Су қорын қорғау мен пайдалану саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік бақылау жасайтын құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын су қорын қорғау мен пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу ережелерін бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрінің м.а. 2025 жылғы 21 мамырдағы № 95-НҚ бұйрығы

      ЗҚАИ-ның ескертпесі!
      Осы бұйрық 10.06.2025 ж. бастап қолданысқа енгізіледі

      Қазақстан Республикасы Су кодексінің 54-бабы 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Су қорын қорғау мен пайдалану саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік бақылау жасайтын құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын су қорын қорғау мен пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу ережелері осы бұйрықтың қосымшаға сәйкес бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оны Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Су ресурстары және ирригация вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық 2025 жылдың 10 маусымынан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми түрде жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация министрінің
міндетін атқарушы
Н. Алдамжаров

  Қазақстан Республикасы
Су ресурстары және ирригация
министрінің міндетін
атқарушысының
2025 жылғы 21 мамырдағы
№ 95-НҚ бұйрығына
қосымша

Су қорын қорғау мен пайдалану саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік бақылау жасайтын құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын су қорын қорғау мен пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу ережелері

      1. Осы Су қорын қорғау мен пайдалану саласындағы уәкілетті органның мемлекеттік бақылау жасайтын құрылымдық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілерінің санаттарын су қорын қорғау мен пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатқызу ережелері (бұдан әрі – Ережелер) Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 54-бабы 2-тармағына сәйкес әзірленген.

      2. Қазақстан Республикасы су қорын қорғау мен пайдалану саласында мемлекеттік бақылау мен қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарды қызметке тағайындау және қызметтен босату "Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес жүзеге асырылады.

      3. Азаматтарды мемлекеттік лауазымдарға тағайындауды және мемлекеттік қызметшілерді мемлекеттік лауазымдардан босатуды лауазымдық өкілеттіктеріне сәйкес осындай құқығы бар лауазымды адам (орган) не өзіне осындай өкілеттіктер берілген өзге де лауазымды адам (орган) жүзеге асырылады, осы өкілеттіктер Заңның 30-бабындағы 1-тармағына сәйкес.

      4. Жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы су заңнамасының талаптарын сақтауын қамтамасыз етуге бағытталған су қорын пайдалану және қорғау саласындағы уәкілетті органның қызметі су қорын пайдалану және қорғау саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау болып табылады.

      5. Мыналар су қорын қорғау мен пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау және қадағалауды жүзеге асыратын лауазымды адамдарға жатады:

      1) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторы;

      2) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік инспекторының орынбасары;

      3) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының аға мемлекеттік инспекторлары - Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің (бұдан әрі – Комитет) төраға орынбасарлары;

      4) су қорын қорғау және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік инспекторлары:

      - Комитеттің су қорын қорғау және пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау басқармасының басшысы;

      - Комитеттің су қорын пайдалану саласындағы мемлекеттік бақылау басқармасының бас сарапшылары;

      5) су шаруашылығы бассейндерінің бас мемлекеттік инспекторлары - су ресурстарын қорғау және пайдалануды реттеу жөніндегі бассейндік су инспекцияларының (бұдан әрі – бассейндік су инспекциялары) басшылары;

      6) су шаруашылығы бассейндері бас мемлекеттік инспекторларының орынбасарлары - бассейндік су инспекцияларының басшыларының орынбасарлары;

      7) су шаруашылығы бассейндері аға мемлекеттік инспекторлары - бассейндік су инспекцияларының бөлімдерінің басшылары;

      8) су шаруашылығы бассейндері мемлекеттік инспекторлары - бассейндік су инспекцияларының бас мамандары.

      6. Су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті органның бірінші басшысының орынбасары су қорын қорғау және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік инспекторы болып табылады.

      Су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведомствосының бірінші басшысы су қорын қорғау және пайдалану саласындағы Қазақстан Республикасы Бас мемлекеттік инспекторының орынбасары болып табылады.

      7. Осы Ереженің 5-тармағының 3-8) тармақшаларында аталған лауазымды адамдарды су қорын қорғау және пайдалану саласындағы уәкілетті орган тағайындайды.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады