2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің Ғылым және инновация департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күнінен бастап күнтізбелік бес күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
1. Кәсіптік стандарттың қолданылу саласы:
"Бөгендер мен бөгеттерді салу" кәсіптік стандарты Қазақстан Республикасының "Кәсіптік біліктілік туралы" Заңының 5-бабына сәйкес әзірленген және білім беру бағдарламаларын қалыптастыру, оның ішінде кәсіпорындарда қызметкерлерді оқыту, білім беру ұйымдарының түлектері мен қызметкерлерінің кәсіптік біліктілігін растау және ұйымдар мен кәсіпорындарда персоналды басқару саласында әртүрлі мәселелерді шешу талаптарын белгілейді.
Стандарт өзен арналарында алуан түрлі бөгендер мен бөгеттерді салу кезінде гидротехникалық жұмыстарды тиімді ұйымдастыруды және басқаруды қамтамасыз ету, құрылыс-монтаждау жұмыстары кешенін жүргізу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтау, сондай-ақ, өзендер мен көлдердің арналарында гидротехникалық құрылысжайлардың құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде жоспарлау және басқару үшін кадрларды іріктеу сапасын басқаруда қолданылады.
2. Осы кәсіптік стандартта мынадай терминдер мен анықтамалар қолданылады:
1) білім – кәсіптік міндет шеңберінде іс-әрекеттерді орындау үшін қажетті зерделенген және меңгерілген ақпарат;
3) бөгет – судың деңгейін көтеру және (немесе) су қоймасын жасау үшін ағын судағы тежеуiш гидротехникалық құрылысжайлар;
4) гидротехникалық құрылысжайлар – су ресурстарын басқару, су пайдаланушыларға су беру, сумен жабдықтау және су бұру, судың зиянды әсерінің алдын алу үшін пайдаланылатын инженерлік құрылыстар;
5) дағды – кәсіптік міндетті толығымен орындауға мүмкіндік беретін білім мен машықты қолдану қабілеті;
6) кәсіптік стандарт – формалды және (немесе) формалды емес және (немесе) информалды білім беру ескеріле отырып, білімге, машыққа, дағдыға, жұмыс тәжірибесіне, біліктілік деңгейі мен құзыреттілікке, кәсіптік қызметтің нақты бір саласындағы еңбек мазмұнына, сапасына және жағдайларына қойылатын жалпы талаптарды белгілейтін жазбаша ресми құжат;
7) көпфакторлы зерттеп-қарау – судың зиянды әсерінің алдын алу мақсатында гидротехникалық құрылысжайлар мен негізгі жабдықтың техникалық жай-күйін бағалау, көзбен қарап-тексеру әдісімен және инженерлік (геодезиялық, геофизикалық, геотехникалық, гидрографиялық және басқа да) зерттеулер кешенін жүргізу арқылы олардың элементтерінің қалған ресурсын айқындау;
8) құзырет – еңбек функциясын құрайтын бір немесе бірнеше кәсіптік міндетті орындауға мүмкіндік беретін дағдыны қолдану қабілеті;
9) машық – кәсіптік міндет шеңберінде жекелеген бірлі-жарым іс-әрекетті физикалық тұрғыдан және (немесе) ақыл-оймен орындау қабілеті;
10) нормативтік құқықтық акт – республикалық референдумда қабылданған не уәкілетті орган қабылдаған, құқық нормаларын белгілейтін, олардың қолданылуын өзгертетін, толықтыратын, тоқтататын немесе тоқтата тұратын, белгіленген нысандағы жазбаша ресми құжат.
3. Осы кәсіптік стандартта мынадай қысқартулар қолданылады:
2) БТБА – Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы;
6) ГТҚ – гидротехникалық құрылысжайлар.
4. Кәсіптік стандарттың атауы: "Бөгендер мен бөгеттерді салу".
5. Кәсіптік стандарт коды: A01.61.2.E36.00.0.F41.10.0.42.91.0.43.12.1.
6. ЭҚЖМЖ сәйкес секцияны, бөлімді, топты, сыныпты және кіші сыныпты көрсету:
F. Құрылыс.
42. Азаматтық құрылыс.
42.9. Басқа инженерлік құрылыстарды салу.
42.91. Су құрылыстарын салу.
42.91.0. Су құрылыстарын салу.
43. Мамандандырылған құрылыс жұмыстары.
43.1. Ғимараттар мен құрылыстарды салу, құрылыс учаскесін дайындау.
43.12. Құрылыс учаскесін дайындау.
43.12.1. Жер жұмыстары.
43.12.2. Жарылыс жұмыстары.
43.13. Барлау мақсатымен бұрғылау.
43.13.0. Барлау мақсатымен бұрғылау.
43.2 Электр, су құбыры және басқа жабдықтарды монтаждау және орнату.
43.29. Басқа құрылыс-монтаж жұмыстары.
43.29.8. Басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де құрылыс-монтаж жұмыстары.
7. Кәсіптік стандарттың қысқаша сипаттамасы: стандартта бөгендер мен бөгеттерді салу кезінде гидротехникалық жұмыстарды өндірумен, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етумен, сондай-ақ су тораптарын салу кезінде құрылысты ұйымдастыру, жоспарлау және басқарумен айналысатын қызметкерлер мамандықтар сипаттамасы.
8. Карточкаларының тізімі:
"Машинист (жалпы құрылыс жұмыстары)" кәсібінің карточкасы:
|
Топ коды:
|
8342-1
|
Кәсіп атауының коды:
|
8342-1-001
|
Кәсіптің атауы:
|
Машинист (жалпы құрылыс жұмыстары)
|
СБШ бойынша біліктілік деңгейі:
|
3
|
БТБА, КС, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:
|
"Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (3-шығарылым) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 388 бұйрығы. (нормативтік құқықтық актлердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 19169 тіркелді).
212-параграф. Машинист (Жалпы құрылыс машиналары)
|
Кәсіптік білім деңгейі:
|
Білімі деңгейі:
Техникалық және Кәсіптік білім қажет.
|
Мамандығы:
Жүк көтеру көліктері мен транспортер.
|
Біліктілігі:
Кран машинисі
|
Информалды және формалды емес біліммен байланыс
|
-
|
Кәсіптердің басқа мүмкін атаулары:
|
8342-1-002 Автогрейдер машинисі
8342-1-004 Жер қазғыш машинаның машинисі
8342-1-005 Өздігінен жүрмейтін жерсорғыш жүзбелі снаряд машинисі
8342-1-007 Жылтыр табанды нығыздағыш машинисі
8341-9-002 Гидромониторлы-эжекторлы жүзбелі өздігінен жүрмейтін снаряд машинисі
8342-1-010 Жерсорғыш жүзбелі өздігінен жүрмейтін снарядты қондырғының және грунтты сорғы жабдығының машинисі
8342-1-012 Скерепер машинисі (құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары)
8342-1-014 Грунтты басу және көлденең бұрғылау қондырғысының машинисі
8342-3-001 Машинист (топырақты суда тасымалдау мен суасты қазу машинасының)
8342-3-002 Жер қарпу машинасы операторы
|
Қызметтің негізгі мақсаты:
|
Бөгендер мен бөгеттердің құрылысы кезінде топырақты қазу, тасымалдау және төсеу үшін әртүрлі типтегі машиналарды басқару (механикалық тәсілмен топырақ үймелеу, гидромеханизация құралдарымен шаю және бағытталған жарылысты пайдаланып үймелеу).
|
Еңбек функцияларының тізбесі:
|
Міндетті еңбек функциялары:
|
Бөгендер мен бөгеттерді салу кезінде топырақты тасымалдау мен төсеуді орындау.
|
Қосымша еңбек функциялары:
|
-
|
Еңбек функцияларының сипаттамасы
|
Еңбек функциясы 1:
Бөгендер мен бөгеттерді салу кезінде топырақты тасымалдау мен төсеуді орындау.
|
Дағды 1:
Әр түрлі типтегі машиналарды басқару және қызмет көрсету, жүйелер мен тораптардың дұрыстығын тексеру.
|
Машық:
|
1. Құрылыс, монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындау кезіндегі әртүрлі типті және нысандағы машиналар мен механизмдерді басқару.
2. Машиналарға жанар және жағармай құю.
3. Машиналардың жұмыс механизмдерін берілген жұмыс режиміне реттеу.
4. Машина механизмдеріне техникалық қызмет көрсету.
5. Олардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.
6. Қызмет көрсетілетін жабдықтарды алдын ала жөндеу және басқа да жөндеу түрлеріне қатысу.
7. Машиналарды басқару кезінде:
3-разряд:
1) шағын механикаландыру құралдары: қорыту көлемі 425 литрге дейін жылжымалы бетон араластырғыштар, көтергіштер мен шахталық, ерітінді сорғылары, қорыту көлемі 325 литрге дейін жылжымалы ерітінді жеткізгіштер, электр шығырлар;
2) қозғалтқышының ішкі жану қуаты 37 киловатқа (50 ат күші) дейін жылжымалы электрмен пісіру агрегаттары;
4-разряд:
3) автомұнаралар мен көтеру биіктігі 15 метрге дейін автогидрокөтергіштер;
4) өнімділігі бір минуттың ішінде 3 текше метрге дейін автокомпрессорлар;
5) ауасыз жоғары қысымды шаңдату агрегаттары;
6) өнімділігі бір минуттың ішінде 10 шаршы метрге дейін жылжымалы компрессорлар;
7) жүк көтерімділігі 6,3 тоннаға дейін автомобиль крандары;
8) стационарлық жағдайларда газ-мұнай өнімдері құбырларын оқшаулауға арналған машиналар;
9) шағын механикаландыру құралдары: өнімділігі бір сағаттың ішінде 20 шаршы метрге дейін бетон сорғы қондырғылары, қорыту көлемі 425-тен жоғары 1200 литрге дейін жылжымалы бетон араластырғыштар, сырлау мен жылжымалы сылақ стансалары, жүк-жолаушы көтергіштер, қорыту көлемі 325-тен жоғары 750 литрге дейін жылжымалы ерітінді араластырғыштар;
10) диаметрі 1200 миллиметрге дейін құбырларды майыстыруға арналған жылжымалы құбыригіш қондырғылар;
11) жоғары және төмен қысым қондырғылары – қуаты 43 киловатқа (60 ат күшіне) дейін бар қондырғылары;
12) қозғалтқышының ішкі жану қуаты 37-ден жоғары 73 киловатқа (50-ден жағры 100 ат күшіне) дейін жылжымалы электрмен пісіру агрегаттары;
13) қозғалтқышының қуаты 37 киловатқа (50 ат күшіге) дейін жылжымалы электр стансалары;
5-разряд:
14) өнімділігі бір сағаттың ішінде 40 шаршы метрге дейін автобетон сорғылары;
15) автомұнаралар мен көтеру биіктігі 5-тен 25 метрге дейін автогидрокөтергіштер;
16) автогудронаторлар;
17) өнімділігі бір минуттың ішінде 3 шаршы метрден жоғары автокомпрессорлар;
18) бұрғылау тереңдігі 6 метрге дейін бұрғылау және өздігінен жүретін бұрғылау-кран машиналары; автоямобурлар;
19) өздігінен жүретін гидросепкіштер;
20) жерқазу-фрезер машиналары – дренаж машиналары;
21) сүңгуірлерге ауа беруге арналған компрессорлар;
22) өнімділігі бір минуттың ішінде 10-нан жоғары 50 шаршы метрге дейін автокомпрессорлар;
23) коперлер (қарапайым құрлықтық);
24) жүк көтерімділігі 6,3-тен 10 тоннаға дейін автомобиль крандары (ерекше);
25) трасса жағдайларында диаметрі 800 миллиметрге дейін (ерекше) газ-мұнай өнімдері құбырларын оқшаулауға арналған машиналар;
26) күрделі арматура құрылыстарын дайындауға арналған механикаландырылған тартпалы құралдары;
27) жылжымалы (сырғығыш) қораманы көтеру жөніндегі механикаландырылған жабдық;
28) шағын механикаландыру құралдары: өнімділігі бір сағаттың ішінде 20 шаршы метрден жоғары бетон сорғы қондырғылары, қорыту көлемі 1200-ден жоғары 2400 литрге дейін жылжымалы бетон араластырғыштар;
29) диаметрі 1200 миллиметрден жоғары құбырларды майыстыруға арналған жылжымалы құбыригіш қондырғылар.
30) қозғалтқышының қуаты 73 киловатқа (100 ат күшіне) дейін құбыр тазалау машиналары;
31) қозғалтқышының қуаты 73 киловатқа (100 ат күшіне) дейін құбыр төсегіштер;
32) нығыздаушы және планировкалаушы-нығыздаушы машиналар;
33) жоғары және төмен қысым қондырғылары: қуаты 43-тен жоғары 73 киловатқа дейін (60-тан жоғары 100 ат күшіне дейін) трактордағы бар қондырғылары;
34) өнімділігі бір сағаттың ішінде 60 шаршы метрге дейін бетон қоспаларын дайындайтын үздіксіз жұмыс істейтін жылжымалы автоматтандырылған қондырғылар;
35) қозғалтқышының ішкі жану қуаты 73-тен жоғары 110 киловатқа (100-ден жоғары 150 ат күшіге) дейін жылжымалы электрмен пісіру агрегаттары;
36) қозғалтқышының қуаты 37-ден жоғары және 110 киловатқа (50-ден жоғары 150 ат күшіне) дейін жылжымалы электр стансалары.
|
Білімі:
|
1. Қызмет көрсетілетін машиналар мен механизмдердің құрылысы мен техникалық сипаттамасы.
2. Оларды пайдалану, техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жүргізу жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтар.
3. Жүріп келе жатқан машинамен жұмыс істеу кезінде жол қозғалысы ережесі.
4. Дабылдатқышты орнату, жұмыс өндірісі ережесі.
5. Жанар-жағармай және электр энергиясын жұмсау нормалары.
6. Машиналар мен механизмдердің желілерін майлаудың схемасы мен кезеңділігі.
7. Орындалатын жұмыс сапасына қойылатын талаптар.
8. Құрылысшы, машинистен бір разряд төмен тарифтелетін слесарьға көзделген көлемдегі слесарьлық іс.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:
|
-
|
СБШ шеңберіндегі басқа кәсіптермен байланыс:
|
СБШ деңгейі:
|
Мамандық атауы:
|
4
|
Машинист (жалпы құрылыс жұмыстары)
|
"Машинист (жалпы құрылыс жұмыстары)" мамандығының карточкасы:
|
Топ коды:
|
8342-1
|
Кәсіп атауының коды:
|
8342-1-001
|
Кәсіптің атауы:
|
"Машинист (жалпы құрылыс жұмыстары)"
|
СБШ бойынша біліктілік деңгейі:
|
4
|
БТБА, КС, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:
|
"Жұмыстар мен жұмысшы кәсіптерінің бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (3-шығарылым) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 388 бұйрығы (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуіндегі тізбесінде № 19169 болып тіркелген)
212-параграф. Машинист (Жалпы құрылыс машиналары)
|
Кәсіптік білім деңгейі:
|
Білімі деңгейі:
Техникалық және кәсіптік білім.
|
Мамандық:
жүк көтеру көліктері мен транспортерлер.
|
Біліктілік:
Техник-механик
|
Информалды және формалды емес біліммен байланыс
|
-
|
Кәсіптердің басқа мүмкін атаулары:
|
8342-1-002 Автогрейдер машинисі
8342-1-004 Жер қазғыш машинаның машинисі
8342-1-005 Өздігінен жүрмейтін жерсорғыш жүзбелі снаряд машинисі
8342-1-007 Жылтыр табанды нығыздағыш машинисі
8341-9-002 Гидромониторлы-эжекторлы жүзбелі өздігінен жүрмейтін снаряд машинисі
8342-1-010 Жерсорғыш жүзбелі өздігінен жүрмейтін снарядты қондырғының және грунтты сорғы жабдығының машинисі
8342-1-012 Скерепер машинисі (құрылыс, монтаждау және жөндеу-құрылыс жұмыстары)
8342-1-014 Грунтты басу және көлденең бұрғылау қондырғысының машинисі
8342-3-001 Машинист (топырақты суда тасымалдау мен суасты қазу машинасының)
8342-3-002 Жер қарпу машинасы операторы
|
Қызметтің негізгі мақсаты:
|
Бөгендер мен бөгеттердің құрылысы кезінде топырақты қазу, тасымалдау және төсеу үшін әртүрлі типтегі машиналарды басқару (механикалық тәсілмен топрыақ үйінділеу, гидромеханизация құралдарымен шаю және бағытталған жарылысты пайдаланып үймелеу).
|
Еңбек функцияларының тізбесі:
|
Міндетті еңбек функциялары:
|
1. Бөгендер мен бөгеттерді салу кезінде топырақты тасымалдау мен төсеуді орындау.
2. Кәсіпорын жобалары бойынша жұмыстарды орындау.
|
Қосымша еңбек функциялары:
|
Ұсынылмайды
|
Еңбек функцияларының сипаттамасы
|
Еңбек функциясы 1:
Бөгендер мен бөгеттерді салу кезінде топырақты тасымалдау мен төсеуді орындау.
|
Дағды 1:
Әр түрлі типтегі машиналарды басқару және қызмет көрсету, жүйелер мен тораптардың дұрыстығын тексеру.
|
Машық:
|
1. Құрылыс, монтаж және жөндеу-құрылыс жұмыстарын орындау кезіндегі әртүрлі типті және нысандағы машиналар мен механизмдерді басқару.
2. Машиналарға жанар және жағармай құю.
3.Машиналардың жұмыс механизмдерін берілген жұмыс режиміне реттеу.
4. Машина механизмдеріне техникалық қызмет көрсету.
5. Олардың жұмысындағы ақауларды анықтау және жою.
6. Қызмет көрсетілетін жабдықтарды алдын ала жөндеу және басқа да жөндеу түрлеріне қатысу.
7. Машиналарды басқару кезінде:
6-разряд:
1) өнімділігі бір сағаттың ішінде 40-тан жоғары 60 шаршы метрге дейін автобетон сорғылары;
2) автомұнаралар мен көтеру биіктігі 25-тен жоғары 35 метрге дейін автогидрокөтергіштер;
3) битум ерітетін жылжымалы қондырғылар;
4) бұрғылау тереңдігі 6 метрден жоғары бұрғылау және өздігінен жүретін бұрғылау-кран машиналары;
5) өздігінен жүретін жерқазғыш-фрезер машиналары;
6) өнімділігі бір минуттың ішінде 50-ден жоғары 70 шаршы метрге дейін автокомпрессорлар;
7) магистралды газ-мұнай өнімдері құбырларын пісіруге арналған контактылы-пісіру қондырғылары;
8) универсалды коперлер, кран-коперлер, өздігінен жүрмейтін жүзбелі коперлер;
9) жүк көтерімділігі 10-нан жоғары 20 тоннаға дейін автомобиль крандары;
10) трасса жағдайларында диаметрі 800-ден 1000 миллиметрге дейін газ-мұнай өнімдері құбырларын оқшаулауға арналған машиналар (ерекше);
11) қозғалтқышының қуаты 73 киловаттан (100 ат күшінен) жоғары құбыр тазалау машиналары;
12) қозғалтқышының қуаты 73-тен жоғары 100 киловатқа (100-ден жоғары 140 ат күшіне) дейінгі құбыр төсегіштер;
13) жоғары және төмен қысым қондырғылары қуаты 73 киловаттан (100 ат күшінен) жоғары трактордағы бар қондырғылары;
14) өнімділігі бір сағат ішінде 80 шаршы метрге дейін бетон қоспаларын дайындайтын үздіксіз жұмыс істейтін жылжымалы автоматтандырылған қондырғылар;
15) бұрғылау диаметрі 500 миллиметрге дейін су құбырларын төсеу кезінде топырақты нығыздау және бойлық бұрғылау жөніндегі қондырғылар;
16) қозғалтқышының ішкі жану қуаты 110 киловаттан (150 ат күшінен) жоғары жылжымалы электрмен пісіру агрегаттары;
17) қозғалтқышының қуаты 110-нан жоғары және 175 киловатқа (150-ден жоғары 240 ат күшіне) дейін жылжымалы электр стансалары;
7-разряд:
18) өнімділігі бір сағат ішінде 60-тан жоғары 180 шаршы метрге дейін автобетон сорғылары;
19) автомұнаралар мен көтеру биіктігі 35 метрден асатын автогидрокөтергіштер;
20) бұрғылау диаметрі 400-ден жоғары 1200 миллиметрге дейін бұрғылау және өздігінен жүретін қозғалтқышының қуаты 100-180 ат күшіне тең бұрғылау-кран машиналары;
21) өнімділігі бір минуттың ішінде 70 шаршы метрден жоғары компрессорлар.
22) коперлер (өздігінен жүретін қондырғылар);
23) жүк көтерімділігі 20-дан жоғары 40 тоннаға дейін автомобиль крандары;
24) трасса жағдайларында диаметрі 1000-ден 1200 миллиметрге дейін газ-мұнай өнімдері құбырларын оқшаулауға арналған машиналар (ерекше);
25) қозғалтқышының қуаты 100-ден жоғары 145 киловатқа (140-тан жоғары 200 ат күшіне) дейін құбыр төсегіштер;
26) өнімділігі бір сағат ішінде 80-нен жоғары 120 шаршы метрге дейін (ерекше) бетон және топырақ қоспаларын дайындайтын үздіксіз жұмыс істейтін жылжымалы автоматтандырылған қондырғылар;
27) бұрғылау диаметрі 500-ден жоғары 1000 миллиметрге дейін су құбырларын төсеу кезінде топырақты нығыздау және бойлық бұрғылау қондырғылары;
28) қозғалтқышының қуаты 175 киловаттан (240 ат күшінен) жоғары жылжымалы электр стансалары;
8-разряд:
29) өнімділігі бір сағаттың ішіндегі 180 шаршы метрден дейін автобетон сорғылары;
30) жүк көтерімділігі 40-тан жоғары 60 тоннаға дейін автомобиль крандары;
31) трасса жағдайларында 1200 миллиметр және одан жоғары газ-мұнай өнімдері құбырларын оқшаулауға арналған машиналар;
32) қозғалтқышының қуаты 145-тен жоғары 220 киловатқа (200-ден жоғары 300 ат күшіне) дейін құбыр төсегіштер (ерекше);
33) өнімділігі бір сағаттың ішінде 120 шаршы метр бетон қоспаларын дайындайтын үздіксіз жұмыс істейтін жылжымалы автоматтандырылған қондырғылар;
34) бұрғылау диаметрі 1000 миллиметрден жоғары су құбырларын төсеу кезінде топырақты нығыздау және бойлық бұрғылау жөніндегі қондырғылар.
|
Білімі:
|
1. Қызмет көрсетілетін машиналар мен механизмдердің құрылысы мен техникалық сипаттамасы.
2. Оларды пайдалану, техникалық қызмет көрсету және ағымдағы жөндеу жүргізу жөніндегі ережелер мен нұсқаулықтар.
3. Автожолда машиналармен, белгіленген дабылмен жұмыс істеу кезіндегі жол қозғалысы және дабылдатқышты орнату, ережесі.
4. Жұмыс өндірісі ережесі.
5. Жанар-жағармай және электр энергиясын жұмсау нормалары.
6. Машиналар мен механизмдер желілерін майлаудың схемасы мен кезеңділігі.
7. Орындалатын жұмыс сапасына қойылатын техникалық талаптар.
8. Құрылысшы, машинистен бір разряд төмен тарифтелетін слесарьға көзделген ауқымдағы слесарьлық іс.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Еңбек функциясы 2:
Кәсіпорын жобалары бойынша жұмыстарды орындау.
|
Дағды 1:
Кәсіпорынның ішкі құжаттарын талдау.
|
Машық:
|
1. Кәсіпорын басшысының өз қызметіне қатысты шешімдері жобасымен танысу.
2. Технологиялық құралдар мен саймандарды қолдану ережелерін сақтау.
3. Жұмысты қауіпсіз орындау бойынша тәсілдерді игеру.
4. Қызмет барысында анықталған жұмыстағы кемшіліктер туралы басшылықты хабардар ету.
5. Қызметтік нұсқамаларды, құжаттарды зерттеу.
6. Жұмыс орнының дайындығын, жұмысшылардың ауысым өткізу-қабылдау, құралдардың дұрыстығын, жеке қорғау заттарының дайындығы бойынша жұмыстарды ұйымдастырыу.
7. Жұмыс барысында пайдаланатын эскиздер мен сызбаларды оқи білу.
8. Жұмыс орнында еңбекті ұтымды жүргізу.
9. Улану, кенет ауырып қалу, жарақат алу кездерде алғашқы көмек көрсету.
10. Ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтау.
|
Білімі:
|
1. Топырықты тасымалдау мен су астында дайындау бойынша негізгі және қосалқы құралдардың жұмыс істеу қағидаттары мен құрылысы.
2. Қызмет көрсететін құралдардың құрылысы мен ұстау ережелері.
3. Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы.
4. Ұйымның жарғысы.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:
|
-
|
СБШ шеңберіндегі басқа кәсіптер мен байланыс:
|
СБШ деңгейі
|
Кәсіптің атауы:
|
3
|
Машинист (Жалпы құрылыс машиналары)
|
СБШ деңгейі
|
Кәсіптің атауы:
|
5
|
Техник-гидротехник
|
"Гидроагрегаттар машинисі" кәсібінің карточкасы:
|
Топ коды:
|
8186-0
|
Кәсіп атауының коды:
|
8186-0-014
|
Кәсіптің атауы:
|
Гидроагрегаттар машинисі
|
СБШ бойынша біліктілік деңгейі:
|
2
|
БТБА, КС, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:
|
"Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (9-шығарылым) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 149 бұйрығы (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуіндегі тізбесінде № 22707 болып тіркелген)
Параграф 12, Гидроагрегаттар машинисі, 3 разряд.
|
Кәсіптік білім деңгейі:
|
Білім деңгейі:
негізгі орта білім
|
Информалды және формалды емес біліммен байланыс
|
-
|
Кәсіптердің басқа мүмкін атаулары:
|
8186-0-029 Турбиналық жабдық машинисі
8186-0-048-ГЭС операторы
|
Қызметтің негізгі мақсаты:
|
Гидроагрегаттарға пайдалану қызметін және олардың сенімді және үнемді жұмысын қамтамасыз ету.
|
Еңбек функцияларының тізбесі:
|
Міндетті еңбек функциялары:
|
Гидроагрегаттарды пайдалану қызметін басқару және қамтамасыз ету.
|
Қосымша еңбек функциялары:
|
-
|
Еңбек функцияларының сипаттамасы
|
Еңбек функциясы 1:
Гидроагрегаттарды пайдалану қызметін басқару және қамтамасыз ету.
|
Дағды 1:
Гидроагрегатты басқару операцияларын орындау.
|
Машық:
|
1. 10 мың киловатқа дейін қуатты бірліктегі гидроагрегаттардың жұмыс режимін жүргізу.
2. Гидроагрегаттарды пайдалануға беру қызметін көрсету және оларды сенімді және үнемді жұмысын қамтамасыз ету.
3. Гидроагрегаттардың электр схемаларында жабдықты іске қосу, тоқтату, сынамалау және қайта қосу.
4. Өлшеу құралдары көрсеткіштерін, жылдамдық реттегіштер және май ағыны құрылғыларының жұмысын бақылау.
5. Негізгі және қосалқы жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау.
6. Апатты жағдайларды жоюды жүргізу.
7. Гидроагрегаттардың жұмыс режимін жүргізу кезінде қуаттылық бірлігі:
1) 10-нан жоғары 25 мың киловатқа дейін - 4-разряд;
2) 25-тен жоғары 100 мың киловатқа дейін - 5-разряд;
3) 100-ден жоғары 250 мың киловатқа дейін - 6-разряд.
|
Білімі:
|
1. Гидроагрегаттар мен қосалқы жабдықтардың құрылғысы, жұмыс істеу қағидалары мен техникалық сипаттамалары.
2. Жылдамдық реттегіштерінің, май қысымды қондырғылардың, өлшеу құралдарының, гидроагрегаттарды қорғау және сигнализацияның жұмыс істеу қағидаты.
3. Параметрлердің шекті ауытқулары.
4. Гидроагрегаттар жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткіштері.
5. Гидравлика, электр техникасы және механика негіздері.
6. Ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:
|
-
|
СБШ шеңберіндегі басқа кәсіптермен байланыс:
|
СБШ деңгейі:
|
Мамандық атауы:
|
3
|
Гидроагрегаттар машинисі
|
"Гидроагрегаттар машинисі" кәсібінің карточкасы:
|
Топ коды:
|
8186-0
|
Кәсіп атауының коды:
|
8186-0-014
|
Кәсіптің атауы:
|
Гидроагрегаттар машинисі
|
СБШ бойынша біліктілік деңгейі:
|
3
|
БТБА, КС, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:
|
"Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (9-шығарылым) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 30 сәуірдегі № 149 бұйрығы (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуіндегі тізбесінде № 22707 болып тіркелген)
гидроагрегаттар машинисі, 3 разряд.
|
Кәсіптік білім деңгейі:
|
Білім деңгейі:
Техникалық және мамандырылыған білім
|
Мамандық:
|
Біліктілік:
|
Информалды және формалды емес біліммен байланыс
|
-
|
Кәсіптердің басқа мүмкін атаулары:
|
8186-0-029 Турбиналық жабдық машинисі
8186-0-048-ГЭС операторы
|
Қызметтің негізгі мақсаты:
|
Гидроагрегаттарды пайдалану қызметі және олардың сенімді және үнемді жұмысын қамтамасыз ету.
|
Еңбек функцияларының тізбесі:
|
Міндетті еңбек функциялары:
|
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде гидроагрегаттарды басқару.
|
Қосымша еңбек функциялары:
|
|
Еңбек функцияларының сипаттамасы
|
Еңбек функциясы 1:
Құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу кезінде гидроагрегатты басқару.
|
Дағды 1:
Гидроагрегатты техникалық күтіп ұстау және жұмысын бақылау.
|
Машық:
|
1. 10 мың киловатқа дейін қуатты бірліктегі гидроагрегаттардың жұмыс режимін жүргізу.
2. Гидроагрегаттарды пайдалануға беру қызметін көрсету және оларды сенімді және үнемді жұмыспен қамтамасыз ету.
3. Гидроагрегаттардың электр схемаларында жабдықты іске қосу, тоқтату, сынау және қайта қосу.
4. Өлшеу құралдары көрсеткіштерін, жылдамдық реттегіштер және май ағыны құрылғыларының жұмысын бақылау.
5. Негізгі және қосалқы жабдықтың жұмысындағы ақаулықтарды анықтау.
6. Апатты жағдайларды жою.
7. Гидроагрегаттардың жұмыс режимін жүргізу кезінде қуаттылық бірлігі:
1) 250-ден жоғары 500 мың киловатқа дейін - 7-разряд;
2) 500 киловаттан жоғары - 8-разряд.
|
Білімі:
|
1. Гидроагрегаттар мен қосалқы жабдықтардың құрылғысы, жұмыс істеу қағидалары мен техникалық сипаттамалары.
2. Жылдамдық реттегіштерінің, май қысымды қондырғылардың, өлшеу құралдарының, гидроагрегаттарды қорғау және сигнализацияның жұмыс істеу қағидасы.
3. Параметрлердің шекті ауытқулары.
4. Гидроагрегаттар жұмысының техникалық-экономикалық көрсеткіштері.
5. Гидравлика, электр техникасы және механика негіздері.
6. Ішкі еңбек тәртібі, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария тәртібі, өрт қауіпсіздігінің талаптары.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:
|
-
|
СБШ шеңберіндегі басқа кәсіптермен байланыс:
|
СБШ деңгейі:
|
Мамандық атауы:
|
5
|
Техник-гидротехник
|
"Гидроагрегаттарды монтаждаушы" кәсібінің карточкасы
|
Топ коды:
|
8211-7
|
Кәсіп атауының коды:
|
8211-7-001
|
Кәсіптің атауы:
|
Гидроагрегаттарды монтаждаушы
|
СБШ бойынша біліктілік деңгейі:
|
2
|
БТБА, КС, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:
|
"Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (3-шығарылым) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 388 бұйрығы (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуіндегі тізбесінде № 19169 болып тіркелген)
Гидроагрегаттарды монтаждаушы, 78 - параграф, 3- разряд.
Гидроагрегаттарды монтаждаушы, 79 - параграф, 4- разряд.
Гидроагрегаттарды монтаждаушы, 80 - параграф, 5- разряд.
|
Кәсіптік білім деңгейі:
|
Білім деңгейі:
Негізгі орта білім.
|
Информалды және формалды емес біліммен байланыс
|
-
|
Кәсіптердің басқа мүмкін атаулары:
|
8211-7-005 гидротехникалық құрылысжайлардың механикалық жабдықтарын монтаждаушы.
8211-7-026 технологиялық жабдықты және онымен байланысты конструкцияларды монтаждаушы.
|
Қызметтің негізгі мақсаты:
|
Топырақ бөгетінің денесінде су өткізу құрылыстарының металл конструкцияларын және гидроагрегаттар жабдықтарын монтаждау, реттеу және баптау.
|
Еңбек функцияларының тізбесі:
|
Міндетті еңбек функциялары:
|
ГТҚ және гидроагрегаттардың механикалық жабдықтарын монтаждау бойынша дайындық жұмыстарын жүзеге асыру.
|
Қосымша еңбек функциялары:
|
-
|
Еңбек функцияларының сипаттамасы
|
1-еңбек функциясы:
ГТҚ және гидроагрегаттардың механикалық жабдықтарын монтаждау бойынша дайындық жұмыстарын жүзеге асыру
|
Дағды 1:
Жабдықтар мен бөлшектерді ашу бойынша жұмыстарды орындау
|
Машық:
|
3 разряд
1. Жабдықты бумадан және консервациядан шығару.
2. Шаблон бойынша бөлшектерді белгілеп қою.
3. Кілтпен және қол бұрғымен саңылаулар бұрғылау.
4. Бұрандамалық және ернемек жалғауларын жинақтау.
5. Бұранданы қолмен кесу.
6. Астарлар мен аралық төсемдер әзірлеу.
7. Металл құрылыстарын түзету.
8. Түйіспелерді монтаждық бұрандалармен бекіту.
4 разряд
9. Күрделілігі орта деңгейлі жабдықтардың бөлшектері мен тораптарын техникалық тексеруге қатысу.
10. Іргетас болттарын және анкерлік плиталарды, желдеткіш келте құбырларын және генераторлардың торларын орнатуды жүзеге асыру.
11. Дренаж құрылғыларын, баспалдақтарды, қорғағыш қаптамаларын, турбиналардың қоршауларын монтаждауды орнату.
12. Ротор жиегін қысу.
13. Барлық түрдегі белгілерге бандаждар салуға қатысу.
14. Турбинаның бағыттаушы аппаратының вакуумды суыру клапанын, қалақшаларын, подшипниктерін, тұтқаларын және сақиналарын, жұмысшы дөңгелекті асуға арналған консолдерді, өрт сөндіру жүйесін және генератордың ауа ажыратқыш қалқандарын орнату.
15. Статор мен роторда қалайылаудан кейінгі түйіспе орындарын тазарту.
16. Статордың ықтарына оқшаулау аратөсемдер мен қадалар орнату.
17. Қоздыру жүйесінің щеткалық аппаратын орнату.
18. Жабдықтар тораптарының жиектерін дәнекерлеуге дайындау.
19. Жабдық беттерін және пісірілген жерлерді тегістеу.
20. Пісірілген жік жерлерінің ақаулықтарын анықтау.
5- разряд
21. Монтаждалатын жабдықтың күрделі бөлшектері мен тораптарын техникалық тексеру.
22. Реттегіш сақинаны монтаждау.
23. Саңылауларды реттей отырып, бағыттаушы аппараттың қалақшаларын асу.
24. Май сорғыштары бар реттеу жүйесінің май қысымды қондырғысын монтаждау.
25. Комбинатордың және регулятордың кері байланыстарын жинақтау.
26. Генератордың, май салқындатқыштардың және ауа салқындатқыштардың тежеу жүйесін монтаждау.
27. Подпятниктің майлы ванналарын жинақтау.
28. Тік сорғылардың жұмыс дөңгелегін жинақтау.
29. Орамалардың түйіспе орындарын оқшаулау және оларды лакпен сырлау.
30. Ротор мен статордың фазалық қосқыш құрылғыларының түйіспелерін қалайылау.
31. Қосалқы жабдықты монтаждау.
|
Білімі:
|
3-разряд
1. Жабдықты бумадан босату және оны консервациядан шығару.
2. Қолданылатын материалдар сортаменті.
3. Күрделі емес монтаждық жұмыстарды орындау.
4. Қарапайым такелаждық құралдардың құрылғысы және оларды қолдану ережесі.
4-разряд
5. Монтаждалатын жабдықтың құрылғысы және оны монтаждау технологиясы.
6. Монтаждалатын жабдық астына фундаменттердің мөлшерлерін тексеру тәсілдері.
7. Монтаждалған жабдықты салыстырып тексерудіңқарпайым тәсілдері.
8. Жабдықты ілмектеу және орнын ауыстыру тәсілдері.
9. Механикаландырылған аспапты және такелаждық жабдықты қолдану ережесі.
5-разряд
10. Монтаждық осьтерді белгілеу, орнату және орнын ауыстыру тәсілдері.
11. Монтаждауға арналған фундаментті және жабдықты орнату орындарын тексеру және қабылдау ережесі.
12. Монтаждалатын жабдықты теңгерімдеу, центрлеу, тексеру және реттеу тәсілдері.
13. Майлау жүйесінің құрылымы және қолданылу қағидаты.
14. Агрегаттарды монтаждауға қойылатын техникалық талаптар және белгіленген рұқсатнамалар.
15. Күрделі жабдықты пайдалануға қосу ережесі.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:
|
-
|
СБШ шеңберіндегі басқа кәсіптермен байланыс:
|
СБШ деңгейі:
|
Мамандық атауы:
|
4
|
Гидроагрегаттарды монтаждаушы
|
"Гидроагрегаттарды монтаждаушы" кәсібінің карточкасы:
|
Топ коды:
|
8211-7
|
Кәсіп атауының коды:
|
8211-7-001
|
Кәсіптің атауы:
|
Гидроагрегаттарды монтаждаушы
|
СБШ бойынша біліктілік деңгейі:
|
3
|
БТБА, КС, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:
|
"Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсіптерінің Бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығын (3-шығарылым) бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2019 жылғы 30 шілдедегі № 388 бұйрығы (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуіндегі тізбесінде № 19169 болып тіркелген)
Гидроагрегаттарды монтаждаушы, 6 - разряд, 81 - параграф.
Гидроагрегаттарды монтаждаушы, 7 - разряд, 82 - параграф.
|
Кәсіптік білім деңгейі:
|
Білім деңгейі:
Негізгі орта білім.
|
Информалды және формалды емес біліммен байланыс
|
-
|
Кәсіптердің басқа мүмкін атаулары:
|
8211-7-005 Гидротехникалық құрылысжайлардың механикалық жабдықтарын монтаждаушы.
8211-7-026 технологиялық жабдықты және онымен байланысты конструкцияларды монтаждаушы.
|
Қызметтің негізгі мақсаты:
|
Гидроагрегаттар жабдықтарын монтаждау, реттеу және баптау
|
Еңбек функцияларының тізбесі:
|
Міндетті еңбек функциялары:
|
Гидроагрегаттарды монтаждауды жүзеге асыру.
|
Қосымша еңбек функциялары:
|
-
|
Еңбек функцияларының сипаттамасы
|
Еңбек функциясы 1: Гидроагрегаттарды монтаждауды жүзеге асыру
|
Дағды 1: гидроагрегаттарды монтаждау бойынша жұмыстарды орындау
|
Машық:
|
6-разряд
1. Спиралды камераларды монтаждау.
2. Подпятникті монтаждау, подпятник дискісінің перпендикулярлығын және білек осін дұрыстау.
3. Генератор роторын жинау.
4. Ротор төлкесін генератордың білдегіне тағу.
5. Тік сорғыларды және олардың электр қозғалтқыштарын монтаждау.
6. Фундаментті сақиналарды, бағыттаушы аппараттардың сақиналарын, подшипниктерді монтаждау.
7. Сервомоторларды, золотник блоктарын және клапандар блоктарын монтаждау және баптау.
8. Статор орамасын монтаждау.
9. Капсулды агрегаттар подпятниктерінің тығыздамаларын әзірлеу.
10. Агрегаттарды жеке сынақтарға дайындау.
7-разряд
11. Капсулаларды монтаждау.
12. Агрегаттар білдектерін центрлеу және бір-біріне біріктіру және олардың ортақ сызығын өлшеп тексеру.
13. Реттеу жүйесін монтаждау.
14. Статорлар мен қоздыру жүйесін монтаждаушы.
15. Турбиналар статорларын, жұмысшы дөңгелек камераларын, жұмысшы дөңгелектерді монтаждау.
16. Агрегаттарды жеке сынақтан өткізу.
|
Білімі:
|
6-разряд
1. Аса күрделі жабдықтарды монтаждау тәсілдері.
2. Аса күрделі жабдықтарды реттеу және баптау ережелері.
7-разряд
3. Бірегей жабдықты монтаждау тәсілдері.
4. Пайдалануға қосу кезінде агрегаттар мен машиналарды пайдалануға қосу ережесі.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:
|
-
|
СБШ шеңберіндегі басқа кәсіптер мен байланыс:
|
СБШ деңгейі:
|
Кәсіптің атауы:
|
5
|
Техник - гидротехник
|
"Техник-гидротехник" кәсібінің карточкасы:
|
Топ коды:
|
3115-9-022
|
Кәсіп атауының коды:
|
3115-9
|
Кәсіптің атауы:
|
Техник-гидротехник
|
СБШ бойынша біліктілік деңгейі:
|
5
|
БТБА, КС, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:
|
-
|
Кәсіптік білім деңгейі:
|
Білім деңгейі:
Жоғары білім
|
Мамандығы:
Су шаруашылығы
|
Біліктілік:
|
Информалды және формалды емес біліммен байланыс
|
-
|
Кәсіптердің басқа мүмкін атаулары:
|
3113-1-007 - Техник-құрылысшы
|
Қызметтің негізгі мақсаты:
|
Гидротехникалық құрылыс нысандары учаскесінде жалпы құрылыс жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру, орындалатын құрылыс жұмыстары нәтижелерінің техникалық регламенттердің, құрылыс саласындағы қағидалар жиынтықтарының, ұлттық стандарттардың талаптарына, сондай-ақ жобалау, технологиялық құжаттамалардың талаптарына сәйкестігін қамтамасыз ету.
|
Еңбек функцияларының тізбесі:
|
Міндетті еңбек функциялары:
|
1. Гидротехникалық құрылысжайларды салу кезінде жалпы құрылыс жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру.
|
2. Гидротехникалық құрылысжайларда жалпы құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарының орындалуын қамтамасыз ету.
|
Қосымша еңбек функциялары:
|
-
|
Еңбек функцияларының сипаттамасы
|
Еңбек функциясы 1: Гидротехникалық құрылысжайларды салу кезінде жалпы құрылыс жұмыстарын жүргізуді ұйымдастыру.
|
Дағды 1:
Гидротехникалық құрылысжайларда жалпы құрылыс, жұмыстарын жүргізу учаскесін дайындау.
|
Машық:
|
1. Гидротехникалық құрылысжайлардағы өндірістік тапсырмалар көлемі және жалпы құрылыстық, жөндеу-қалпына келтіру және реконструкциялау жұмыстарын жүргізудің күнтізбелік жоспарларының еңбек және материалдық-техникалық ресурстарға қойылатын нормативтік талаптарға сәйкестігіне бағалау жүргізу.
2. Гидротехникалық құрылысжайларда жалпы құрылыс жұмыстарын жүргізу учаскесін жоспарлауды және белгілеуді жүзеге асыру.
3. Гидротехникалық құрылысжайларда жалпы құрылыс жұмыстарын жүргізу учаскесін дайындау және жабдықтау жөніндегі қосалқы жұмыстардың құрамы мен көлемін айқындау.
|
Білімі:
|
1. Гидротехникалық құрылысжайларда жалпы құрылыс жұмыстарын жүргізуге қойылатын нормативтік және техникалық құжаттардың талаптары.
2. Кешенді және мамандандырылған өндірістік буындар мен бригадаларды ұйымдастыру қағидалары.
3. Гидротехникалық құрылысжайларда жалпы құрылыс, жөндеу-қалпына келтіру және реконструкциялау жұмыстарын жүргізу технологиялары.
4. Гидротехникалық құрылысжайлардағы жалпы құрылыс, жөндеу-қалпына келтіру және реконструкциялау жұмыстарының өндірістік тапсырмалары мен өндіріс жоспарларын (жедел жоспарларды, ресурстарға қажеттілік жоспарларын, кестелерді) әзірлеу және келісу тәртібі.
5. Гидротехникалық құрылысжайларда жалпы құрылыс, жөндеу-қалпына келтіру және реконструкциялау жұмыстарын жүргізудің өндірістік тапсырмаларында және күнтізбелік жоспарларында көзделген көлемдерді орындау үшін қажетті еңбек және материалдық-техникалық ресурстарды есептеу әдістері.
6. Құрылыс алаңын жайластыру (алаңішілік дайындық жұмыстары) құрамы мен тәртібін айқындайтын нормативтік техникалық құжаттардың талаптары.
7. Технологиялық жабдықтың түрлері мен техникалық сипаттамалары (ормандар, тіректер, қорғаныс құралдары, шұңқырлар мен траншеялардың қабырғаларын бекіту).
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Дағды 2:
Гидротехникалық құрылысжайларда жалпы құрылыс жұмыстарын жүргізуді материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
|
Машық:
|
1. Өндірістік тапсырмаларға және гидротехникалық құрылысжайларда жалпы құрылыс, жөндеу-қалпына келтіру және реконструкциялау жұмыстарын жүргізудің күнтізбелік жоспарларына сәйкес құрылыс материалдарының, конструкциялардың, бұйымдардың, жабдықтардың және материалдық-техникалық ресурстардың басқа да түрлерінің номенклатурасын айқындау және көлемін (санын) есептеуді жүзеге асыру.
2. Құрылыс материалдарының, конструкциялардың, бұйымдардың, жабдықтардың және материалдық-техникалық ресурстардың басқа да түрлерінің сапасына құжаттың қарап шығу және аспаптық бақылау жүргізу.
3. Материалдық-техникалық ресурстарды құжаттамалық есепке алуды жүзеге асыру.
|
Білімі:
|
1. Жалпы құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін материалдық-техникалық ресурстарға қойылатын нормативтік талаптар.
2. Негізгі құрылыс материалдарының, бұйымдары мен конструкцияларының түрлері мен қасиеттері.
3. Негізгі құрылыстың, технологиялық жабдықтар мен құралдардың түрлері мен сипаттамалары.
4. Құрылыс машиналарының, энергетикалық қондырғылардың, көлік құралдарының түрлері мен сипаттамалары.
5. Материалдар мен компоненттердің әртүрлі түрлерін тасымалдау, сақтау және сақтау ережелері.
6. Техника мен жабдықты ұстау және пайдалану қағидалары.
7. Материалдық құндылықтарды пайдалану бойынша есепті құжаттаманы (құрылыс материалдары шығысының ведомосін) жасау тәртібі.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Еңбек функциясы 2: Гидротехникалық құрылысжайларда жалпы құрылыс жұмыстарын жүргізу кезінде еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарының орындалуын қамтамасыз ету.
|
Дағды 1:
Гидротехникалық құрылысжайларда және жұмыс орындарында жалпы құрылыс, жөндеу-қалпына келтіру және реконструкциялау жұмыстарын жүргізу учаскесін дайындау.
|
Машық:
|
1. Құрылыс техникасын пайдалана отырып, гидротехникалық құрылысжайларда жалпы құрылыс, жөндеу-қалпына келтіру және реконструкциялау жұмыстарын жүргізуге және материалдарды, бұйымдар мен конструкцияларды сақтауға байланысты зиянды және қауіпті факторларды айқындау.
2. Жұмыс жүргізу учаскесінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстардың тізбесін айқындау (құрылыс алаңын қоршау, қоршау немесе қауіпті аймақтарды белгілеу, жарықтандыру).
3. Гидротехникалық құрылысжайларда жалпы құрылыс, жөндеу-қалпына келтіру және реконструкциялау жұмыстарын орындайтын қызметкерлерді ұжымдық және (немесе) жеке қорғау құралдарының тізбесін айқындау.
|
Білімі:
|
1. Еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік құжаттардың талаптары.
2. Құрылыс жұмыстарының әртүрлі түрлерін өндіруде қоршаған ортаға теріс әсер ету түрлері және оларды азайту және алдын алу әдістері.
3. Негізгі зиянды және (немесе) қауіпті өндірістік факторлар.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Дағды 2:
Еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарының сақталуын бақылау.
|
Машық:
|
1. Еңбек жағдайларын арнайы бағалауға жататын жұмыс орындарының тізбесін айқындау.
2. Еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарын орындау жөніндегі құжаттаманы ресімдеу (еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі жөніндегі нұсқамалық журналы).
|
Білімі:
|
1. Жұмыс жүргізу кезіндегі еңбекті қорғау және өрт қауіпсіздігі талаптары.
2. Жұмыс орындарына қойылатын талаптар және еңбек жағдайларына арнайы бағалауды ұйымдастыру және жүргізу тәртібі.
3. Еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарының орындалуын бақылау жөніндегі құжаттаманы жүргізу қағидалары.
4. Еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау талаптарын бұзған кезде қолданылатын әкімшілік және қылмыстық жауапкершілік шаралары.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттар тізімі:
|
-
|
СБШ шеңберіндегі басқа кәсіптермен байланыс:
|
СБШ деңгейі:
|
Мамандық атауы:
|
6
|
Инженер – гидротехник
|
"Техник-геодезист" кәсібінің карточкасы:
|
Топ коды:
|
3111-5-004
|
Кәсіп атауының коды:
|
3111-5
|
Кәсіптің атауы:
|
Техник-геодезист
|
СБШ бойынша біліктілік деңгейі:
|
5
|
БТБА, КС, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:
|
"Геодезия және картография саласындағы ұйымдардың басшылары мен мамандары лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің м.а. 2021 жылғы 28 шілдедегі № 268/НҚ бұйрығына (Нормативтік-құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеуіндегі тізбесінде № 23760 болып тіркелген) сәйкес орта деңгейдегі мамандардың біліктілігіне қойылатын талаптар: жоғары санат, II-I санат, санатсыз.
Кәсіптің атауы – техник-геодезист.
|
Кәсіптік білім деңгейі:
|
Білім деңгейі:
Техникалық және кәсіптік білім
(орта буын маманы)
|
Мамандық:
07310200 "Геодезия және картография"
|
Біліктілік:
Техник-геодезист
|
Информалды және формалды емес біліммен байланыс
|
-
|
Кәсіптердің басқа мүмкін атаулары:
|
2165-1-001 геодезист
2165-1-006 инженер-геодезист
|
Қызметтің негізгі мақсаты:
|
Геодезиялық тапсырмаларды ұйымдастыру, жоспарлау, орындау.
|
Еңбек функцияларының сипаттамасы
|
Еңбек функцияларының тізбесі:
|
Міндетті еңбек функциялары:
|
1. Геодезиялық және арнайы мақсаттағы желілерді құру бойынша жұмыстарды орындау.
2. Ғимараттар мен инженерлік құрылыстарды орындау кезіндегі геодезиялық жұмыстарын жүргізу.
|
Қосымша еңбек функциялары:
|
-
|
Еңбек функциясы 1:
Геодезиялық және арнайы мақсаттағы желілерді құру бойынша жұмыстарды орындау.
|
Дағды 1:
Геодезиялық және арнайы мақсаттағы желілерді құру бойынша жұмыстарды орындау.
|
Машық:
|
1. Геодезиялық желілердің тірек және жоспарлы-биіктік түсірілімдерін орындау кезіндегі далалық жұмыстар.
2. Далалық өлшеу жұмыстары мен камералдық нәтижелерді өңдеу жұмыстары.
3. Геодезиялық аспаптар мен құрал-жабдықтарды зерттеу, тексеру, туралау.
|
Білімі
|
1. Геодезиялық өлшеуге арналған аспаптардың орнатылуы, жұмыс жасау қағидалары және оларды тексеру әдісі.
2. Геодезия және картография, жерге орналастыру, кадастр саласында қолданылатын негізгі құралдар мен жабдықтарды, құралдарды, жабдықтар мен материалдарды пайдалану, күтіп ұстау, жылжыту және сақтау қағидалары.
3. Геодезиялық аспаптар мен құралдарды тексеру, туралау және оларды тасымалдау мен сақтау.
4. Геодезиялық аспаптар мен құралдарды стандарттау және сертификаттау, метрология негіздері.
5. Геодезиялық өлшеулерді орындау әдістері.
6. Далалық бақылау жұмыстарының цифрлық деректерін жинау, бекіту және жіберу әдістері.
7. "Геодезия, картография және кеңістік деректері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
8. Нормативтік құқықтық және нормативтік техникалық құжаттар.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Дағды 2:
Геодезиялық желілерді құру нәтижелерін бағалау және талдау.
|
Машық:
|
1. Жоғары спутниктік навигация дәлдікті технологияларын пайдалана отырып, координаттарды өлшеу және анықтау.
2. Геодезиялық өлшеу нәтижелерін өңдеу.
3. Геодезиялық түсірілім және арнайы мақсаттағы желілерді салу кезіндегі геодезиялық өлшемдердің нәтижелерін өңдеу.
4. Материалдарды жүйелеу және сақтау кезіндегі жұмыс тәртібін сақтау.
5. Геодезиялық құжаттардың нормативтік және техникалық талаптарын сақтау, өлшеу және бақылаудың геодезиялық құралдарын есепке алу.
6. Өлшеу және бақылау жұмыстарында тиімді әдістерді қолдану, далалық және камералдық геодезиялық жұмыстарды жоспарлау, орындау.
|
Білімі:
|
|
1. Геодезиялық жұмыстарды жүргізу технологиясы (өлшеу әдістері, есептеулер, карталарды, жоспарларды құру).
2. Геодезиялық өлшеу қателіктерінің көзін анықтау және оларды есепке алу.
3. Компьютердің негізгі бағдарламалары.
4. Заманауи геодезиялық аспаптар және оларды техникалық пайдалану ережелерін білу (тахеометр, GPS).
5. "Геодезия, картография және кеңістік деректері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
6. Ішкі еңбек тәртібі, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау тәртібі.
7. Өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі тәртібі.
|
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Еңбек функциясы 2: Ғимараттар мен инженерлік құрылыстарды орындау кезіндегі геодезиялық жұмыстарын жүргізу.
|
Дағды 1:
Инженерлік ізденіс жұмыстары.
|
Машық:
|
1. Инженерлік ізденіс жұмыстарынан және өзге де ашық картографиялық сервистерден зерттелетін аумақтың топографиялық жоспарын іздестіру және іріктеуді жүргізу.
2. Тиісті міндеттерді орындау үшін зерттелетін аумақтың инженерлік ізденістерді орындау дәрежесін және осы материалдарды (олардың мерзімін ескере отырып) пайдалану мүмкіндігін анықтау.
3. Инженерлік-геодезиялық ізденістер кезінде геодезиялық жұмыстарды орындау.
|
Білімі:
|
1. Геодезиялық жұмыстарды (өлшеу, есептеу) жүргізудің технологиялары және әдістемелері.
2. Инженерлік ізденіс жұмыстарының нәтижелерін өңдеу үшін мамандандырылған бағдарлама.
3. Геодезиялық өлшеуге арналған аспаптардың орнатылуы, жұмыс жасау қағидасы және оларды тексеру әдістері.
|
4. Топографо-геодезиялық жұмыстарды жүргізу саласындағы нормативтік-техникалық және басшылық құжаттары.
5. "Геодезия, картография және кеңістік деректері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
6. Ішкі еңбек тәртібі, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау тәртібі.
7. Өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі тәртібі.
|
Дағдыны тану
мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімдері:
|
Геодезиялық және картографиялық қызметтегі стандарттар және өзге де нормативтік-техникалық әдістемелер.
|
1. Топографо-геодезиялық жұмыстарды жүргізу саласындағы нормативтік-техникалық және басшылық құжаттары.
2. "Геодезия, картография және кеңістік деректері туралы" Қазақстан Республикасының Заңы.
3. Ішкі еңбек тәртібі, қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау тәртібі.
4. Өндірістік санитария және өрт қауіпсіздігі тәртібі.
|
СБШ шеңберіндегі басқа мамандықтармен қарым-қатынасы:
|
СБШ деңгейі
|
Кәсіптің атауы
|
6
|
Геодезист
|
"Гидротехникалық құрылысжайларды салу жөніндегі инженер" кәсібінің карточкасы:
|
Топ коды:
|
2142-2-001
|
Кәсіп атауының коды:
|
2142-2
|
Кәсіптің атауы:
|
Гидротехникалық құрылысжайларды салу жөніндегі инженер
|
СБШ бойынша біліктілік деңгейі:
|
6
|
БТБА, КС, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:
|
-
|
Кәсіптік білім деңгейі:
|
Білім деңгейі:
Жоғары білім
|
Мамандығы:
Су шаруашылығы
|
Біліктілік:
|
Информалды және формалды емес біліммен байланыс
|
-
|
Кәсіптердің басқа мүмкін атаулары:
|
2142-9-013 Инженер-гидротехник
2142-1-004 Инженер-құрылысшы
|
Қызметтің негізгі мақсаты:
|
Гидротехникалық құрылысжайларды салу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау
|
Еңбек функцияларының тізбесі:
|
Міндетті еңбек функциялары:
|
1. ГТҚ бойынша құжаттаманы әзірлеуді ұйымдастыру және бақылау.
|
2. ГТҚ бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау.
|
3. ГТҚ бойынша жұмыстарға басшылық жасау және іске асыру.
|
Қосымша еңбек функциялары:
|
-
|
Еңбек функцияларының сипаттамасы
|
Еңбек функциясы 1: ГТҚ бойынша құжаттаманы әзірлеуді ұйымдастыру және бақылау.
|
Дағды 1:
ГТҚ бойынша құжаттаманы дайындау.
|
Машық:
|
1. Қабылданған жобалық шешімдерді түзетудің орындылығы туралы құжаттар мен ұсыныстар дайындау.
2. Жобалық шешімдерді түзетуге тапсырмалар дайындау.
3. Нысан құрылысының барлық кезеңінде бекітілген нысандар бойынша техникалық мәселелерді шешу.
4. Салынып жатқан нысандардың гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану нысандарын салу жөніндегі нормативтік құжаттарға, сондай-ақ құрылыс жұмыстарын жүргізуге арналған тапсырмаға сәйкестігін қамтамасыз ету.
5. Құрылыс сызбаларды оқу, оның ішінде техникалық және констукторлық құжаттарды жасау.
|
Білімі:
|
1. Құрастыру, салыстыру және сапаны бақылау бойынша техникалық және нормативтік құжаттама.
2. ГТҚ салу, реконструкциялау және бөлшектеу кезіндегі жұмыстарды жоспарлау әдістері.
3. Құрылыс жұмыстарының технологиясы.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Дағды 2:
Гидротехникалық құрылысжайлар бойынша жұмыстарды аяқтау туралы құжаттаманы дайындау.
|
Машық:
|
1. Құжаттамаға талдау жүргізу.
2. Құрылыс жұмыстарын аяқтау туралы ұсыныстар дайындау.
3. Құрылыс салу бойынша жұмыстарды аяқтау туралы құжаттарды дайындау.
4. Әзірленіп жатқан жобалар мен техникалық құжаттаманың нысанды салу жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкестігін бақылау.
|
Білімі:
|
1. Жобалау-сметалық іс жүргізуді ұйымдастыру жөніндегі әдістемелік және нормативтік құжаттар.
2. Құрылыс және жобалау бойынша ережелер жиынтығы.
3. Еңбекті қорғау және қауіпсіздігі техникасы талаптары.
4. Гидротехникалық құрылысжайлар нысандарын салу жөніндегі қызметті регламенттейтін нормативтік-құқықтық және әдістемелік құжаттар.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Еңбек функциясы 2: ГТҚ бойынша жұмыстарды ұйымдастыру және жоспарлау.
|
Дағды 1:
Гидротехникалық жұмыстарды өндірумен байланысты арнайы процестерді ұйымдастыру.
|
Машық:
|
1. Гидротехникалық жұмыстарды өндірудің арнайы процестерін жоспарлау және ұйымдастыру.
2. Гидротехникалық құрылысжайлар нысандарын салу жөніндегі қызметті регламенттейтін нормативтік-құқықтық және басқа да құжаттарды қолдану.
3. Гидротехникалық құрылысжайларды пайдалану нысандарын салу тәжірибесін талдау және қорытындылау.
4. Құрылыстың барлық кезеңінде бекітілген нысандар бойынша техникалық мәселелерді шешуді ұйымдастыру.
5. Жобалық шешімдерді әзірлеуге тапсырмалар дайындау.
|
Білімі:
|
1. Гидротехникалық жұмыстарды өндіруде қолданылатын құрылыс жұмыстарының технологиясы.
2. Гидротехникалық құрылысжайлардың құрылысын ұйымдастыру және экономикасы.
3. Штаттан тыс жағдайларда әрекет ету тәртібі.
4. Гидротехникалық құрылысжайлар нысандарын жобалау және салу саласындағы ғылыми-техникалық жетістіктер.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Дағды 2:
ГТҚ құрылыс алаңында мердігерлік ұйымдардың жұмысын бақылау.
|
Машық:
|
1. Гидротехникалық құрылысжайлардың құрылыс алаңында мердігерлік ұйымдардың жұмысына талдау және бақылау жүргізу.
2. Жүргізіліп жатқан жұмыстардың гидротехникалық құрылысжайларды жобалау және салу жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкестігін қамтамасыз ету.
3. Гидротехникалық құрылысжайларды салуға қатысты мәселелер бойынша консультациялар өткізу.
|
Білімі:
|
1. Жобаны іске асыру аясындағы техникалық тапсырмалар тізбесі.
2. Әзірленетін конструкциялардың мақсаты, негізгі элементтері және әрекет ету қағидалары, оларға қойылатын техникалық талаптар.
3. Өндірістік жабдықтың негізгі техникалық сипаттамалары мен мүмкіндіктері.
4. Өндірістік-техникалық құжаттаманың жұмыс істеу және сүйемелдеу тәртібі.
5. Құрылысты салу мен жобалу бойынша ережелер жиынтығы.
6. Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі талаптары.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Дағды 3:
Жасырын жұмыстарды куәландыру актілерін дайындау.
|
Машық:
|
1. Жасырын жұмыстарды куәландыру жөніндегі құжаттамаға талдау жүргізу.
2. Жасырын жұмыстарды салу бойынша ұсыныстар дайындау.
3. Жасырын жұмыстардың құрылысы бойынша жұмыстардың аяқталғаны туралы құжаттарды дайындау.
4. Әзірленіп жатқан жобалар мен техникалық құжаттаманың жасырын жұмыстарды куәландыру жөніндегі нормативтік құжаттарға сәйкестігін бақылау.
|
Білімі:
|
1. Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында инжинирингтік қызметтер көрсету қағидалары.
2. Құрылыс жұмыстарын аяқтау туралы ұсыныстар тізімі.
3. Гидротехникалық құрылысжайларды салу және жасырын жұмыстарды куәландыру жөніндегі актілері.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Еңбек функциясы 3:
ГТҚ бойынша жұмыстарға басшылық жасау және іске асыру.
|
Дағды 1:
ГТҚ бойынша жұмыстарды жүргізу тәртібі мен нәтижелерін мүдделі ұйымдармен келісу.
|
Машық:
|
1. Құрылыс жұмыстарын орындау кезеңдері бойынша өндірістік тапсырмаларды жоспарлау.
2. Құрылыс жұмыстарын жүргізудің күнтізбелік жоспарлары мен кестелерінің орындалуын әзірлеу және бақылау.
3. Құрылыс жұмыстарының түрлері мен күрделілігін анықтау.
4. Қолда бар материалдық-техникалық ресурстарға, мердігерлік ұйымдардың мамандануына, бригадалардың, буындардың және жекелеген қызметкерлердің мамандануы мен біліктілігіне сәйкес құрылыс жұмыстары мен өндірістік тапсырмалардың көлемін есептеу.
|
Білімі:
|
1. Құрылыс жұмыстарын орындау кезеңдеріне техникалық құжаттардың талаптары.
2. Құрылыс жұмыстарын өндіруді орта мерзімді және жедел жоспарлау әдістері.
3. Тапсырыс берушілер және мердігерлік ұйымдармен шаруашылық және қаржылық қатынастарды жүзеге асыру тәртібі.
4. Гидротехникалық құрылысжайлардың құрылыс нысанындағы құрылыс жұмыстары өндірісінің құрамы мен сапасына қойылатын техникалық және жобалау құжаттамасының талаптары.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Дағды 2:
Құрылыс процестерін операциялық бақылау және құрылыс жұмыстарын өндіру технологиясы.
|
Машық:
|
1. Құрылыс жұмыстарының жүзеге асырылатын түрлерінің технологиясы мен нәтижелерінің жобалық құжаттамаға, нормативтік техникалық құжаттарға сәйкестігін айқындау.
2. Құрылыс жұмыстарын жүргізуді құжаттамалық сүйемелдеуді жүзеге асыру (жұмыс жүргізу журналдары, жұмыс уақытын есепке алу табельдері, орындалған жұмыстар актілері).
3. Технологиялық карталар мен регламенттерде белгіленген технологиялық режимдердің сақталуын бақылауды жүзеге асыру.
4. Құрылыс нысандары элементтерінің, конструкцияларының және бөліктерінің жай-күйін көзбен шолу және аспаптық (геодезиялық) бақылауды жүзеге асыру.
|
Білімі:
|
1. Құрылыс процестерін операциялық бақылаудың құрамы мен мазмұнына техникалық және технологиялық құжаттамалардың талаптары.
2. Құрылыс жұмыстары нәтижелерінің сапасын аспаптық бақылау әдістері мен құралдары.
3. Құрылыс жұмыстарының сапасын операциялық бақылау схемалары.
4. Құрылыс нысандарының қауіпсіздігіне әсер ететін жасырын жұмыстар мен құрылыс конструкцияларын қабылдау тәртібіне техникалық құжаттама талаптары.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:
|
-
|
СБШ шеңберіндегі басқа кәсіптермен байланыс:
|
СБШ деңгейі:
|
Мамандық атауы:
|
7
|
Бас құрылысшы
|
7
|
Су қоймасының бастығы
|
"Сапаны бақылау инженері" кәсібінің карточкасы:
|
Топ коды :
|
2141-4
|
Кәсіп атауының коды:
|
2141-4-004
|
Кәсіптің атауы:
|
Сапаны бақылау инженері
|
СБШ бойынша біліктілік деңгейі:
|
6
|
ТБА, КС, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:
|
-
|
Кәсіптік білім деңгейі:
|
Білім деңгейі:
Жоғары білім
|
Мамандығы:
Су шаруашылығы
|
Біліктілік:
|
Информалды және формалды емес біліммен байланыс
|
-
|
Кәсіптердің басқа мүмкін атаулары:
|
2142-4-004 Инженер-гидротехник
2142-9-013 Құрылысты қадағалау инженері
|
Қызметтің негізгі мақсаты:
|
Жобалау құжаттамасына және құрылыс нормалары мен ережелерінің талаптарына сәйкес құрылыс жұмыстарының сапасын қамтамасыз ету.
|
Еңбек функцияларының тізбесі:
|
Міндетті еңбек функциялары:
|
1. Құрылыс учаскесінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалуына техникалық қадағалауды жүзеге асыру.
|
2. Аяқталған құрылыс-монтаждау жұмыстарын және құрылыс нысанын (су торабын) техникалық қабылдауды жүзеге асыру.
|
Қосымша еңбек функциялары:
|
Ұсынылмайды
|
Еңбек функцияларының сипаттамасы
|
Еңбек функциясы 1: Құрылыс учаскесінде құрылыс-монтаждау жұмыстарының орындалуына техникалық қадағалауды жүзеге асыру.
|
Дағды 1:
Күрделі құрылыс жоспарларының орындалу барысын бақылау.
|
Машық:
|
1. Құрылыс-монтаждау жұмыстары көлемдерінің, мерзімдері мен сапасының сәйкестігін бақылау.
2. Жұмыстарды жүргізу сапасын бақылау, жобалық параметрлерден ауытқуларды анықтау.
3. Қолданылатын материалдардың, бұйымдардың, конструкциялардың сапасына, бекітілген жобалау-сметалық құжаттаманың, жұмыс сызбаларының, сондай-ақ құрылыс нормаларына және ережелеріне, стандарттарына, техникалық шарттарына, еңбекті қорғау нормаларына сәйкес келуін бақылау.
4. Өнімдердің, жұмыстардың (көрсетілетін қызметтердің) ғылым мен техниканың қазіргі даму деңгейіне сәйкестігін қамтамасыз ету жөніндегі кәсіпорын бөлімшелерінің қызметін бақылау.
|
Білімі:
|
1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау жөніндегі нормативтік құқықтық актілер және басқа құжаттар.
2. Кәсіпорынның техникалық даму перспективалары.
3. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындаудың техникалық шарттары мен кестелері.
4. Құрылыс материалдарына, бөлшектерге, конструкцияларға арналған техникалық шарттар.
5. Құрылыс және жобалау бойынша ережелер жинағы.
6. Өндіріс технологиясының негіздері және құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізу тәсілдері.
7. Техникалық құжаттамаға, шикізатқа, материалдарға, жинақтаушы бұйымдарға және дайын өнімге, жүйеге қойылатын талаптар.
8. BIM (Building Information Modeling) әдістемесінің негіздері.
9. Қазақстан Республикасының құрылыстағы жіктеу және кодтау жүйесінің негіздері, құрылыс нысандарын ақпараттық модельдеу технологиялары (бұдан әрі – ҚНАМТ) (ұйымда ҚНАМТ пайдалану кезінде) бағдарланған жіктеуіш.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Дағды 2:
Құрылыс барысында туындайтын жобалық шешімдерді өзгертулер енгізу және келісу ресімдеріне қатысу.
|
Машық:
|
1. Құрылысқа неғұрлым озық технологиялық процестерді енгізуге байланысты жобаларға өзгерістер енгізу туралы мәселелерді шешуге қатысу.
2. Жобаларға көлемдік-жоспарлау және конструктивтік шешімдерге өзгерістер енгізу туралы мәселелерді шешуге, сондай-ақ құрылыс және реконструкция нысандарының құнын төмендетуді және техникалық-экономикалық көрсеткіштерін жақсартуды қамтамасыз ететін мәселелерді жедел шешуге қатысу.
3. Құрылыс барысында туындайтын жобалық шешімдердің өзгерістерін қарауға және келісуге қатысу, қажет болған жағдайда материалдарды, бұйымдарды, конструкцияларды (құрылыс нысандарының сапасын төмендетпей) ауыстыру жөніндегі мәселелерді жалпы деректер ортасына (ұйымда ҚНАМТ пайдаланған кезде) тиісті ақпаратты енгізе отырып жедел шешу.
4. Әзірленіп жатқан жобаның техникалық тапсырмаға және қолданыстағы нормативтік-техникалық құжаттарға сәйкестігін қамтамасыз ету.
|
Білімі:
|
1. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындау жөніндегі нормативтік құқықтық актілері және басқа да құжаттар.
2. Кәсіпорынның техникалық даму перспективалары.
3. Құрылыс-монтаждау жұмыстарын орындаудың техникалық шарттары мен кестелері.
4. Құрылыс пен жобалау бойынша ережелер жиынтығы.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Еңбек функциясы 2:
Аяқталған құрылыс-монтаждау жұмыстарын және құрылыс нысанын (су торабын) техникалық қабылдауды жүзеге асыру.
|
Дағды 1:
Аяқталған құрылыс-монтаж жұмыстарын және құрылыс нысанын қабылдау бойынша жұмыстарды орындау.
|
Машық:
|
1. Аяқталған құрылыс-монтаждау жұмыстары мен құрылыс нысандарын техникалық қабылдауды жүзеге асыру.
2. Технологиядағы ақауды анықтау және ақаулар ведомосін автоматты түрде қалыптастыру үшін ол туралы ақпаратты жалпы деректер ортасына енгізу (ұйымда ҚНАМТ пайдалану кезінде).
3. ҚНАМТ бойынша мамандандырылған бағдарламаны (ҚНАМТ пайдалану кезінде) пайдалана отырып, қабылдау бақылауы барысында алынған ақпаратты (жобадан барлық анықталған ауытқуларды қоса алғанда) жобаның ақпараттық моделінде (PIM) жұмыстарды жүргізудің күнтізбелік жоспарында әзірленген жұмыс жүргізу кестесі бойынша жаңартулар жасау.
4. Қажетті техникалық құжаттарды рәсімдеу.
5. Құрылыс-монтаждау жұмыстары мен құрылыс нысандары қабылдау жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу.
|
Білімі:
|
1. Техникалық құжаттаманы ресімдеу жөніндегі басшылық материалдар.
2. Сынақтар жүргізу және жұмыстарды қабылдау қағидалары.
3. Құрылыста аяқталған нысандарды қабылдау тәртібі және олардың сапасын бақылау әдістері.
4. Жобалау-сметалық және басқа да техникалық құжаттаманы ресімдеу тәртібі.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Дағды 2:
Құрылыс нысанын қабылдау және оны пайдалануға беру жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу.
|
Машық:
|
1. Құрылыс нысандарын қабылдау және оларды пайдалануға беру жөніндегі комиссиялардың жұмысына қатысу.
2. Жобаның ақпараттық моделін (PIM) және жалпы деректер ортасын (ұйымда ҚНАМТ пайдаланған кезде) қолдана отырып, Комиссия белгілеген мерзімдерде құрылыс ұйымдарының кемшіліктерді, ақауларды жою сапасын бақылау.
3. Аяқталған құрылыс-монтаждау жұмыстарының есебін жүргізу және жалпы деректер ортасына (ұйымда ҚНАМТ пайдаланған кезде) тиісті ақпаратты енгізе отырып, күрделі құрылыс жоспарларының орындалуы туралы есептілікті жасау үшін қажет деректерді дайындау.
|
Білімі:
|
1. Техникалық құжаттаманы ресімдеу жөніндегі жетекші материалдар.
2. Күрделі құрылыс жоспарларының орындалуы туралы есептілік жасау.
3. Экономика, өндірісті ұйымдастыру, еңбек және басқару негіздері.
4. Қоршаған ортаны қорғау туралы заңнаманың негіздері.
5. Еңбек заңнамасының негіздері, еңбекті қорғау ережелері мен нормалары.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:
|
-
|
СБШ шеңберіндегі басқа кәсіптермен байланыс:
|
СБШ деңгейі:
|
Мамандық атауы:
|
6
|
ГТҚ құрылыс инженері
|
7
|
Бас құрылысшы
|
"Бас құрылысшы" мамандығының карточкасы:
|
Топ коды :
|
1323-0
|
Кәсіп атауының коды:
|
1323-0-009
|
Кәсіптің атауы:
|
Бас құрылысшы
|
СБШ бойынша біліктілік деңгейі:
|
7
|
БТБА, КС, үлгілік біліктілік сипаттамалары бойынша біліктілік деңгейі:
|
"Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы (нормативтік құқықтық актлердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22003 тіркелді).
Бригаданың (топтың) басшысы (басшысы).
|
"Басшылар, мамандар және басқа да қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № 553 бұйрығы (нормативтік құқықтық актлердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22003 тіркелді).
Цех меңгерушісі (учаске).
|
Кәсіптік білім деңгейі:
|
Білім деңгейі: жоғары оқу орнынан кейінгі білім (магистратура)
|
Мамандық:
Сәулет және құрылыс
|
Біліктілік:
|
Информалды және формалды емес біліммен байланыс
|
-
|
Кәсіптердің басқа мүмкін атаулары:
|
1323-0-027 Басшы (басқарушы) (құрылыста)
|
Кәсіптің негізгі мақсаты:
|
Мердігер және техникалық тапсырыс беруші қызметінің (бөлімшелерінің) қызметін басқару
|
Еңбек функцияларының тізбесі:
|
Міндетті еңбек функциялары:
|
1. Күрделі құрылыс нысанын, желілік нысанды инженерлік іздестіру, сәулет-құрылыс жобалау, құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және жұмыстарды басқару.
2. Құрылыс салушымен, мердігерлермен, қадағалау органдарымен, уәкілетті органдармен, сараптама жүргізуге уәкілетті органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
|
Қосымша жұмыс функциялары:
|
Ұсынылмайды
|
Еңбек функцияларының сипаттамасы
|
Еңбек функциясы 1:
Күрделі құрылыс нысанын, желілік нысанды инженерлік іздестіру, сәулет-құрылыс жобалау, құрылыс және күрделі жөндеу жұмыстарын жоспарлау, ұйымдастыру және жұмыстарды басқару.
|
Дағды 1:
Күрделі құрылыс жобасын (желілік нысанды) салу мүмкіндігін экономикалық негіздеу бойынша жұмыстарды жүргізу және инвестициялық құрылыс жобасын жүзеге асыру шеңберінде қолайсыз нәтиже ықтималдығын төмендетуге бағытталған басқару шешімдерін қабылдау және іске асыруды ұйымдастыру.
|
Машық:
|
1. Инженерлік іздестіру, сәулет-құрылыс жобалау, құрылыс, реконструкциялау, күрделі жөндеу, күрделі құрылыс нысанын, желілік нысанды бұзу бойынша жұмыстарды басқару процестерін бақылау және ұйымдастыру.
2. Күрделі құрылыс жобасын іске асыру кестесінің орындалуын бақылау.
3. Құрылыс жобасының ресурстарды бөлу тиімділігін талдау.
|
Білімі:
|
1. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы нормативтік құқықтық актілері.
2. Орындалатын еңбек функциялары шеңберінде қала құрылысы қызметі, нарық субъектілері арасындағы шарттық қатынастар мен мәмілелер, іс жүргізу және мұрағат ісі мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілердің және әкімшілік құжаттардың талаптары.
3. Техникалық тапсырыс берушінің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері.
4. Құрылысты ұйымдастыруға қатысты әкімшілік әдістемелік және нормативтік-техникалық құжаттар.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Дағды 2:
Инвестициялық-құрылыс жобасын іске асыру жөніндегі іс-шараларды жоспарлау, инвестициялық-құрылыс жобасын іске асыру бойынша қажетті шешімдер қабылдау және жобаны іске асыру мерзімдерін (кестесін) бақылау, сондай-ақ құрылысты бастау, тоқтата тұру, тоқтату, реконструкциялау, күрделі құрылыс нысанын (желілік ысанды) күрделі жөндеу, күрделі құрылыс нысанын пайдалануға беру туралы шешім қабылдау.
|
Машықтар:
|
1. Күрделі құрылыс нысандарын (линиялық нысандарды) салуға, қайта жаңартуға, күрделі жөндеуге, бұзуға техникалық тапсырыс берушінің қызметін жоспарлау.
2. Құрылыс жобасының ресурстарды бөлу тиімділігін талдау.
3. Күрделі құрылыс жобасын іске асыру кестесіне түзетулер мен өзгерістер енгізу.
|
Білімдер:
|
1. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы нормативтік құқықтық актілері.
2. Күрделі құрылыс нысандарының (желілік нысандарының) жобалық-жұмыс құжаттамасын әзірлеу уақытының нормативтері.
3. Құрылыс салушы, құрылыс ұйымының қызметін экономикалық талдаудың негіздері.
4. Күрделі құрылыс нысанын (желілік нысанды) салу, қайта жаңарту, күрделі жөндеу, бұзу бойынша орындалған жұмыстағы бұзушылықтар мен сәйкессіздіктерді анықтау.
5. Қала құрылысы қызметін қолдаудың ақпараттық жүйесі.
6. Тапсырыс берушінің (әзірлеушінің) қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілері.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Дағды 3:
Орындалған жұмыстардың көлемі мен құны туралы қол қойылған бастапқы есепке алу құжаттары негізінде жұмыстарды қабылдау және төлеу, орындалған жұмыстарға, жеткізілген өнімге және көрсетілген қызметтерге ақы төлеуге ұсынылған жұмылдырылған ұйымдардың бастапқы бухгалтерлік құжаттарын тексеру және орындау туралы шешім қабылдау, күрделі құрылыс нысанын консервациялау және жаңадан бастау туралы шешім қабылдау.
|
Машықтар:
|
1. Орындалған жұмыстардың құрылыс, реконструкция күрделі жөндеу күрделі құрылыс нысанын бұзу (желілік нысан) бойынша, құрылыс процесінде қолданылған материалдардың, құралдардың, конструкциялар мен бұйымдардың жобалық құжаттамасы жұмыс құжаттамалары ұйымдастыру технологиялық құжаттарға, техникалық регламенттерге, ережелер жиынтығына стандарттарға техникалық шарттарға жер учаскесінің жобаларына, инженерлік ізденістерге жоба бюджетіне сәйкессіздіктерді және бұзушылықтарды анықтау.
2. Құрылыстағы тәуекелдерді басқару.
|
Білімдер:
|
1. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы нормативтік құқықтық актілері.
2. Сақтандыру ісінің негіздері.
3. Тәуекелді сәйкестендіру, тәуекелді бағалау, тәуекелдерді өңдеу (оның әсерін азайту немесе жою жөніндегі шараларды әзірлеуді қоса алғанда), тәуекелдерді зерттеу және мониторингілеу, тәуекел мәселелері бойынша ақпарат алмасу процестері.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Еңбек функциясы 2:
Құрылыс салушымен, мердігерлермен, қадағалау органдарымен, уәкілетті органдармен, сараптама жүргізуге уәкілетті органдармен өзара іс-қимылды ұйымдастыру.
|
Дағды 1:
Құрылыс салушыны инвестициялық-құрылыс жобасының орындалу барысы туралы жедел ақпаратпен қамтамасыз ету, инвестициялық-құрылыс жобасын іске асыру бойынша қаржыландыру кестесін орындау және құрылыс салушыға есептерді, қажетті ақпаратты, оның ішінде қаржылық ресурстарды пайдалану, келесі кезеңге арналған қаржылық ресурстар және күрделі құрылыс нысанында (желілік нысандар) анықталған апаттық жағдай туралы есептер беру
|
Машықтар:
1. Құрылыс жобасын жүзеге асыру кезінде тиімді коммуникацияларды құру.
2. Күрделі құрылыс нысандарын (желілік нысандар) салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу, бұзу бойынша құрылыс салушыға қажетті ақпаратты дайындау.
3. Құрылыс жобасын жүзеге асыруға қатысты келіссөздер жүргізу және іскерлік хат алмасуды ұйымдастыру.
4. Күрделі құрылыс нысандарын (желілік нысандар) салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу, бұзу бойынша мердігерлермен өзара іс-қимылдың мақсаттары мен міндеттерін анықтау.
|
Білімдер:
|
1. Қала құрылысы қызметі, шарттық қатынастар мен нарық субъектілері арасындағы мәмілелер, іс жүргізу және орындалатын еңбек функциялары шеңберіндегі мұрағат мәселелері бойынша нормативтік құқықтық актілер және әкімшілік құжаттардың талаптары.
2. Техникалық тапсырыс берушінің қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының құрылыс саласының нормативтік құқықтық актілері.
3. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы нормативтік құқықтық актілері.
4. Күрделі құрылыс нысандарының (желілік нысандар) жобалық және жұмыс құжаттамасын әзірлеу уақытының нормативтері.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
|
Дағды 2:
Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзушылық себептерін анықтау кезінде келтірілген зиянның себептерін анықтауда бақылаушы ретінде жұмыс істеу, қызметкерлердің алдына міндеттер қою және ұйымда техникалық тапсырыс берушінің функцияларын жүзеге асыратын қызметкерлердің оларды орындауын бақылау, жобаны жүзеге асырушыларға талаптар және экономикалық санкциялар қою туралы шешім қабылдау.
|
Машықтар:
|
1. Мердігер ұйымдары, қадағалау органдары және уәкілетті органдармен өзара әрекеттесу кезіндегі процестердің басымдылығын анықтау.
2. Күрделі құрылыс нысандарын (желілік нысандар) жоспарлау, салу, реконструкциялау, күрделі жөндеу, бұзу үшін қолда бар материалдық және еңбек ресурстарын есепке алу.
3. Қоршаған ортаны қорғау талаптарының сақталуын бақылау.
4. Қызметтің негізгі бағыттары бойынша күрделі құрылыс нысандарының (желілік нысандар) құрылысы, реконструкция, күрделі жөндеу, бұзуда техникалық тапсырыс берушінің мүддесін қорғау.
|
Білімдер:
|
1. Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы нормативтік құқықтық актілері.
2. Күрделі құрылыс нысандарының (желілік нысандар) жобалық-жұмыс құжаттамасын әзірлеу уақытының нормативтері.
3. Күрделі құрылыс нысандарын (желілік нысандар) салуды, реконструкциялауды, күрделі жөндеуді, бұзуды ұйымдастыруға қатысты әкімшілік, әдістемелік және нормативтік-техникалық құжаттары.
4. Қазақстан Республикасының азаматтық, әкімшілік және қылмыстық құқық саласындағы нормативтік құқықтық актілері.
5. Талап қою жұмыстарының негіздері.
|
Дағдыны тану мүмкіндігі:
|
Ұсынылмайды
|
Техникалық регламенттер мен ұлттық стандарттардың тізімі:
|
"Ғимараттар мен құрылыстардың, құрылыс материалдары мен бұйымдарының қауіпсіздігі туралы" техникалық регламентін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2023 жылғы 9 маусымдағы № 435 бұйрығы (нормативтік құқықтық актлердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32783 тіркелген).
|
СБШ -нің ішіндегі басқа кәсіптермен байланыс:
|
СБШ-нің деңгейі:
|
Кәсіптің атауы:
|
8
|
Құрылыс басшы (басқарушы)
|
9. Мемлекеттік органның атауы:
Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі, Д.Жәнібекұлы, d.Zhanibekuly@minsu.gov.kz,+77172740509.
10. Кәсіптік стандартты әзірлеуге және өзектендіруге қатысатын ұйымдар (кәсіпорындар): Қазақ Ұлттық Су шаруашылығы және ирригация университеті, Қазақ ұлттық зерттеу аграрлық университеті, М.Тынышпаев атындағы логистика және көлік академиясы.
11. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі жанындағы кәсіптік біліктілік жөніндегі салалық кеңес: 2024 жылғы 24 қазандағы № 4 хаттамасы.
12. Кәсіптік біліктілік жөніндегі ұлттық орган: 2025 жылғы 9 қаңтардағы қорытындысы.
13. "Атамекен" Қазақстан Республикасының Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы: 2024 жылы 18-қыркүйектегі № 12298/20 сараптамалық қорытынды хаты.
14. 2-нұсқа нөмірі, шығарылған жылы: 2025 жыл.
15. Болжамды қайта қарау мерзімі: 31 желтоқсан 2028 жылы.