Жария сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Маңғыстау облысы Бейнеу ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 11 ақпандағы № 28 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексіне және Қазақстан Республикасы өнеркәсіп және құрылыс министрлігі геология комитеті мен "MACHTEHKZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі арасындағы 2024 жылғы 26 тамыздағы №289-ЖҚГЗ Жер қойнауын геологиялық зерттеуге арналған лицензиясы негізінде Бейнеу ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "MACHTEHKZ" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне геологиялық зерттеу жөніндегі операцияларды жүргізу үшін Бейнеу ауданы, "Төңірекшың" учаскесінде орналасқан алаңы 321,0 гектар жер учаскесіне меншік иелері мен жер пайдаланушылардан жер учаскелерін алып қоймастан 2028 жылғы 15 қаңтарына дейінгі мерзімге жария сервитут белгіленсін.

      2. "Бейнеу аудандық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі" мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:

      осы қаулыны ресми жариялауға жіберуді;

      Бейнеу ауданы әкімі аппаратының ресми интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін аудан әкімінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Бейнеу ауданының әкімі Р. Шалбаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады