"Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасы Заңы 11-бабының 4-1) тармақшасына сәйкес, Республикалық ономастика комиссиясының 2024 жылғы 26 желтоқсандағы қорытындысы негізінде және тиісті аумақ халқының пікірін ескере отырып, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Жамбыл облысының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Тараз қаласының келесі құрамдас бөліктеріне:
қаланың солтүстігінде орналасқан № 1 ауданға Әулиеата ауданы;
қаланың оңтүстігінде орналасқан № 2 ауданға Жібек жолы ауданы атаулары берілсін.
2. Осы бірлескен Жамбыл облысы әкімдігінің қаулысы мен Жамбыл облыстық мәслихатының шешімі оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Облыс әкімі | Е. Қарашөкеев |
Облыстық мәслихаттың төрағасы | А. Нұралиев |