Ескерту. Күші жойылды - Батыс Қазақстан облысы Казталов ауданы әкімінің 22.08.2024 № 23 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 33-бабы 1 тармағының 13) тармақшасына, "Азаматтық қорғау туралы" Заңның 48-бабына және 50-бабы 2-тармағы 2) тармақшасы, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министірлігінің "Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" 2023 жылғы 10 мамырдағы № 240 бұйрығына және Казталов аудандық төтенше жағдайдың алдын алу және жою жөніндегі комиссиясының 2024 жылғы 1 тамыздағы № 10 кезектен тыс отырысының хаттамасына сәйкес аудан әкімі ШЕШТІ:
1. Казталов ауданының Бостандық, Казталов, Көктерек және Тереңкөл ауылдық округтері аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып Казталов ауданы әкімінің орынбасары Р.Имангалиев тағайындалсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аким района | А. Саркулов |