Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы әкімдігінің 2025 жылғы 12 наурыздағы № 93 қаулысы

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18, 69-баптарына сәйкес, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес, Жаңаөзен қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Жаңаөзен қаласынан ШГРП-ны, жоғарғы, орташа және төменгі қысымдағы газ құбырларын орналастыру және пайдалану үшін жалпы көлемі 2,1441 гектар жер учаскесі "QAZAQGAZ AIMAQ" акционерлік қоғамына жер пайдаланушылардан алып қоймай 10 (он) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Жаңаөзен қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі (Н. Таңатбеков) осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Б. Шалабаевқа жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Жаңаөзен қаласының әкімі Ж. Қайнарбаев

  Жаңаөзен қаласының әкімдігінің
  2025 жылғы "12" наурыздағы
  № 93 қаулысына қосымша  

Қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізімі

Жер учаскелері берілетін жердегі жер пайдаланушылардың атаулары мен жер санаттары

Қауымдық сервитут белгілеу көлемі, гектар

1

Жаңаөзен қаласы, "Рауан" шағын ауданы, №1 үй, №67 ШГРП-ны орналастыру және пайдалану үшін

0,0088

2

Жаңаөзен қаласы, "Самал" шағын ауданы, төменгі қысымды газ құбырын орналастыру және пайдалану үшін

0,0010

3

Жаңаөзен қаласы, "Көктем" шағын ауданы, №18 үй, төменгі қысымды газ құбырын орналастыру және пайдалану үшін

0,0116

4

Жаңаөзен қаласы, "Көктем" шағын ауданы, төменгі қысымды газ құбырын орналастыру және пайдалану үшін

0,0417

5

Жаңаөзен қаласы, "Ақбұлақ" шағын ауданы, төменгі қысымды газ құбырын орналастыру және пайдалану үшін

0,1524

6

Жаңаөзен қаласы, "Көктем" шағын ауданы, төменгі қысымды газ құбырын орналастыру және пайдалану үшін

0,1724

7

Жаңаөзен қаласы, "Бәйтерек" шағын ауданы, төменгі қысымды газ құбырын орналастыру және пайдалану үшін

0,2160

8

Жаңаөзен қаласы, "Астана" шағын ауданы, төменгі қысымды газ құбырын орналастыру және пайдалану үшін

0,4488

9

Жаңаөзен қаласы, "Арай" шағын ауданы, орташа қысымды газ құбырын орналастыру және пайдалану үшін

0,0288

10

Жаңаөзен қаласы, орташа қысымды газ құбырын орналастыру және пайдалану үшін

0,2185

11

Жаңаөзен қаласы, №24 ШГРП-ны орналастыру және пайдалану үшін

0,0049

12

Жаңаөзен қаласы, "Бостандық" шағын ауданы, №53 ШГРП-ны орналастыру және пайдалану үшін

0,0016

13

Жаңаөзен қаласы, "Арай" шағын ауданы, №60 ШГРП-ны орналастыру және пайдалану үшін

0,0034

14

Жаңаөзен қаласы, жоғарғы қысымды газ құбырын орналастыру және пайдалану үшін

0,5184

15

Жаңаөзен қаласы, жоғарғы қысымды газ құбырын орналастыру және пайдалану үшін

0,3158

Барлығы:

2,1441


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады