"Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу тұжырымдамасының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 08-1-1-1/70 бұйрығына өзгерістер енгізу

Жаңа

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің м.а. 2025 жылғы 21 сәуірдегі № 11-1-4/232 бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 01.10.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу тұжырымдамасының нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2014 жылғы 11 наурыздағы № 08-1-1-1/70 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9318 болып тіркелді) келесі өзгерістер енгізілсін:

      кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 2-2 бабының 2 тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:";

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарын жасасу тұжырымдамасының нысаны осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Халықаралық құқық департаменті заңнамада көрсетілген тәртіппен:

      1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

      2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

      3) осы бұйрыққа қол қойылғаннан кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалғаны туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

      1. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      2. Осы бұйрық 2025 жылғы 1 қазаннан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушы
Р. Василенко

  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
міндетін атқарушының
2025 жылғы 21 сәуірдегі
№ 11-1-4/232 бұйрығына
қосымша
  Қазақстан Республикасы
Сыртқы істер министрінің
2014 жылғы 11 наурыздағы
№ 08-1-1-1/70 бұйрығымен
бекітілген
  Нысан

Халықаралық шартты жасасудың тұжырымдамасы

1.

Жасасуға ұсынылатын халықаралық шарттың атауы

[ақпаратты енгізу өрісі]

2.

Халықаралық шартты жасасуды ұсынып отырған мемлекеттік орган

[ақпаратты енгізу өрісі]

3.

Халықаралық шартты жасасудың бастамашысы болып табылатын тарап

[ақпаратты енгізу өрісі]

4.

Халықаралық шарттың жасалатын күні мен орны

[ақпаратты енгізу өрісі]

5.

Халықаралық шарттың түрі

[ақпаратты енгізу өрісі]

6.

Қатысушылардың саны бойынша халықаралық шарттың түрі

[ақпаратты енгізу өрісі]

7.

Контрагент

[ақпаратты енгізу өрісі]

8.

Халықаралық шарттың санаты

[ақпаратты енгізу өрісі]

9.

Халықаралық шарттың тиесілігі

[ақпаратты енгізу өрісі]

10.

Халықаралық шарттың реттеу саласы

[ақпаратты енгізу өрісі]

11.

Халықаралық шарттың мақсаттары

[ақпаратты енгізу өрісі]

12.

Халықаралық шартты жасасудың орындылығының негіздемесі

[ақпаратты енгізу өрісі]

13.

Халықаралық шарт жасалған жағдайда оны іске асырудан күтіліп отырған нәтиже (әлеуметтік, қаржы-экономикалық, құқықтық, өзге де мүмкін болатын нәтиже)

[ақпаратты енгізу өрісі]

14.

Халықаралық шартты жасасудың болжамды мерзімдері

[ақпаратты енгізу өрісі]

15.

Егер халықаралық шарттың күшіне енуі үшін қажетті мемлекетішілік рәсімдерді өткізілуі талап етілсе, мұндай рәсімдерді өткізудің болжамды мерзімдері

[ақпаратты енгізу өрісі]

16.

Халықаралық шарт жасалған жағдайда оны іске асыруға жауапты мемлекеттік органдар

[ақпаратты енгізу өрісі]

17.

Контрагентпен қатынастарда осындай реттеу нысанасы ұқсас басқа да халықаралық шарттардың болуы

[ақпаратты енгізу өрісі]


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады