Алматы облысы бойынша 2025 жылғы І тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін белгілеу туралы

Жаңа

Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы 10 қаңтардағы № 5 қаулысы

      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 27, 37-баптарына, "Сауда қызметін реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларының 7-тармағына сәйкес, Алматы облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Алматы облысы бойынша 2025 жылғы І тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Алматы облысының кәсіпкерлік және индустриялық-инновациялық даму басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін Эталондық бақылау банкінде жариялау үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Р. Исатаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Облыс әкімі М. Сұлтанғазиев

  Алматы облысы әкімдігінің 2025 жылғы "____" __________ № ____ қаулысына қосымша

Алматы облысы бойынша 2025 жылғы І тоқсанға арналған әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары үшін бөлшек сауда бағаларының шекті мәндері

Р/с

Тауар атауы

Өлшем бірлігі

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлар бағасының шекті мәндері (теңге)

1

Тазартылған күріш (домалақ дәнді, өлшеніп салынатын)

кг

559

2

Бірінші сұрыпты бидай ұны

кг

298

3

Қарақұмық жармасы (дән, өлшеніп салынатын)

кг

281

4

Бірінші сортты ұннан жасалған бидай наны (пішінді)

кг


5

Рожки (өлшеніп салынатын)

кг

356

6

Сиыр еті (сүйекті жауырын-төс бөлігі)

кг

3114

7

Тауық еті (сан сүйек және іргелес жұмсақ еті бар сан жілік)

кг

1435

8

Пастерленген сүт, майлылығы 2,5%, жұмсақ қаптамада

литр

516

9

Майлылығы 2,5% айран, жұмсақ қаптамада

литр

522

10

Сүзбе: майлылығы 5-9%

кг

2534

11

Тауық жұмыртқасы (I санатты)

он дана

669

12

Сары май (тұздалмаған, майлылығы кемінде 72,5%, толықтырғыштар және өсімдік майлары жоқ)

кг

4701

13

Күнбағыс майы

литр

820

14

Ақ қауданды қырыққабат

кг

195

15

Басты пияз

кг

160

16

Асханалық сәбіз

кг

240

17

Картоп

кг

240

18

Ақ қант – құмшекер

кг

479

19

Ac тұзы ("Экстра"-дан басқа)

кг

89


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады