Қостанай облысы әкімдігінің 2024 жылғы 30 қаңтардағы № 40 "Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру және оның Ережесін бекіту туралы" қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Жаңа

Қостанай облысы әкімдігінің 2025 жылғы 15 қаңтардағы № 5 қаулысы

      Қостанай облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қостанай облысы әкімдігінің "Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру және оның Ережесін бекіту туралы" 2024 жылғы 30 қаңтардағы № 40 қаулысына келесі өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" мемлекеттік мекемесін құру және оның Ережесін бекіту туралы";

      1 және 2-тармақтар жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" мемлекеттік мекемесі құрылсын.

      2. Қоса беріліп отырған "Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.";

      3-тармақтың бірінші абзацы жаңа редакцияда жазылсын:

      "3. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:";

      көрсетілген қаулымен бекітілген "Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ережеде:

      тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:

      "Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" мемлекеттік мекемесі туралы ереже";

      1-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:

      "1. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) әскери міндет пен әскери қызмет, жұмылдыру дайындығы және жұмылдыру, сондай-ақ азаматтық қорғаныс саласындағы мәселелері жөніндегі Қазақстан Республикасының қорғанысы және Қарулы Күштері туралы заңнамасының орындалуын ұйымдастыруды және қамтамасыз етуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.".

      2. "Қостанай облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте:

      1) заңды тұлғаның әділет органдарында қайта мемлекеттік тіркелуін;

      2) осы қаулыға қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Қостанай облысы бойынша филиалына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      3) осы қаулының ресми жарияланғанынан кейін оның Қостанай облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қостанай облысының әкімі Қ. Ақсақалов

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады