Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі 164-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған жергілікті атқарушы органдардың 2025-2027 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттерi бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Инвестициялық саясат және қаржы секторын дамыту департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықты мүдделі адамдардың назарына жеткізcін;
2) осы бұйрықтың қазақ және орыс тілдеріндегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберсін;
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министрдің міндетін атқарушы | Б. Омарбеков |
"КЕЛІСІЛДІ"
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
2025 жылғы "07" ақпандағы
№ КК-06-КК/383-И
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрінің 2025 жылғы 10 ақпандағы № 47 бұйрығымен бекітілді |
Жергілікті атқарушы органдардың 2025-2027 жылдарға арналған мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиттері
мың теңге
Р/с | Жергілікті атқарушы орган | Жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелерінің, оның ішінде мемлекеттік концессиялық міндеттемелерінің лимиті | |||||
2025 жыл | 2026 жыл | 2027 жыл | |||||
ЖАО МЖӘ ММ лимиті | Қабылдау лимиті | ЖАО МЖӘ ММ лимиті | Қабылдау лимиті | ЖАО МЖӘ ММ лимиті | Қабылдау лимиті | ||
1 | Абай облысы | 78 030 524 | 74 030 545 | 79 967 420 | 75 967 441 | 82 039 898 | 78 039 920 |
2 | Ақмола облысы | 124 726 869 | 124 726 869 | 128 091 554 | 128 091 554 | 131 691 767 | 131 691 767 |
3 | Ақтөбе облысы | 125 035 864 | 122 359 708 | 129 335 723 | 126 659 567 | 133 936 572 | 131 260 417 |
4 | Алматы облысы | 147 606 281 | 73 633 634 | 155 088 490 | 81 115 844 | 163 094 454 | 89 121 807 |
5 | Атырау облысы | 176 937 736 | 49 202 200 | 189 323 378 | 61 587 841 | 202 576 014 | 74 840 478 |
6 | Батыс Қазақстан облысы | 102 584 985 | 102 569 985 | 106 029 995 | 106 014 995 | 109 716 157 | 109 701 156 |
7 | Жамбыл облысы | 131 186 500 | 127 349 369 | 133 846 231 | 130 009 100 | 136 692 143 | 132 855 012 |
8 | Жетісу облысы | 97 430 186 | 83 635 510 | 98 838 682 | 85 044 006 | 100 345 773 | 86 551 097 |
9 | Қарағанды облысы | 147 777 419 | 147 777 419 | 153 262 774 | 153 262 774 | 159 132 104 | 159 132 104 |
10 | Қостанай облысы | 117 109 491 | 112 765 899 | 120 537 834 | 116 194 242 | 124 206 162 | 119 862 570 |
11 | Қызылорда облысы | 122 687 341 | 120 959 712 | 124 601 694 | 122 874 065 | 126 650 051 | 124 922 422 |
12 | Маңғыстау облысы | 103 093 090 | 94 040 984 | 107 974 111 | 98 922 005 | 113 196 804 | 104 144 698 |
13 | Павлодар облысы | 114 265 152 | 114 008 201 | 120 210 326 | 119 953 375 | 126 571 662 | 126 314 711 |
14 | Солтүстік Қазақстан облысы | 96 618 865 | 92 363 272 | 98 675 136 | 94 419 543 | 100 875 347 | 96 619 754 |
15 | Түркістан облысы | 664 729 308 | 582 288 510 | 672 634 710 | 590 193 912 | 681 093 491 | 598 652 693 |
16 | Ұлытау облысы | 36 119 847 | 36 119 847 | 37 820 240 | 37 820 240 | 39 639 660 | 39 639 660 |
17 | Шығыс Қазақстан облысы | 99 712 695 | 92 003 813 | 102 910 688 | 95 201 806 | 106 332 541 | 98 623 659 |
18 | Алматы қаласы | 996 534 969 | 986 045 742 | 1 066 292 416 | 1 055 803 189 | 1 140 932 885 | 1 130 443 658 |
19 | Астана қаласы | 514 048 673 | 451 353 040 | 550 032 080 | 487 336 447 | 588 534 325 | 525 838 692 |
20 | Шымкент қаласы | 340 959 706 | 268 971 894 | 356 034 920 | 284 047 108 | 372 165 400 | 300 177 588 |
Жиыны: | 4 337 195 498 | 3 856 206 152 | 4 531 508 401 | 4 050 519 055 | 4 739 423 209 | 4 258 433 863 |
Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
ЖАО – жергілікті атқарушы органдар;
МЖӘ ММ – мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалары бойынша мемлекеттік міндеттемелер.