Қаратөбе ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы

Жаңартылған

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімінің 2024 жылғы 27 наурыздағы № 13 шешімі.

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 33-бабы 1-тармағының 13) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Азаматтық қорғау туралы" Заңының 48-бабына және 50-бабы 2-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 10 мамырдағы "Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы" № 240 бұйрығына және Қаратөбе ауданы әкімдігі жанындағы аудандық төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі жоспардан тыс комиссия отырысының 2024 жылғы 27 наурыздағы №5 хаттамасына сәйкес, ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданы әкімінің 21.05.2024 № 16 шешіміне cәйкес (оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      1. Қаратөбе ауданы аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.

      2. Табиғи сипаттағы төтенше жағдайларды жою басшысы болып Қаратөбе ауданы әкімінің орынбасары М.М.Шайжанов тағайындалсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Аудан әкімі К.Суйеугалиев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады