Қауымдық сервитут белгілеу туралы

Жаңа

Қостанай облысы Денисов ауданы Красноармейск ауылдық округі әкімінің 2025 жылғы 27 қаңтардағы № 2 шешімі

      Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 19-бабының 1-1) тармақшасына, 69-бабы 4-тармағының 2) тармақшасына, "Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 35-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес, Красноармейск ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. "Денисов ауданы әкімдігінің сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімі" мемлекеттік мекемесі 48 жыл мерзімге, жалпы ауданы - 1,4574 гектар жер учаскесіне пайдалану үшін, "Қостанай облысы Денисов ауданы, Зааятское ауылының газ тарату желілерін салу" объектісіне жоғары қысымды газ құбырына қызмет көрсету және пайдалану мақсатында қауымдық сервитут белгіленсін.

      2. "Красноармейск ауылдық округі әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етсін:

      1) осы шешімге қол қойылған күннен бастап, бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмесін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерін эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберілуін;

      2) осы шешімді ресми жарияланғаннан кейін Денисов ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыру.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

      4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Красноармейск ауылдық округінің әкімі А. Хлебников

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады