"Қауымдық сервитут белгілеу туралы" Сүттіқұдық ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 3 шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Сүттіқұдық ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 13 қаңтардағы № 3 шешімі

      Сүттіқұдық ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Қауымдық сервитут белгілеу туралы" Сүттіқұдық ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 30 қаңтардағы № 3 шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген шешімнің орыс тіліндегі "Назначение общественного сервитута о" - деген тақырыбы "Об установлении публичного сервитута" - болып өзгертілсін;

      көрсетілген шешімнің кіріспе бөлігіндегі "ШЕШІМ ЕТЕДІ" - деген сөздер "ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ" - деген сөздермен және орыс тіліндегі кіріспе бөлігіндегі "ПОСТАНОВЛЯЕТ" - деген сөз "РЕШИЛ" - деген сөзбен өзгертілсін;

      көрсетілген шешімнің 1, 2 тармақтары төмендегіше жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. Сүттіқұдық ауылдық округі бойынша қосымшаға сай тұрғын үйлер секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (электр желісі) жүргізілетін 18 көшеге жалпы көлемі – 8,1452 гектар жер учаскесіне 2028 жылдың 26 қаңтарына дейін 5 (бес) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.";

      "2. "Жаңақорған ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын және операция аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіруді жүргізсін.".

      2. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Сүттіқұдық ауылдық округі И. Абуов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады