Қазақстан Республикасы Экология кодексі 365-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына, Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйектегі № 347 бұйрығымен бекітілген Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 24212 болып тіркелген) сәйкес Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Астана қаласында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Астана қаласы мәслихатының төрағасы |
Т. Зейнұлқабден |
Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 18 наурыздағы № 283/35-VIII шешіміне қосымша |
Астана қаласында коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары
Р/с | Коммуналдық қалдықтар жинақталатын объектінің атауы | Есептік бірлік | Норма, жылына 1 есептік бірлікке текше метр |
1. | Абаттандырылған үй иелігі | 1 тұрғын | 2,16 |
2. | Абаттандырылмаған үй иелігі | 1 тұрғын | 2,3 |
3. | Мектептер, колледждер, жоғарғы оқу орындары | 1 оқушы | 0,62 |
4. | Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері және т.б. | 1 орын | 1,76 |
5. | Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері | 1 орын | 2,10 |
6. | Балабақшалар, бөбекжайлар | 1 орын | 0,40 |
7. | Мекемелер, ұйымдар, офистер, кеңселер, жинақ банктері, байланыс бөлімшелері | 1 қызметкер | 1,48 |
8. | Емханалар | 1 кіріп-шығу | 0,0006 |
9. | Ауруханалар, санаторийлер, өзге де емдеу-алдын алу мекемелері | 1 кереует-орын | 1,42 |
10. | Мейрамханалар, дәмханалар, қоғамдық тамақтану мекемелері | 1 отырғызу орны | 1,68 |
11. | Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтары залдары | 1 отырғызу орны | 0,43 |
12. | Мұражайлар, көрме залдары | Жалпы ауданның 1 шаршы метрі | 0,10 |
13. | Стадиондар, спорт алаңдары | Жоба бойынша 1 орын | 0,10 |
14. | Спорт, би және ойын залдары | Жалпы ауданның 1 шаршы метрі | 0,11 |
15. | Азық-түлік дүкендері | Сауда ауданының 1 шаршы метрі | 1,05 |
16. | Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер | Сауда ауданының 1 шаршы метрі | 0,38 |
17. | Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер | Сауда ауданының 1 шаршы метрі | 0,44 |
18. | Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары | Жалпы ауданның 1 шаршы метрі | 0,7 |
19. | Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары | Жалпы ауданның 1 шаршы метрі | 0,48 |
20. | Тұрмыстық қызмет көрсету үйлері: халыққа қызмет көрсету | Жалпы ауданның 1 шаршы метрі | 0,89 |
21. | Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар | Жалпы ауданның 1 шаршы метрі | 0,92 |
22. | Дәріханалар | Сауда ауданының 1 шаршы метрі | 0,47 |
23. | Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар | 1 көлік орны | 12,28 |
24. | Автомобиль шеберханалары (ТЖО) | 1 жұмысшы | 4,66 |
25. | Гараж кооперативтері | 1 гаражға | 0,20 |
26. | Шаштараздар, сән салондары | 1 жұмыс орны | 1,58 |
27. | Кір жуатын орындар, химиялық тазалау орындары, тұрмыстық техниканы жөндеу орындары, тігін ательесі | Жалпы ауданның 1 шаршы метрі | 0,62 |
28. | Моншалар, хауыздар | Жалпы ауданның 1 шаршы метрі | 1,01 |
29. | Қаланың аумағында бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар | 1000 қатысушылар* | 0,80 |
30. | Бау-бақша кооперативтері | 1 учаске | 3,96 |
31. | Жағажайлар | Жалпы ауданның 1 шаршы метрі | 7,55 |
32. | Машиналардансату | Сауда орнының 1 шаршы метрі | 6,23 |
33. | Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары | Жалпы ауданның 1 шаршы метрі | 1,10 |
34. | Шағын жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау және т.б.) | 1 жұмыс орны | 2,45 |
Ескерту: қатты тұрмыстық қалдықтардың орташа тығыздығы – 152 кг/м3
* тәулігіне 1000 қатысушыға қатты тұрмыстық қалдықтардың жиналу жылдамдығы көрсетілген
________________________________