Қаратөбе ауданы әкімінің 2024 жылғы 27 наурыздағы № 13 "Қаратөбе ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" шешіміне өзгеріс енгізу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімінің 2024 жылғы 21 мамырдағы № 16 шешімі

      Қаратөбе ауданының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкiмiнiң "Қаратөбе ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы" 2024 жылғы 27 наурыздағы № 13 шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 240 бұйрығына және Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жоспардан тыс комиссия отырысының 2024 жылғы 27 наурыздағы №5 хаттамасына сәйкес, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      2. Қаратөбе ауданы әкімі аппаратының басшысы осы шешімнің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің электрондық түрдегі эталондық бақылау банкінде жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К. Суйеугалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады