, Калинин ауылы, Мичурин ауылы, Асан ауылы, Дариян ауылы, Достық ауылы. Мұнда контейнерлік алаңдар, қалдықтарды араластырып жинауға арналған контейнерлер және бөлек жинауға арналған бірнеше контейнерлер қойылған.

      Бәйтерек ауданының контейнерлік алаңдары мен контейнерлері туралы ақпараттар 5 кестеде берілген.

      1,1 м3 евроконтейнерлер және шағын 0,75 м3 металдық контейнерлер пайдаланылады. Көптеген контейнерлер ескі және таттанған.

      Осы ауылдардың тұрғындары 25881 адам, яғни, коммуналдық қалдықтарды жинау және шығарумен Бәйтерек ауданы тұрғындарының 42% қамтылған.

      Кейбір тұрғын пункттердің қалдықтары Орал қаласының полигонына шығарылады, дегенмен, ТҚҚ негізгі массасы ауылдарға жақын жерлердегі үйінділерге шығарылады. Бәйтерек ауданында ресми тіркелген 27 үйінді бар, олар ауылдық округ әкімі аппаратының балансында.

      5-кесте – Контейнерлік алаңдар мен контейнерлер туралы ақпараттар

Ауылдық округтер

Тұрғын пункттер

Халқы, адам

Контейнер саны

Контейнерлік алаңдар саны

Араластырып жинауға арналған

Бөлек жинауға арналған

Переметное

Переметное

4156

 
69

 
23

 
31


Калинин

1761

57

29

29

Дариян

Дариян

5739

48

2

0

Мичурин

Мичурин

7072

145

3

1


Асан

2102

52

0

0

Достық

Достық

5021

22

0

0

      Бәйтерек ауданының қалған ауылдық тұрғын пункттерінде тұрғындар қалдықтарды өз аулаларында жинайды және жинақталу көлемі бойынша жеке көлікпен өз бетінше шығарады немесе жүк көлігі бар жеке кәсіпкерлерді жалдайды. Тағам қалдықтарымен үй жануарларын қоректендіреді.

      Қалдықтар ауылдық үйінділерге шығарылады.

      ТҚҚ жинау талдауларының нәтижесі бойынша айқындалды:

      - коммуналдық қалдықтарды орталықтан жинау тек 6 тұрғын пункттерде ғана ұйымдастырылған;

      - контейнерлер сыйымдылығы бойынша орташа, көбісі ескірген, қанағаттанарлықсыз жағдайда;

      - контейнерлер қалдықтарды араластырып салуға арналған;

      - ТҚҚ бөлек жинау кейбір тұрғын пункттерде қалдықтардың жеке түрлеріне арнап ұйымдастырылған.

      Қалдықтарды бөлек жинау

      Бәйтерек ауданының тек 4 тұрғын пункттерде ғана қалдықтарды бөлек жинауға арналған торлы контейнерлер бар, олардың саны – 57 дана: Переметное ауылында – 23, Калинин ауылында – 29, Мичурин ауылында -3, Дариян ауылында – 2 (6-кесте).

      6-кесте – ТҚҚ бөлек жинауға арналған контейнерлер туралы ақпараттар

Тұрғын пункттер

Контейнерлер саны

Переметный ауылы

23

Калинин ауылы

29

Мичурин ауылы

3

Дариян ауылы

2

Барлығы

57

      Бәйтерек ауданының кейбір тұрғын пункттерінде ғана қалдықтарды жинау мен шығарудың орталықтандырылған жүйесі бар болғандықтан, тұрғындардың басым көпшілігі қалдықтарды бөлек жинау, мамандандырылған кәсіпорындардың екінші шикізатты қабылдауы, қалдықтарды қайта өңдеу туралы аз ақпараттанған.

      Қалдықтарды тасымалдау

      ТҚҚ шығару контейнер орнатылған тек 6 тұрғын пункттерде ғана жүзеге асырылады.

      Переметное, Асан, Мичурин ауылының тұрғындары мен мекемелері тұрмыстық қатты қалдықтарды шығаруға маманданған Орал қаласындағы ірі компания "Орал Таза Сервис" ЖШС қызметтерін пайдаланады. Аудандық әкімдік ТҚҚ шығаруы үшін "Орал Таза Сервис" ЖШС келісімге отырған. "Орал Таза Сервис" ЖШС халықтан жариялық келісім негізінде шығарады. "Орал Таза Сервис" ЖШС қалдықтарға орнатылған контейнерлері бар орындарда ғана, ТҚҚ жинаумен айналысады. Компания кесте бойынша жұмыс жасайды.

      Қалған тұрғын пункттерде қалдықтарды орталықтан шығару жүйесі жоқ. Жергілікті тұрғындар ауылдық үйінділерге ТҚҚ өз беттерінше шығарады.

      ҚР Экологиялық Кодексіне сәйкес (ҚР Экологиялық Кодексі) (337 бап) қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау бойынша, қауіпсіз қалдықтарды қалпына келтіру және жою бойынша іс-әрекеттерді жоспарлайтын немесе жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері ҚР ЭТРМ іс-әрекеттің басталғандығы туралы хабарлау керек. Бәйтерек ауданында тек екі кәсіпкерлік субъектісі ғана осы іс-әрекетпен айналысады (7-кесте).

      7-кесте – Бәйтерек ауданындағы іс-әрекеттерін жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің тізімі

Атауы

Мекен-жайы

1

"Орал Таза Сервис" ЖШС

БҚО, Орал қаласы, У. Громов көшесі, 2/4

2

"Щапово" КШ

БҚО, Байтерек ауданы, Щапово кенті

      ҚР ЭК 367 бабына сәйкес, ТҚҚ жинаудың орталықтандырылған жүйесі ТҚҚ нарығына қатысушыларды анықтау бойынша конкурс (тендер) жүргізу көмегімен ұйымдастырылады.

      Бәйтерек ауданында ТҚҚ нарығына қатысушыларды анықтау бойынша конкурс жүргізілмеген.

      Қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу

      Араласқан және бөлек жиналған қалдықтар Орал қаласындағы сұрыптау желісіне шығарылады. 2019 жылы Орал полигонында жылына 100 мың тонна өнімділік қуаттылығы бар қоқыс сұрыптайтын желі іске қосылған болатын.

      Екінші шикізатты (пластик, шыны, қағаз және картон қалдықтары) қабылдау пункттері ауданда жоқ.

      Қалдықтарды көму

      Переметное, Мичурин және Асан тұрғын пункттерінің қалдықтары Орал қаласындағы ТҚҚ полигонына шығарылады.

      Басқа тұрғын пункттерден қалдықтар ауылдарға жақын ұйымдастырылған ауылдық үйінділерге шығарылады. Бәйтерек ауданында 27 ресми тіркелген ауылдық үйінділер бар, олар ауылдық округ әкімдіктерінің баланстық қорында.

      Апатты үйінділер

      Батыс Қазақстан облысында, соның ішінде Бәйтерек ауданында апатты үйінділердің бар болуы жалпы ортақ күрделі мәселе болып табылады.

      2023 жылы БҚО 259 апатты үйінділер анықталды, оның ішінде Бәйтерек ауданында – 66 үйінді, оның 27 данасы ресми тіркелген. Оларға ауылдық округ әкімдіктерінің балансындағы жерлерді алу туралы жергілікті атқарушы органдардың шешімдері бар.

      Үйінділердің түзілуіне Бәйтерек ауданында қажетті инфрақұрылымның, ал тұрғын пункттерден қалдықтарды орталықтан жинау мен шығарылу жүйесінің болмауы себеп.

      1.5 Қалдықтардың жеке түрлерін басқару жүйесін талдау

      Құрамында сынабы бар қалдықтар

      Құрамында сынабы бар қалдықтарға (ары қарай ҚСБҚ) тұтынушылық қасиетін жойған құрамында сынабы бар шамдар мен приборлар жатады. Құрамында сынабы бар шамдар мен приборлар қалдық ретінде танылады және полигондарға көмуге жарамсыз (ҚР ЭК 351 б), сондықтан олар қалдықтарды кәдеге жарататын мамандандырылған ұйымдарға берілуі керек. Осыған байланысты ҚСБҚ жинау ұйымдастырылған.

      Республикалық мәндегі қала, астана және аудандық жергілікті атқарушы органдар (облыстық маңызы бар қалалар) тұрғындарда бұрын қолданылған құрамында сынабы бар энергияны үнемдейтін шамдарды кәдеге жаратуды ұйымдастыруға жауапты (ҚР "Энергия үнемдеу және энерготиімділікті арттыру туралы" 13.01.2012 жылдың №541-IV Заңы).

      Бәйтерек ауданында ҚСБҚ тұрғындардан жинауға арналған контейнерлер жоқ. Тұрғындардан түзілетін қоректік көздер мен ҚСБҚ, ТҚҚ араласып контейнерлерге жинақталады және жалпы ағынмен бірге қоршаған ортаға зиян келтіре отырып, үйінділерге тасталынады.

      "Орал Таза Сервис" ЖШС аудан тұрғындарынан ҚСБҚ жинақтайды. Орал қаласында құрамында сынабы бар қалдықтарды кәдеге жаратумен айналысатын компания "Талап" АҚ болып табылады.

      Электрлік және электрондық жабдық қалдықтары

      Электрлік және электрондық жабдық қалдықтарын (ары қарай – ЭЭЖҚ) полигондарға көму үшін қабылдауға тиым салынады (ҚР ЭК 351 бабы). Жеке тұлғалардан электрлік және электрондық жабдық қалдықтарын жинау, қайта өңдеу және кәдеге жарату мердігерлік компаниялармен жүзеге асырылады.

      Электрондық және электрлік жабдық қалдықтары (ары қарай - ЭЭЖҚ) барлық пайдаланылған батареяда немесе электрлік желі арқылы жұмыс істеген заттар (теледидар, компьютер, тоңазытқыш, радиоқабылдағыш, электрлік балалар ойыншықтары, компакт-диск және т.б.) және олардың элементтері (мысалы, батарея) жатқызылады.

      Бәйтерек ауданында тұрғындардан ЭЭЖҚ бөлек жинау ұйымдастырылмаған, сондықтан олар жалпы ағынмен бірге үйінділерге түседі.

      Ауданда ЭЭЖҚ кәдеге жарату және қайта өңдеу жоқ.

      ҚР Экологиялық Кодексінің (365 б) талаптарына сәйкес, ЭЭЖ қалдықтарының қауіпті құрамдары бөлек жиналып, мамандандырылған кәсіпорындарға қайта қалпына келтіру үшін беру жүзеге асырылмайды.

      Ірі көлемді және құрылыс қалдықтары

      Ірі көлемді және құрылыс қалдықтары экологиялық заңнамаға сәйкес, жеке тұлғалар өз бетінше шығаруға мүмкіндігі бар арнайы ұйымдастырылған алаңдарға жинақталуы керек. Мұндай алаңдар Бәйтерек ауданында жоқ. Ірі көлемді және құрылыс қалдықтары басқа қалдықтармен бірге полигондарға шығарылады.

      Жергілікті әкімдіктің маңызды міндеті ірі көлемді және құрылыс қалдықтарына арналған арнайы ұйымдастырылған алаңдарды құру және оларды тасымалдау бойынша мамандандырылған компанияларды анықтау болып табылады.

      Тағам қалдықтары

      Бәйтерек ауданында тағам қалдықтарын бөлек жинау ұйымдастырылмаған. Аудан негізінен жеке үй құрылысы бар ауылдық тұрғын пункттерден тұрады, мұнда тағам қалдықтары үй жануарлары мен төрт түлікке жем-қор ретінде пайдаланылады. Контейнері бар тұрғын пункттерде тағам қалдықтары басқа қалдықтармен бірге контейнерлерге төгіледі және Орал полигонына жіберіледі.

      1.6 Қалдықтарды басқару жөніндегі шараларға бөлген қаржыларды талдау

      2020-2022 жылдары Бәйтерек ауданында қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлерді сатып алу және жөндеу, апатты үйінділерді жою, контейнерлік алаңдарды жөндеу, контейнерлерді сатып алуға 29 831 554 теңге (Бәйтерек ауданының "Тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ, мәліметтері боййынша) бөлінген.

      Жалпы Бәйтерек ауданында қалдықтарды басқарудың орталықтандырылған жүйесімен Переметное ауылы, Калинин ауылы, Мичурин ауылы, Асан ауылы, Дариян ауылы, Достық ауылы қамтылған, ол аудан тұрғындарының 42% құрайды.

      Ауданның барлық өңірінде қалдықтарды басқарудың орталықтандырылған жүйесін құру үшін жаңа контейнерлерді, қоқыс таситын көліктерді сатып алу, контейнерлік алаңдарды құру, ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын жинауға арналған арнайы орындарды құру, экологиялық, құрылыс және санитарлық талаптарға сәйкес келетін полигондарды құру, қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру, ауылдық округтерден қалдықтарды жинау және шығару бойынша компанияларды анықтау, құрамында қауіпті заттары бар коммуналдық қалдықтарды қабылдау пункттерін ашу және т.б. керек.

      Мұның барлығы да қосымша шығындарды талап етеді, сол себепті, жергілікті бюджетте қарастырылуы керек.

      Батыс Қазақстан облысының 2022-2024 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғау бойынша қолданыстағы іс-шаралар жоспарында Бәйтерек ауданына арналған қалдықтарды басқару мәселелері бойынша ешқандай шаралар қарастырылмаған.

      1.7 2024-2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды түзілу көлемін болжау

      Батыс Қазақстан облысының 2022-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына сәйкес, Бәйтерек ауданында тұрғындар санының артуы, жаңа кәсіпорындардың ашылуы, экономикалық көрсеткіштердің өсуі, өмір сапасының жақсаруы, халық табысының артуы, комуналдық қалдықтарды орталықтан жинау және шығару жүйесімен қамтылған тұрғындар санының артуы байқалады деп жоспарлануда. Нәтижесінде кәсіпорындар мен тұрғындардан ТҚҚ түзілген және жиналған санының артуы болжамдануда.

      ЭТРМ ақпараты бойынша, Қазақстан Республикасында коммуналдық қалдықтардың жыл сайынғы өсімі 5% қүрайды. 7-кестеде 2028 жылға дейін Бәйтерек ауданында қалдықтарды түзілу болжамы келтірілген.  

      8-кесте – 2028 жылға дейін Бәйтерек ауданында коммуналдық қалдықтардың түзілуін болжау

Атауы

Түзілген қалдықтардың нақты саны

ТҚҚ түзілуінің жоспарланатын саны

Жылдар

2020

2021

2022

2023

2024

2026

2028

ТҚҚ түзілуі, тоннамен

3200

3200

3300

3465

3638

3819

4010

      Есептеулер 2022 жылдан кейінгі әр жыл сайын және 2024 жылдан кейін әр 2 жыл сайын қалдықтар санын 5%-ға арттырылып көрсетілген.

      Осыған байланысты, түзілген қалдықтардың санының өсуі жоспарлануда, сол себепті "жасыл экономиканың" мақсаттық индикаторларына қол жеткізу мақсатымен Бәйтерек ауданында коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру қажет: 2030 эылға дейін қайта өңделген қалдықтардың үлесін 40% -ға дейін жоғарылату, ТҚҚ санитарлық қорғаумен 95%-ға дейін арттыру, тұрғындардан қалдықтарды шығару үлесін 100%-ға дейін жабу.

      1.8 Коммуналдық қалдықтарды басқару бойынша ағымдық жағдайды талдау бойынша қорытындылар

      Бәйтерек ауданында коммуналдық қалдықтарды басқару бойынша ағымдық жағдайды талдау көрсеткендей, қалдықтарды орталықтан жинау және шығару жүйесімен тек Переметное ауылы, Калинин ауылы, Мичурин ауылы, Асан ауылы, Дариян ауылы, Достық ауылы қамтылған. .

      Ауданның басқа ауылдарының тұрғындары өз аулаларында қалдықтарды жинайды ТҚҚ өз бетінше шығарумен айналысады.

      Бәйтерек ауданы Орал қаласының маңында орналасқан. Бұл Орал қаласындағы ТҚҚ жинау және шығаруды жүзеге асыратын ірі кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін пайдалануға мүмкіндік береді.

      Бәйтерек ауданына экологиялық заңнама талаптарына сәйкес келетін коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру қажет және келесі мәселелік сұрақтарды шешу қарастырылған:

      -ауылдық округтердің басым көпшілігінде мамандандырылған кәсіпорындармен қалдықтарды орталықтан жинау және шығару жүйесі жоқ;

      -қалдықтарды бөлек жинау үшін контейнерлер санының жеткіліксіздігі;

      -қойылған контейнерлердің тозуы;

      -орнатылған контейнерлік алаңдардың экологиялық және санитарлық талаптарға сәйкессіздігі;

      -ауылдық округтердің басым көпшілігінде контейнерлік алаңдардың болмауы;

      -тұрғындардан қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтарды (ҚСБҚ; ЭЭЖҚ, медициналық) жинауды ұйымдастырудың болмауы;

      -ТҚҚ полигонының болмауы;

      -апатты үйінділердің үлкен саны;

      -ТҚҚ бөлек жинауға арнлаған қоқыс сұрыптайтын желілердің болмауы;

      -ТҚҚ тасымалдауға арналған (қоқыс таситын көліктер) инфрақұрылымның ауылдық тұрғын пункттерде болмауы;

      -Қалдықтарды бөлек жинау және қалдықтарды басқару мәселелері бойынша тұрғындардың экологиялық мәдениетінің төменгі деңгейі.

      1.9 Коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қатерлерін талдау

      Бәйтерек ауданындағы коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесін бағалау үшін, жүйенің жай-күйіне SWOT- талдау жүргізілді және күшті және әлсіз тұстары анықталып, мүмкіндіктері мен қатерлері қарастырылды (9-кесте).

      9-кесте. Күшті және әлсіз тұстарын, мүмкіндіктері мен қатерлерін талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

1.Бәйтерек ауданы, Орал қаласының маңында орналасқан. Орал қаласындағы қалдықтарды басқару саласындағы мамандандырылған ұйымдардың қызметін пайдалану мүмкіндігі бар.
2. Отандық және халықаралық тәжірибеде қалдықтарды басқару жүйесін құрудың тексерілген үлгілері бар.
3. Коммуналдық қалдықтарды басқару инфрақұрылымын жақсартуды жоспарлау.
4. Қаржыландырудың жеке көздерімен потенциалды инвесторларды тартуды жоспарлау.
5. "Жасыл" энергетиканы дамыту мақсатында ТҚҚ пайдалану әлеуеті бар.

1. Ауылдық округтердің басым көпшілігінде коммуналдық қалдықтарды жинау және шығарудың орталықтандырылған жүйесінің болмауы.
2. Қалдықтарды бөлек жинаудың төменгі деңгейі
3. Қалдықтарды кәдеге жарату және қайта өңдеудің төменгі жүйесі
4. Қалдықтарды басқару мәселелері бойынша тұрғындардың экологиялық мәдениетінің төменгі деңгейі.

Мүмкіндіктері

Қауіп-қатері

1. Коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін ұйымдастыру. 2. Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін құру.
3. Экологиялық заңнама нормаларымен сәйкестендіріп, қалдықтарды көму полигондарының құрылысы.
4. Қоқыс сұрыптайтын желілердің құрылысы.
5. Қалдықтарды бөлек жинау және қалдықтарды басқару мәселелері бойынша тұрғындардың экологиялық мәдениетін жоғарылату.
6. Қалдықтарды басқару бойынша инфрақұрылымды дамыту үшін инвесторларды тарту.
7. Қайталама шикізаттың әртүрлі түрлерімен жұмыс жасауға арналған заманауи ЕҚЖТ бар болуы.

1. Түзілетін қалдықтардың көлемін арттыру.
2. Қалдықтар жинақталған зоналардағы сыни экологиялық жағдайлардың пайда болуы. 3. Үйінді орналасқан зоналардағы атмосфера, топырақ, су ресурстарының ластануы.
4. Рұқсат етілмеген үйінділер санының артуы.

      Қалдықтарды басқарудың күшті және әлсіз жақтарының жай-күйін талдау көрсеткендей, Бәйтерек ауданында күшті жақтарына қарағанда әлсіз тұстары басымдау, сол себепті, жақын арада коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру үшін міндеттердің толық кешенін шешу керек.

2. ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ МАҚСАТТЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

      2.1 Мақсаты және міндеттері

      Бағдарлама мақсаты: Бәйтерек ауданы аумағында заңнама талаптарына сәйкес келетін коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру.

      Бағдарлама міндеттері:

      1. Барлық тұрғын пункттерден коммуналдық қалдықтарды үнемі шығарып отыруды ұйымдастыру.

      2. Қалдықтарды бөлек жинауды алдын-ала қарастыратын қажетті инфрақұрылымды құру және оның жұмыс істеуі.

      3. ТҚҚ қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін дамыту;

      4. Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету. ТҚҚ апатты үйінділерін жою.

      5. Қалдықтарды басқару бойынша, соның ішінде қалдықтарды бөлек жинау саласында тұрғындардың қызығушылықтары мен мәдени деңгейін жоғарылату.

      2.2 Мақсаттық көрсеткіштер

      Мақсаттық көрсеткіштер Қазақстан Республикасының "Жасыл экономикаға өту тұжырымдамасының" (ҚР стратегиялық құжаты) талаптарына, сонымен қатар, Батыс Қазақстан облысының 2022-2025 жылдарға арналған әлеуметтік-экономикалық дамуының кешенді жоспарына сәйкес бекітілген.

      Мақсаттық көрсеткіштер БҚО Бәйтерек ауданының коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған (10-кесте).

      10-кесте. 2024-2028 жылдарға арналған Бәйтерек ауданындағы қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіруге арналған мақсаттық көрсеткіштер

р\н

Мақсаттық көрсеткіштер атауы

Мақсаттық көрсеткіштер мәндері

Ағымдық жағдай (2020-2022)

2024

2026

2028

1.

ТҚҚ жинау және шығарудың орталықтандырылған жүйесімен тұрғындардың қамтылуы %

42

60

80

100

2.

Коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ендіру:
- фракциялар бойынша, %
- қалдықтардың жеке қауіпті түрлері бойынша (медициналық және сынабы бар, электрондық және тұрмыстық) %

15

25

27

80

3.

ТҚҚ кәдеге жарату және қайта өңдеу үлесі (түзілу көлемінен),

1,7

1,9

2,2

2,5

4.

Экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес келетін жаңа полигон құрылысы, бірлікпен

0

0

1

0

5.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, кәдеге жарату және қайта өңдеудің, соның ішінде бөлек жинауды қоса алғанда ұтымды жүйесі туралы тұрғындардың хабардарлығын жоғарылату %

20

100

100

100

      Орталықтандыырлған жүйе шеңберінде тұрғындарды ТҚҚ жинау және шығарумен қамту бойынша мақсаттық көрсеткіштер Қазақстан Республикасының стратегиялық құжаттарына сәйкес бекітілген.

      ТҚҚ қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесінің мақсаттық көрсеткіштері (түзілу көлемінен) Бәйтерек ауданының 2021-2025 жылдардағы аумақты дамыту бағдарламасына сәйкес бекітілген.

3. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ, ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРҒА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ СӘЙКЕС ШАРАЛАР

      3.1 Барлық тұрғын пункттерден коммуналдық қалдықтарды үнемі шығарып отыруды ұйымдастыру

      Барлық тұрғын пункттерден коммуналдық қалдықтар үнемі шығарып отыруды ұйымдастыру үшін қажет:

      - ТҚҚ жинау және тасымалдауды жүзеге асыратын тұрмыстық қатты қалдықтар нарығына қатысушыларды анықтау;

      - қалдықтарды тасымалдау бойынша қызметтерге төлем жинау және заңды тұлғалармен жариялық ұсыныс келісіміне отыру;

      - ТҚҚ жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифтерді уақытылы және экономикалық негізделген түрде қайта қарастыру.

      ТҚҚ жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын тұрмыстық қатты қалдықтар нарығына қатысушыларды анықтау

      Жергілікті атқарушы органдар конкурс (тендер) негізінде ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша компанияларды анықтап, осы компаниямен бірге ТҚҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму бойынша бекітілген тарифтерге сәйкес қалдықтарды тасымалдау қызметіне ақы төлеу жүйесін ендіруді және тарифтерді уақытылы қайта қарастыруды жүзеге асыру қажет.

      Экологиялық заңнама талаптарына сәйкес (ҚР ЭК 367б) ТҚҚ жинаудың орталықтандырылған жүйесі жергілікті атқарушы органмен ТҚҚ нарығына қатысушыларды анықтау мақсатында конкурс (тендер) жүргізу арқылы ұйымдастырылады. Конкурс тәсілі арқылы мемлекеттік сатып алулар "Мемлекеттік сатып алулар" туралы ҚР Заңының 4 бөліміне сәйкес жүзеге асырылады, мұнда ТҚҚ жинау және тасымалдау конкурсына қатысушыларға төменгі талаптар бекітілген:

      - - қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде тіркеуде бар болуы (ҚР ЭК 337 бабының талаптарына сәйкес);

      - жеке меншігінде спутниктік навигация жүйелерімен жабдықталған көлік құралдарының бар болуы және /немесе жалға алынуы;

      - жеке меншігінде көліктерді қоюға, сақтауға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған жылытылатын өндірістік орындарының бар болуы және немесе жалға алынуы;

      - коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша қызмет көрсететін білікті басқарушы және техникалық мамандардың бар болуы;

      - ТҚҚ жинау және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері сұрыптау кешеніне сұрыпталған қалдықтарды жеткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен келісім-шартқа отыруы керек немесе өз бетінше сұрыптауды жүзеге асыру керек;

      - ТҚҚ жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің қауіпті емес қалдықтарды қалпына келтіру және жоюды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен келісім-шарты болуы керек; сонымен қатар, құрамында қауіпті заттары бар коммуналдық қалдықтарды сұрыптау кешеніне жеткізу де келісім-шарт негізінде жүзеге асырылуы керек;

      - ТҚҚ жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері көмуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне қалдықтарды жеткізу кезінде полигон операторымен "қалдықтарды қабылдауға" арналған шарты болуы тиіс.

      Бәйтерек ауданының жергілікті атқарушы органдары конкурстық (тендерлік) негізде ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша компанияларды анықтап, олармен келісім-шартқа отыруы керек, ол келісім-шартта ауданның тұрғын пункттерінен және ауылдық округтерінен коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару бойынша қызмет көрсету тәртібін, кестесін және шартын бекітуі керек.

      Коммуналдық қалдықтарды басқаруға келісім-шарт ұзақ мерзімді болуы (кемі 5-10 жыл) керек, бұл ТҚҚ жинау және шығарумен айналысатын субъектілерге өз қаржыларын компанияны дамытуға салуға мүмкіндік береді, бұл компания іс-әрекетінің нәтижелеріне мониторинг жүргізу арқылы орындалған жұмыстардың нәтижелерін көріп, бағалауға мүмкіндік береді.

      Конкурстық (тендермен) негізде таңдалған ТҚҚ жинау және шығарумен айналысатын компания тұрғын пункттерден полигонға жеткізгенге дейінгі қалдықтарды тасымалдаудың оңтайлы желісін әзірлеу керек.

      Бәйтерек ауданы Орал қаласының маңында орналасқан, бұл қаладағы мамандандырылған компаниялардың аудандағы ТҚҚ жинау және шығару конкурсына қатысуына мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта Орал қаласындағы "Орал Таза Сервис" ЖШС қалдықтарды жинап, шығарумен айналысады және қалдықтар Орал қаласындағы полигонға шығарылады.

      Заңды тұлғалармен жариялық ұсыныс келісіміне отыру және қалдықтарды тасымалдау қызметтеріне төлем жинау

      ҚР ЭК 367 бабына сәйкес, тұрғын үйлерде тұратын жеке тұлғалар жариялық ұсыныс келісім негізінде орталықтандырылған жүйені пайдалануға және жергілікті атқарушы органмен бекітілген тарифке сәйкес қалдықтарды тасымалдау қызметтеріне төлем төлеуге міндетті.

      Коммуналдық қалдықтарды жинау және шығарудың орталықтандырылған жүйесін дұрыс ұйымдастыру (орнатылған контейнерлердің қажетті санының бар болуы, тендерді ұтып алған мамандандырылған компаниялармен қалдықтарды уақытылы шығару) қалдықтарды тасымалдау қызметіне төлем жинау жүйесін жақсартуға мүмкіндік береді.

      Аудан тұрғындары қалдықтарды жинау және шығарумен айналысатын мамандандырылған компаниялардың қызметіне жүйелі ақы төлеу қажеттілігі туралы ақпараттануы қажет.

      Бәйтерек ауданында ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша субъектілерді анықтағаннан кейін жеке тұлғалармен жариялық ұсыныс келісіміне отыру тәжірибесін ендіру қажет. Жариялық ұсыныс нысанындағы келісім мамандандырылған компаниялардың веб-сайтында, аудан әкімдігінің ресми сайтында және БАҚ құралдарында танысу үшін қолжетімді. Жариялық ұсыныс келісімін пайдалану ТҚҚ шығару бойынша қызметтерге ақы төлеу мен жинау көлемін арттырады және тұрғындар үшін қолайлы болып табылады. Осындай келісімдер негізінде төлем жинау жүзеге асырылады.

      Жеке және заңды тұлғаларға мамандандырылған компаниялар қызмет көрсету үшін абоненттік бөліммен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, коммуналдық қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша қызмет көрсетудегі жедел сұрақтармен тұтынушыларға қызмет көрсету үшін диспетчерлік қызмет жұмысымен қамтамасыз етіледі.

      ТҚҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін экономикалық тұрғыдан жүйелі қайта қарау

      Тарифтерді есептеуге негіз болып табылатын құжат "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмугеарналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығы.

      Әдістемеге сәйкес тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифтерді есептеу өзіндік құн арқылы жүргізіледі, мұнда, калькуляция баптары бойынша топтастырылған ТҚҚ жинауды, тасымалдауды, сұрыптауды және көмуді жүзеге асыратын нарық қатысушыларының нақты және/немесе нормативті шығындары көрсетіледі.

      Қызметтердің толық өзіндік құны ТҚҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму бойынша жұмыстарды орындау шығындарының қосындысы, сонымен қатар, жалпы пайдалану және пайдаланудан тыс шығындардың қосындысы ретінде анықталады.

      Калькуляциялық бірліктің өзіндік құны ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша толық өзіндік құнды жиналған және шығарылған ТҚҚ көлеміне бөлу арқылы, ТҚҚ сұрыптау бойынша толық өзіндік құнды сұрыпталған ТҚҚ көлеміне бөлу арқылы, ТҚҚ көму бойынша толық өзіндік құнды көмілген ТҚҚ көлеміне бөлу арқылы анықталады.

      Калькуляция баптарынан көріп отырғанымыздай, тариф шамасы жылдан жылға өзгеріп отырады, себебі, жиналған, шығарылған, сұрыпталған, көмілген қалдықтардың көлемдік шамасы да өзгеріп отырады. Сол себепті, уақытылы индексация жүргізіп, тарифтерді қайта есептеу тұру қажет, бұл мамандандырылған компаниялардың экономикалық жай-күйінің төмендеп кетуінің алдын-алады.

      ҚР Экологиялық Кодексінде тарифтерді қайта қарастырудың нақты мерзімі көрсетілмеген, бірақ 2023 жылдың маусым айында ҚР бәсекені қорғау және дамыту Агенттігі мен ҚР ЭГТРМ бірлесе отырып, ТҚҚ басқару саласындағы бәсекені дамыту жөніндегі жол картасын қабылдады. Жол картасында 2 жылда 1 рет ТҚҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифтерін қайта қарау қажеттілігі көрсетілген.

      3. 2 Коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды алдын-ала қарастыратын қажетті инфрақұрылымды құру және оның жұмыс істеуі

      Коммуналдық қалдықтарды жинау және ұнемі шығарып отыру қызметіне ауылдық тұрғындардың қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін инфрақұрылыммен қамтамасыз ету керек:

      -Коммуналдық қалдықтарды жинау және үнемі шығарып отыру үшін мамандандырылған көлікті сатып алу;

      -ТҚҚ бөлек жинауды (құрғақ және ылғалды фракциялар үшін) ендіру үшін контейнерлер сатып алу;

      -ТҚҚ санитарлық-эпидемологиялық талаптарға сәйкес жинау үшін контейнерлік алаңдардың орнын анықтау және сәйкестендіру;

      -Ірікөлемді және құрылыс қалдықтарын жинауға арналған алаңдарды ұйымдастыру үшін орындарды анықтау;

      -Қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау.

      Коммуналдық қалдықтарды шығару үшін мамандандырылған көліктерді сатып алу

      Коммуналдық қалдықтарды шығаруға арналған мамандандырылған көліктерді сатып алу қалдықтарды басқару жүйесін табысты қалыптастыруға бағытталған негіз болып табылады.

      365 бапқа сәйкес (5т) ЖАО коммуналдық қалдықтарды үнемі шығаруды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. ТҚҚ уақытылы шығаруды ұйымдастыру үшін ТҚҚ тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған көлік құралдары – қоқыс таситын көліктерді сатып алу қажет.

      Ауданда бір күнде 260-270 м3 қалдық жиналады. 1 қоқыс таситын көліктің сыйымдылығы 20-22 м3. Қосымша тағы да 3-4 қоқыс таситын көлік сатып алу қажет.

      Ауылдық округтерден апта сайын коммуналдық қалдықтарды шығаруды жүзеге асыру жоспарлануда. Мамандандырылған көліктің қажетті санының болмауы қалдықтарды шығару кестесінің орындалуына кедергі келтіруі мүмкін және тұрғындар үшін қолайсыз жағдай туғызуы мүмкін. Нәтижесінде рұқсат етілмеген үйінділердің пайда болуына әкеліп соқтырады. Сатып алынған көлік құралдары ТҚҚ жинау және тасымалдаумен айналысатын және конкурс (тендер) жүргізу арқылы таңдалған компанияға сенімді басқаруға берілетін болады.

      Бәйтерек ауданындағы коммуналдық қалдықтарды шығарудың ұсынылатын кестесі:

      - Переметное, Калинин, Дариян, Мичурин, Асан, Достық, Болашақ, Қаражар, Атамекен, Қайнар, Новенькое, Володар, Жайық, Махамбет, Белес, Ақжол, Шапово, Жаңатаң, Зеленое, Макарово, Садовое, Мирное, Жалын, Үлкен Шаған, Күшім, Ақсу, Жамбыл, Зеленое, Октябрь тұрғын пункттерінен – коммуналдық қалдықтар күн сайын немесе үш күннің ішінде (жыл мезгілдері мен ауа температурасына тәуелсіз) шығарылуы керек, мұнда "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымлдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиологилық талаптар" туралы санитарлық ережелердің 58-бабының талаптарына сәйкес, контейнердегі температура талаптары бойынша қалдықтарды 0оС және төмен – үш тәуліктен артық емес, плюстік температурада бір тәуліктен асырмай сақтау талаптары анықталған;

      Шалғай, Құрманғазы, Аманат, Озерное, Январцево, Кирсаново, Чинарево, Красноармейск, Спартак, Рубежинский, Чувашин, Поливное, Егіндібұлақ, Сұлукөл, Колесово, Өркен, Павлово, Сырым батыр – тұрғын пункттерінен – ауылдық округтерден апта сайынғы шығару;

      Забродино, Тыңдала, Таловая, Петрово, Богатск, Астафьево, Кіші Шаған, Алмалы, Красный Урал, Акбидай, Балабаново, Гремячее, Кожевниково, Чапурина, Раздольный халық саны аз ауылдар мен шалғай орналасқан ауылдардан айына бір рет. Мұнда санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға жауап беретін, қалдықтарды уақытша сақтауға арналған алаңдарды құру қажет.

      Коммуналдық қалдықтарды тасымалдау шығындарын төмендету үшін бекітілген санитарлық және табиғатты қорғау талаптарына сәйкес қалдықтарды шығарудың төменгі жиілігі қабылданады.

      Бастапқы кезеңдерде ауылдық округтердегі коммуналдық қалдықтарды бекітілген кесте бойынша үйлерді, көшелерді аралау жолымен шығарылатын болады. Контейнерлік алаңдар мен контейнерлерді орнатқаннан кейін шығару контейнерлік алаңдардан жүзеге асырылады.

      Коммуналдық қалдықтарды тасымалдау барысында ыдыссыз әдісті қолдану: мамандандырылған көлік келгенге дейін, жергілікті атқарушы органмен бекітілген кестеге сәйкес қоқыстарды жинайтын және тасымалдайтын (шығаратын) күндері ғана көше бойына санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес коммуналдық қалдықтарды шығару.

      Қоқыстарды шығару кестесі тұрғындардың көзқарастарын ескере отырып, жергілікті атқарушы органмен бекітілген коммуналдық қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша мамандандырылған ұйымдарды анықтағаннан кейін ғана құрылатын болады.

      Жылына жинақталатын қалдық санын анықтау үшін жиналған және шығарылған қалдық санына (күнсайын) есеп жүргізу керек.

      ТҚҚ бөлек жинауға (құрғақ және ылғалды фракциялар үшін) арналған контейнерлерді сатып алу

      Қалдықтарды бөлек жинау халықаралық тәжірибеде қалдықтарды басқару жүйесін табысты қалыптастырудың негізі және Қазақстанның экологиялық заңнамасының міндетті талабы болып табылады.

      Қалдықтарды бөлек жинау үдерісі "Қалдықтарды бөлек жинауға, оның ішінде техникалық, экономикалық және экологиялық орындылығы ескеріле отырып, міндетті бөлек жинауға жататын қалдықтардың түрлеріне немесе топтарына (түрлерінің жиынтығына) қойылатын талаптарды" бекіту туралы құжатында (техникалық, экономикалық және экологиялық орындылығын ескере отырып, міндетті бөлек жинауға жатқызылатын қалдықтардың топтарына (түрлер жиынтығы) немесе түрлерін, қалдықтарды бөлек жинауға талаптар. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 482 бұйрығы) нақтыланған.

      СТ 3780-2022 Қалдықтар. Алаңдарда қалдықтарды бөлек жинау үшін контейнер құрамын және коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру үшін контейнерлерді орнату алаңдарына жалпы талаптар бойынша:

      -Электрондық қалдықтарға арналған контейнерлер;

      -ҚСБ қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер;

      -Қағаз және картон қалдықтарына арналған контейнерлер;

      -Батарея қалдықтарына арналған контейнерлер;

      -Тағам қалдықтарына арналған контейнерлер;

      -Шыныға арналған контейнерлер;

      -Пластик қалдықтарына арналған контейнерлер.

      Дегенмен, барлық түрлерге арналған контейнерлерді орнату мүмкіндігі болмаған жағдайда, қауіпті қалдықтарға соның ішінде ҚСБҚ арналған контейнерлерді алып тастағандағы, "құрғақ" және "ылғалды" фракциялар үшін контейнерлер орнатылады.

      Бәйтерек ауданында қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру үшін әрбір контейнерлік алаңдарда қалдықтарды бөлек жинауға арналған (құрғақ және ылғалды фракция үшін) 2 контейнерден (кем дегенде) алып орнату керек.

      "Ылғалды" фракция құрамы мен сипаты бойынша үй шаруашылығы қалдықтарына ұқсас араласқан, органикалық, тағамдық қалдықтардан тұрады.

      "Құрғақ" фракция қағаз, картон, металл, пластика және шыныдан тұрады.

      Контейнерлер саны тұрғындар санына, қалдықтардың жинақталу нормасына, сақтау мерзіміне және басқа да қажетті факторларға сәйкес анықталады.

      Қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлер заңнама талаптарына сәйкес қазақ және орыс тілінде таңбалануы (жазба) керек, онда мыналар көрсетілуі керек:

      -жиналатын қалдық түрі (фракциясы) туралы ақпараттық жапсырма/жазба;

      -контейнердің меншік иесі туралы мәліметтер (атауы, телефоны);

      -контейнер қызмет көрсететін ұйым атауы.

      Егер де таңбалау түрлі-түсті контейнерге жапсырылатын болса, онда контрасты түспен орындалуы керек.

      Сатып алуға қажетті контейнер санын есептеу қалдықтардың түзілу нормасына (1,6 м3 в жылына 1 тұрғынға) және Бәйтерек ауданының (әр тұрғын пункттер үшін) тұрғындар санына 1,1 м3-ден 1 контейнер көлемінде есептелуі керек. 1-қосымша.

      Орнатылған контейнерлерді ескере отырып, Переметное, Калинин, Дариян, Мичурин, Асан, Достық ауылдарынан басқа ауылдық тұрғын пункттердің барлығына тағы қосымша қалдықтарды бөлек жинау үшін ("құрғақ" -439 және "ылғалды"-439) 878 контейнер сатып алу керек. Переметное, Калинин, Дариян, Мичурин, Асан, Достық ауылдарында қоқыстар күн сайын шығарылады, қалдықтардың түзілу нормаларына сәйкес жеткілікті контейнерлер саны бар.

      ТҚҚ жинауға арналған контейнерлік алаңдарды және контейнерлерді санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендіру

      Контейнерлік алаңдардың есептік саны – 439 бірлік.

      Контейнерлерді орнатқаннан кейін және қалдықтарды шығару кестесін бекіткеннен соң қоқыс шығаратын компания контейнерлердің толуы бойынша бақылау жүргізеді, қажет жағдайда контейнер санын толықтырып немесе шығару санын арттырып отыру керек. Бәйтерек ауданының контейнерлік алаңдарын "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық талабына (ары қарай -ережелер) сәйкестендіру керек:

      - тұрғын пункттерде контейнерлік алаңдарды тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, балалар нысандарынан, спорттық алаңдардан және уақытша орналасуды қоспағанда (вахталық кенттер, тұрақты емес нысандар мен құрылыстар) тұрғындардың демалатын орындарынан 25 м кем емес қашықтыққа орналастырады

      - алаң аумағы алаңға еркін кіретін жағына қарай қалыңдығы 100 м кем емес температуралық өзгеріске тұрақты қатты асфальтталған немесе бетондалған жабыны болуы керек;

      - периметр бойынша алаң үш жағынан жедел климаттық өзгерістерге және коррозияға тұрақты тұтас материалмен қоршалуы керек;

      - алаңның төртінші жағы басқарушы, қызмет көрсетуші ұйымдар мен тұрғындардың контейнерлермен жұмыс істеуге, қалдықтарды жинауға еркін енуіне мүмкіндік береді;

      - шатыр жедел климаттық өзгерістер мен коррозияға тұрақты тұтас материалдан дайындалады.

      Контейнерлердің меншік иесі ары қарай пайдалануға жарамсыз контейнерлерді жөндеп, алмастыруды ұйымдастырады, қоқыс қабылдайтын камераны, алаңдарды және қоқысқа арналған қоймаларды (контейнерлерді), сонымен қатар қалдықтарды жинауыштарды үнемі жуып, залалсыздандырып және дезинсекциялап (шыбын және басқаларға қарсы) отыруды қамтамасыз ететін шараларды қабылдайды.

      Ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын жинауға арналған алаңдарды ұйымдастыру үшін орындарды анықтау

      Ірі көлемді қалдықтарды және құрылыс қалдықтарын шығаруды Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес мамандандырылған ұйымдар тұтынушының тапсырысы бойынша немесе тұтынушымен ірі көлемді қалдықтарды жинау алаңдарына өз бетінше жеткізуін қамтамасыз етеді (экологиялық заңнама талаптары).

      Қалдықтарды бөлек жинау талаптарының 19-тармағына сәйкес (ЭТРМ м.а. 2021 жылғы 2 желтоқсандағы №480 Бұйрығы), ЖАО жеке тұлғалардан (тұрғындардан) түзілетін құрылыс және ірі көлемді қалдықтар үшін 12м2 кем емес аумақта арнайы жабындысымен қоршауы бар орынды ұйымдастыруы керек деп айтылған.

      3780-2022 – "Қалдықтар. Контейнерлерді орнату алаңдарына жалпы талаптар" стандартына сәйкес, коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органдар тұрғын пункттерде (үй жайларының, мекемелердің, мәдени-жалпы мекемелердің, демалыс орындарының және т.б. аумақтарында) жеке тұлғалардан (тұрғындардан) түзілген құрылыс және ірікөлемді қалдықтарды жинайтын 12 м2 кем емес аумақ орындарып анықтап, қоршауды ұйымдастыруы керек.

      Жылжымайтын нысандардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын заңды тұлғалар құрылыс және ірікөлемді қалдықтарды арнайы орындарға өз бетінше шығаруы керек немесе қоқыс шығаратын ұйымдармен келісім шартқа отыруы керек.

      Заңнамаға сәйкес ірі көлемді қалдықтарды жинауға арналған арнайы алаңдарда коммуналдық қалдықтардың құрамына кіретін, өзінің тұтынушылық қасиетін жойған, пайдаланылған тұтынушылық тауарлар мен қораптардың қалдықтарын жинау орындарын ұйымдастыруға тиым салынады.

      Бәйтерек ауданының жергілікті атқарушы органдары мұндай қалдықтардың полигонға түсуінің алдын-алу мақсатында тұрғындардан ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын жинауға арналған арнайы орындарды ұйымдастыруы керек.

      Қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау және кәдеге жарату

      Қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтар (электрондық және электрлік жабдықтар, құрамында сынабы бар қалдықтар, батарейкалар, аккумляторлар және басқа да қауіпті компоненттер) бөлек жинақталып, қайта қалпына келтірілуі үшін мамандандырылған кәсіпорындарға берілуі керек (ҚР ЭК 365 бабы).

      ҚР ЭК талаптарына сәйкес жергілікті атқарушы органдар қауіпті қалдықтардың басқа категорияларымен қауіпті қалдықтардың немесе басқа қалдықтармен, заттармен, материалдармен араласуының алдын-алу үшін қажетті шараларды қабылдауы керек және коммуналдық қалдықтармен жұмыс жасау бойынша инфрақұрылымды дамытуға жауапты болады.

      Құрамында сынабы бар қалдықтар (ҚСБҚ)

      Жергілікті атқарушы билік органдары аудан тұрғындардан ҚСБҚ жинау жүйесін ұйымдастыруы және мыналарды қамтамасыз етуі қажет:

      –тұрғындарда пайда болатын құрамында сынабы бар қалдықтарды жинау үшін орнатылатын арнайы әмбебап контейнерлерді орнатуды және оларға қызмет көрсетуді бақылау;

      – кондоминиум нысандарын басқару органдарының қызметін бақылау және ұйымдастыру, олар арнайы әмбебап контейнерлерді сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз етуге, контейнерге қызмет көрсететін мамандандырылған кәсіпорынмен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға, оларға еркін қол жеткізуді қамтамасыз етуге, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, контейнерге бөгде заттарды сақтауға, контейнерге бөгде жарнамаларды, хабарландыруларды және т. б. жапсыруға жол бермеуге міндетті;

      – тұрғындар үшін үшін демеркуризациялау жөніндегі шаралар кешенін іске асыруға және құрамында сынабы бар қалдықтарға арналған контейнерлерді жөндеуге (ауыстыруға) мамандандырылған кәсіпорындардың жұмыстарын сатып алу үшін қаражат бөлу жолымен халық арасында пайдалануда болған құрамында сынабы бар энергия үнемдейтін шамдарды қайта өңдеуді ұйымдастыру.

      ҚСБҚ үшін контейнерлерді жөндеу (алмастыру) және тұрғындар үшін демеркуризация бойынша шаралар кешенін жүзеге асыруға мамандандырылған кәсіпорындардың жұмыстарын (қызметтерін) тарту үшін жергілікті атқарушы органдар конкурс (тендер) жүргізу керек (ҚР ЭК, "Мемлекеттік сатып алудар" туралы ҚР Заңы (4 бөлім), (коммуналдық қалдықтарды басқару ережелері. ҚР ЭГТРМ м.к. 2021 жылғы 28 желтоқсандағы №508 Бұйрығы)).

      Қазіргі таңда, Бәйтерек ауданында ҚСБҚ жинауға арналған арнайы әмбебап контейнерлер жоқ. Әрбір контейнерлік алаңдарға ҚСБҚ арналған контейнерлерді орнату қажет. Одан басқа, жергілікті атқарушы органдар қалдықтарды бөлек жинаудың қажеттілігі мен артықшылығы туралы және осы мақсатта контейнерлердің орнатылғандығы туралы ақпараттық- түсіндірмелік жұмыстарды жүргізуі шарт.

      Электрондық және электрлік жабдық қалдықтары (ЭЭЖҚ)

      ЭЭЖҚ қауіпті қалдықтарға жатқызылады. Олардың құрамында кадмий, қорғасын, сурьма, сынап секілді уытты заттармен қосылыстар бар, олар адам денсаулығы мен қоршаған ортаға теріс ықпал етеді.

      Тұрғындардан қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтарды жинау жүйесін ұйымдастыру келесідей шараларды қамтиды:

      - Батареялар, электронды және электр жабдықтары сияқты қауіпті тұрмыстық қалдықтарды жинайтын стационарлық немесе жылжымалы пункттер/пункттер құру. Қабылдау пункті көрсетілген тауарларды таратуды жүзеге асыратын сауда нүктелерінде құрылуы мүмкін..Қалдық ретінде қабылданатындар: тұрмыстық техника (теледидар, магнитофоны, электрлік ойыншықтар, үтіктер, батарейкалар, фен, тоңазытқышты қоса алғанда, асүй жабдықтары); офистік техника (компьютерлер және жабдықтауыштар, ұялы телефон, планшет, көшірме аппараттары, сканер, тонер).

      - қалдықтарды қабылдаудың ұйымдастырылған пункттері туралы халықты хабардар етуді және олармен қауіпсіз жұмыс істеуді насихаттауды қамтамасыз ету.

      - қалдықтарды жинауға және кәдеге жаратуға арналған шығыстардың бір бөлігін жабу мақсатында, өндірушінің кеңейтілген жауапкершілік операторының функцияларын жүзеге асыратын "Жасыл Даму" АҚ-мен ынтымақтастықты нығайту.

      Жергілікті атқарушы органдар электрондық қалдықтардың әсерінің қауіптілігі туралы және қалдықтарды жинау мен қайта өңдеудің қолданыстағы жүйесі туралы тұрғындармен ақпараттық жұмыстарды жүргізу қажет. ТҚҚ жалпы ағынымен полигондарға түскен электрондық және электрлік жабдық қалдықтарының маңызды салдарын тұрғындар әлі толық түсінбейді. Тұрғындарға пайдаланылған электрондық және электрлік жабдықтарды жинаудың қолданыстағы пункттері туралы ақпараттарды жеткізу керек.

      Пайдаланылған батарейкалар, пластик, сынған шыны, металл қалдықтарын Бәйтерек ауданындағы шалғай орналасқан тұрғын пункттерден ТҚҚ жинау және шығаруды жүзеге асыратын "Орал Таза Сервис" компания қабылдайды.

      Заңды тұлғалардан қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау және қайта қалпына келтіру

      Қызметтің түріне қарамастан, заңды тұлғаларда пайда болатын қауіпті коммуналдық қалдықтарды бөлек жинап, мамандандырылған ұйымдарға (кәсіпорындарға) қалпына келтіруге беруі тиіс (ҚР ЭК 365 б).

      Жергілікті атқарушы билік органдары қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі қызметтерді көрсететін мамандандырылған кәсіпорындармен келісім-шартқа отыру қажеттілігі туралы аудандық заңды тұлғалармен (мемлекеттік мекеме, бюджеттік ұйымдар) түсіндірме жұмыс жүргізуі және осы үдерісті бақылауы қажет.

      Органикалық коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру және оларды қордаландыру арқылы қайта қалпына келтіру

      Органикалық қалдықтар – өсімдік және жануарлардың биоыдырайтын қалдықтары.

      Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексіне 365-бабының талаптары: жергілікті атқарушы органдар органикалық қалдықтарды бөлек жинау және оларды пайдалану арқылы экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етеді.

      .Биоыдырайтын қалдықтардан компост – органикалық тыңайтқыш алуға болады, оны энергия ретінде пайдалануға болады, ол қоршаған ортаны ластамайды және табиғи циклдің құрамдас бөлігі болып табылады.

      Коммуналдық қалдықтарды басқару ережелерінде (19т) аудандық, кенттік, ауылдық, ауылдық округтің жергілікті атқарушы органдары тұрғындарға жеке тұрғын құрылысында (жеке сектор) органикалық қалдықтарды қордаландыру жөніндегі ақпараттық кампанияларды (хабарламаларды) жүргізуі қажет.

      Компосты алу технологиясының негізі компостау – қалдықтардың жедел бақыланып ыдырауы, нәтижесінлде биоорганикалық тыңайтқыш алынады. Сырт жағынан қарағанда, компост кәдімгі топыраққа ұқсас және әртүрлі салаларда пайдаланылуы мүмкін.

      Органикалық қалдықтарды қордаландыру үй жағдайында да, орталықтандырылған жүйеде де жүзеге асады. Үй шаруашылығында қордаландыруда қарапайым қордалау шұңқырын немесе арнайы қордаландырғыш аппараттарды пайдалануға болады. Түзілген компостты ауыл шаруашылық қажеттіліктеріне және егіс алаңдары үшін тыңайтқыш ретінде үй маңындағы учаскелерге және қалдықтарды уақытша көму орындарын рекультивациялауға пайдалануға болады. Мектептерде, асханаларда, ресторанда биоыдырайтын қалдықтардың үлкен бөлігі жинақталады және жанында қосалқы шаруашылығы бар болғандықтан, жекелей өз беттерінше қордаландыруды жүргізуге болады.

      Жергілікті атқарушы органдардың міндеттері заңды тұлғалар мен тұрғындар арасында компосты қолдану және органикалық тыңайтқыштарды пайдалану тәжірибесін насихаттау бойынша ақпараттық -түсіндірмелі жұмыстарды жүргізу болып табылады. Мысалы, Раздольное ауылы көң тыңайтқыштарды өндірумен танымал. Күзгі-қысқы мал бағу кезеңінде 900 бас ірі қара 1,5 мыңнан 2 мың тоннаға дейін көң береді. Бұған дейін ауыл тұрғындарының ауласында таудай үйілген сиыр қалдықтары жиналатын. Қазіргі кезде ауылдық жерлерден органикалық қалдықтар жиналып, ауыл шаруашылығына пайдаланылады. Нәтижесінде қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға және жоюға кететін шығындар азаяды.

      3.3 Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін дамыту

      Бәйтерек ауданында коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесі жоқ, мұнда тек шыны ыдыстарын, пластик бөтелкелерді және т.б. қабылдайтын жеке кәсіпкерлер ғана бар.

      Бірақ Орал қаласында ТҚҚ қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесі дамыған, мұнда Бәйтерек ауданының жақын орналасқан ауылдарынан қалдықтар тасымалданады. БҚО қалдықтарды қайта өңдейтін 18 кәсіпорын жұмыс істейді. Мысалы, "Үсенов" ДК, макулатура мен картонды қайта өңдейді және дәретхана қағазын шығарумен айналысады. Demtek Solutions компаниясы тамақ қалдықтарын қайта өңдеу арқылы қарашірік өндіреді. "ALTRA TIRES" компаниясы қайта өңделген шиналардан балалардың ойын алаңдарына арналған резеңке және тақталар шығарады. "Орал сауда-өнеркәсіптік компаниясы" таңбалары бар пластмассаны қабылдап, одан қаптама пленкасын шығарады. "АлтынАлмаСтрой" ЖШС болашақта полимер-құмды тротуар плиталарына айналатын полиэтилен пакеттерін қабылдап, өңдейді. Электронды және электр жабдықтарын қабылдауды "ТұранПромРесурс" ЖШС жүзеге асырады. "ОралТазаСервис" пайдаланылған батареяларды, пластмасса, сынған шыны және металл қалдықтарын қабылдайды. "Dream House" CG құрғақ ағашты, үгінділерді және қалдықтарды қабылдау және өңдеу арқылы ағаш бетон плиталарын шығарады. "Талап" АҚ құрамында сынабы бар құрылғылар мен шамдарды қабылдайды.

      Бәйтерек ауданының жергілікті атқарушы органдарының міндеті осындай облыстық қалдықтарды қайта өңдеу кәсіпорындарымен өзара іс-қимыл жасау, олармен қалдықтарды шығару, кәдеге жарату немесе қайта өңдеу бойынша келісімдер жасау болып табылады.

      Жергілікті атқарушы органдар коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және ұйымдастыру мүмкіндіктерін айқындау мақсатында аудан аумағында іс-әрекеттерін жүзеге асыратын барлық кәсіпорындармен және жергілікті бизнес-қауымдастық өкілдерімен өзара байланысуы керек.

      3.4 Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету

      Бәйтерек ауданы Орал қаласына жақын орналасқан. 6 тұрғын пункттерден қалдықтарды шығарумен Орал қаласының қоқыс шығаратын компаниясы айналысады, олар Орал қаласының қоқыс сұрыптайтын желісіне қоқыстарды төгеді, сосын Орал қаласының ТҚҚ полигонына көміледі. Орал қаласында жақын орналасқан ауылдардан қалдықтарда Орал қаласының полигонына шығарылады. Басқа тұрғын пункттердегі қалдықтар ауылдық үйінділерге төгіледі және оның басым бөлігі рұқсат етілмеген үйінділер және санитарлық және экологиялық талаптарға жауап бермегендіктен, қоршаған орта мен адам денсаулығына қауіп төндіреді.

      Маңызды стратегиялық міндеттердің бірі полигон санын азайту және қолданыстағы полигондарды немесе жаңа құрылысы жоспарланып жатқан полигондарды экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкестендіруді қамтамасыз ету.

      Жақын арада шешілуі қажет міндеттердің бірі ауылдық полигондарды жабу және рекультивациялау және санитарлық, экологиялық және құрылыстық талаптарға жауап беретін ТҚҚ полигон құрылысын салу.

      ТҚҚ полигонына арналған талаптар келесі құжаттарда көрсетілген: ҚР ЭК (25 бөлім), Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығы. "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы; ҚР СТ 3696-2020. Тұрмыстық-қатты қалдықтарға арналған аз қуатты полигондар. Талаптар. ҚР СН 1.04-15-2013 Тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигондар.

      Батыс Қазақстан облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының мәліметінше, қазіргі таңда "Орал қаласында жаңа қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының құрылысы" жобасы бойынша оң сараптамалық қорытынды әзірленіп алынған. Осы мақсатта Бәйтерек өңірінен қолданыстағы полигоннан 7 шақырым жерде 70 гектар жер телімі бөлінді. Жаңа полигонның ауданы Бәйтерек ауданы Белес ауылдық округі аумағында 70 гектарды құрайды.

      2023 жылы 101,8 млн теңгеге жаңа қалалық полигон құрылысының жобалық құжаттамасын әзірлеу басталды. "ISM Recycling" ЖШС басқарушы компаниясы бірінші кезеңде өндірістік қуаттылығы жылына 100 мың тоннаға дейін, жыл сайын полигонға 70 мың тоннаға дейін қалдықтарды шығаратын қалдықтарды сұрыптау желісін іске қосты.

      Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, Орал қаласында ТҚҚ жаңа полигоны Бәйтерек ауданының аумағында орналасатын болса, онда Бәйтерек ауданына арналған ТҚҚ полигонын салудың қажеттілігі жоқ. Себебі еліміздің стратегиялық міндеттерінің бірі – полигондар санын қысқарту болып табылады.

      Бәйтерек ауданының қалдықтары Орал қаласы үшін Белес ауылында салынған ТҚҚ жаңа полигонына шығарылуы керек.

      Бәйтерек ауданының әкімдігі барлық ауылдық округтерде ТҚҚ жинау және шығаруға арналған инфрақұрылымды ұйымдастыру қажет.

      Шалғай орналасқан және тұрғындары аз ауылдық округтерге арналған қоқыс тиейтін пункттерді құру

      Бәйтерек ауданында Забродино, Тыңдала, Таловая, Петрово, Богатск, Астафьево, Кіші Шаған, Алмалы, Красный Урал, Акбидай, Балабаново, Поливное, Гремячее, Кожевниково, Чапурина, Раздольный секілді көптеген ауылдық округтер (а-о) аудан орталығынан алыс қашықтықта орналасқан. Бұл ауылдық округтердің қашықтығы 60-70 км ден алыс.

      Коммуналдық қалдықтарды басқаруды және қажетті полигон санын азайтуды оңтайландыру үшін, сонымен қатар, қалдықтарды кәдеге жаратудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету мақсатында Бәйтерек ауданының алыс орналасқан ауылдық округтерінде қоқыс тиеу пункттерін құру мүмкіндігін қарастыру керек.

      Қалдықтарды уақытша көму алаңдары санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес болады, олар үлкен қашықтыққа созылып жатқан, жылдар бойы қалдықтар шығарылмайтын қоқыс үйінділеріне айналмайды.

      Бұл қоқыс тиеу пункттері келесі қызметтерді орындайтын болады:

      Қалдықтарды уақытша сақтау: алты айға дейін мерзімде коммуналдық қалдықтарды ары қарай қайта өңдеу немесе көму үшін уақытша сақтау мүмкіндігін ұсынады.

      Қалдықтарды сұрыптау: бұл пункттерде қалдықтарды сұрыптау жүзеге асырылады, яғни қайта өңдеуге жатқызылатын материалдар көмуге жіберілетіндерден бөлініп алынады.

      Тасымалдауды оңтайландыру: Қоқыс тиеу пункттері алыс ауылдық округтерден аудандық орталыққа немесе соңғы көму орындарына қалдықтарды тасымалдау үдерісін оңтайландыруға мүмкіндік береді.

      Мұндай шаралар әсіресе, Бәйтерек ауданының шалғайдағы аудандарындағы қалдықтарды тиімді басқару және қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетуге мүмкіндік береді.

      Рекультивациялау жоспарын әзірлеу, кезеңдік рекультивациялау және ауылдық үйінділердің жерлерін қалпына келтіру

      Бәйтерек ауданында ТҚҚ полигоны пайдалануға берілгеннен кейін рекультивациялау үдерісі жүргізілетін болады. Кезеңдік рекультивациялау және аумақ жерлерін қалпына келтіру жүргізілетін болады.

      Рұқсат етілмеген үйінділерді рекультивациялау туралы техникалық шешімдер құрылымдық белгіленуінен және рекультивациядан кейін аумақты пайдаланудан тыс қабылданатын болады.

      Апатты үйінділерді жою

      Батыс Қазақстан облысының, соның ішінде Бәйтерек ауданының жалпы мәселесі апатты үйінділердің бар болуы. Қазіргі уақытта оларды жою бойынша белсенді жұмыстар жүргізілуде.

      Апатты үйінділердің түзілуі, оларды жою және болдырмау мәселелерін шешуге жергілікті мемлекеттік органдарды қоса алғанда, барлық мүдделі тараптарды тарту арқылы шешуші әрекеттер қабылдауды талап етеді. Бәйтерек ауданының ауылдық округтерінің әкімдіктері апатты үйінділерді жедел анықтау үшін және оларды жою туралы шешімдер қабылдау үшін қоғамдық ұйымдармен тығыз байланысты орнату қажет.

      Рұқсатсыз ұйымдастырылған үйінділерге қатысты мәселелерді шешу үшін "Қазақстан Ғарыш Сапары" ҰҚ" АҚ спутнигімен түсірілген ТҚҚ барлық үйінділеріне жан-жақты аудит жүргізу қажет.

      Үйінділерді зарарсыздандырудың қолданыстағы жалпы қабылданған әдістемесі келесі кезеңдерді іске қосады: үйінділердің қауіптілік деңгейін анықтау; баламалы нұсқаларды таңдау; зарарсыздандыру және рекультивациялау технологияларын әзірлеу.

      Рұқсатсыз ұйымдастырылған үйінділерді рекультивациялау бойынша техникалық шешімдер құрылымдық белгіленуінен тыс және рекультивациядан кейінгі аумақты пайдалануына байланысты қабылданады.

      Жаңа үйінділердің түзілуінің алдын-алу бойынша негізгі шаралар 2030 жылға қарай қалдықтарды жинау мен тасымалдау бойынша қызметтермен Бәйтерек ауданының тұрғындарының 100 % қамтылуы және қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу бойынша шағын және орта бизнес субъектілерімен сауықтару жұмыстарын жүргізу болып табылады.

      Маңызды жұмыстардың бірі тұрғындармен ақпараттық жұмыстарды жүргізу арқылы үйінділердің адам денсаулығы мен қоршаған орта үшін зияндылығын түсіндіру болып табылады.

      3.5 Қалдықтарды басқару бойынша, соның ішінде қалдықтарды бөлек жинау саласындағы тұрғындардың қызығушылықтары мен мәдени деңгейін жоғарылату

      Қалдықтарды басқару үдерісі, соның ішінде қалдықтарды бөлек жинауға деген қызығушылық тұрғындардың экологиялық ағартушылық деңгейіне байланысты.

      Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрі м.а., "Коммуналдық қалдықтарды басқару ережелерін бекіту туралы" (ары қарай – Ереже) 2021 жылғы 28 желтоқсанындағы №508 Бұйрығына сәйкес ауданның, облыстық және аудандық мәндегі қалалар, республикалық мәндегі қалалар, астана, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдары жеке тұрғын құрылыстардағы (жеке сектор) органикалық қалдықтарды қордаландыруды ендіру және коммуналдық қалдық компоненттерін (қағаз, пластика, органикалық қалдықтар және басқалары) рұқсатсыз жағудың алдын-алу, қайталама ресурстарды (шикізатты) бөлек жинауды қоса алғанда коммуналдық қалдықтарды жинау, кәдеге жарату және қайта өңдеудің ұтымды жүйесі туралы тұрғындарға ақпараттық кампанияларды жүргізеді.

      Жергілікті атқарушы органдардың жұмыстары БАҚ, теледидар тарапынан ақпараттық компанияларды, яғни, қалдықтардың теріс әсерінен қоршаған ортаны қорғау мәәселелеріне тұрғындардың қызығушылығын қалыптастыратын, қалдықтарды басқарудың экономикалық және экологиялық аспектілері туралы айтатын видеороликтерді құру, буклеттерді және басқа да ақпараттық материалдарды шығару және таратуды ұйымдастыру болып табылады. Оқу орындары арасында макулатураны жаппай жинау, конкурстарды, акцияларды жүргізу, мамандандырылған ұйымдармен тұрғындардан киімдерді, заттарды, тұрмыстық техниканы, батареяларды қабылдау тиімді болып табылады.

      Одан басқа, Бәйтерек ауданының әкімдігі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" (ары қарай Заң) Заң шеңберінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, соның бір бөлігі қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асыру бойынша ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстарды жүргізуі қажет (5 бап).

      Осы Заңға сәйкес, үкіметтік емес ұйымдардың мәліметтер базасына (6-1б) енгізілген үкіметтік емес ұйымдар (ары қарай – ҮЕҰ) конкурстық таңдау арқылы коммуналдық қалдықтармен жұмыс жасау бойынша тұрғындармен ақпараттық жұмыстарды жүргізуге мемлекеттік гранттарды ұсынады.

      Грант алған ҮЕҰ тұрғындардың коммуналдық қалдықтармен жұмыс жасауы бойынша ақпараттық жұмыс жоспарын әзірлейді, оған келесідей қоғам топтары жатқызылады:

      - білім беру мекемелері: педагогикалық құрам, техникалық мамандар, оқушылар;

      - балабақша: тәрбиешілер мен балалар;

      - заңды тұлға: медициналық мекеме, мәдениет үйі, сауда орталықтары, дүкендер;

      - еріктілер, белсенділер тобы және ҮЕҰ;

      - жергілікті атқарушы орган қызметкерлері;

      - жұмыс істейтіндер және жұмыс істемейтіндер (үй шаруасындағы әйелдер, зейнеткерлер, балалар).

      Ақпараттық жұмыс жоспары мыналардан тұрады:

      - бекітілген тарифке сәйкес ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша қызметтерге ақы төлеу, жариялық келісімдерге отыру туралы тұрғындарды ақпараттандыру;

      - Қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу тәсілдері туралы жергілікті БАҚ жариялау; Жергілікті газеттер мен журналдарға қалдықтармен дұрыс жұмыс істеу талаптарымен қалдықтарды басқарумен байланысты мәселелермен жұртшылықты таныстыруға бағытталған мақалаларды жариялау ұсынылады;

      - үйлерде тағамдық қалдықтарды қордаландыру туралы брошюроларды тарату;

      - жеке тұлғаларда (тұрғындар) түзілетін ҚСБҚ, ЭЭЖҚ, медициналық, құрылыстық және ірі көлемді қалдықтарды жинау үшін құрылған арнайы орындар туралы хабарлау;

      - пластик, шыны және макулатура үшін, бөлек жинау және үйдегі қалдықтарды сұрыптау тәртібін түсіндіретін мектептегі экологиялық акциялар;

      - коммуналдық қалдықтарды рұқсатсыз жағудың алдын-алу бойынша ақпараттандыру;

      - тұрғындардың экологиялық сапалы өмір сүруін қанағаттандыру деңгейін жоғарылату мақсатында жыл сайынғы әлеуметтік сауалнаманы жүргізу;

      - мектеп оқушыларын Орал қаласындағы ТҚҚ полигонымен таныстыру;

      - қалдықтарды басқару бойынша іс-әрекеттерді қоғамдық бақылау және насихаттау мақсатында еріктілер клубын құру.

      Жергілікті атқарушы билік органдары аудан тұрғындарымен ақпараттық-ағартушылық жұмыстарды үйлестіріп, қоғамдық мекемелермен, ҮЕҰ тығыз байланыста жұмыс жасауы керек.

4. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР

      Бәйтерек ауданының қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламасын қаржыландыру көздері мыналар болуы мүмкін:

      - мемлекеттік және жергілікті бюджет құралдары;

      - тікелей шетелдік және отандық инвестициялар;

      - ӨКЖ операторымен қалдықтарды жинау және тасымалдау жүйесін субсидиялау;

      - халықаралық қаржылық экономикалық ұйымдар мен донор мемлекеттердің гранттары;

      - екінші деңгейлі банк несиелері және Қазақстан Республикасының заңдылығында тиым салынбаған басқа да көздер.

      ҚР ЭК 29 бабына сәйкес ұсынылған бағдарламаны жүзеге асыруға және болжамды табиғатты қорғау шараларын орындауға кеткен қаржылық шығындар бюджеттік құрал есебінен жүзеге асыру жоспарлануда. Мұндай механизм Бағдарламаны әзірлеу және бекіту жылдарында үш жыл ішінде жергілікті бюджетке түскен қоршаған ортаға теріс әсер ету төлемдерінен пайдалануға мүмкіндік береді.

      Осы бағдарламаны жүзеге асыруға алдын-ала қаржылық шығындар 367 млн теңгені (жеке шығындар – 2-қосымшада) құрайды.

      Бәйтерек ауданында қалдықтарды басқару бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шараларға облыстық әкімдікпен үшжылдық жобада қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралардың типтік тізбегін негізге ала отырып, заңнама талаптарына сай әзірленетін Батыс Қазақстан облысының қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралароспарын қосу керек (ҚР ЭК – 4-қосымша).

      Қалдықтармен жұмыс жасау бойынша іс-шараларға жататындар:

      - кез-келген қалдықтардың, соның ішінде иесіз қалдықтарды жинау, тасымалдау, зарарсыздандыру және қайта өңдеу бойынша технологияларды ендіру;

      - зауыттар, цехтар, өндірістердің құрылысы, қайта жөндеу, қондырғыларды алу және пайдалану;

      - қалдықтардың кез-келген түрлерін жинауға арналған полигондар;

      - қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу, сұрыптау, кәдеге жарату және көму;

      - Екінші материалдық ресурстарын жинау және қайта өңдеу;

      қалдықтардан пайдалы компоненттерді алумен байланысты шикізатты немесе дайын өнімді алу бойынша;

      - қалдықтарды орналастыру және түзілу көлемін төмендетуге бағытталған технологиялық үдерістерді және жабдықтарды қайта жөндеу, жаңғырту.

5. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

      Осы бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін Бәйтерек ауданындағы қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру жөніндегі іс-шаралар жоспары құрылды (2-қосымша). Жоспарда қажетті іс-шаралар, оны жүзеге асыру және аяқтауға қажетті уақытша шектеулер, іс-шараны орындауға жауаптылар және талап етілетін ресурстар анықталған. Іс-шаралар міндеттері бойнша топтастырылған және қалдықтарды басқарудың ең тиімді үлгісін құруға бағытталған.

      Іс-шаралар жоспарында күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мақсатымен Бағдарламадағы барлық жауапты орынадушылардың жұмыстарын үйлестіру және қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу мәселелері кешенді әдіспен қамтамасыз етілген.

      Мониторинг нәтижесінде қойылған мақсаттарға, мақсаттық көрсеткіштер мен міндеттерге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарына түзетулер енгізілуі мүмкін. Осы жағдайда, басқа іс-шаралар анықталады және мәселелік сұрақтарды шешу бойынша іс-шараларды қабылдайды.

      Жоспарды жүзеге асыруға бағдарламаға тапсырыс беруші - "Бәйтерек ауданындағы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" ММ жауап береді және олар келесі қызметтерді жүзеге асырады:

      1) Бағдарламаның барлық орындаушыларын үйлестіре отырып, Бәйтерек ауданы аумағындағы коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы міндеттерді шешуге бірыңғай орталықтандырылған кешенді әдісті қалыптастырып, қамтамасыз етеді;

      2) Бағдарламаны жүзеге асыруға облыстық бюджеттен субсидияны ұсыну бойынша БҚО атқарушы органдарымен өзара байланысады;

      3) Бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыру мәселелері бойынша ауданның ауылдық округтері әкімдіктерімен, жеке тұлғалармен, жеке кәсіпкерлермен өзара байланысады;

      4) Бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыруға мониторинг жүргізеді, қоғамдық кеңес мәжілісінде талқылау үшін мониторинг нәтижелерін шығарады;

      5) Бағдарламаға сәйкес өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы негізделген ұсыныстар арқылы бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыруға қажетті қаржылық құралдарына, мақсаттық көрсеткіштеріне, іс-шараларынаа түзетулерді жүзеге асырады;

      6) Бағдарламаны жүзеге асыру шараларын тексеру барысына қатысады;

      7) Бәйтерек ауданы әкімдігінің ресми сайтына негізгі Бағдарламаны және бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыру туралы ақпараттарды тіркейді.

6. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МОНИТОРИНГІ

      Мониторинг коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаның (ҚББ) жүзеге асырылуын бақылау мақсатында жүзеге асырылады.

      ҚББ жүзеге асуын бақылау коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға жауапты ЖАО бірінші басшысының орынбасарымен тұрақты түрде жүзеге асырылады.

      Мониторинг (бағдарламаның жүзеге асырылуын бақылау) ағымдық жағдайды жоспармен салыстыру үшін үздіксіз жүзеге асырылады. Мониторинг барысында жоспарланған іс-әрекетті және нақты мәліметтердің нәтижелері салыстырылады. Іс-шаралар мониторингі ресурстармен қаржыларды пайдалануды сонымен қатар аралық нәтижелерді қамтамасыз ету мен әрекетті жүзеге асыру қадағаланып отырады. Мониторинг нәтижелері бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін.

      Мониторинг нәтижелері бағдарламаны жүзеге асыру есебінде көрінеді. Есепте жүзеге асырылған шаралардың сипаттамасы, қол жеткізілген нәтижелер, жүзеге асыруға бағытталған қаржы құралдарының нақты көлемі, сонымен қатар, есепті кезеңдерде жоспарланған нәтижелердің болмауы және шаралардың орындалмау себептері көрінеді.

      Бағдарламаны жүзеге асыру мониторингі бойынша есептер барлық қызығушылық танытқан мүдделі тараптарға ұсынылады және Бәйтерек ауданы әкімдігінің интернет ресурстарында жарияланады. Аралық есеп- жарты жылда бір рет, яғни ағымдық жылдың 15- маусымына дейін, жылдық есеп келесі жылдың 30-қаңтарына дейін. Жылдық есеп алдыңғы жылдың қорытындысы бойынша жасалынады.

7. КҮТІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМ

      ҚББ көрсетілген іс-шаралар Бәйтерек ауданының тұрғындарының денсаулығына және қоршаған ортасына қалдықтардың теріс әсерін төмендетуге жағдайлар жасауға бағытталған.

      Бағдарламада алдын-ала қарастырылған іс-шараларды жүзеге асыру аудандағы коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мақсаттық көрсеткіштердің орындалуына мүмкіндік береді.

      Бағдарламаны жүзеге асыру үдерісінде келесі міндеттер орындалатын болады:

      - қалдықтарды басқару саласындағы қажетті инфрақұрылым құрылады: ТҚҚ жинау және шығару үшін арнайы көлік сатып алынады, контейнерлер сатып алынады және орнатылды, контейнерлік алаңдар салынады.

      - Қалдықтарды бөлек жинау енгізіледі: бөлек жинауға арналған контейнер орнатылады, қауіпті құрамдас қалдықтарды (ҚСБҚ, ЭЭЖҚ, медициналық) жинау үшін нүктелер анықталады.

      - ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша компаниялар анықталады.

      - коммуналдық қалдықтарды 100% жинау және шығаруға қол жеткізеді.

      - коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесі құрылады.

      - көмуге бағытталған қалдықтар көлемі азайтылады.

      - санитарлық, құрылыстық және экологиялық талаптарға жауап беретін ТҚҚ полигондары құрылады;

      - қалдықтарды уақытша сақтауға арналған алаңдар құрылады;

      - апатты үйінділер жойылады;

      - тұрғындардың қалдықтарды бөлек жинауға қызығушылықтары артады және қалдықтарды басқару мәселелері бойынша хабардарлығы жоғарылайды.

      Бағдарламаның негізгі экономикалық тиімі тұтыну қалдықтарының қоршаған ортаға әсерін төмендету мүмкіндігі және экологиялық қауіпті жағдайлардың алдын-алумен қорытындылады.

      Бағдарламаның әлеуметтік тиімі Бәйтерек аудандағы тұрғындардың экологиялық жағдайын сақтау және жақсарту болып табылады, бұл денсаулықты сақтауға, қоршаған ортаның ластағыш факторларының әсерінен туындайтын ауру қатерлерін төмендетуге мүмкіндік береді.

  1-қосымша

Бәйтерек ауданындағы коммуналдық қалдықтарды жинау және шығарумен қамтуды жоғарылату үшін контейнерлік алаңдар мен контейнерлердің қажетті санын алдын-ала есептеу

      Қалдықтардың түзілуінің орнатылған нормасы – жылына бір адамға 1,6 м. Контейнер көлемі - 1.1 м3.

      1. Күн сайынғы шығару: Переметное, Калинин, Дариян, Мичурин, Асан, Достық, Болашак, Қаражар, Атамекен, Қайнар, Байқоныс, Новенькое, Володарское, Жайык, Махамбет, Белес, Ақжол, Щапово, Жанатан, Зеленое, Макарово, Садовое, Мирное, Жалын, Үлкен Шаған, Күшім, Ақсу, Жамбыл, Зеленое, Октябрьское;

      2. Апта сайынғы шығару - Шалғай, Құрманғазы, Аманат, Озерное, Январцево, Кирсаново, Чинарево, Красноармейск, Спартак, Рубежинский, Чувашин, Егіндібұлақ, Сұлукөл, Колесово, Өркен, Павлово, Сырым батыр

      3. Шалғай орналасқан және тұрғындары аз ауылдар үшін қоқыс тиеу пункттері:– Забродино, Тындала, Таловая, Петрово, Богатск, Астафьево, Кіші Шаған, Алмалы, Красный Урал, Акбидай, Балабаново, Поливное, Гремячее, Кожевниково, Чапурина, Раздольный – айына 1 рет

Елдімекендер атауы

Тұрғындар

Елдімекендегі түзілу, м3/жылына

Елдімекендегі түзілу, м3/күніне

Елдімекендегі түзілу, м3/аптасына

Апта сайынғы шығарған жағдайдағы контейнер саны

Контейнерлік алаңдар саны

Күн сайынғы шығарған жағдайдағы контейнер саны

Контейнерлік алаңдар саны

Ұсынылатын кесте

Переметное

4156

6649,6

18,2

127,5

232

116

34

17

Күн сайын

Калинин

1761

2817,6

7,7

54,0

98

49

14

7

Күн сайын

Дариян

5739

9182,4

25,2

176,1

320

160

46

23

Күн сайын

Мичурин

7072

11315,2

31,0

217,0

395

197

56

28

Күн сайын

Асан

2102

3363,2

9,2

64,5

117

59

18

9

Күн сайын

Достық

5021

8033,6

22,0

154,1

118

59

40

20

Күн сайын

Забродино

50

80,0

0,2

1,5

4

2

2

1

Айына 1 рет

Болашақ

350

560,0

1,5

10,7

20

10

4

2

Күн сайын

Поливное

72

115,2

0,3

2,2

4

2

2

1

Айына 1 рет

Қаражар

216

345,6

0,9

6,6

12

6

2

1

Күн сайын

Атамекен

886

1417,6

3,9

27,2

50

25

8

4

Күн сайын

Қайнар

696

1113,6

3,1

21,4

40

20

6

3

Күн сайын

Гремячее

21

33,6

0,1

0,6

2

1

2

1

Айына 1 рет

Шалғай

647

1035,2

2,8

19,9

36

18

6

3

Апта сайын

Тыңдала

25

40,0

0,1

0,8

2

1

0

0

Айына 1 рет

Таловая

9

14,4

0,0

0,3

2

1

0

0

Айына 1 рет

Құрманғазы

468

748,8

2,1

14,4

26

13

4

2

Апта сайын

Аманат

176

281,6

0,8

5,4

10

5

2

1

Апта сайын

Озерное

603

964,8

2,6

18,5

34

17

6

3

Күн сайын

Январцево

1204

1926,4

5,3

36,9

68

34

10

5

Апта сайын

Кирсаново

297

475,2

1,3

9,1

18

9

2

1

Апта сайын

Чинарево

218

348,8

1,0

6,7

12

6

2

1

Апта сайын

Красноармейск

447

715,2

2,0

13,7

24

12

4

2

Апта сайын

Спартак

63

100,8

0,3

1,9

4

2

2

1

Апта сайын

Петрово

52

83,2

0,2

1,6

4

2

2

1

Айына 1 рет

Рубежинский

1486

2377,6

6,5

45,6

82

41

12

6

Апта сайын

Байқоныс

3566

5705,6

15,6

109,4

200

100

28

14

Күн сайын

Новенькое

418

668,8

1,8

12,8

24

12

4

2

Күн сайын

Володарское

340

544,0

1,5

10,4

20

10

4

2

Күн сайын

Жайык

183

292,8

0,8

5,6

10

5

2

1

Күн сайын

Махамбет

2393

3828,8

10,5

73,4

134

67

20

10

Күн сайын

Павлово

173

276,8

0,8

5,3

10

5

2

1

Апта сайын

Горбуново

126

201,6

0,6

3,9

8

4

2

1

Апта сайын

Кожевниково

5

8,0

0,0

0,2

2

1

2

1

Айына 1 рет

Белес

1646

2633,6

7,2

50,5

92

46

14

7

Күн сайын

Ақжол

132

211,2

0,6

4,1

8

4

2

1

Күн сайын

Щапово

1891

3025,6

8,3

58,0

106

53

16

8

Күн сайын

Жанатан

357

571,2

1,6

11,0

20

10

4

2

Күн сайын

Богатск

45

72,0

0,2

1,4

4

2

2

1

Айына 1 рет

Скворкино

101

161,6

0,4

3,1

6

3

2

1

Апта сайын

Янайкино

895

1432,0

3,9

27,5

50

25

8

4

Апта сайын

Зеленое

1610

2576,0

7,1

49,4

90

45

14

7

Күн сайын

Бейбітшілік

914

1462,4

4,0

28,0

50

25

8

4

Апта сайын

Чапурина

6

9,6

0,0

0,2

2

1

2

1

Айына 1 рет

Сырым батыр

141

225,6

0,6

4,3

8

4

2

1

Апта сайын

Астафьево

17

27,2

0,1

0,5

2

1

2

1

Айына 1 рет

Макарово

735

1176,0

3,2

22,6

40

20

6

3

Күн сайын

Садовое

552

883,2

2,4

16,9

30

15

4

2

Күн сайын

Мирное

128

204,8

0,6

3,9

8

4

2

1

Күн сайын

Жалын

325

520,0

1,4

10,0

18

9

4

2

Күн сайын

Үлкен Шаған

1788

2860,8

7,8

54,9

100

50

14

7

Күн сайын

Кушум

1612

2579,2

7,1

49,5

90

45

14

7

Күн сайын

Ақсу

219

350,4

1,0

6,7

12

6

2

1

Күн сайын

Кіші Шаған

64

102,4

0,3

2,0

4

2

2

1

Айына 1 рет

Өркен

355

568,0

1,6

10,9

20

10

4

2

Апта сайын

Колесово

626

1001,6

2,7

19,2

36

18

6

3

Апта сайын

Сұлу көл

507

811,2

2,2

15,6

28

14

4

2

Апта сайын

Егіндібұлақ

484

774,4

2,1

14,9

26

13

4

2

Апта сайын

Алмалы

41

65,6

0,2

1,3

2

1

2

1

Айына 1 рет

Жамбыл

572

915,2

2,5

17,6

32

16

6

3

Күн сайын

Зеленое

339

542,4

1,5

10,4

18

9

4

2

Күн сайын

Октябрьское

554

886,4

2,4

17,0

30

15

4

2

Күн сайын

Чувашин

626

1001,6

2,7

19,2

36

18

6

3

Апта сайын

Красный Урал

62

99,2

0,3

1,9

4

2

2

1

Айына 1 рет

Раздольный

485

776,0

2,1

14,9

28

14

4

2

Айына 1 рет

Ақбидай

85

136,0

0,4

2,6

6

3

2

1

Айына 1 рет

Чирово

421

673,6

1,8

12,9

24

12

4

2

Айына 1 рет

Балабаново

79

126,4

0,3

2,4

4

2

2

1

Айына 1 рет

  2-қосымша

Бәйтерек ауданының 2024-2028 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары

№ р\н

Іс-шаралар жоспары

Аяқтау нысаны

Орындалу мерзімі

Орындауға жауаптылар

Қажетті шығындар, теңге

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

Мақсаты – Экологиялық заңнаманың талаптарына сәйкес Бәйтерек ауданы аумағында коммуналдық қалдықтарды басқарудың экологиялық қауіпсіз және экономикалық тиімді жүйесін құру

1-міндет. Барлық тұрғын пункттерден коммуналдық қалдықтарды үнемі шығарып отыруды ұйымдастыру

1.2

Экологиялық заңнама талаптарына сәйкес конкурс (тендер) жүргізу арқылы барлық тұрғын пункттерде коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару бойынша қызмет көрсету тәртібі, шарты және кестесі көрсетілген келісім-шартқа отыру арқылы ТҚҚ жинау және тасымалдау бойынша компанияларды анықтау

Келісім-шарт

2024-2025

Аудан әкімдігі

-

Талап етілмейді

1.3

ТҚҚ морфологиялық құрамын анықтау

Аудан әкімдігіне ақпарат

2024-2025

Аудан әкімдігі, а\о әкімдіктері

2 000 000

Жергілікті бюджет

1.4

Қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын қайта қарастыру

Аудандық мәслихат шешімі

2025, 2027

Аудан әкімдігі

1 500 000

Жергілікті бюджет

1.5

Тұрғындардың көзқарастарын ескере отырып, тұрғын пункттерден коммуналдық қалдықтарды шығару кестесін әзірлеу және келісу

Кесте

2024-2025

Аудан әкімдігі, а\о әкімдіктері мамандандырылған компания

-

Талап етілмейді

1.6

ТҚҚ жинау және тасымалдау қызметтеріне бекітілген тарифтер бойынша ТҚҚ жинаудың орталықтандырылған жүйесін пайдаланатын жеке тұлғалардан төлем жинау жүйесін ұйымдастыру

Аудан әкімдігіне ақпарат

2024-2028

ТҚҚ жинау және тасымалдауды жүзеге асыратын мамандандырылған компаниялар

-

Талап етілмейді

1.7

Аудан әкімдігінің сайтына, интернет-ресурстарға бектіілген бағдарламаны жүктеу

Сайтта ҚББ жүктеу

2024

Аудан әкімдігі

-

Талап етілмейді

1.8

ҚББ жүзеге асыру мониторингі

Мониторинг нәтижелері бойынша есептілік

Жылына 2 рет

Аудан әкімдігі

-

Талап етілмейді

2-міндет. Қалдықтарды бөлек жинауды алдын-ала қарастыратын қажетті инфрақұрылымды ұру және оның жұмыс істеуі

2.1

Коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару үшін мамандандырылған көлікті сатып алу – 4 бірл

Қабылдау және өткізу актісі

2024-2026

Аудан әкімдігі

160 000 000

Жергілікті бюджет

2.2

ТҚҚ бөлек жинауға арналған "құрғақ" және "ылғалды" фракциялар үшін контейнерлерді сатып алу және орнату (878 бірл.)

Қабылдау және өткізу актісі

2025
2026
2027

Аудан әкімдігі, а\о әкімдіктері

39 510 000
39 510 000

Жергілікті бюджет

2.3

Қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды және қалпына келтіруді ұйымдастыру

Келісім-шарт

2024-2028

Аудан әкімдігі, а\о әкімдіктері

-

Жеке инвестициялар

2.4

Органикалық коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды, соның ішінде қордаландыру арқылы қалпына келтіруді ұйымдастыру

Есептілік

2024-2025

Аудан әкімдігі, а\о әкімдіктері, ҮЕҰ

-

Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде

2.5

Переметное, Калинин, Мичурин ауылдарындағы контейнерлік алаңдарды талапқа сәйкестендіру (61 КА)

Қабылдау және өткізу актісі

2025
2026
2027

Аудан әкімдігі, а\о әкімдіктері, мамандандыырлған компания

12 200 000

Жергілікті бюджет

2.6

Барлық а\о жаңа контейнерлік алаңдарды ұйымдастыру (439 КА)

Қабылдау және өткізу актісі

2025
2026
2027

Аудан әкімдігі, а\о әкімдіктері, мамандандырылған компания

87 800 000

Жергілікті бюджет

2.7

Құрылыс және ірі габаритті қалдықтарды сақтауға арналған алаңдарды анықтау

Аудан әкімдігіне ақпарат

2024-2025

Аудан әкімдігі, а\о әкімдіктері

-

Жергілікті бюджет

3-міндет. Коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін дамыту

3.1

Ауданда коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу нысандарын құруға мүмкіндіктер мен қызығушылықтарды айқындау бойынша жергілікті бизнес-қауымдастық өкілдерімен ЖАО өзара байланысуы,

Аудан әкімдігіне ақпарат

2024-2025

Аудан әкімдігі, а\о әкімдіктері

-

Талап етілмейді

3.2

Батыс Қазақстан облысындағы қалдықтарды қалпына келтірумен айналысатын мамандандырылған кәсіпорындармен қалдықтарды шығару, кәдеге жарату немесе қайта өңдеу жөнінде келісім-шартқа отыру арқылы өзара байланысу.

Аудан әкімдігіне ақпарат

2024-2025

Аудан әкімдігі, а\о әкімдіктері

-

Талап етілмейді

3.3

ІКҚ мен құрылыс қалдықтарына арналған ұсатқышты сатып алу

Қабылдау және өткізу актісі

2028

Аудан әкімдігі

10 000 000

Жергілікті бюджет

4-міндет. Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету. ТҚҚ апатты үйінділерін жою

4.1

Экологиялық, құрылыстық және санитарлық талаптарға жауап беретін ТҚҚ полигондарының құрылысы. Бәйтерек ауданының аумағындағы Орал қ полигоны

Пайдалануға енгізу актісі

2024-2026

Орал қаласының әкімдігі, аудан әкімдігі

101 800 000

Республикалық бюджет,
Жергілікті бюджет

4.2

Шалғай орналасқан ауылдық округтер үшін қоқыс тиеу пункттерін құру

Жер учаскесін бөлу

2027-2028

Ауылдық а-о

10 000 000

Жергілікті бюджет бюджет

4.3

Кезеңдік рекультивациялау және ауылдық үйінділердің жерлерін қалпына келтіру

Қабылдау комиссиясының актісі

2027-2028

Ауылдық а-о

Рекультивациялау жоспары әзірленгеннен кейін қаржысы есептеледі.

Жергілікті бюджет

4.4

Үйінділерді жою және рекультивациялау

Орындалған жұмыс актісі

2024-2025

Аудан әкімдігі

Рекультивациялау жоспары әзірленгеннен кейін қаржысы есептеледі.

Жергілікті бюджет

5-міндет. Апатты үйінділерді жою


5.1

Үйінділерді жою және орнын қалпына келтіру

Орындалған жұмыстардың актісі

2024-2025

Аудан әкімдігі

Сомасы нақтылануда

Жергілікті бюджет

6-міндет. Тұрғындардың қалдықтарды басқару бойынша, соның ішінде қалдықтарды бөлек жинау саласындағы қызығушылықтары мен мәдени деңгейін жоғарылату.

6.1

Коммуналдық қалдықтармен экологиялық қауіпсіз жұмыс істеуде тұрғындардың хабардарлығын жоғарылату бойынша ҮЕҰ арасынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алуға конкурс жүргізу

ҮЕҰ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы келісім-шарт

2024
2026

Аудан әкімдігі

1 500 000
1 500 000

Жергілікті бюджет

6.2

ТҚҚ басқару бойынша тұрғындардың хабардарлығын жне экологиялық мәдениетін жоғарылату: ақпараттық кампаниялар, ақпараттық материалдар мен видеороликтер әзірлеу, тұрғындармен кездесу жүргізу, сенбіліктер, мектеп оқушылары арасындағы еріктілік клубтарды құру, жергілікті БАҚ жарияланымдар және т.б.

Орындалған жұмыстардың актісі

2024-2025

Аудан әкімдігі, а\о әкімдіктері ҮЕҰ

-

Жергілікті бюджет , мемтапсырыс шеңберінде ҮЕҰ бөлінген бюджет

6.3

Тұрғындардағы киім, зат, тұрмыстық техника, батареяны мамандандырылған кәсіпорындардың қабылдауы, оқу білімдері арасында макулатураны жаппай жинау үшін конкурстар, акциялар жүргізу

Есептілік

Тоқсанда 1 рет

Аудан әкімдігі, а\о әкімдіктері

-

Жергілікті бюджет


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады