Қазақстан Республикасы Бюджет кодексінің 70-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын жанар және жағармай материалдары қызметінің табельдік техникалық құралдарымен және мүлкімен жабдықтаудың заттай нормалары бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың көшірмесін қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы полиция генерал-майоры |
С. Адилов |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі міндетін атқарушының 2025 жылғы 16 сәуірдегі № 299 бұйрығымен бекітілген |
Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын жанар және жағармай материалдары қызметінің табельдік техникалық құралдарымен және мүлкімен жабдықтаудың заттай нормаларын бекіту туралы
| Техникалық құралдардың атауы | Түрі, көлемі | Өлшем бірлігі | Бригада | Полк, Әскери оқу орны |
Батальон |
Жеке орналасқан бөлініс | Авиациалық база (эскадрилья) | Сақтау базасы (жанармай қоймасы) | Пайдалану мерзімі(жылмен) |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | |
1 тарау. Отын құю жабдықтары | ||||||||||
|
| 2 жеңқұбыр, отынның 2 түрі | дана | 2 | 2 | 1 | - | 2 | 2 | 5 |
1 жеңқұбыр, отынның 1 түрі | дана | 4 | 4 | 2 | - | 4 | 4 | 5 | ||
2 | Контейнер типті автомайқұю станциясы | дана | 4 | 3 | 2 | 1 | 2 | 1 | 10 | |
2 тарау. Айдау құралдары | ||||||||||
1 | Мотосорғы қондырғысы (министанция) | дана | 2 | 2 | 1 | - | 1 | 2 | 10 | |
2 | ПСТ-100х1,5 типті құбырдың шартты диаметрі 100 миллиметр, ұзындығы 1,5 километр далалық қоймалық құбыр | жинақ | - | - | - | - | 1 | 1 | 20 | |
3 | Ашық түсті мұнай өнімдерініне арналған сорғы | дана | 2 | 2 | 1 | - | 2 | 2 | 5 | |
4 | Майға арналған қол сорғы | дана | 4 | 4 | 3 | 3 | 4 | 4 | 5 | |
3 тарау. Сақтау құралдары | ||||||||||
| Темір резервуар | Р-50 метр3 | дана | - | - | - | - | 2 | 4 | 15 |
Р-25 метр3 | дана | 4 | 4 | - | - | 12 | 20 | 15 | ||
Р-10 метр3 | дана | 4 | 4 | 2 | - | 20 | 25 | 15 | ||
Р-5 (4) метр3 | дана | 4 | 4 | 2 | - | 4 | 4 | 15 | ||
2 | Темір бөшке | БС-200 литр | дана | 20 | 20 | 10 | 8/5 | 20 | 20 | 7 |
3 | Темір канистра | КС-20 литр | дана | 20 | 20 | 10 | 10/5 | 20 | 20 | 7 |
КС-10 литр | дана | 20 | 20 | 10 | - | 20 | 20 | 7 | ||
| Жұмсақ резервуар | МР-15 (10) метр3 | дана | 2 | 1 | 1 | - | 2 | 6 | 10 |
МР-5 (4) метр3 және одан аз | дана | 6 | 4 | 2 | - | 6 | 6 | 10 | ||
4 тарау. Сапаны бақылау құралдары | ||||||||||
1 | Жанармайға, майлар мен жақпаларға толық талдау жүргізуге арналған зертханалық жабдықтар жинағы (қолданыстағы МЕМСТ-қа, ТЖ сәйкес) | жинақ | - | - | - | - | 1 | 1 | 10 | |
2 | ВЛК типті тасымалды зертханалық жинақ (РЛ типті қол зертханасы) | дана | - | - | - | - | 1 | 1 | 10 | |
3 | Сынама сұрыптаушы | дана | 1 | 1 | 1 | 1* | 1 | 1 | 10 | |
4 | Мұнай өнімдерінің сынамаларын тасымалдауға арналған ыдыс (УП типті) | дана | 2 | 2 | 2 | 1* | 4 | 4 | 10 | |
5 тарау. Өлшеу құралдары | ||||||||||
1 | Мұнай өнімдерінің деңгейін өлшеуге арналған метршток (ұзындық өлшеуіш) | дана | 2 | 2 | 2 | 1* | 2 | 2 | 10 | |
2 | Алюминий құймасынан жасалған цилиндрі бар мұнай өнімдері және отын компоненттерінің тығыздығын анықтауға арналған термометр орнатылған ареометр | жинақ | 1 | 1 | 1 | 1* | 1 | 1 | 5 | |
3 | Салқындатқыш сұйықтың тығыздығы мен қату температурасын анықтауға арналған ареометр (Рефрактометр) | дана | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 5 | |
4 | Октанометр | дана | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 1 | 5 | |
5 | Деңгей өлшегіш консоль (отын деңгейін өлшеу жүйесі) | дана | 1 | 1 | 1 | - | 1 | 1 | 5 | |
6 тарау. Тазалау құралдары | ||||||||||
1 | Жанармайға арналған сүзгі | ФГН-120-20 | дана | - | - | - | - | 3 | 3 | 7 |
ФГБ-120-5 | дана | - | - | - | - | 3 | 3 | 7 | ||
ФГН-60-20 | дана | - | - | - | - | 3 | 3 | 7 | ||
ФГН-60-5 | дана | - | - | - | - | 3 | 3 | 7 | ||
ФГН-30-5 | дана | - | - | - | - | 3 | 3 | 7 | ||
ФКФ-6-20 | дана | - | - | - | - | 3 | 3 | 7 | ||
ФРГ-20 | дана | - | - | - | - | 3 | 3 | 7 | ||
айырғыш | дана | - | - | - | - | 3 | 3 | 7 | ||
7 тарау. Механикаландыру құралдары | ||||||||||
1 | Жүк көтергіштігі 350 килограммнан кем емес, қол, электрлі немесе аралас жетекті бөшкекөтергіш (транспортер) | дана | 1 | 1 | 1 | - | 1 | 1 | 15 | |
8 тарау. Қосалқы құралдар | ||||||||||
1 | Жанармай құю түтігі | дана | 12 | 9 | 3 | - | 12 | 12 | 10 | |
2 | 500 килограммға дейінгі тауар таразысы | дана | 1 | 1 | 1 | - | 1 | 1 | 15 | |
3 | Шлангілі газтұтқыш (резервуарларды тазалау кезінде қолдануға арналған сүзу элементі бар ПШ-1, ПШ-2 типті) | дана | 1 | 1 | 1 | 1* | 1 | 1 | 7 |
Ескертпе: * - Контейнер типті автомайқұю станциясы бар жеке орналасқан бөліністердің жанармай қоймалары жабдықталады