"Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары баскармасы" мемлекеттік мекемесіне технологиялық учаскесін және уақытша айналма жолды құру үшін Ұзынкөл ауданының аумағында орналасқан жерлерден бөлінбейтін жер учаскелеріне шектеулі нысаналы жерге пайдалану (қауымдық сервитут) құқығын беру туралы

Жаңа

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданы әкімдігінің 2025 жылғы 24 қаңтардағы № 5 қаулысы

      Қазақстан Республикасының Жер кодексінің 17-бабы 1-тармағының 5-1) тармақшасына, "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 31-бабы 1-тармағының 10) тармақшасына сәйкес және жерге орналастыру жобасы негізінде Ұзынкөл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Қостанай облысы әкімдігінің жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары баскармасы" мемлекеттік мекемесіне технологиялық учаскесін және уақытша айналма жолды құру үшін Ұзынкөл ауданының аумағында орналасқан жалпы аумағы – 10,3 гектар жерлерден бөлінбейтін жер учаскелеріне 3 жыл мерзімге шектеулі нысаналы жерге пайдалану (қауымдық сервитут) құқығы берілсін.

      2. "Ұзынкөл ауданының жер қатынастары бөлімі" мемлекеттік мекемесіне Қазахстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қамтамасыз етілсін:

      1) осы қаулығы қол қойылған күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде оның көшірмесін электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қостанай облысы бойынша "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалына жіберу;

      2) осы қаулыны Ұзынкөл ауданы әкімдігінің интернет-ресурсында ресми жарияланғаннан кейін орналастыру.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы ресми түрде жариаланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Ұзынкөл ауданының әкімі М. Жұрқабаев

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады