Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын ұйымдар жұмыскерлерінің лауазымдық айлықақыларына ынталандыру үстемеақы белгілеу туралы

Жаңа

Батыс Қазақстан облысы Сырым аудандық мәслихатының 2024 жылғы 29 тамыздағы № 22-14 шешімі

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы шешім 01.09.2024 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1193 "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" қаулысының 5-тармағы 3) тармақшысына сәйкес, Сырым аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Сырым ауданының әкімдігі айқындаған тәртібі мен шарттарында Сырым ауданы әкімдігі Сырым аудандық ішкі саясат бөлімінің "Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлерінің лауазымдық айлықақыларына жергілікті бюджет қаражаты есебінен 60 пайыз мөлшерінде ынталандыру үстемеақылары белгіленсін.

      2. Ынталандыру үстемеақы Сырым ауданы әкімдігі Сырым аудандық ішкі саясат бөлімінің "Жастармен жұмыс жөніндегі ресурстық орталығы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысына, заңгер-кеңесшіге, психологқа, дінтанушы (теолог)-кеңесшіге, кеңесшілерге төленсін.

      3. Осы шешім 2024 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енеді

      Мәслихат төрағасы Ш.Дуйсенгалиева

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады