Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңартылған

Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Сүттіқұдық ауылдық округі әкімінің 2023 жылғы 30 қаңтардағы N 3-Ш шешімі.

      "Қазақстан Республикасының Жер кодексі" Қазақстан Республикасының Кодексінің 17, 69-баптарына, "Қазақстан Республикасынындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және "Жаңақорған ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекеммесінің 2023 жылдың 27 қаңтардағы №02-7/49 қатынас хаты негізінде ауыл әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      Ескерту. Кіріспеге өзгеріс енгізілді - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Сүттіқұдық ауылдық округі әкімінің 13.01.2025 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1. Сүттіқұдық ауылдық округі бойынша қосымшаға сай тұрғын үйлер секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (электр желісі) жүргізілетін 18 көшеге жалпы көлемі – 8,1452 гектар жер учаскесіне 2028 жылдың 26 қаңтарына дейін 5 (бес) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Сүттіқұдық ауылдық округі әкімінің 13.01.2025 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      2. "Жаңақорған ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі жер учаскелерін пайдалану кезінде Қазақстан Республикасының заңнама талаптарын сақтасын және операция аяқталғаннан кейін бүлінген жерлерді қалпына келтіруді жүргізсін.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Қызылорда облысы Жаңақорған ауданы Сүттіқұдық ауылдық округі әкімінің 13.01.2025 № 3 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      3. "Жаңақорған ауданының жер қатынастары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі осы шешімнен туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.

      4. Осы шешім ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Сүттіқұдық ауылдық округі әкімі М. Абдуллаев

  Сүттіқұдық ауылдық округі әкімінің
"30" қаңтар 20203 жылғы
№ 3-Ш шешіміне қосымша

Сүттіқұдық ауылдық округі бойынша тұрғын үйлер секторының инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым құрылысы (электр желісі) жүргізілетін көшелер тізімі

р/с

Көшелер атауы

Ұзындығы

Көлемі

1

Д. Конаев

1371 м

0,5484

2

М. Жандарбеков

938 м

0,3752

3

Қ. Аманжолов

1439 м

0,5756

4

Б. Аралбаев

760 м

0,3040

5

Ы. Алтынсарин

1484 м

0,5936

6

А. Иманов

1459 м

0,5836

7

Ш. Ысқақұлы

707 м

0,2828

8

А. Кұнанбаев

921 м

0,3684

9

Т. Исламов

893 м

0,3572

10

А. Молдағұлова

1235 м

0,4940

11

Ш. Торғаев

661 м

0,2644

12

Ш. Торғаев -2

933 м

0,3732

13

О. Танатаров

2188 м

0,8752

14

М. Маметова

330 м

0,1320

15

С. Қожанов

761 м

0,3044

16

М. Макатаев

1417 м

0,5668

17

С. Сапарбеков

1051 м

0,4204

18

А. Бектібаев

1815 м

0,7260


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады