Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 17, 69, 71-1-баптарына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 31-бабына сәйкес және 2023 жылғы 12 желтоқсандағы № 2300-EL қатты пайдалы қазбаларды барлауға арналған лицензия негізінде Қарабалық ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. "Меридик" жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне геологиялық зерттеуге және пайдалы қазбаларды барлауға байланысты, жер қойнауын пайдалану мақсаттары үшін, Қарабалық ауданы Победа ауылы (елді мекен шегінен тыс) аумағында орналасқан, жалпы ауданы 812,1060 гектар жер учаскесіне 2029 жылғы 12 желтоқсанына дейінгі мерзімге қауымдық сервитут белгіленсін.
2. "Қарабалық ауданы әкімдігінің жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде ресми жариялауға жіберуді;
2) осы қаулыны ресми жарияланғаннан кейін Қарабалық ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қарабалық ауданы әкімінің орынбасарына жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Аудан әкімі | Р. Халықов |