"QAZAQGAZAIMAQ" акционерлік қоғамына қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Жаңаөзен қаласы Рахат ауылы әкімінің 2025 жылғы 27 ақпандағы № 34 шешімі

      Қазақстан Республикасының Жер Кодексінің 19, 69-баптарына сәйкес, Рахат ауылының әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Рахат ауылы, "Ақсу" шағынауданынан жалпы көлемі 0,1241 гектар жер учаскесін "QAZAQGAZAIMAQ" акционерлік қоғамына төменгі қысымды газ құбырын орналастыру және пайдалану үшін жер пайдаланушылардан алып қоймай 10 (он) жыл мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Рахат ауылы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі (бас маман А. Турарова) заңнамасында белгіленген тәртіппен:

      1) осы шешімді Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялануға жіберуді;

      2) осы шешімнің оны ресми жарияланғаннан кейін осы шешімді Жаңаөзен қаласы әкімдігінің интернет – ресурстарына орналастыруын қамтамасыз етсін.

      3. Осы шешімнің орындалысын бақылау Рахат ауылы әкімінің орынбасары Қ. Табанбаевқа жүктелсін.

      4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Әкім Р. Сырымов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады