"Астана қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы" Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі №221/27-VIII шешіміне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Жаңа

Астана қаласы мәслихатының 2025 жылғы 13 мамырдағы № 294/37-VIII шешімі

      "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Кодексі 12-бабы 1-тармағының 5) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес, Астана қаласының мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Астана қаласында тіркелген Қазақстан Республикасы азаматтарының жекелеген санаттарына амбулаториялық емдеу кезінде тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін, оның ішінде дәрілік заттарды, арнайы емдік өнімдерді, медициналық бұйымдарды қосымша тегін беру туралы" Астана қаласы мәслихатының 2024 жылғы 25 қыркүйектегі № 221/27-VIII шешіміне мынадай өзгеріс пен толықтырулар енгізілсін:

      жоғарыда көрсетілген қаулыға қосымшада:

      "Тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберіндегі дәрілік заттар" деген 1-бөлімшеде:

      1 тармақша мынадай редакцияда жазылсын:

      "

1)

Муковисцидоз

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Дәстүрлі емдеуге толық жауап бермейтін белсенді фазада

Амфотерицин В, инфузия үшін концентрат дайындауға арналған ұнтақ

Ацетилцистеин инъекцияға және ингаляцияға арналған ерітінді

Жеке көтералмау-шылық жағдайында

Пульмозим (Дорназа-альфа), ингаляцияға арналған ерітінді

      ";

      50), 51), 52), 53) 54), 55), 56) тармақшаларымен толықтырылсын:

      "

50)

Атипті гемолитикалық уремиялық синдром

Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар

Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді фазада

Экулизумаб,
Инфузия ерітінді дайындауға арналған концентраты

51)

Ойық жаралы колит

Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар

Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді фазада

Ведолизумаб, инфузия ерітіндіні дайындауға арналған концентрат дайындауға арналған ұнтағы

52)

Крон ауруы

53)

Нейрофиброматоз

Диспансерлік есепте тұрған 18 жасқа дейінгі балалар

Дәстүрлі терапияға толық жауап бермейтін белсенді фазада

Селуметиниб, капсула

54)

Миастения

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері

Метилпреднизолон, таблетка

Преднизолон, таблетка

Азатиоприн, таблетка

Микофеноловая кислота, капсула, таблетка

55)

Ана мен ұрықтың қанының изосерологиялық үйлесімсіздігі

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері

Анти-Д иммуноглобулин, иньекцияга арналған ерітінді

56)

Прадера-Вилли синдромы*

Диспансерлік есепте тұрған азаматтардың барлық санаттары

Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері

Соматропин, иньекцияга арналған ерітінді

57)

Стилл ауруы

Диспансерлік есепте тұрған ересектер

Ауырлықтың барлық сатылары және дәрежелері

Канакинумаб, инъекцияға арналған ерітінді

      *диагностика мен емдеудің клиникалық хаттамасына енгізілгеннен кейін.".

      2. Осы шешiм алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен нен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Астана қаласы мәслихатының төрағасы Т. Зейнұлқабден

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады