"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 3) тармақшасына және "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына, "Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың үлгілік әдістемесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрінің міндетін атқарушының 2024 жылғы 6 қарашадағы № 525-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 35356 болып тіркелген) сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Жамбыл облысының аумағындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
2. "Жамбыл облысы әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Жамбыл облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;
2) осы қаулының ресми жарияланғаннан кейін оның Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Жамбыл облысының әкімі | Е. Қарашөкеев |
Жобаны ұсынушы: | |
Облыс әкімдігінің ақпарат және қоғамдық даму | |
басқармасы басшысының міндетін атқарушы | |
Қ. Өскембекова | |
Жамбыл облысы әкімдігінің | |
2025 жылғы "___" ________ | |
№ ___ қаулысымен | |
бекітілген |
Жамбыл облысының аумағындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі
1. Жамбыл облысының аумағындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың әдістемесі (бұдан әрі – Әдістеме) "Масс-медиа туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 8-бабы 2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес әзірленді және өңірлік деңгейде бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау алгоритмін белгілейді.
2. Жамбыл облысының аумағындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құны (бұдан әрі – көрсетілетін қызмет) бұқаралық ақпарат құралдарының көрсетілетін қызметінің әрбір жеке түрі үшін жергілікті бюджет қаражаты есебінен бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасына қарай айқындалады.
Көрсетілетін қызметтің әрбір жеке түрі үшін базалық бағаны жергілікті атқарушы орган дербес айқындайды.
3. Мерзімді баспасөз басылымдарында көрсетілетін қызметтің құны мынадай формула бойынша айқындалады:
1) газеттер үшін Pn=Bn x V x Kq формуласы бойынша, онда:
Pn (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, газеттерде көрсетілетін қызметтің құны;
Bn – газетте орналастырылатын, бір см2 көрсетілетін қызметтің базалық бағасы;
V – газетте орналастырылатын, см2-мен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі;
Kq – газет таралымына түзету коэффициенті:
200 000 данаға дейін – 1,3;
100 000 данаға дейін – 1,15;
50 000 данаға дейін – 1;
30 000 данаға дейін – 0,9;
20 000 данаға дейін – 0,8;
10 000 данаға дейін – 0,65;
5 000 данаға дейін – 0,5;
2) журналдар үшін Pm=Bm x V x Kq формуласы бойынша, онда:
Pm (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, журналдарда көрсетілетін қызметтің құны;
Bm – журналда орналастырылатын, бір см2 көрсетілетін қызмет үшін базалық баға;
V – журналда орналастырылатын, см2-мен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі;
Kq – журнал таралымына түзету коэффициенті:
15 000 данаға дейін – 1,2;
10 000 данаға дейін – 1,1;
8 000 данаға дейін – 1;
5 000 данаға дейін – 0,9;
3 000 данаға дейін – 0,8;
1 000 данаға дейін – 0,7.
4. Интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны Pi=Bi x V x Kq формуласы бойынша айқындалады, онда:
Pi (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, интернет-ресурстағы көрсетілетін қызметтің құны;
Bi – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің бір таңбасының, секундының, минутының, данасының базалық бағасы;
V – интернет-ресурста орналастырылатын көрсетілетін қызметтің символдармен, секундтармен, минуттармен, даналармен есептелетін көлемі;
Kq – бірегей пайдаланушылардың интернет-ресурсқа кіруінің орташа айлық санын есепке алуға арналған түзету коэффиценті:
айына 500 000 кірушіге дейін – 1;
айына 1 000 000 кірушіге дейін – 1,1;
айына 2 000 000 кірушіге дейін – 1,2;
айына 5 000 000 кірушіге дейін – 1,3;
айына 5 000 000 кірушіден астам – 1,4.
5. Телевидениеде көрсетілетін қызметтің құны Ptv=Btv x V формуласы бойынша айқындалады, онда:
Ptv (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, телевидениеде көрсетілетін қызметтің құны;
Btv – телевидениеде орналастырылатын көрсетілетін қызметтердің бір секундінің, минутының, сериясының базалық бағасы;
V – телевидениеде орналастырылатын, секундтармен, минуттармен, сериялармен есептелетін көрсетілетін қызметтің көлемі.
Егер, Жамбыл облысының аумағындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты қалыптастыру кезінде телевидениеде көрсетілетін қызметтерді жанрлар бойынша бөлу ескерілмеген жағдайда, телевидениеде көрсетілетін қызметтердің құны базалық баға (Btv) бойынша есептеледі.
6. Радиоарнада көрсетілетін қызметтің құны Pr=Br x V формуласы бойынша айқындалады, онда:
Pr (price) – қосылған құн салығын ескере отырып, радиоарнада көрсетілетін қызметтің құны;
Br – радиоарнада көрсетілетін қызметтердің бір секундының, минутының базалық бағасы;
V – радиоарнада орналастырылатын, көрсетілетін қызметтің секундтармен, минуттармен есептелетін көлемі.
Жамбыл облысының аумағындағы бұқаралық ақпарат құралдарында мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындаудың Әдістемесіне | |
қосымша |
Жамбыл облысының аумағындағы мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу жөніндегі мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің базалық бағасы
№ | Қызметтің атауы | Өлшем бірлігі | 2025 жыл (теңге) | 2026 жыл (теңге) | 2027 және кейінгі жылдар (теңге) |
1. | Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр | 450 | 472 | 495 |
2. | Жамбыл облысы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр | 220 | 231 | 242 |
3. | Жамбыл облысының Тараз қаласы мен аудандары аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (газет) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bn) | шаршы сантиметр | 200 | 210 | 220 |
4. | Жамбыл облысы аумағында таратылатын мерзімді баспасөз басылымдарында (журнал) көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bm) | шаршы сантиметр | 330 | 346 | 363 |
5. | Республикалық маңызы бар мәселелерді жариялайтын интернет-ресурстарда көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bi) | символ | 134 | 140 | 147 |
6. | Республикалық маңызы бар мәселелерді жариялайтын интернет-ресурстарда көрсетілетін қызмет (фоторепортаж, инфографика өндіру және орналастыру) (Bi) | дана | 550 | 577 | 606 |
7. | Республикалық маңызы бар мәселелерді жариялайтын интернет-ресурстарда көрсетілетін қызмет (бейнероликтерді өндіру және орналастыру) (Bi) | секунд | 605 | 635 | 667 |
8. | Өңірлік маңызы бар мәселелерді жариялайтын интернет-ресурстарда көрсетілетін қызмет (ақпараттық материалды дайындау және орналастыру) (Bi) | символ | 34 | 36 | 38 |
9. | Өңірлік маңызы бар мәселелерді жариялайтын интернет-ресурстарда көрсетілетін қызмет (фоторепортаж, инфографика өндіру және орналастыру) (Bi) | дана | 2 000 | 2100 | 2 205 |
10. | Өңірлік маңызы бар мәселелерді жариялайтын интернет-ресурстарда көрсетілетін қызмет (бейнероликтерді өндіру және орналастыру) (Bi) | секунд | 400 | 420 | 441 |
11. | Қазақстан Республикасы аумағында таратылатын міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (жаңалық сюжет, ақпараттық-талдамалық, ток-шоу, телевизиялық бағдарламаларды өндіру және орналастыру) (Btv) | минут | 765 238 | 803 450 | 843 622 |
12. | Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (ақпараттық-талдамалық бағдарламаларды өндіру және орналастыру) (Btv) | минут | 50 000 | 52 500 | 55 125 |
13. | Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (жаңалық сюжеттерді өндіру және орналастыру) (Btv) | минут | 57 000 | 59 850 | 62 842 |
14. | Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (білім беру бағдарламаларын өндіру және орналастыру) (Btv) | минут | 38 000 | 39 900 | 41 895 |
15. | Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (ойын-сауық, музыкалық, әзіл-сықақ бағдарламаларды өндіру және орналастыру) (Btv) | минут | 58 000 | 60 900 | 63 945 |
16. | Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (танымдық бағдарламаларды өндіру және орналастыру) (Btv) | минут | 67 600 | 70 980 | 74 529 |
17. | Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (телевизиялық бағдарламаларды өндіру және орналастыру) (Btv) | минут | 48 700 | 51 135 | 53 691 |
18. | Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (ток-шоу өндіру және орналастыру) (Btv) | минут | 37 910 | 39 805 | 41 795 |
19. | Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (реалити-шоу өндіру және орналастыру) (Btv) | минут | 102 000 | 107 100 | 112 455 |
20. | Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (деректі фильмдерді өндіру және орналастыру) (Btv) | минут | 56 630 | 59 461 | 62 434 |
21. | Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (анимациялық фильмдерді өндіру және орналастыру) (Btv) | минут | 220 000 | 231 000 | 242 550 |
22. | Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (бейнероликтерді өндіру және орналастыру) (Btv) | секунд | 1 200 | 1 260 | 1 323 |
23. | Міндетті теле-, радиоарналар тізбесіне кіретін телеарналарды қоспағанда, Жамбыл облысы аумағында ұлттық операторы тарататын еркін қолжетімді теле-, радиоарналар тізбесіне енгізілген телеарналарда көрсетілетін қызмет (бір маусымды сериалдық өнімді өндіру және орналастыру) (Btv) | минут | 1 188000 | 1 247 400 | 1 309 770 |
24. | Жаңалықтар телебағдарламаларын трансляциялауды сурдоаудармамен сүйемелдеу (Btv) | минут | 5 071 | 5 324 | 5 590 |
25. | Жамбыл облысы аумағында таратылатын радиоарналарда көрсетілетін қызмет (ақпараттық бағдарламаларды өндіру және орналастыру) (Br) | минут | 23 795 | 24 985 | 26 234 |
26. | Жамбыл облысы аумағында таратылатын радиоарналарда көрсетілетін қызмет (аудиороликтерді өндіру және орналастыру) (Br) | секунд | 690 | 724 | 760 |