"Сункаруя" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің өтінішін қарастырып Қазақстан Республикасының Жер кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Акбел ауылдық округінің әкімі ШЕШТІ:
1. "Сункаруя" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін алып қоймастан 2031 жылғы 24 қаңтарына дейінгі мерзіміне Қарағанды облысы, Бұқар жырау ауданы Акбел ауылдық округінің аумағында орналасқан жалпы алаңы 1009 га жер учаскесіне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Сункаруя" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне қажет:
1) жер учаскелерінің меншік иелері мен пайдаланушыларға келтірілген залалды толық көлемде өтеу үшін, шығындар мөлшері және оларды өтеу тәртібі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес (келісім бойынша) тараптардың келісімі бойынша айқындау;
2) жер учаскесін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарын сақтауға міндетті.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Ақбел ауылдық округінің әкімі | С.Мырзабеков |