Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Ақтоғай ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес "Forum Global Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне пайдалы қазбаларды барлау үшін, жалпы көлемі 943,0 гектар жер учаскесін меншік иелері мен жер пайдаланушылардан алып қоймай, 2030 жылдың 25 cәуіріне дейін жария сервитут белгіленсін.
2. "Forum Global Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (келісім бойынша) жер пайдаланушыларға және жер учаскесінің иелеріне толық көлемде шығындарын өтеуді қамтамасыз етсін, шығын көлемі және олардың өтемақысы Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес тараптардың келісімдері бойынша белгіленсін.
3. "Ақтоғай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі осы қаулыдан туындайтын басқа да шараларды қабылдасын.
4. Осы қаулының орындалысына бақылау жасау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | А.Аманжолов |
Ақтоғай ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 23 қаңтардағы № 03/01 қаулысына қосымша |
"Forum Global Group" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне жария сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
р/с № | Жер пайдаланушылардың (меншік иелерінің) атауы | Кадастрлық нөмірі | Жария сервитут белгілеудің жалпы алаңы, гектар |
1 | Ақтоғай ауданының жер қоры | 943,0 |