БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметін және Шекара академиясын қызметтік жануарлармен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2015 жылғы 5 мамырдағы № 32 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11302 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 70-бабының 3-тармағына және "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".
2. "Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Шекара қызметінің ғимараттары мен құрылыстарын балама энергия көздерімен жабдықтау нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының 2021 жылғы 30 желтоқсандағы № 904/қе-қа бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
"Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 70-бабының 3-тармағына және "Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы 26-бабының 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:".
3. Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрі 2023 жылғы 11 шілдедегі № 472 бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерiнiң эталондық бақылау банкiн жүргiзу қағидалары 10-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11302 болып тіркелген) талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынына жіберуді қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрықтың 3-тармағының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитеті Төрағасының орынбасары – Шекара қызметінің директоры генерал-майор Ерлан Ерғалиұлы Алдажұмановқа жүктелсін.
5. Осы бұйрықпен Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының әскери қызметшілері мен жұмыскерлері оларға қатысты бөлігінде таныстырылсын.
6. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы ұлттық қауіпсіздік генерал-лейтенанты |
Е. Сағымбаев |
"Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
2025 жылғы "__" _____