"Арал ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы"

Жаңа

Қызылорда облысы Арал аудандық мәслихатының 2025 жылғы 11 ақпандағы №345 шешімі

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңыңың 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Жайылымдар туралы" Заңының 8-бабы 1) тармақшасына, 13-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі №173 "Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №145 "Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 29 шілдедегі №263 "Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспарды бекіту туралы" бұйрықтарына сәйкес, Арал аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Арал ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. "2022-2023 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды бекіту туралы" Арал аудандық мәслихатының 2022 жылғы 26 желтоқсандағы №358 шешімінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихаттың төрағасы Б. Турахметов

  Арал аудандық мәслихатының
2025 жылғы "11" ақпандағы
№ 345 шешіміне қосымша

"Арал ауданы бойынша 2025 – 2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар"

      1. Осы жоспар Арал ауданы бойынша 2025-2029 жылдарға арналған жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар (бұдан әрі – Жоспар) Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңыңың 6-бабының 1-тармағының 15) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Жайылымдар туралы" Заңының 8-бабы 1) тармақшасына, 13-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2017 жылғы 24 сәуірдегі №173 "Жайылымдарды ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі №145 "Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидаларын бекіту туралы" бұйрығына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2024 жылғы 29 шілдедегі №263 "Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспарды бекіту туралы" бұйрықтарына сәйкес әзірленді.

      2. Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, азыққа деген қажеттілікті орнықты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болдырмау мақсатында қабылданды.

      3. Жоспарда мынадай қосымшалар қамтылған:

      1) осы Жоспардың 1-қосымшасына сәйкес әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың жер санаттары бөлінісінде орналасу схемасы (картасы);

      2) осы Жоспардың 3-қосымшасына сәйкес ұсынылатын жайылым айналымдарының схемалары көрсетілген схема (карта);

      "Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №3-3/332 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11064 болып тіркелген) сәйкес жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын сақтау;

      жайылым айналымын және суды пайдалану көздерін ескере отырып жайылымдарды пайдалану;

      жайылым алаңдарын жекеленген өріс учаскелеріне бөлу;

      жайылым учаскелерін жыл маусымдары бойынша кеңістікте және уақытпен (маусым, жыл ішінде) кезектестіру;

      жайылым айналымы учаскелерінің бірін жайылымсыз және ауыл шаруашылығы жануарларынсыз жыл сайын қалдыру.

      4. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарды әзірлеу кезінде:

      өңірдің жер балансының және мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесінің деректері;

      жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау мәліметтері;

      мал қорымдары (биометриялық шұңқырлар) туралы мәліметтер;

      жайылымдық инфрақұрылым объектілері туралы және ауыл шаруашылығы жануарларын айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер;

      иелерін көрсете отырып, ауыл шаруашылығы жануарларының сәйкестендіру деректері базасынан алынған ауыл шаруашылығы жануарларының мал басы саны туралы деректер;

      ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер;

      шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарлары мал басының саны туралы мәліметтер;

      екпе және аридтік жайылымдарда, орман, суқорларымен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері туралы деректер;

      жайылым айналымдарының ұсынылатын схемалары;

      мемлекеттік органдар, жеке және (немесе) заңды тұлғалар ұсынған өзге де деректер ескеріле отырып қабылданды.

      5. Әкімшілік-аумақтық бөлініс бойынша Арал ауданында 2 кент (Сексеуіл, Жақсықылыш) және 21 ауылдық округ (Аралқұм, Аманөткел, Ақирек, Атанши, Бекбауыл, Беларан, Бөген, Жаңақұрылыс, Жетес би, Жіңішкеқұм, Қамыстыбас, Қарақұм, Қаратерең, Қосаман, Қосжар, Құланды, Мергенсай, Аққұм, Райым, Сазды, Сапақ) бар.

      6. Арал ауданы аумағының жалпы көлемі – 5 521 274 гектар, оның ішінде жайылымдық жерлер – 1 538 956 гектар.

      7. Жер санаттары бойынша:

      Арал ауданы жайылымдарын жерлердің санаттары бойынша бөлу, мың гектар

Ауылдық округтердің атауы

Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің коды

Жерлер санаттары

Жерлер жиыны

ауыл шаруашылығы мақсатындағы

елді мекендердің

өнеркәсіп, көлік және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес

ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың

орман қорының

су қорының

босалқы жер

Арал ауданы

-

664930

281167,5

16058,2

163148

1074087

1878010,5

1534973

5612374

      Елді мекеннің жайылымдарын бөлу, мың гектар

№ п/п

Ауылдық округтің атауы

Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің коды

Елді мекеннің атауы

Жайылымдардың жалпы алаңы, мың гектар

Жайылымдардың алаңдары мен түрлері

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

1

Сексеуіл

433257100

Сексеуіл

4701









433257400

Көнту

105







2

Жақсықылыш

433237100

Жақсықылыш

3589







3

Аралқұм

433234100

Аралқұм

4923









433234700

Шөміш

4103









433234400

Мойнақ

7149







4

Аманөткел

433233100

Аманөткел

4126









433233300

Аққұлақ

1740









433233400

Ақшатау

423









433233700

Хан

90







5

Ақирек

433231100

Ақбай

1284







6

Атанши

433232100

Жіңішкеқұм

7355







7

Бекбауыл

433238100

Бекбауыл

3638









433238700

Үкілісай

6211









433238500

Құмбазар

1334







8

Беларан

433244100

Құланды

14049







9

Бөген

433235100

Бөген

7815









433235300

Қарашалаң

7049







10

Жаңақұрылыс

433236100

Жаңақұрылыс

355







11

Жетес би

433242100

Райым

3456









433242500

Ескіұра

3664







12

Жіңішкеқұм

433241100

Тоқабай

9824







13

Қамыстыбас

433239100

Қамыстыбас

5158







14

Қарақұм

433243100

Абай

13279









433243300

Ерімбетжаға

6737







15

Қаратерең

433245100

Қаратерең

5366









433245300

Жаңақоныс

688







16

Қосаман

433246100

Қосаман

6211









433246200

Ақеспе

3809







17

Қосжар

433248100

Қосжар

1717







18

Құланды

433247100

Ақбасты

16425







19

Мергенсай

433249100

Жалаңаш

7367









433249200

Тастүбек

21710







20

Аққұм

433253100

Шижаға

21242









433253300

Күршек

6047







21

Райым

433255100

Қызылжар

1919









433255600

Шөмішкөл

6071







22

Сазды

433256100

Сазды

7785







23

Сапақ

433259100

Сапақ

5141









433259100

Көктем

2829








      8. Арал ауданы Қызылорда облысының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан. Аудан көлемі шөлейтті аймақ зонасына жатады. Топырағы қоңыржай. Жайылымды тиімді пайдалану, оның тозуына жол бермеу, әр малдың жақсы жейтін шөбіне қарай орналастыруға да байланысты.

      9. Арал ауданының климаты тым континенттік. Орташа ауа температурасы қаңтарда – 13 – 15°С, шілдеде 24 – 35°С. Жауын-шашынның мөлшері 100 мм-ге жуық. Аязсыз күндер саны 160 тәулік, қар жамылғысы жұқа (10 см), ол 80 күндей жатады. Вегетация кезеңінің жылдық температура жиынтығы солтүстігінде 3400 °C, оңтүстігінде 3800 °C. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері солтүстігінде 150 мм, оңтүстігінде 105 мм. Оның 80%-ға жуығы көктем мен күз айларына келеді. Атмосфера қуаңшылықтың орташа мөлшері 50 тәулік. Аудан өте құрғақ агроклиматтық ауданға жатады. Сондықтан гидротермиялық коэффицент 0,3-ті құрайды, яғни ылғалдылығы өте төмен аймаққа жатады. Аудан аумағында желдің басым бөлігі солтүстік-шығыс (22%) және оңтүстік-батыстан (18%) соғады. Қыста солтүстіктен соғатын жел 24%-ды құраса, жаздағы жел 26%-ды құрайды. Желдің жылдық орташа жылдамдығы 4 – 4,5 м/с.

      10. Ауданда ауыл шаруашылығын сумен қамтамасыз етуге жер асты сулары пайдаланылады.

      11. Ауданда ауыл шаруашылықтың негізгі саласы мал шаруашылығын өсіру болып табылады.

      12. Қазіргі таңда ауданда 36421 бас түйе, 60193 бас мүйізді ірі қара мал, 102263 бас мүйізді ұсақ мал, 56675 бас жылқы бар.

      13. Ауданда 23 мал қорымы және 23 ветеринариялық пункттер жұмыс жасайды.

      Ветеринариялық - санитариялық объектілер туралы мәліметтер:

Ауылдардың, ауылдық округтің атауы

Ветеринариялық пункттері

Мал тоғыту орындары

Қолдан ұрықтандыру пункттері

Мал қорымдары

жоспарланғаны

салынғаны

1

Сексеуіл

1

-

-

-

1

2

Жақсықылыш

1

-

-

-

1

3

Аралқұм

1

-

-

-

1

4

Аманөткел

1

-

-

-

1

5

Ақирек

1

-

-

-

1

6

Атанши

1

-

-

-

1

7

Бекбауыл

1

-

-

-

1

8

Беларан

1

-

-

-

1

9

Бөген

1

-

-

-

1

10

Жаңақұрылыс

1

-

-

-

1

11

Жетес би

1

-

-

-

1

12

Жіңішкеқұм

1

-

-

-

1

13

Қамыстыбас

1

-

-

-

1

14

Қарақұм

1

-

-

-

1

15

Қаратерең

1

-

-

-

1

16

Қосаман

1

-

-

-

1

17

Қосжар

1

-

-

-

1

18

Құланды

1

-

-

-

1

19

Мергенсай

1

-

-

-

1

20

Аққұм

1

-

-

-

1

21

Райым

1

-

-

-

1

22

Сазды

1

-

-

-

1

23

Сапақ

1

-

-

-

1


Барлығы:

23

-

-

-

23

      14. Жайылым өнімділігін анықтау үшін геоботаникалық зерттеулердің деректері қолданылды. Жайылымдардың құрғақ массада орташа өнімділігі 7,0 -8,8 центнер/гектар құрайды. Шабылған шөп пен жасанды шабылған шөптің қосалқы азығы қыстау кезеңінде қолданылады.

      15. Жайылым сыйымдылығын анықтау, жайылым кезеңінде оның өнімділігі туралы деректер негізінде құрылған. Шамамен алғанда, малдар үшін азықтардың келесі нормалары алынды (орта есеппен бір мал үшін): мүйізді ірі қара мал - 4 кг, мүйізді ұсақ мал - 2 кг, жылқы және түйе - 6 кг. Жайылым кезеңінің ұзақтылығы 170-180 күнді құрайды. Бұл тұрғыда, жайылым өнімін, жануарлар үшін азықты бір күнде қажет ету көлемін, жайылым кезеңінің ұзақтылығын біле отырып, жайылымның сыйымдылығын анықтауға болады.

      16. Екпе және аридтік жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері:

      1) ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың және айдаудың маусымдық маршруттарын белгілейтін жайылымдарды пайдалану жөніндегі күнтізбелік кестесі, сонымен қатар жайылым айналымының ұзақтығы;

      2) топырақ климаттық аймаққа, ауыл шаруашылығы жануарлар түрлеріне, сондай – ақ жайылым айналымына тәуелді;

      3) далада – 170-180 күн;

      4) шөлейтте – 160-180 күн;

      5) Мал жаю ұзақтығы: сүтті ірі қара малдар үшін минималды, етті ірі қара малдар, қой, жылқы, түйелер үшін – максималды және қар жамылғысының тереңдігі мен тығыздығына және басқа да факторларға байланысты.

      17. Малды айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер.

      Арал ауданы бойынша малды айдап өту жолы 150 км құрайды.

      Ескерту: аббревиатуралардың ажыратылып жазылуы:

      га – гектар;

      С – Цельсия көрсеткіші;

      мм – миллиметр;

      кг – килограмм;

      км - километр.

  Арал ауданы бойынша
2025-2029 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және оларды
пайдалану жөніндегі жоспарға
1-қосымша

Әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың жер санаттары бөлінісінде орналасу схемасы (картасы)

     


  Арал ауданы бойынша
2025-2029 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және оларды
Пайдалану жөніндегі жоспарға
2-қосымша

Жеке ауладағы ауылшаруашылығы жануарларын жаю бойынша халықтың мұқтаждығына арналған жайылымдар, оның ішінде қоғамдық жайылымдар белгіленген схема (карта)

     


     


  Арал ауданы бойынша
2025-2029 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және оларды
пайдалану жөніндегі жоспарға
3- қосымша

Ұсынылатын жайылым айналымдарының схемалары көрсетілген схема (карта)

     


  Арал ауданы бойынша
2025-2029 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және оларды
пайдалану жөніндегі жоспарға
4-қосымша

Ауылшаруашылығы жануарларын айдауға арналған сервитуттар, малайдайтын трассалар және жайылымдық инфрақұрылымның өзгеде объектілері,сондай-ақ мал қорымдары ( биометриялық шұңқырлар) белгіленетін схема (карта)

     


  Арал ауданы бойынша
2025-2029 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және оларды
пайдалану жөніндегі жоспарға
5-қосымша

Жайылымды пайдаланушыларға жер пайдалануға берілуі мүмкін жайылымдар белгіленген схема (карта)

     


     


  Арал ауданы бойынша
2025-2029 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және оларды
пайдалану жөніндегі жоспарға
6-қосымша

Халықтың жеке ауласындағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю жөніндегі мұқтаждықтарын қанағаттандыру мақсатында резервке алынуға жататын жайылымдарды белгілейтін схема (карта)

     


     


  Арал ауданы бойынша
2025-2029 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және оларды
пайдалану жөніндегі жоспарға
7- қосымша

Суды тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, қазандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахта құдықтарына) қол жеткізу схемасы

     


     


  Арал ауданы бойынша
2024-2028 жылдарға арналған
жайылымдарды басқару және
оларды пайдалану жөніндегі жоспарға
8-қосымша

Ауыл шаруашылығы жануарларының басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы

     


     


  Арал ауданы бойынша
2025-2029 жылдарғаарналған
жайылымдарды басқару және оларды
пайдалану жөніндегі жоспарға
9-қосымша

Ауылдық округке кіретін ауылдық елді мекендер арасында жайылымдарды жобалық бөлу (қайта бөлу)

     


     


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады