"Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабы 4-1) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспар бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі |
А. Сапаров |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және
ирригация министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Стратегиялық жоспарлау және
реформалар агенттiгiнің
Ұлттық статистика бюросы
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрлігі
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі 2024 жылғы 29 шілдедегі № 263 бұйрығымен бекітілген |
Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспар
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспар (бұдан әрі – Жоспар) "Жайылымдар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі – Заң) 6-бабының 4-1) тармақшасына және "Мемлекеттік статистика туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді.
2. Жоспар жайылымдарды ұтымды пайдалану, азыққа деген қажеттілікті орнықты қамтамасыз ету және жайылымдардың тозу процестерін болдырмау мақсатында қабылданады.
2-тарау. Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар
3. Жоспарды әзірлеген кезде мыналар ескеріледі:
1) осы Жоспарға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өңірдің жер балансының және мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесінің деректері.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген деректерді қалыптастыру кезінде жерлердің болуы, олардың санаттар, жер учаскелерінің меншік иелері, жер пайдаланушылар мен алқаптар бойынша бөлінуі туралы ресми статистикалық ақпарат және мемлекеттік жер кадастры ақпараттық жүйесінен алынған мәліметтер пайдаланылады;
2) осы Жоспарға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау мәліметтері.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген деректерді қалыптастыру кезінде "Қазақстан Республикасы табиғи жем-шөп алқаптарының ірі масштабты (1:1 000 – 1:100 000) геоботаникалық іздестірулерін жүргізу жөніндегі әдістемені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2022 жылғы 3 қазандағы № 314 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 30043 болып тіркелген) сәйкес жүргізілетін жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау нәтижелері пайдаланылады;
3) Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 3 ақпандағы № 35 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19987 болып тіркелген) бекітілген Мал қорымдарының (биотермиялық шұңқырлардың) тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес қалыптастырылған мал қорымдары (биометриялық шұңқырлар) туралы мәліметтер;
4) осы Жоспарға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жайылымдық инфрақұрылым объектілері туралы және ауыл шаруашылығы жануарларын айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген деректерді қалыптастыруды ауданның (қалалардағы аудандарды қоспағанда), аудандық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп облыстардың жергілікті атқарушы органдары әзірлеген жайылымдық инфрақұрылым объектілерін дамыту және реконструкциялау жөніндегі жоспар негізінде жүзеге асырады;
5) осы Жоспарға 4-қосымшаның 1-кестесіне сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының иелерін көрсете отырып, оларды сәйкестендіру дерекқорынан алынған ауыл шаруашылығы жануарлары басының саны туралы деректер;
6) осы Жоспарға 4-қосымшаның 2-кестесіне сәйкес нысан бойынша ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген мәліметтерді қалыптастыруды ауданның (қалалардағы аудандарды қоспағанда), облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп жүзеге асырады;
7) осы Жоспарға 4-қосымшаның 3-кестесіне сәйкес нысан бойынша шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарлары басының саны туралы мәліметтер.
Осы тармақшаның бірінші бөлігінде көрсетілген деректерді қалыптастыруды ауданның (қалалардағы аудандарды қоспағанда), облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкімдерімен бірлесіп жүзеге асырады;
8) екпе және аридтік жайылымдарда, орман, су қорлары мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю ерекшеліктері туралы деректер.
Жайылымдарда ауыл шаруашылығы жануарларын жаю Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 29 сәуірдегі № 145 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 20540 болып тіркелген) бекітілген Ауыл шаруашылығы жануарларын жаюдың үлгілік қағидалары негізінде "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабы 4-тармағының 5-1) тармақшасына сәйкес аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары (әкімдіктері) бекітетін ауыл шаруашылығы жануарларын жаю қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Орман, су қорлары және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлерінде ауыл шаруашылығы жануарларын жаю Қазақстан Республикасы Орман кодексінің 99-бабына, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 12 қазандағы № 18-02/909 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12259 болып тіркелген) бекітілген Мемлекеттік орман қоры учаскелерінде шөп шабу және мал жаю қағидаларына, Қазақстан Республикасы Су кодексінің 95, 119, 125-баптарына, "Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 23, 40, 43, 47, 48, 52, 69-баптарына сәйкес жүзеге асырылады;
9) осы Жоспарға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынылатын жайылым айналымдарының схемалары;
10) мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы статистикасы бойынша ресми статистикалық ақпарат.
4. Жоспарда мынадай қосымшалар қамтылған:
1) әкімшілік-аумақтық бірлік аумағында жайылымдардың жер санаттары бөлінісінде орналасу схемасы (картасы), онда жайылымдардың шекаралары, алаңдары мен түрлері, оның ішінде шалғайдағы, маусымдық, құрғақ және екпе жайылымдар, жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттарының негізінде олардың меншік иелері немесе жер пайдаланушылар туралы мәліметтер көрсетіледі;
2) жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халықтың мұқтаждығына арналған жайылымдар, оның ішінде қоғамдық жайылымдар белгіленген схема (карта), онда жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халықтың мұқтаждығына арналған жайылымдардың, оның ішінде қоғамдық жайылымдардың шекаралары мен алаңдары көрсетіледі;
3) ұсынылатын жайылым айналымдарының схемалары көрсетілген схема (карта), онда жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау негізінде ұсынылатын жайылым айналымдарының схемалары көрсетіледі;
4) ауыл шаруашылығы жануарларын айдауға арналған сервитуттар, мал айдайтын трассалар және жайылымдық инфрақұрылымның өзге де объектілері, сондай-ақ мал қорымдары (биометриялық шұңқырлар) белгіленетін схема (карта), онда ауыл шаруашылығы жануарларын айдауға арналған сервитуттар, мал айдайтын трассалар, жайылымдық инфрақұрылым объектілері, мал қорымдарының (биометриялық шұңқырлардың) орналасқан жері көрсетіледі;
5) жайылымды пайдаланушыларға жер пайдалануға берілуі мүмкін жайылымдар белгіленген схема (карта).
Ауыл шаруашылығы мұқтаждары үшін меншікке немесе жер пайдалануға босалқы жерлерді беру Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 138-бабына, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2018 жылғы 20 желтоқсандағы № 518 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 18048 болып тіркелген) бекітілген Шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру жөніндегі конкурсты ұйымдастыру және өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады;
6) халықтың жеке ауласындағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю жөніндегі мұқтаждықтарын қанағаттандыру мақсатында резервке алынуға жататын жайылымдарды белгілейтін схема (карта), онда жеке ауланың ауыл шаруашылығы жануарларын жаю жөніндегі халықтың мұқтаждықтарын қанағаттандыру мақсатында резервке алынуға жататын жайылымдардың шекаралары мен алаңдары көрсетіледі.
Жерлерді резервте қалдыру Кодекстің 49-2-бабына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 178 бұйрығымен бекітілген Жерлерді резервте қалдыру қағидаларына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11337 болып тіркелген) сәйкес жүзеге асырылады;
7) суды тұтыну нормасына сәйкес жасалған су көздеріне (көлдерге, өзендерге, тоғандарға, қазандарға, суару немесе суландыру каналдарына, құбырлы немесе шахта құдықтарына) қол жеткізу схемасы, онда жануарлардың су көздеріне қарай жүріп-тұру маршруттары көрсетіледі.
Ауыл шаруашылығы жануарларының орташа тәуліктік су тұтынуы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2016 жылғы 30 желтоқсандағы № 545 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 14827 болып тіркелген) бекітілген Су тұтынудың және су бұрудың үлестік нормаларын әзірлеу жөніндегі әдістемеге 6-қосымшаның 10-кестесіне сәйкес айқындалады;
8) ауыл шаруашылығы жануарларының басын шалғайдағы жайылымдарға орналастыру схемасы, онда ауыл шаруашылығы жануарларының басын орналастыруға арналған шалғайдағы жайылымдардың шекаралары мен алаңдары көрсетіледі;
9) ауылдық округке кіретін ауылдық елді мекендер арасында жайылымдарды жобалық бөлу (қайта бөлу), онда жайылымдармен қамтамасыз етілмеген жеке және заңды тұлғалардың ауыл шаруашылығы жануарларының басы үшін ауылдық округтің ауылдық елді мекендері арасында жайылымдарды бөлу (қайта бөлу) схемасы көрсетіледі;
10) тиісті әкімшілік-аумақтық бірлікте жайылымдарды ұтымды пайдалану үшін қажетті талаптар:
"Жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі № 3-3/332 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11064 болып тіркелген) сәйкес жайылымдардың жалпы алаңына түсетін жүктеменің шекті рұқсат етілетін нормасын сақтау;
жайылым айналымын және суды пайдалану көздерін ескере отырып жайылымдарды пайдалану;
жайылым алаңдарын жекеленген өріс учаскелеріне бөлу;
жайылым учаскелерін жыл маусымдары бойынша кеңістікте және уақытпен (маусым, жыл ішінде) кезектестіру;
жайылым айналымы учаскелерінің бірін жайылымсыз және ауыл шаруашылығы жануарларынсыз жыл сайын қалдыру.
Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспарға 1-қосымша |
Нысан
Өңірдің жер балансының және мемлекеттік жер кадастрының ақпараттық жүйесінің деректері
1-кесте. ___________ ауданы жайылымдарын жерлердің санаттары бойынша бөлу, мың гектар
Ауылдық округтердің атауы | Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің коды | Жерлер санаттары |
Жерлер | ||||||
ауыл шаруашылығы мақсатындағы | елді мекендердің | өнеркәсіп, көлік және өзге де ауыл шаруашылығы мақсатындағы емес | ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың | орман қорының | су қорының | босалқы жер | |||
1 | 2 | 3 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | |
Барлығы |
2-кесте. Елді мекеннің жайылымдарын бөлу, мың гектар
Р/с № | Ауылдық округтің атауы | Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің коды | Елді мекеннің атауы | Жайылымдардың жалпы алаңы, мың гектар | Жайылымдардың алаңдары мен түрлері | |||||
| көпшілік пайдаланатын, мың гектар | шалғайдағы, мың гектар | маусымдық, мың гектар | аридтық, мың гектар | екпе жайылымдар, мың гектар | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 |
3-кесте. Жер учаскесіне құқық белгілейтін және сәйкестендіру құжаттары негізінде меншік иелері мен жер пайдаланушылар туралы мәліметтер
Р/с № | Меншік иелерінің, жер пайдаланушылардың атауы | Бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі | Жер учаскесінің кадастрлық нөмірі | Жайылымдар алаңы, мың гектар |
1 | 2 | 3 | 4 | 5 |
4-кесте. Жайылымдарды бөлу
Р/с № | Ауылдық округтің атауы | Әкімшілік-аумақтық объектілер жіктеуішінің коды | Елді мекеннің атауы | Ауыл шаруашылығы жануарлары үшін қажетті жайылым алаңы, мың гектар | Көпшілік пайдаланатын жайылымдардың алаңы, мың гектар | Шалғайдағы жайылымдардың алаңы, мың гектар | |||
Ірі қара мал | Ұсақ мал | Жылқылар | Түйелер | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Ауыл шаруашылығы жануарларын жаю үшін ____ мың гектар жайылым қажет.
_____ мың гектар алаңды алып жатқан көпшілік пайдаланатын жайылымдарда _____ мал басы жайылады, _____ мың гектар алаңды алып жатқан шалғайдағы жайылымдарда _____ мал басы жайылады.
5-кесте. Қосымша қажет етілетін жайылымдар
Р/с № | Босалқы жерлерден қажет етілетін қосымша жайылымдар, мың гектар | Қосымша берілетін жайылымдар | |
жайылым пайдаланушыларға жер пайдалануға берілуі мүмкін жайылымдар, мың гектар | жеке ауладағы ауыл шаруашылығы жануарларын жаю бойынша халық мұқтажын қанағаттандыру мақсатында резервке қойылуға тиіс жайылымдар, мың гектар | ||
1 | 2 | 3 | 4 |
Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспарға 2-қосымша |
Нысан
Жайылымдарды геоботаникалық зерттеп-қарау мәліметтері
Табиғи азықтық алқаптардың | Контурлар мен сипаттамалар нөмірі (жақша ішінде) | Табиғи азықтық алқаптар типтерінің (айырмаларының, түрлендірулерінің) жер бедеріне топыраққа байланыстырылған атауы. Басқа жерлер мен алқаптардың атауы | Алқап түрі | Контурдағы пайыздық қатынас | Алаңы, мың гектар | Заманауи пайдаланылуы | Жалпы түсімділік, гектарына центнерден (зерттеп-қарау жылы) |
Орташа жыл ішінде желінетін өсімдіктердің түсімділігі: | |||||
маусымдар бойынша жайылымдық азық | |||||||||||||
шабындық | шабылатын жайылым | көктем | жаз | күз | қыс | ||||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
Кестенің жалғасы
Контур бойынша есептелген түсімділік: құрғақ массаның гектарына центнерден (алымы), азық бірлігінің гектарына центнерден (бөлгіш) |
Контур бойынша азық қоры құрғақ массаның гектарына центнерден (алымы), | Дақылдық-техникалық жай-күй, дәрілік өсімдіктердің бар-жоғы |
Пайдалану бойынша ұсыныстар, малдың түрі. |
15 | 16 | 17 | 18 |
Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспарға 3-қосымша |
Нысан
Жайылымдық инфрақұрылым объектілері туралы және ауыл шаруашылығы жануарларын айдап өтуге арналған сервитуттар туралы мәліметтер
Р/с № | Жайылымдық инфрақұрылым объектілері | Жұмыс істеп тұрған жайылымдық инфрақұрылым объектілерінің саны, бірлік |
Құрылысты (реконструкцияны) талап ететін, | Ұзындығы, километр | Алаңы, мың шаршы метр |
1. | Суландыру құрылысжайлары (ұңғымалар, құбырлы және шахталы құдықтар, апандар) | ||||
2. | Құрылысжайлар, көпірлер, жолдар | ||||
3. | Мал айдайтын жолдар, малды аялдатуға арналған алаңдар мен суат алаңдары | ||||
4. | Қойларды тоғытуға арналған ыдыстар, қоралар және қоршалған жерлер, жайылымдардың қоршаулары, шарбақтар (оның ішінде электрлі шарбақтар), ауыл шаруашылығы жануарларын қоршап-бөлшектеп жаюға арналған қашалар | ||||
5. | Ауыл шаруашылығы жануарларын ветеринариялық емдеуге арналған өткелектер | ||||
6. | Электр және жылу энергиясымен қамтамасыз етуге арналған құрылысжайлар мен объектілер, жаңартылатын және баламалы энергия көздері пайдаланылатын объектілер | ||||
7. | Сумен жабдықтау объектілері және тіршілікті қамтамасыз етудің басқа да түрлері, персоналдың маусымдық тұруына арналған құрылысжайлар және жайылымдарды күтіп-ұстау мен пайдалану үшін қажетті өзге де мүлік |
Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспарға 4-қосымша |
Нысан
Әкімшілік деректерді жинауға арналған нысан
Ұсынылады: ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне
Әкімшілік деректер нысаны www.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған
Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру дерекқорынан алынған ауыл шаруашылығы жануарлары басының саны
Әкімшілік деректер нысанының индексі: АШЖБҚ-1 нысаны
Кезеңділігі: жылына бір рет
Есепті кезең: 20 ___ жылғы 31 наурыздағы жай-күй бойынша.
Ақпаратты ұсынатын тұлғалар тобы: жергілікті атқарушы органдар құрған ветеринариялық ұйымдар
Әкімшілік деректер нысанын ұсыну мерзімі: жыл сайын, есепті кезеңнен кейінгі 1 сәуірге дейін (қоса алғанда)
1-кесте. Ауыл шаруашылығы жануарларының иелерін көрсете отырып, олардың саны туралы деректер
Р/с № | Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші бойынша кенттің, ауылдың, ауылдық округтің коды | Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің атауы | Иесінің типі |
Иесінің | Жеке тұлғалардың аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғалардың атауы | Мал басының саны, бас | |||
Ірі қара мал | Ұсақ мал | Жылқылар | Түйелер | ||||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
Жиыны: |
2-кесте. Ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер
Р/с№ | Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші бойынша кенттің, ауылдың, ауылдық округтің коды | Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің атауы | Үйірлердің, отарлардың, табындардың саны | ||||||||||
Ірі қара мал | Ұсақ мал | Жылқылар | Түйелер | ||||||||||
бұқалар | сиырлар | қашарлар | бұқашықтар | қойлар және ешкілер | төл (тоқтылар, шыбыштар) | төл (еркек тоқтылар , текешіктер) | айғырлар, биелер | төл | түйелер | төл | |||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 |
Жиыны: |
3- кесте. Шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарлары басының саны туралы мәліметтер
Р/с№ | Әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші бойынша кенттің, ауылдың, ауылдық округтің коды | Кенттің, ауылдың, ауылдық округтің атауы | Мал басының саны, бас | |||||||||
Ірі қара мал | Ұсақ мал | Жылқылар | Түйелер | |||||||||
жеке ауладағы | ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер | жеке ауладағы | ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер | жеке ауладағы | ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер | жеке ауладағы | ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер | |||||
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 | 11 | ||
Жиыны: |
Атауы ____________________________________________________
Мекенжайы ____________________________________________________
Телефоны__________________________________________________________
Электрондық поштасының мекенжайы_________________________________
Басшы немесе оның міндетін атқарушы адам
______________________________________
(электрондық цифрлық қолтаңбасы)
______________________________________
(аты, әкесінің аты (бар болса), тегі))
"Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру дерекқорынан алынған ауыл шаруашылығы жануарлары басының саны" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанға қосымша |
"Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру дерекқорынан (АШЖСД-1) алынған ауыл шаруашылығы жануарлары басының саны" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды толтыру бойынша түсініктеме
1-тарау. Жалпы ережелер
1. Осы түсініктеме "Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру дерекқорынан алынған ауыл шаруашылығы жануарлары басының саны" әкімшілік деректерін жинауға арналған нысанды (бұдан әрі – Нысан) толтыру жөніндегі бірыңғай талаптарды айқындайды.
2. Нысанды жергілікті атқарушы органдар құрған ветеринариялық ұйымдар толтырады.
3. Нысанға басшы не оның міндетін атқарушы адам тегі мен аты-жөнін көрсете отырып, қол қояды.
4. Нысан ауданның (қалалардағы аудандардан басқа), облыстық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органына, аудандық маңызы бар қала, кент, ауыл, ауылдық округ әкіміне ұсынылады.
5. Нысан мемлекеттік және орыс тілдерінде толтырылады.
2-тарау. Нысанды толтыру бойынша түсініктеме
6. 1-кесте. Ауыл шаруашылығы жануарларының иелерін көрсете отырып, олардың саны туралы деректер:
1-кестенің 1-бағанында реттік нөмір көрсетіледі;
2-бағанда әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші бойынша кенттің, ауылдың, ауылдық округтің коды көрсетіледі;
3-бағанда кенттің, ауылдың, ауылдық округтің атауы көрсетіледі;
4-бағанда иесінің типі көрсетіледі;
5-бағанда иесінің бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі көрсетіледі;
6-бағанда жеке тұлғалардың аты, әкесінің аты (бар болса), тегі немесе заңды тұлғалардың атауы көрсетіледі;
7-бағанда ірі қара мал саны көрсетіледі;
8-бағанда ұсақ мал саны көрсетіледі;
9-бағанда жылқылар саны көрсетіледі;
10-бағанда түйелер саны көрсетіледі.
7. 2-кесте. Ауыл шаруашылығы жануарларының түрлері мен жыныстық жас топтары бойынша қалыптастырылған үйірлердің, отарлардың, табындардың саны туралы деректер:
1-бағанда реттік нөмір көрсетіледі;
2-бағанда әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші бойынша кенттің, ауылдың, ауылдық округтің коды көрсетіледі;
3-бағанда кенттің, ауылдың, ауылдық округтің атауы көрсетіледі;
4, 5, 6 және 7-бағандарда ірі қара мал табындарының жыныстық жас топтары бойынша саны көрсетіледі;
8, 9, және 10-бағандарда ұсақ мал отарларының жыныстық жас топтары бойынша саны көрсетіледі;
11, 12-бағандарда жылқы үйірлерінің жыныстық жас топтары бойынша саны көрсетіледі;
13, 14-бағандарда түйелердің жыныстық жас топтары бойынша саны көрсетіледі.
8. 3-кесте. Шалғайдағы жайылымдарда жаю үшін ауыл шаруашылығы жануарлары басының саны туралы мәліметтер:
1-бағанда реттік нөмір көрсетіледі;
2-бағанда әкімшілік-аумақтық объектілердің жіктеуіші бойынша кенттің, ауылдың, ауылдық округтің коды көрсетіледі;
3-бағанда кенттің, ауылдың, ауылдық округтің атауы көрсетіледі;
4-бағанда жеке ауладағы ірі қара мал саны көрсетіледі;
5-бағанда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің ірі қара малдарының саны көрсетіледі;
6-бағанда жеке ауладағы ұсақ мал саны көрсетіледі;
7-бағанда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің ұсақ малдардың саны көрсетіледі;
8-бағанда жеке ауладағы жылқылар саны көрсетіледі;
9-бағанда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің жылқы саны көрсетіледі;
10-бағанда жеке ауладағы түйелердің саны көрсетіледі;
11-бағанда ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің түйелерінің саны көрсетіледі.
Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі үлгілік жоспарға 5-қосымша |
Нысан
Ұсынылатын жайылым айналымдарының схемалары
Жылдар | Учаскелердің нөмірлері | |||
I | II | III | IV | |
бірінші жыл | көктемгі маусым | жазғы маусым | күзгі маусым | демалатын учаске |
екінші жыл | демалатын учаске | көктемгі маусым | жазғы маусым | күзгі маусым |
үшінші жыл | күзгі маусым | демалатын учаске | көктемгі маусым | жазғы маусым |
төртінші жыл | жазғы маусым | күзгі маусым | демалатын учаске | көктемгі маусым |