2025 жылға арналған мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы

Жаңа

Қарағанды облысының әкімдігінің 2025 жылғы 14 ақпандағы № 09/01 қаулысы

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", "Білім туралы" заңдарына , Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 29 желтоқсандағы "Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы" № 532 бұйрығына сәйкес, Қарағанды облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қарағанды облысының әкімі Е. Бөлекпаев

  Қарағанды облысы әкімдігінің
2025 жылғы "14" 02__№09/01
қаулысына қосымша

Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнаулы психологиялық-педагогикалық қолдауға мемлекеттік білім беру тапсырысы

Топтардың типологиясы

Балалар саны

Бір балаға орташа құны (айына, цикл үшін)

Ескерту

1

1-топ-сөйлеудің, қозғалыс саласының өрескел бұзылулары бар (өздігінен қозғалатын, ақыл-ойы сақталған); мінез-құлқының бұзылуы мен қиындықтары, психикалық дамуы тежелген, көру қабілеті нашар, есту қабілеті нашар балалар.
Көмек көлемі-минималды:
бір маманның көмегі (логопед немесе психолог немесе дефектолог);
көмек ұзақтығы жылына 90 күннен басталады

50

61240 тенге (1 айға – 8 сабақ)
551160 тенге (цикл үшін – 72 сабақ)
27 558 000 тенге (жалпы сомасы)

Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға арналған мемлекеттік тапсырыс нормативін есептеу (педагог-дефектологтың қызметі сағатына 1 балаға) 7 655 теңге.

2

2-топ-мүмкіндігі шектеулі, тірек-қимыл аппараты бұзылған (көмекші құралдардың көмегімен қозғалатын, сөйлеу қабілеті бұзылған, бірақ ақыл-ойы сақталған), есту және көру қабілеті терең бұзылған (көрмейтін, естімейтін), сөйлеудің ауыр бұзылулары, жеңіл және орташа дәрежелі интеллект бұзылыстары, қарым-қатынас және әлеуметтік өзара іс-қимыл бұзылыстары (аутизм);
Көмек көлемі-орташа:
екі маманның көмегі (логопед және психолог немесе дефектолог және логопед немесе логопед және емдік дене шынықтыру нұсқаушысы (бұдан әрі – ЕДШ));
көмек ұзақтығы жылына 180 күннен басталады

100

122480 тенге (1 айға – 16 сабақ)
1102320 тенге (цикл үшін – 144 сабақ)
110 232 000 тенге (жалпы сомасы)

Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға арналған мемлекеттік тапсырыс нормативін есептеу (сағатына 1 балаға 1 маманның қызметі) 7 655 теңге.
2 маманның көмегі қажет

3

3-топ-мүмкіндігі шектеулі, күрделі (аралас) бұзылулары бар балалар, 2 немесе одан да көп бұзылулардың тіркесімі: көру және есту қабілетінің бұзылуы, тірек-қимыл аппараты мен интеллекттің бұзылуы, интеллект пен есту қабілетінің бұзылуы, әлеуметтік өзара әрекеттесудің бұзылуы (аутизм) және интеллекттің бұзылуы және т.б.
Көмек көлемі-максималды:
үш маманның көмегі (логопед, психолог және ЕДШ нұсқаушысы немесе дефектолог, логопед және психолог);
көмек ұзақтығы жылына 180 күннен 270 күнге дейін

150

183720 тенге (1 айға – 24 сабақ)
1 653480 тенге (цикл үшін – 216 сабақ)
248 022 000 тенге (жалпы сомасы)

Мүмкіндігі шектеулі балаларды арнайы психологиялық-педагогикалық қолдауға арналған мемлекеттік тапсырыс нормативін есептеу (сағатына 1 балаға 1 маманның қызметі) 7 655 теңге.
3 маманның көмегі қажет


БАРЛЫҒЫ

300

385 812 000 теңге



Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады