Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 18-бабының 5-1 тармақшасына, 69-бабының 4-тармағына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес, "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің 2025 жылғы 4 ақпандағы № 36, № 37, № 38, № 39, № 40 бұйрықтарымен бекітілген жерге орналастыру жобалары негізінде Қостанай қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне елді мекендердің жері санатынан осы қаулының қосымшасына сәйкес жер учаскелеріне қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қостанай қаласы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыны қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Қостанай қаласы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қостанай қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Әкімнің міндетін атқарушы | А. Исенбаев |
Әкімдіктің | |
2025 жылғы 27 ақпандағы | |
№ 339 қаулысына | |
қосымша |
"Қостанай қаласы әкімдігінің құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесіне қауымдық сервитут белгіленетін жер учаскелерінің тізбесі
1) Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0102 гектар, "Қостанай қаласы, Береке шағын ауданында егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша № 127 5 қабатты тұрғын үйге инженерлік коммуникацияларды салу" объектісі бойынша инженерлік желілерді жүргізу үшін (сыртқы электрмен жабдықтау және байланыс желілері);
2) Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0149 гектар, "Қостанай қаласы, Береке шағын ауданында егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша № 127 5 қабатты тұрғын үйге инженерлік коммуникацияларды салу" объектісі бойынша инженерлік желілерді жүргізу үшін (сыртқы сумен жабдықтау желілері);
3) Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0194 гектар, "Қостанай қаласы, Береке шағын ауданында егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша № 127 5 қабатты тұрғын үйге инженерлік коммуникацияларды салу" объектісі бойынша инженерлік желілерді жүргізу үшін (сыртқы жылумен жабдықтау желілері);
4) Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0071 гектар, "Қостанай қаласы, Береке шағын ауданында егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша № 127 5 қабатты тұрғын үйге инженерлік коммуникацияларды салу" объектісі бойынша инженерлік желілерді жүргізу үшін (сыртқы газбен жабдықтау желілері);
5) Қостанай қаласы, Береке шағын ауданы мекенжайында орналасқан жер учаскесі, жалпы алаңы 0,0186 гектар, "Қостанай қаласы, Береке шағын ауданында егжей-тегжейлі жоспарлау жобасы бойынша № 127 5 қабатты тұрғын үйге инженерлік коммуникацияларды салу" объектісі бойынша инженерлік желілерді жүргізу үшін (сыртқы канализация желілері).