"Қызылорда қаласының көшелерін атау және қайта атау туралы" Қызылорда облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 258 қаулысы мен Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 333 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы әкімдігінің 2025 жылғы 19 ақпандағы № 36 бірлескен қаулысы және Қызылорда облыстық мәслихатының 2025 жылғы 19 ақпандағы № 150 шешімі

      Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қызылорда қаласының көшелерін атау және қайта атау туралы" Қызылорда облыстық әкімдігінің 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 258 қаулысы мен Қызылорда облыстық мәслихатының 2015 жылғы 10 желтоқсандағы № 333 шешіміне (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 5289 болып тіркелген) келесі өзгерістер енгізілсін:

      аталған бірлескен Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы мен Қызылорда облыстық мәслихаты шешімінің кіріспесі келесі редакцияда жазылсын:

      ""Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Республикалық ономастика комиссиясының 2015 жылғы 29 қыркүйектегі қорытындысына сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ және Қызылорда облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:".

      аталған бірлескен Қызылорда облысы әкімдігінің қаулысы мен Қызылорда облыстық мәслихаты шешімінің 2-тармағы алынып тасталсын.

      2. Осы бірлескен қаулы мен шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қызылорда облысының әкімі ___________ Н. Нәлібаев
      Қызылорда облыстық мәслихатының төрағасы ____________ М. Тлеумбетов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады