Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің полигондары мен оқу орталықтары қызметінің қағидаларын бекіту туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 3 наурыздағы № 73 бұйрығы

      "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы №701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 60-8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің полигондары мен оқу орталықтары қызметінің қоса беріліп отырған қағидалары бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Азаматтық қорғаныс және әскери бөлімдері жөніндегі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен мыналарды:

      1) осы бұйрықтың электрондық көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді қамтамасыз етсін;

      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар жөніндегі вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр генерал-майор Ш. Әрінов

  Қазақстан Республикасы
  Төтенше жағдайлар министрінің
  бұйрығымен бекітілген
2025 жылғы 3 наурыздағы № 73

Азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің полигондары мен оқу орталықтары қызметінің қағидалары

1 тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің полигондары мен оқу орталықтары қызметінің қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 60-8) тармақшасына сәйкес әзірленді және авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу кезінде әскери бөлімдер әскери қызметшілерінің жауынгерлік даярлық бойынша практикалық сабақтарын ұйымдастыру және кәсіби дағдыларын жетілдіру мақсатында азаматтық қорғаныс әскери бөлімдерінің (бұдан әрі – әскери бөлімдер) полигондары мен оқу орталықтарының қызметі мәселелерін регламенттейді.

      2. Осы Қағидаларда мына ұғымдар пайдаланылады:

      1) оқу объектісі (орны) – жауынгерлік даярлық міндеттерін орындауды қамтамасыз ету, сондай-ақ әскери қызметшілерде нақты төтенше жағдайға барынша жақын жағдайларда психологиялық тұрақтылықты қалыптастыру үшін жабдықталған жергілікті жердің, ғимаратының немесе құрылысының арнайы бөлінген учаскесі;

      2) оқу орталығы – әскери қызметшілерін оқытуға, жауынгерлік даярлық міндеттерін практикалық пысықтауға және жауынгерлік машықтану деңгейін арттыруға арналған әскери бөлімнің оқу объектілерінің кешені;

      3) полигон – әскери бөлімдерді жауынгерлік даярлау жөніндегі іс-шараларды өткізу, жабдықтар мен арнайы техниканы сынау, сондай-ақ ғылыми зерттеулер жүргізу, арнайы техниканың (жабдықтардың) мүмкіндіктерін көрсету жөніндегі іс-шараларды өткізу үшін тұрақты (уақытша) пайдалану құқығымен бөлінген арнайы бөлінген жер учаскесі. Полигонға оқу орталықтары, автодромдар, оқу алаңдары мен қалашықтар кіреді.

      4) полигондық жабдық – әскери қызметшілерді авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу технологиясына оқытуға арналған имитациялық құралдармен жергілікті жер учаскесінде қажетті оқу жағдайын жасайтын техникалық құралдар кешені.

      3. Әскери бөлімнің полигоны (оқу орталығы):

      әскери бөлімнің жеке құрамын жауынгерлік даярлау міндеттерін практикалық жетілдіру;

      әскери бөлім бөлімшелерін қосу және олардың жоғары далалық машығына қол жеткізу;

      жеке құрамның психологиялық дайындығы және авариялық-құтқару мен шұғыл жұмыстарды жүргізу дағдыларын жетілдіру;

      командалық-штабтық, арнайы-тактикалық оқу-жаттығуларды, оқу-әдістемелік жиындарды өткізу;

      авариялық-құтқару құралдарын, жабдықтар мен техниканы пайдаланудың озық әдістерін меңгеру, оқу-материалдық және техникалық базаны жетілдіру;

      ғылыми зерттеулер жүргізу, оқытудың жаңа нысандарын, әдістері мен құралдарын енгізу, авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізудің енгізілетін технологияларын практикалық апробациядан өткізу үшін арналған.

2 тарау. Әскери бөлімдердің полигондары мен оқу орталықтарының қызметін ұйымдастыру

      4. Полигонға (оқу орталығына) тікелей басшылықты әскери бөлімнің командирі жүзеге асырады. Оның жай-күйі, онда болған кезде жеке құрамның қауіпсіздік шараларын ұйымдастыруы және сақтауы, сондай-ақ оны жетілдіруі үшін жауапкершілік полигон (оқу орталығы) бастығына жүктеледі.

      5. Әскери бөлімнің әрбір полигонына (оқу орталығына) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша полигонның (оқу орталығының) формуляры жасалады, оған жер учаскесі, бар ғимараттар, құрылыстар және белгіленген жабдықтар бойынша деректер енгізіледі.

      6. Әскери бөлімде жауынгерлік даярлық іс-шараларын жоспарлау, есепке алу және ұйымдастыру мақсатында осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес әскери бөлімнің полигонының (оқу орталығының) құжаттамасы әзірленеді және жүргізіледі.

      7. Полигондағы (оқу орталығындағы) оқу объектілері (орындары) жауынгерлік даярлық бағдарламаларымен және оқу міндеттерінің көлемімен айқындалатын қажеттілікке қарай салынады. Полигон (оқу орталығы) аумағында инженерлік және құрылыс жұмыстарын жүргізу әскери бөлім командирінің шешімі бойынша жүргізіледі, полигон (оқу орталығы) аумағында әскери бөлім бөлімшелері құрған уақытша оқу объектілері (орындары) оқу сабақтарын, оқу-жаттығу сабақтарын өткізу барысында оларды аяқтағаннан кейін сабақтарды немесе оқу-жаттығуларды өткізетін бөлімшелердің күштерімен және құралдарымен жойылады (талданады).

      8. Полигон (оқу орталығы) жауынгерлік даярлық бойынша практикалық сабақтарды тиімді өткізуді қамтамасыз ететін және қауіпсіздік талаптарына жауап беретін жаттығу жабдықтарымен жабдықталады.

      9. Полигон жабдықтарын және оқу объектілерін (орындарын) профилактикалық жөндеу, қызмет көрсету әскери бөлім командирінің бұйрығымен полигон (оқу орталығы) бастығына бекітіледі.

      10. Функционалдық міндеттерін орындау кезінде полигонның (оқу орталығының) бастығы:

      оқу объектілерінде (орындарында) авариялар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу бойынша шаралар қабылдайды;

      полигон (оқу орталығы) аумағында әскери бөлім бөлімшелерінің командирлерімен қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша сабақтар өткізеді, олардың сынақ қабылдаумен білімдерін тексереді. Әскери бөлім бөлімшелерін оқу сабақтары мен оқу жаттығуларын өткізуге жіберуді жүзеге асырады;

      полигон (оқу орталығы) аумағында бөлімшелерді орналастыру аудандарын, сабақ өткізу орындарын, далалық шығу жолдарын және бөлімшелердің қозғалыс бағыттарын айқындайды;

      полигонда (оқу орталығында) ішкі тәртіптің сақталуын тексереді;

      полигонның (оқу орталығының) оқу объектілерінің (орындарының) жай-күйі мен жұмысын бақылайды, оқу объектілерінің (орындарының) сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында оларды жұмыс жағдайында тұрақты ұстауға, оларды жетілдіруге және оларға электрлендіру және автоматтандыру құралдарын енгізуге шаралар қабылдайды;

      оқу объектілерін жетілдіруге басшылық жасайды және әскери бөлімнің оқу-материалдық және техникалық базасын жетілдірудің жылдық және перспективалық жоспарларын әзірлеуге қатысады;

      полигонның (оқу орталығының) аумағын пайдаланылған немесе пайдаланылмаған материалдардан, жанғыш заттар мен қоқыстардан тазартуды ұйымдастырады;

      оқу жабдықтарын, материалдық құралдар мен қорларды уақтылы алуды, есепке алуды және тиісінше пайдалануды бақылайды;

      бөлінген жер учаскесінің мақсаты бойынша пайдаланылуына, полигон (оқу орталығы) аумағындағы жолдардың уақтылы жөнделуіне бақылауды жүзеге асырады;

      полигонның (оқу орталығының) бас жоспарын, қауіпсіздік шаралары жөніндегі карта мен нұсқаулықтарды, қоршау және олармен байланыс бекеттерінің сызбасын, жергілікті жердің жағдайларын ескере отырып, оқу объектілеріндегі лауазымды адамдардың міндеттерін әзірлейді;

      оқу жабдықтарына техникалық қызмет көрсету және жөндеу жоспарларының орындалуын әзірлейді және бақылайды және айына кемінде бір рет оның жай күйін тексереді;

      оқу жабдықтары, тұрғын ғимараттардың құрылыстары және оқу объектілеріндегі (орындарындағы) мүлік бүлінген немесе істен шыққан жағдайда жаттығу өткізген бөлімше командирін не болғаны туралы хабардар етеді, оларды қалпына келтіру жөнінде шаралар қабылдағанын көрсетеді, объектіні толық қалпына келтірілгенге дейін пайдалануға рұқсат бермей, әскери бөлім командиріне баянатпен баяндайды;

      сабақтарды өткізу кезінде қауіпсіздік шаралары бұзылған жағдайда сабақтар толық жойылғанға дейін сабақтарды дереу тоқтатады.

      11. Полигонның (оқу орталығының) нұсқаушы – сержанты:

      оқу объектілерінің (орындарының) жай-күйін, олардың техникалық сипаттамаларын және әскери бөлім бөлімшелерінің жеке құрамын даярлау жөніндегі мүмкіндіктерін бақылайды;

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес полигонның (оқу орталығының), оқу объектілерінің (орындарының) формуляры мен картасын, полигондағы (оқу орталығындағы) оқу сабақтары мен оқу-жаттығуларды есепке алу журналын жүргізеді;

      бір аптаға сабақ кестесін жасауға қатысады;

      полигонда (оқу орталығында) ішкі тәртіптің сақталуын тексереді;

      жабдық пен мүліктің сақталуын, өртке қарсы қауіпсіздіктің және бекітілген оқу объектісінің (орынның) санитарлық жай-күйінің сақталуын бақылайды;

      бекітілген оқу объектісінің (орнының) және оның шекарасын белгілейтін көрсеткіштердің жай-күйін бақылайды;

      өткізілген оқу сабақтары мен оқу-жаттығулардың саны және қауіпсіздік шараларын бұзу жағдайлары туралы деректерді күн сайын жинақтайды және полигон (оқу орталығы) бастығына баяндайды;

      полигон (оқу орталығы) аумағында барлық жеке құрамның қауіпсіздік талаптарын сақтауын бақылайды, оқу объектілерінде (орындарында) авариялар мен жазатайым оқиғалардың алдын алу жөнінде шаралар қабылдайды;

      электр желісіне рұқсатты бақылайды;

      оқу объектісін (орнын) және оқу-материалдық базаны пайдалану тәртібі, оны қоршау және қауіпсіздік шараларын сақтау бойынша сабақтың жетекшілеріне нұсқау береді;

      оқу объектісін (орнын) пайдалану тәртібі бойынша көрнекі сабақ өткізеді;

      сабақтарды өткізу кезінде қауіпсіздік шаралары бұзылған жағдайда сабақтар толық жойылғанға дейін сабақтарды дереу тоқтатады;

      полигонды (оқу орталығын) техникалық қамтамасыз етуге, оқу объектілері жабдықтарының (орындарының), электр жабдықтары мен техникаларының техникалық жарамдылығына, оларды дұрыс пайдалануға, уақтылы техникалық қызмет көрсетуге, сақтауға, пайдалануға және жөндеуге жауап береді;

      полигонның (оқу орталығының) техникалық жабдықтарын, электр қондырғыларын пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу кезінде қауіпсіздік техникасы қағидаларының сақталуын бақылайды;

      құтқару жабдықтарын, электр қондырғыларын монтаждау және қызмет көрсету, оларды көктемгі-жазғы және күзгі-қысқы пайдалануға ауыстыру жөніндегі жұмыстарды жүргізуге жеке өзі қатысады;

      құтқару жабдықтары мен электр қондырғыларын орнату және пайдалану бойынша сабақтар өткізеді, қауіпсіздік техникасы бойынша нұсқамалар өткізеді;

      осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес электр қауіпсіздігі техникасы бойынша нұсқама, қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуін тексеру журналын жүргізеді;

      полигонда (оқу орталығында) алғашқы өрт сөндіру құралдарын есепке алуды және ұстауды жүзеге асырады;

      полигон (оқу орталығы) аумағында өртке қарсы іс-шараларды жүзеге асырады;

      авариялық-құтқару жабдықтары мен техникаларының техникалық жай-күйін аптасына кемінде бір рет тексереді, оқу жабдықтарына қызмет көрсетуді және жөндеуді жоспарлайды.

3 тарау. Әскери бөлімнің полигонының (оқу орталығының) оқу объектілері (орындары), олардың мақсаты мен жабдықтары

      12. Полигон (оқу орталығы) әдетте, мынадай оқу объектілерінен (орындардан), ғимараттар мен құрылыстардан: авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар қалашығынан; кинологиялық қалашықтан; азаматтық қорғаныс жолағынан; автодромнан; спорт қалашығынан; оқу корпусынан; саптық плацтан; бақылау-өткізу пунктінен; казармалық үй-жайынан (тұрғын корпус); асханадан; медициналық бекеттен; дәретханалардан; душтан; автопарктен; қазандықтан; далалық лагерь жабдықтарына арналған учаскеден; тікұшақ алаңынан тұрады.

      13. "Авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстар қалашығы" оқу объектісі әскери қызметшілерді авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды орындау кезінде практикалық іс-қимылдарға кешенді оқытуға арналған және оқу орындарынан: құбырдан; радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау қалашығынан; жол-көлік оқиғасынан; тау соқпағынан; оқу-жаттығу мұнарасынан; лабиринттен; форттан; теміржол көлігі авариядан; айлақтан тұрады.

      1) Осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес "Құбыр" оқу орны әскери қызметшілерді зардап шеккендерді тік өндірістік құбырлардан және инженерлік құдықтардан эвакуациялау бойынша құтқару жұмыстарын жүргізуге дайындауға оқу орнының үлгілік схемасы арналған;

      2) Осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес "Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау қалашығы" оқу орны әскери қызметшілерді химиялық қауіпті объектілерде құтқару жұмыстарына дайындауға арналған және тыныс алу және тері органдарын қорғау құралдарын қолдана отырып, авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізуді, радиациялық, химиялық және биологиялық барлау және қорғау аспаптары мен құралдарын оқу орнының үлгілік схемасын қолдануды көздейді;

      3) Осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес "Жол-көлік оқиғасы" оқу орны әскери қызметшілерді әртүрлі көлік түрлерінің қатысуымен болған жол-көлік оқиғаларының салдарын жою кезінде құтқару жұмыстарына дайындауға, сондай-ақ құтқару есебінің құрамында авариялық-құтқару құралдарымен және жабдықтармен жұмыс істеу дағдысын дамытуға оқу орнының үлгілік схемасы арналған;

      4) Осы Қағидаларға 6-қосымшаға сәйкес "Тау соқпағы" оқу орны әскери қызметшілерді таулы жерлерде құтқару жұмыстарына дайындауға және альпинистік жабдықтармен жұмыс істеу дағдысын жетілдіруге оқу орнының үлгілік схемасы арналған;

      5) Осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес "Оқу-жаттығу мұнарасы" оқу орны әскери қызметшілерді биік ғимараттар мен конструкцияларда құтқару жұмыстарын жүргізуге дайындауға, өрт сатыларының көмегімен жоғарғы қабаттарға көтерілу жөніндегі нормативтерді пысықтауға оқу орнының үлгілік схемасы арналған;

      6) Осы Қағидаларға 8-қосымшаға сәйкес "Лабиринт" оқу орны әскери қызметшілерді үздіксіз үйінділер жағдайында құтқару жұмыстарына, өрмелеу жабдықтарына дайындауға және іздестіру-құтқару жұмыстарының дағдыларын жетілдіруге оқу орнының үлгілік схемасы арналған;

      7) Осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес "Форт" оқу орны техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде әскери қызметшілерді өндірістік объектілердегі құтқару жұмыстарына дайындауға оқу орнының үлгілік схемасы арналған;

      8) Осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес "Теміржол апаты" оқу орны әскери қызметшілерді темір жол апаттары кезінде құтқару жұмыстарына дайындауға оқу орнының үлгілік схемасы арналған;

      9) Осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес "Айлақ" оқу орны әскери қызметшілерді акваторияларда құтқару жұмыстарына дайындауға, сүңгуірлік даярлық бойынша сабақтар өткізуге оқу орнының үлгілік схемасы арналған;

      14. "Кинологиялық қалашық" оқу объектісі қызметтік иттерді мойынсұнуға және іздестіру-құтқару жұмыстарын орындауға үйретуге арналған. "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар Министрлігінің кәсіби авариялық-құтқару қызметтерінің кинологиялық бөлімшелері мен әскери бөлімдері қызметінің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2021 жылғы 18 тамыздағы №408 бұйрығына сәйкес жабдықталады.

      15. Осы Қағидаларға 12-қосымшаға сәйкес "Азаматтық қорғаныс жолағы" оқу объектісі әскери қызметшілерге жаппай қирау және үйінділер жағдайында мақсаты бойынша іс-қимыл жасауға, дағдылары мен іскерліктерін әзірлеуге арналған, оқу объектісіне жабдықталады.

      16. "Автодром" оқу объектісі-жол қозғалысы белгілерімен, жол жабынының әртүрлі түрлерімен және техника қозғалысы үшін кедергілермен жабдықталған жергілікті жер учаскесі әскери бөлімдердің жүргізуші құрамын әскери техниканы жүргізуге, автомобильдер мен шынжыр табанды техниканы сынауға, сондай-ақ жүргізуші құрамы арасында жарыстар өткізуді үйретуге арналған. Осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес жабдықталады.

      17. "Спорт қалашығы" оқу объектісі әскери қызметшілермен гимнастикалық снарядтарда дене шынықтыру даярлығы бойынша сабақтар өткізуге арналған.

      18. "Далалық лагерьді өрістетуге арналған учаске" оқу объектісі әскери бөлім бөлімшелерінің далалық шығуды жүргізуіне және әскери қызметшілердің далалық лагерьді жабдықтау бойынша дағдыларын пысықтауға арналған. Оқу объектісінің (өрістің) мөлшері далалық лагерьді өрістету жөніндегі жалпы әскери жарғылардың талаптарын орындауды ескере отырып белгіленеді.

4-тарау. Бөлімшелердің әскери бөлімнің полигонына кіруге рұқсат алуы

      19. Полигонда (оқу орталықта) бөлімшелермен сабақ өткізу мерзімдері әскери бөлімнің жауынгерлік даярлық жоспарымен және жауынгерлік даярлық бағдарламаларымен айқындалады. Жоспарланған іс-шараларды нақтылау үшін бөлімшелерді әскери бөлімнің полигонына (оқу орталығына) шығару жоспары әзірленеді.

      Бөлімшелерді полигонға (оқу орталығына) шығару жоспарында:

      командирлік және оқу-әдістемелік жиындар;

      тактикалық және командалық-штабтық жаттығулар, құтқару көпсайысы бойынша жарыстар;

      машиналарды жүргізу, арнайы және инженерлік техникада жұмыс істеу;

      жаңа техника үлгілерін, авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу технологияларын сынау;

      бөлімшелер арасындағы жарыстар және басқа да іс-шаралар қарастырылады.

      Бөлімшелерді әскери бөлімнің полигонына (оқу орталығына) шығару жоспарын әзірлеу кезінде оқу объектілерінің өткізу қабілеті және жеке құраммен қызмет көрсету мен сабақ өткізуге қажетті уақыт ескеріледі.

      Бөлімшелерді полигонға (оқу орталығына) шығару жоспарын әзірлеуді әскери бөлімнің жауынгерлік даярлық бөлімі орындайды.

      20. Полигонға (оқу орталығына) келген бөлімшелердің командирлері бөлімше келгенге дейін 3-5 күн бұрын жоспарланған оқу объектілері (орындары) мен учаскелерін барлауды жүргізеді.

      Барлау барысында мыналар:

      бөлімшені полигонға (оқу орталығына) енгізу маршруттары;

      бөлімшені далалық лагерьде орналастыру орындары, бекітілген оқу объектілері (орындары) мен учаскелері;

      сабақ орындары, оқу объектілерінің сыйымдылығы және оларға қарай жүруге қажетті уақыт, бөлімшелерді орналастыру шарттары;

      сабақтарды, электр қауіпсіздігі мен өрт қауіпсіздігін дайындау және өткізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары;

      полигонның (оқу орталығының) шекаралары және ішкі қызметті атқару тәртібі нақтыланады.

      21. Оқу объектілерін (орындарын) келген бөлімшелерден сабаққа дайындау үшін команда тағайындалады.

      22. Полигонға (оқу орталығына) келетін бөлімшелердің командирлері бекітілген күнтізбелік жоспарға сәйкес ғимараттарды, құрылыстарды, оқу объектілерін (орындарын), оқу-материалдық және техникалық базаны, жабдықтар мен құрал-саймандарды, сондай-ақ оқу әдебиеттерін уақытша пайдалануға алады.

      23. Бөлімшелердің полигонға (оқу орталығына) келуімен бөлімше командирі:

      полигон (оқу орталығы) бастығына келгені туралы баяндайды және бөлімшені полигон (оқу орталығы) аумағына әскери бөлімге жіберу туралы әскери бөлім командирінің бұйрығынан үзінді тапсырады;

      қауіпсіздік шаралары және полигонда (оқу орталығында) болу қағидалары бойынша нұсқаулықтан өткеннен кейін қабылдау актісін ресімдей отырып, бөлінген ғимараттарды, құрылыстарды және оқу объектілерін (орындарын) уақытша пайдалануға қабылдайды, жеке құрамды, техника мен мүлікті орналастыруды ұйымдастырады және күзетуді ұйымдастырады;

      пайдалану үшін белгіленген оқу жабдықтары мен объектілердің (орындардың) жарамдылығын тексереді;

      полигон (оқу орталығы) бастығына оқу объектілерін (орындарын) пайдалану жоспарын, полигонда (оқу орталығында) болған барлық кезеңде келген бөлімшенің сабақтарының жиынтық кестесін және тартылған күштер мен құралдардың есебін ұсынады;

      полигон (оқу орталығы) бастығымен және әскери бөлім бойынша кезекшімен байланысты ұйымдастырады;

      полигонда (оқу орталығында) болу тәртібі мен ережелерін жеке құрамға жеткізеді;

      зерттеуді ұйымдастырады және барлық жеке құрамның қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауын қамтамасыз етеді.

      24. Оқу сабақтары аяқталғаннан кейін оқу жабдықтарына қызмет көрсетуді бөлімшелерден командаларды тарта отырып, полигонның (оқу орталығының) жеке құрамы жүргізеді. Оқу жабдықтары, аспаптар мен мүлік бүлінген немесе жоғалған жағдайда сабақ жетекшілері оларды қалпына келтіру шараларын қабылдайды.

      25. Бөлімше полигоннан (оқу орталығынан) кетер алдында бөлімше командирі:

      тапсыру актісін ресімдей отырып, полигон (оқу орталығы) бастығына алынған ғимараттарды, құрылыстарды және оқу объектілерін (орындарын) толық жарамдылықта тапсырады;

      полигон (оқу орталығы) бастығына бөлімшенің шығарылуы туралы, полигон аумағында қалдырылған ақаулы техника туралы хабарлайды;

      26. Бөлімше командирлеріне (сабақ жетекшілеріне):

      полигон (оқу орталығы) бастығының рұқсатынсыз полигонның (оқу орталығының) электр желілері мен электр қондырғыларын жөндеуге, электр желісін пайдалануға бұйрық беруге;

      бөлімшелердің жеке құрамын электр желісіндегі жұмыстарға, имитациялық құралдарды орнатуға тартуға;

      оқу орталығының бастығымен келісілмеген учаскелерде (жолдарда) инженерлік жұмыстар мен техниканың қозғалысын жүргізуге;

      полигон (оқу орталығы) аумағына бөгде адамдарды жіберуді жүзеге асыруға тыйым салынады.

5-тарау. Полигонда қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру және қамтамасыз ету

      27. Полигонда (оқу орталығында) оқу-жаттығулар мен сабақтар өткізу кезіндегі қауіпсіздікті қызметті дұрыс ұйымдастыру, барлық қауіпсіздік ережелері мен шараларының, оның ішінде автомобиль және инженерлік техниканы пайдалану (жүргізу) кезіндегі талаптардың сақталуы қамтамасыз етіледі.

      28. Бөлімше командирі полигонда (оқу орталығында) бөлімшенің жеке құрамы белгілеген қауіпсіздік шаралары мен тәртібінің дәл сақталуына толық жауапты болады.

      29. Барлық дәрежелі командирлер мен бастықтар оқу-жаттығуларды, машиналарды жүргізу және басқа да сабақтарды дайындау және өткізу кезінде қауіпсіздік ережелері мен шараларын нық білуі және қатаң сақтауы және оларды жеке құрамнан орындауды талап етуі тиіс.

      30. Жеке құраммен жазатайым оқиғалардың, жабдықтардың, техниканың, мүліктің бүлінуінің, жануарлардың өлімінің және басқа да оқиғалардың алдын алу мақсатында полигонда (оқу орталығында) мынадай іс-шаралар:

      оқу-жаттығуларды, машиналарды жүргізу және басқа да сабақтарды дайындау және өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын ұйымдастыру және қамтамасыз ету;

      полигон (оқу орталығы) аумағын қоршау;

      жеке құрамды электр тогының соғуынан қорғау және қауіпсіздік ережелерін сақтау жөніндегі іс-шаралар;

      өртке қарсы іс-шаралар;

      медициналық көмек;

      қауіпсіздік шараларын қамтамасыз ету бойынша түсіндіру жұмыстары;

      техниканың, құтқару және арнайы жабдықтың әрбір түрі үшін тәлімдемелерде, курстарда және нұсқаулықтарда көзделген қауіпсіздік шараларын сақтау жүргізіледі.

      31. Оқу-жаттығулар мен сабақтар мұқият жоспарлануға тиіс және полигонда (оқу орталығында) белгіленген қауіпсіздік ережелеріне қатаң сәйкес, барлық жеке құрамның жоғары тәртіпте болуы кезінде жүргізіледі. Қауіпсіздік ережелері мен шараларын меңгермеген жеке құрам жаттығуларға, техниканы (машиналарды) жүргізуге және басқа да сабақтарға жіберілмейді. Жүргізер алдында полигонның (оқу орталығының) нұсқаушы-сержанты қауіпті аймақтардан адамдарды, жануарларды және көлікті алып тастау мақсатында аумақты тексеруді ұйымдастырады.

      32. Полигон (оқу орталығы) үшін жергілікті жағдайларды, жалпы әскери жарғылардың талаптарын ескере отырып, өрттен қорғау жоспары және өрт қауіпсіздігі шаралары жөніндегі нұсқаулық әзірленеді, онда мыналар:

      өрт қауіпті орындар мен аудандарды көрсете отырып, полигон (оқу орталығы) аумағының сызбасы;

      лауазымды тұлғалардың және штаттан тыс өрт сөндіру командасының міндеттері;

      полигон (оқу орталығы) аумағында және жеке құрам орналасқан жерлерде өрттерді жою жөніндегі лауазымды адамдар мен жеке құрамның қауіпсіздік шаралары мен іс-әрекеттері;

      тартылатын күштер мен құралдар;

      құлақтандыру сигналдары көрсетіледі.

      33. Жеке құрам орналасқан жерлерде, полигонның (оқу орталығының) жатын және қосалқы үй-жайларында өртке қарсы іс-шаралар жалпы әскери жарғылардың талаптарына сәйкес ұйымдастырылады.

      34. Полигон аумағында өрттің алдын алу үшін мынадай іс-шаралар орындалады:

      жарылғыш заттардың, жанар-жағармай және басқа да тез тұтанатын заттар мен материалдардың жанында темекі шегуге тыйым салынады;

      жарылғыш заттарды, жанар-жағармай және басқа да тез тұтанатын заттар мен материалдарды сақтау қағидалары сақталады;

      орманмен және бұтамен жабылған учаскелер кептірілген шөптерден, қураған ағаштардан және басқа да тез тұтанатын заттардан уақтылы тазартылады;

      қажет болған жағдайда оттың таралуына кедергі келтіретін траншеялар мен жыртылған жолақтар желісі құрылады.

      35. Ықтимал өрттерді жою жөніндегі жұмыстарды орындау үшін полигонның (оқу орталығының) және уақытша орналастырылған бөлімшелердің жеке құрамынан бастапқы өрт сөндіру құралдарымен жарақтандырылған штаттан тыс өрт сөндіру командалары құрылады және дайындалады.

  Азаматтық қорғаныс әскери
бөлімдерінің полигондары мен
  оқу орталықтары қызметінің
қағидаларына 1-қосымша

Полигон формуляры (оқу орталығы)

Әскери бөлім


Полигон (оқу орталығы)


Полигон (оқу орталығының) аумағы


Полигонның (оқу орталығының) өлшемдері: шебі бойынша/ тереңдікте



Құқық белгілейтін құжаттар


Полигонның (оқу орталығының) бастығы


Полигонның (оқу орталығының) нұсқаушы – сержанттары


Пошта мекенжайы:


Электрондық мекен жайы:


Теміржол деректемелері


Техниканы тиейтін жабдықталған орындардың болуы (шеткі және бүйірлік рампалардың болуы, олардың жай-күйі)


Жақын маңдағы азаматтық (әскери) әуеайлақтардың болуы


Жақын маңдағы азаматтық объектілердің болуы


Байланыс:

Лауазымдық тұлғалар

қалалық телефон байланысының нөмірі

радиостанцияның шақыру белгісі

ұялы байланыс нөмірі

Әскери бөлім командирі




Командирдің жауынгерлік дайындық жөніндегі орынбасары




Әскери бөлім бойынша кезекші




Оқу орталығы бойынша кезекші




Полигон құрамы:

Оқу объектілері


болуы керек

қолда бар

Оқу алаңдары



Полигондық жабдық (жинақ, шығарылған жылы, өндіруші, құрамы)


Оқу объектілері



полигондық жабдық (жинақ, шығарылған жылы, өндіруші)


басқа объектілер көрсетілген үлгіге ұқсас толтырылады



кедергілер (саны түрлері)

Бар кедергілердің сипаттамасы

Электр станциялары (дизель, бензин агрегаттары)


Полигонда қуаты көрсетілген трансформаторлық қосалқы (бұдан әрі – ТҚ) станциялардың болуы, оның ішінде:

Барлығы


ТҚ


ТҚ


Энергиямен жабдықтау


Жылумен жабдықтау


Сумен жабдықтау


Кәріз


Полигонда (оқу орталығында) әскер қызметін ұйымдастыру Объектілерді күзету тәуліктік нарядпен ___ адам санында ұйымдастырылған, оның ішінде:


Тәуліктік нарядтың байланыс құралдары


Инфрақұрылым

Объектінің атауы

Ғимараттың (құрылыстың) атауы

Техникалық паспорттың параметрлері және салынған жылы, деректемелері

Жағдайы

Әкімшілік-шаруашылық аймағы










Оқу алаңы







Бақылау-өткізу пункті




Басқалары








Барлық ғимараттар (құрылыстар)


      Полигонның (оқу орталығының) жалпы мүмкіндіктері:

      1) төтенше жағдайлардың түрлерін имитациялау бойынша оларды біріктіру мүмкіндігі;

      2) роталық (батальондық) тактикалық және арнайы оқу-жаттығулар өткізу бойынша;

      3) далалық шығу және бөлімшелерді далалық лагерьде орналастыру бойынша;

      4) полигонның басқа мүмкіндіктері мен ерекшеліктері.

      Полигонның (оқу орталығының) формулярына схема (полигон шекарасының (оқу орталығының) конфигурациясы және объектілердің орналасуы) қоса беріледі.

  Әскери бөлім командирі ___________________________
  __________________________
  (әскери атағы, қолы, тегі, инициалы)
  Азаматтық қорғаныс әскери
бөлімдерінің полигондары мен
  оқу орталықтары қызметінің
қағидаларына 2-қосымша

Әскери бөлімнің полигонының (оқу орталығының) құжаттамасы

Полигонда (оқу орталығында) өткізілген оқу-жаттығуларды (сабақтарды) есепке алу ЖУРНАЛЫ

№ р/с

Оқу-жаттығуларды (сабақтарды) өткізу күні

Бөлімшенің атауы, орындалатын жаттығудың нөмірі

Оқу объектісі (орны)

Жеке құрамның саны

Бағалау

Сабақ жетекшісінің лауазымы, әскери атағы, ТАӘ, қолы

үздік

жақсы

қанағаттанарлық

қанағаттанарлықсыз

Бөлімше үшін












Қауіпсіздік техникасы бойынша жеке құрамға нұсқау беру ЖУРНАЛЫ


р/с

Әскери атағы, аты-жөні, лауазымы, бөлімшесі

Күні

Нұсқау берудің себебі

Негізгі мәселелер

Нұсқау берушінің қолы

Нұсқама жүргізгеннің лауазымы, әскери атағы, біліктілігі, тобы, ТАӘ, қолы








Техникалық пайдалану қағидаларын және қауіпсіздік техникасы қағидаларын білуін тексеру ЖУРНАЛЫ


р/с

Әскери атағы, аты-жөні, куәлік нөмірі

Лауазымы және қызмет өтілі

Тексеру күні мен себебі

Баға

Комиссияның қорытындысы

Техникалық пайдалану ережелері

Қауіпсіздік ережелері








      Ескертпе: журналдар оқу жылы аяқталғаннан кейін әскери бөлімнің штабына тапсырылады және бір жыл бойы сақталады.

  Азаматтық қорғаныс әскери
бөлімдерінің полигондары мен
  оқу орталықтары қызметінің
қағидаларына 3-қосымша

"Құбыр" оқу орнының сипаттамасы

      "Құбыр" оқу орны әскери қызметшілерді тік өндірістік құбырлар мен инженерлік ұңғымалардан зардап шеккендерді блоктан шығаруға дайындауға арналған.

     



      1-сурет. "Құбыр" оқу орнының схемасы

      Оқу орны жоғары беріктігі бар пластиктен немесе металл құбырлардан жасалған, металл негізге құрастырылған және жоғарғы бөлігінде операциялық алаңы бар модульдік ажыратылатын конструкция.

      Құбырдың биіктігі 6 метрді құрайды, биіктік жұмыстарын жүргізу кезінде қауіпсіздік талаптарын ескере отырып жабдықталады.

  Азаматтық қорғаныс әскери
бөлімдерінің полигондары мен
  оқу орталықтары қызметінің
қағидаларына 4-қосымша

"Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау қалашығы" оқу орнының сипаттамасы

      "Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау қалашығы" оқу орны өндірістің технологиялық процесінің қираған учаскесіне имитациялайды және жеке қорғану құралдарын қолдана отырып, авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізу технологиясын оқытуға арналған.

     



      2-сурет. "Радиациялық, химиялық және биологиялық қорғау қалашығы" оқу орнының схемасы

      Оқу орны шектеулі көріну жағдайында қозғалыс элементтерін пысықтауға, күшті әсер ететін улы заттардың ағып кетуін оқшаулау үшін құралдарды қолдануға, газдалған үй-жайдан зардап шеккендерді, марш баспалдақтары бойынша, биіктіктен, сыйымдылықтан эвакуациялауға, сондай-ақ зардап шеккендерді блоктан шығаруға (есіктерді, терезелерді ашу), биіктік конструкцияларында қауіпсіз жұмыс әдістері мен тәсілдеріне үйретуге мүмкіндік береді.

      Ғимаратта технологиялық люктер арқылы кіруді, тар жағдайларда, үйінділер, плиталарының құлау учаскелері және өрт ошақтарын имитациялау блогы арқылы қозғалуды, құтқарушының құлау мен күйіп қалуға кенеттен құлауын имитациялайтын элементтер көзделеді.

  Азаматтық қорғаныс әскери
бөлімдерінің полигондары мен
  оқу орталықтары қызметінің
қағидаларына 5-қосымша

"Жол-көлік оқиғасы" оқу орнының сипаттамасы

      "Жол-көлік оқиғасы" оқу орны әртүрлі көлік түрлерінің жол-көлік оқиғалары кезінде құтқарушылардың іс-әрекеттерін дайындауға, авариялық-құтқару құралдарымен және жабдықтармен жұмыс істеу дағдыларын арттыруға арналған.

     



      3-сурет. "Жол-көлік оқиғасы" оқу орнының схемасы

      Оқу орнында қолданылатын автомобиль техникасының қаңқасы шатырды, есіктерді және капотты алу кезінде құтқару жабдығын бірнеше рет пайдалануға мүмкіндік беретін жиналмалы шанақ элементтерімен жабдықталады.

  Азаматтық қорғаныс әскери
бөлімдерінің полигондары мен
  оқу орталықтары қызметінің
қағидаларына 6-қосымша

"Тау соқпағы" оқу орнының сипаттамасы

      "Тау соқпағы" оқу орны әскери қызметшілерді таулы жерлерде тау-кен даярлығы және құтқару жұмыстары курсы бойынша даярлауға арналған.

     



      4-сурет. "Тау жолы" оқу орнының схемасы

      "Тау соқпағы" оқу орны бұл жартастың рельефін ішінара немесе толығымен имитациялайтын (ілмектер мен бекітпелерді орнатудың көмегімен), ғимараттың тік қабырғасында міндетті түрде сақтандыру және білім алушыны қолдау жүйелерін орната отырып, жартасқа өрмелеуге арналған жасанды құрылым.

      Ілмек табиғи рельефке имитациялайтын әртүрлі көлемдегі және пішіндегі жасанды түрде жасалған тас түріндегі арналған спорттық снаряд.

      Ілмектің бетінде білім алушының саусақтары мен ілмек арасындағы үйкеліс күшін арттыратын микрорельеф бар, осылайша жақсы ұстауды және белгіленген жол кесіндісін еңсеруді қамтамасыз етеді.

  Азаматтық қорғаныс әскери
бөлімдерінің полигондары мен
  оқу орталықтары қызметінің
қағидаларына 7-қосымша

"Оқу-жаттығу мұнарасы" оқу орнының сипаттамасы

      "Оқу-жаттығу мұнарасы" оқу орны (бұдан әрі - мұнара) әскери қызметшілерді шабуылдау және қолданбалы баспалдақтарды, басқа да құтқару жабдықтарын қолдана отырып, биік ғимараттар мен конструкцияларда құтқару жұмыстарын жүргізуге дайындауға арналған.

     



      5-сурет. "Оқу-жаттығу мұнарасы" оқу орнының схемасы

      Мұнараға ұзындығы 35 метр ені 5 метр, мұнараның биіктігі 15 метр және ені 8 метр болатын екі жүгіру жолы жанасады, мұнараның үшінші және екінші қабаттары арасындағы қасбеттік бөлікке қауіпсіздік торы орнатылады.

      Мұнара мына талаптарды ескере отырып жабдықталады:

      1) мұнараның тік қасбеттік жағы құрылыс материалымен қапталады, жұмыс материалы болып табылады және онда әр қабатта (бірінші қабаттан басқа) өлшемі 1,10 х 1,87 метр болатын екі терезе ойығы көзделеді;

      2) мұнараның қасбетке қарама-қарсы тік жағы құрылыс материалымен бірінші және төртінші қабатқа дейін қапталады, жұмысқа жарамды және онда әр қабатта (бірінші қабаттан басқа) өлшемі 1,10 х 1,87 метр болатын бір терезе ойығы көзделеді. Бірінші қабаттан бастап төртінші қабатқа дейін қоса алғанда, бүкіл қабырғаға жартастың бетіне имитациялайтын сертификатталған ілмектер (бекітпелер) орнатылады, бесінші қабаттың терезесінде құтқару арқандарын бекітуге арналған тіреуіш пен қауіпсіздік құрылғысы орнатылады;

      3) терезеден қабырға кесілгенге дейінгі қашықтық – кемінде 65 сантиметр;

      4) қабырға ені – кемінде 60 сантиметр;

      5) терезе алдының ені – 38-40 сантиметр;

      6) еден деңгейінен терезе алдының жоғарғы бетіне дейінгі қашықтық – 80±5 сантиметр (байланыс алаңын қолдануды ескере отырып);

      7) екінші қабаттың терезе алдының сақтандырғыш жастығының бетінен биіктігі – 4,25 метр, екінші, үшінші және төртінші қабаттардың терезе алдарының арасындағы қашықтық – 3,3 метр;

      8) екінші, үшінші және төртінші қабаттардың терезелерінің алды мұнарасының қасбеттік жазықтығынан 3 сантиметрге шығып тұрады; жұмыс бөлігіне оның бүкіл ені бойынша екінші, үшінші және төртінші қабаттардың терезе алдының деңгейінде білеу толтырылады, бұл ретте білеудің қалыңдығы терезе алдының өлшеміне сәйкес келеді;

      9) мұнараның қасбеттік жағында тесіктерді (терезе саңылауларынан басқа) және шығыңқы бөліктерді жабдықтауға тыйым салынады. Мұнараның екінші қабатының терезе алдының жоғарғы бетінен оның негізіне қарай 3,2 метр қашықтықта мұнараның бүкіл ені бойынша 6х6 сантиметрлік білеу тігіледі (арақашықтық ағаштың төменгі жағына дейін өлшенеді). Екінші қабаттың терезелерінің астында алдыңғы бөлікке темір, резеңке, пластик немесе фанераны толтыруға рұқсат етіледі;

      10) мұнараның әр қабатында тереңдігі (жұмыс жағынан) кемінде 1,5 метр болатын алаңдар бар, бұл ретте әрбір алаңның қоршауы бар және оның жұмыс істемейтін жақтарының бірінде оқу мұнарасының ішіне орнатылған стационарлық баспалдаққа шығуы болады;

      11) мұнара сенімді сақтандыру құрылғыларымен немесе тормен жабдықталған;

      12) мұнараның жұмыс жағының алдына топыраққа қалыңдығы кемінде 1 метр, қабырғадан ені 4 метр, мұнараның габариттерінен кемінде 1 метр шығатын сақтандырғыш жастық орналастырылады.

      Көрсетілген қалыңдықтағы сақтандырғыш жастығы 50 % үгінділерден және 50 % құмнан тұратын толтырғыштан жасалады, ол араластырылып, серіппелі негізге құйылады; негіздің қалыңдығы - 50 сантиметр. Серіппелі негіз бен толтыру арасында берік матадан жасалған төсемше жасалады. Шұңқыр жұмсартылып толтырылады, бірақ жүгіру жолымен бір деңгейде орындалады. Шұңқырдан суды ағызу үшін дренаж немесе су ағынын қамтамасыз ететін басқа құрылғы жабдықталады. Сақтандырғыш жастығының шұңқыры суық мезгілде жастық материалдарын жылыту жүйесімен жабдықталады.

      Жаттығу алдында сақтандырғыш жастықшасының жоғарғы қабаты босатылады, сақтандырғыш жастықшасын жаңарту жылына кемінде бір рет жүргізіледі.

      Мұнара терезелерді жабу үшін құлып жапқыштармен және жастықты ылғалдан қорғау үшін қалқандармен жабдықталады.

      Мұнара сыналатын тігінен терезелердің бір қатарына бір құрылғы сақтандыру құрылғыларымен жыл сайын қамтамасыз етіледі. Мұнара сақтандырғыштары қолданар алдында тексеріледі: құлып арқанды мықтап ұстауы керек және жүктемені алып тастағаннан кейін оның зақымдануы және елеулі қалдық деформациясы болмауы керек.

      Жабдықтар мен әртүрлі заттарды сақтау үшін мұнараларды пайдалануға тыйым салынады.

  Азаматтық қорғаныс әскери
бөлімдерінің полигондары мен
  оқу орталықтары қызметінің
қағидаларына 8-қосымша

"Лабиринт" оқу орнының сипаттамасы

      "Лабиринт" оқу орны құрылыс конструкцияларының, арматуралық байланыстардың және үйіндінің басқа элементтерінің сынықтарынан зардап шеккендерді блоктан шығару кезінде іздестіру-құтқару жұмыстарында әскери қызметшілердің дағдыларын жетілдіруге арналған.

     



      6-сурет. "Лабиринт" оқу орнының схемасы

      Оқу орны әскери қызметшілерге тар және жабық кеңістіктерде құтқару құралдарымен жұмыс істеу дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Лабиринт білім алушыны бақылау үшін қарау терезелерімен жабдықталады. Лабиринттегі кедергілер кезең-кезеңімен өзгеріп отырады және болат арматурадан, бөренелерден, тақталардан, кірпіштен, мақта төсеніштерінен және фанерден алдын-ала дайындалады.

  Азаматтық қорғаныс әскери
бөлімдерінің полигондары мен
  оқу орталықтары қызметінің
қағидаларына 9-қосымша

"Форт" оқу орнының сипаттамасы

      "Форт" оқу орны техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде әртүрлі жағдайларда іздестіру-құтқару жұмыстарын жүргізуді пысықтауға арналған.

     



      7-сурет. "Форт" оқу орнының схемасы

      Оқу орны ретінде жер сілкінісінен кейін ғимаратқа имитациялайтын темірбетон панельдерден жасалған көп қабатты ғимараттың құрылымы қолданылады.

      Оқу орны оқу элементтерінің мына кешенін:

      1 – шағын аспалы көпірін;

      2 – ауыспалы қабатты ғимаратын;

      3 – бір қабатты ғимаратын;

      4 – үйілген баспанасын;

      5 – тоннелін;

      6 – айнымалы биіктік тоннелін қамтиды.

  Азаматтық қорғаныс әскери
бөлімдерінің полигондары мен
  оқу орталықтары қызметінің
қағидаларына 10-қосымша

"Теміржол апаты" оқу орнының сипаттамасы

      "Темір жол апаты" оқу орны темір жол авариялары кезінде құтқару жұмыстарының нормативтерін пысықтауға арналған.

     



      8-сурет. "Теміржол апаты" оқу орнының схемасы

  Азаматтық қорғаныс әскери
бөлімдерінің полигондары мен
  оқу орталықтары қызметінің
қағидаларына 11-қосымша

"Айлақ" оқу орнының сипаттамасы

      "Айлақ" оқу орны әскери қызметшілерді акваторияларда құтқару жұмыстарына дайындауға және су астында зардап шеккендерді іздеуге арналған.

     



      9-сурет. "Айлақ" оқу орнының схемасы

      Айлақ жағалау тұғырынан, баспалдақтан, понтондық секциядан және ұстау жүйелерінен тұрады. Понтондық секция параллелепипед тәрізді, іші қуыс, элементтердің бұрыштары мен шеттері дөңгелектенеді, алдыңғы бетіне сырғанауға қарсы ойық қолданылады.

      Айлақтағы әскери қызметшілердің қауіпсіздігі қоршаумен және платформада құтқару шеңберлері мен кеудешелерді орналастырумен қамтамасыз етіледі. Бекітілген немесе тұрақтанған құрылыстар стационарлық инженерлік желілермен қамтамасыз етіледі.

      Айлақты орнату кезінде су алдынның түбінің ерекшеліктері, оның тереңдігі ескеріледі-осы факторлардан платформаны бекіту әдісі таңдалады. Понтонның ауданы оның мақсатына қарай есептеледі.

  Азаматтық қорғаныс әскери
бөлімдерінің полигондары мен
  оқу орталықтары қызметінің
қағидаларына 12-қосымша

"Азаматтық қорғаныс жолағы" оқу объектісінің сипаттамасы

      Оқу объектісі әскери бөлімдердің әскери қызметшілерінде төзімділікті дамытуға және оларды жаппай қирау жағдайындағы іс қимылдарға дайындауға арналған.

     



      10-сурет. "Азаматтық қорғаныс жолағы" оқу объектісінің схемасы

      Ұзындығы 200 метр учаскеде мынадай элементтермен жабдықталады:

      1-бастау сызығы;

      2-қабырға (биіктігі 5 метр, ені 1,5 метр, жоғарғы арқалыққа қалыңдығы 5 сантиметр арқан бекітілген, бекініс қабырғасының ені бойынша жерден 4 метр биіктікте қабырғаны еңсеру кезінде аяқты тіреу үшін 4-5 сантиметрге шығыңқы, қабырғаның артқы жағына ұзындығы 40 сантиметрге дейін, олардың арасындағы қашықтық 50 сантиметрге дейін, қабырғаға түсу үшін қапсырмалар бекітілген жер);

      3-үйінді (биіктігі 3 метр, негізі бойынша ұзындығы 5 метр және ені 7 метрге дейін, үйіндінің жоғарғы бөлігінің ені 2 метр көлденең беті бар, ортасында 0,6 метрге дейін тереңдетілген, ойықтың ені 1 метр, үйіндінің алдыңғы және артқы беткейлерінде 3-4 жиек бар, үйінді темірбетон, жер, сынған кірпіш және бөренелерден тұрғызылған);

      4-паналайтын жер (ұзындығы 4 метр, ені 2 метр, биіктігі 1,8 метр паналайтын жердің алдыңғы және артқы қабырғаларында жерден 10-15 сантиметр биіктікте өлшемі 0,7 х 0,7 метр ойықтар бар. Ызасудың деңгейі жоғары жерлерде паналайтың жердің еденін жермен теңестіруге рұқсат етіледі. Оң жақта паналайтын жерге кіре берістің алдында 1 метр қашықтықта "жәбірленушіні" жатқызу үшін еден төсенішінің биіктігі 20 сантиметрді құрайды. Зардап шегушіге имитациялайтың үшін тұлып құйылған резеңкеден жасалған немесе манекен түрінде қалың кенептен тігілген және шүберек пен резеңке қалдықтарымен толтырылған немесе ағаштан жасалған: тұлыптың биіктігі 1,5 метр, ұзындығы денесі – 0,6 метр, аяқтарының ұзындығы – 0,7 метр, қолдары – 0,5 метр, тұлыптың салмағы кемінде 60 келі;

      5- арық (жоғарғы жағында ені 2,5 және 3 метр, тереңдігі 1 метр);

      6 - лабиринт (ұзындығы 6 метр, ені 2 метр және биіктігі 1,1 метр; өту ені 0,5 метр, өту саны 10);

      7-қоршау (биіктігі 2 метр, қалыңдығы 25 сантиметр, көлбеу тақтайының ұзындығы 3,2 метр, ені 25-30 сантиметр);

      8-қираған көпір (биіктігі 2 метр, тік бұрышты арқалықтардың үш секциясынан тұратын 0,2 х 0,2: біріншісінің ұзындығы 2 метр, екіншісінің ұзындығы 3,8 метр иіліспен 1350, басынан иілісіне дейінгі ұзындығы 1 метр, үшінші - 1350 иіліспен 3,8 метр, иілудің басынан ұзындығы 2,8 метр арқалықтардың учаскелері арасындағы саңылаулар 1 метр, екінші және басында; арқалықтың үшінші бөлімі және кедергінің соңында - үш сатысы бар тік баспалдақтар.

      9-қираған баспалдақ (ені 2 метр, биіктігі 0,8, 1,2, 1,5 және 1,8 метр сатылар арасындағы қашықтық 1,2 метр, биік сатыда төрт баспалдақпен ұзындығы 2,3 метр көлбеу баспалдақ бар);

      10-кірпіш қабырға (биіктігі 1,1 метр, ені 2,6 метр және қалыңдығы 0,4 метр; астыңғы саңылаудың 1х0,4 метр, жоғарғы шұңқыр 0,5х0,6 метр жерден 0,35 метр биіктікте);

      11-құдық және хабарлама құдықтың жолы (құдықтың тереңдігі 1,5 метр, жоғарғы жағында көлденең қимасының ауданы 1х1 метр; құдықтың артқы қабырғасында ұзындығы 8 метр, бір иілісі бар 1х0,5 метр саңылау бар; құдыққа дейінгі қашықтық траншеяға түзу сызық бойынша 6 метр);

      12-траншея (тереңдігі 1,5 метр);

      13-тоннель (ұзындығы 6 метр, ені 2 метр, биіктігі 2 метр, металл шыбықтардан жасалған, доғалардың ара қашықтығы 50 сантиметр, шыбықтың диаметрі 2-3 сантиметр);

      14-көлбеу және тік баспалдақтары бар қалашық (биіктігі 4 метр, ұзындығы 8 метр, ені 5 метр, көлбеу және тік баспалдақтар арасында ені 25-30 сантиметр көлденең арқалық бар; арқалықтан 1,2 метр биіктікте арқалық бойымен қозғалған кезде қолдау үшін) кәбіл созылған;

      15-қираған ғимараттың қабырғасы (биіктігі 2,5 метр, ұзындығы 9 метр, қалыңдығы 0,4 метр 1 метр саңылаумен, қабырғаның алдыңғы бөлігінде әрқайсысы 0,6 метрден 4 қырлы);

      16-траншея арқылы төселген көлденең темірбетонды арқалық (ені 20 сантиметр, ұзындығы 5,5 метр) (ұзындығы 5 метр, ені 4 метр, тереңдігі 1 метр);

      17-қаңқалы-қаптамалы конструкцияның оқу мұнарасы (ені 4 метр, мұнараның қасбеті мен бүйір қабырғаларында екінші қабатта өлшемі 1 х 1,5 метр екі терезе ойығы жасалады; терезеден қабырғаның шетіне дейінгі қашықтық 0,7 метр; қабырға ені 0,6 метр; терезе алдының ені 30 сантиметр; мұнара қабырғаларында терезе саңылауларынан басқа тесіктер мен шығыңқы жерлер болмауы керек; мұнараның екінші қабатында-ішкі баспалдаққа шығатын ені кемінде 1,5 метр баспалдақ алаңы; терезеге шабуыл өрт сатысының жоғарғы ұшы бекітіледі, баспалдақтың төменгі ұшы бекітілмеген; баспалдақтың ені 30 сантиметр, ұзындығы 3,2 метр; қолды ықтимал жарақаттардан қорғау үшін биіктігі 6-8 сантиметр және ені 3 сантиметр болатын жолақты шабуыл сатысының үшінші сатысының деңгейінен төмен толтыруға рұқсат етіледі; мұнараның бүйір қабырғасында ұзындығы 40 сантиметрге дейінгі 3 металл қапсырма нығайтылады, терезе деңгейіндегі жоғарғы қапсырма, қапсырмалар арасындағы қашықтық 0,5 метр; бүйір қабырға терезелерінің астында үгінділермен (жоңқалармен және құммен) толтырылған шұңқыр қазылады;

      18-жүгіру жолы (ені 2 метр).

  Азаматтық қорғаныс әскери
бөлімдерінің полигондары мен
  оқу орталықтары қызметінің
қағидаларына 13-қосымша

"Автодром" оқу объектісінің сипаттамасы

      Оқу объектісі әскери қызметшілерді машиналарды жүргізуге, техниканы сынақтан өткізуге үйретуге арналған.

     



      11-сурет. "Автодром" оқу объектісінің схемасы

      Техниканы жергілікті жердің әртүрлі жағдайларында және жол жамылғысында пайдалануды көздейтін, сондай-ақ жолдың мынадай учаскелерін имитациялай отырып, жергілікті жердің учаскесінде жабдықталады:

  1 – бұралаң жол;
  2 – тұрақ кеңістігі;
  3 – жол қиылысы;
  4 – эстакада;
  5 – айналмалы қозғалыс;
  6 – бақылау алаңы;
  7 – су тосқауылы;
  8 – бұзылған жол;
  9 – автомагистраль;
  10 – көтеру;
  11 – көпір;
  12 – түсу.

      Жол учаскелері белгіленген жол белгілерімен және белгілерімен белгіленеді.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады