Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлерін аттестаттаудың кейбір мәселелері туралы

Жаңа

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 26 наурыздағы № 104 бұйрығы

      "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 47-2-бабының 2-тармағына, 48-бабының 2-тармағына, 84-бабының бесінші бөлігіне, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 171) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса берілген:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізу қағидалары мен шарттары;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттары үшін кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер;

      3) осы бұйрыққа 3-қосымшаға сәйкес Азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттары үшін шекті мәндер;

      4) осы бұйрыққа 4-қосымшаға сәйкес Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидалары, кезеңдері және мерзімдері бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Кадр және тәрбие жұмысы департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте осы бұйрықтың көшірмесін Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министріне жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін он жұмыс күні өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр генерал-майор Ш. Әрінов

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2025 жылғы 26 наурыздағы
№ 104 бұйрығына
1-қосымша

Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізу қағидалары мен шарттары

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізу қағидалары мен шарттары (бұдан әрі - Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 2-тармағына, 84-бабының бесінші бөлігіне, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 171) тармақшасына сәйкес әзірленді және аттестаттауға жататын азаматтық қорғау органы қызметкерінің (бұдан әрі - қызметкерлер) Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізу тәртібі мен шарттарын айқындайды.

      2. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден (бұдан әрі - компьютерлік тестілеу) өткізудің мақсаты – азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің Қазақстан Республикасы заңнамасының теориялық білімін және логикалық ойлау қабілетін объективті бағалау.

      3. Компьютерлік тестілеуді азаматтық қорғау органдарының (бұдан әрі - АҚО) кадр қызметтері ұйымдастырады.

      Қызметкерлерді компьютерлік тестілеуге қатысты мәліметтерді жария етуге жол берілмейді.

      4. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Төтенше жағдайлар департаменттері (бұдан әрі - ТЖД) бастықтарының орынбасарларының, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі білім беру ұйымы (бұдан әрі - ТЖМ) бастығының орынбасарларының, ТЖМ орталық аппараты мен ведомстволары қызметкерлерінің компьютерлік тестілеуден өтуін ТЖМ орталық аппаратының кадр қызметі ұйымдастырады.

2-тарау. Аттестаттауға жатқызылған қызметкердің Қазақстан Республикасының заңнамасын білуін және логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеуден өткізу қағидалары мен шарттары

      5. Компьютерлік тестілеу мемлекеттік немесе орыс тілдерінде бағдарламалық қамтамасыз етуді пайдалана отырып қызметкерлердің таңдауы бойынша автоматтандырылған компьютерлік тәсілмен жүргізіледі.

      6. Компьютерлік тестілеу мәселелерін дайындау ТЖМ кадр қызметіне жүктеледі, компьютерлік тестілеуді техникалық қамтамасыз ету ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімшелеріне жүктеледі.

      7. Компьютерлік тестілеуді өткізер алдында кадр қызметінің қызметкерлері компьютерлік тестілеуді өткізу туралы нұсқама өткізеді.

      8. Қызметкерлерге компьютерлік тестілеуден өту кезінде:

      1) қабылдайтын, жіберетін электрондық құрылғылар мен байланыс құралдарын алып өтуге және пайдалануға;

      2) әдістемелік әдебиеттерді қолдануға;

      3) сұрақтарға жауап алу не беру мақсатында басқа қызметкерлерімен сөйлесуге жол берілмейді.

      9. Осы Қағидалардың 8-тармағында көзделген талаптар бұзылған жағдайда, еркін нысанда акт жасалады және тестілеуден өтудің қанағаттанарлықсыз нәтижесі ұсыныла отырып, қызметкерлер одан әрі компьютерлік тестілеуден өтуден шеттетіледі.

      10. Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған компьютерлік тестілеудің тест сұрақтарының саны - 60, соның ішінде:

      1) Қазақстан Республикасының Конституциясы - 10 сұрақ;

      2) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасының Заңы – 20 сұрақ;

      3) "Азаматтық қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңы – 10 сұрақ;

      4) "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Қазақстан Республикасының Заңы – 10 сұрақ;

      5) "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2023 жылғы 2 қаңтардағы № 81 Жарлығымен бекітілген "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексі - 10 сұрақ.

      11. Логикалық ойлауға арналған компьютерлік тестілеу 10 сұрақтан тұрады.

      12. Компьютерлік тестілеудің жалпы уақыты - 70 минутты құрайды (оның ішінде логикалық тест).

      13. Компьютерлік тестілеу нәтижелері осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша автоматты режимде екі данада беріледі, тестілеу нәтижелерінің бір данасы қызметкерге беріледі, екіншісі қызметкердің аттестаттау материалдарына қоса тіркеледі, нәтижелерді беру сәтінде оған қол қойғызып таныстырылады.

  Аттестаттауға жататын
қызметкердің Қазақстан
Республикасының заңнамасын
білуін және логикалық ойлау
қабілетін компьютерлік
тестілеуден өткізу қағидалары
мен шарттарына қосымша
Нысан

Тестілеу нәтижесі

      Қазақстан Республикасы

      Төтенше жағдайлар министрлігі

      Тегі, аты, әкесінің аты: _________________________________

      Лауазымы: _________________________________

      Атағы: _________________________________

Тесттің атауы

Тесттегі сұрақартардың саны

Дұрыс жауаптардың саны

Дұрыс жауаптардың пайыздық көрсеткіші

Нәтижесі

Қазақстан Республикасының Конституциясы

10

________

________

________

"Құқық қорғау қызметі туралы" Заң

20

________

________

________

"Азаматтық қорғау туралы" Заң

10

________

________

________

"Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заң

10

________

________

________

Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдары, азаматтық қорғау органдары және мемлекеттік фельдъегерлік қызметі қызметкерлерінің әдеп кодексі

10

________

________

________

Логикалық ойлауға қаблеті

10

________

________

________

      Тестілеуге жауапты адамның қолы:

      Тестілеуден өтетін адамның қолы:




Тестілеу куні: __.___.____

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2025 жылғы 26 наурыздағы
№ 104 бұйрығына
2-қосымша

Азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттары үшін кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер

      1. Осы азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттары үшін кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 2-тармағына, 84-бабының бесінші бөлігіне, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 171) тармақшасына сәйкес әзірленді және аттестаттаудан өту кезінде азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттары үшін кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтерді айқындайды.

      2. Кәсіптік жарамдылықты айқындау қызметкерлердің осы нормативтерге 1-қосымшада көзделген дене шынықтыру және өрт - құтқару даярлықтары бойынша кәсіптік жарамдылықты айқындау жөніндегі нормативтерді (бұдан әрі - Нормативтер) орындауын қамтиды, осы нормативтерге 1-қосымшада көзделген

      3. Нормативтерді орындау кезінде орындалатын міндеттердің ерекшелігін ескере отырып, қызметкерлер осы нормативтерге 2-қосымшаға сәйкес кәсіби жарамдылығын айқындау бойынша қызметкерлер санатына бөлінеді.

      4. Нормативтерді орындау кезінде қызметкерлер оларды мынадай тәртіппен орындайды:

      1) ерлер:

      60 немесе 100 метр қашықтыққа жүгіру немесе 10 х 10 метрге қайтармалы жүгіру;

      1000 метр қашықтыққа жүгіру;

      күштік жаттығулар кешені немесе белтемірге тартылу;

      оқу мұнарасының 3-қабатындағы терезеге орнатылған жылжымалы сатымен көтерілу немесе 4-қабатындағы терезеге шабуыл сатысымен көтерілу.

      2) әйелдер:

      60 немесе 100 метр қашықтыққа жүгіру немесе 10 метрден 6 рет қайтармалы жүгіру қайтармалы жүгіру;

      1000 метр қашықтыққа жүгіру;

      күштік жаттығулар кешені;

      құтқару арқанын байлаудың төрт тәсілінің бірімен ғимараттың конструкциясына бекіту.

      5. Егер Нормативтердің бірі бойынша қызметкер "қанағаттанарлықсыз" баға алған жағдайда, қалған Нормативтер бойынша алынған бағаларға қарамастан, қызметкер белгіленген Нормативтерді тапсырған жоқ деп есептеледі.

      6. Дене шынықтыру және өрт-құтқару дайындықтары бойынша кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтерді тапсыру ведомосі осы нормативтерге 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді.

  Азаматтық қорғау органдары
лауазымдарының санаттары
үшін кәсіби жарамдылығын
айқындау жөніндегі
нормативтеріне
1-қосымша

Дене шынықтыру және өрт-құтқару дайындықтары бойынша кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер

1-бөлім. "А" санатындағы қызметкерлердің дене шынықтыру және өрт-құтқару даярлығы бойынша кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер

1-тарау. "А" санатындағы ер қызметкерлердің дене шынықтыру және өрт-құтқару даярлығы бойынша кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер

Жаттығудың атауы

Баға

Медициналық-жас ерекшелігіне қарай топтар

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

23-ке дейін

23-29

30-34

35-39

40-44

45-49

50-54

55 және одан жоғары

1-параграф. Күштік дайындық деңгейін бағалау

1.

Белтемірге тартылу
(рет саны)

өте жақсы

15

14

12

10

8

7

6

4

жақсы

13

12

10

8

6

5

4

3

қанағаттанарлық

11

10

8

6

4

3

2

2

2.

Күштік жаттығулар кешені
(қайталау саны)

өте жақсы

5

5

4

3

5

4

3

3

жақсы

4

4

3

2

4

3

2

2

қанағаттанарлық

3

3

2

1

3

2

1

1

2-параграф. Жылдамдыққа дайындық деңгейін бағалау

3.

100 метрге жүгіру (секунд)

өте жақсы

13,0

13,5

14,0

15,0

-

-

-

-

жақсы

13,5

14,0

14,5

15,5

-

-

-

-

қанағаттанарлық

14,0

14,5

15,0

16,0

-

-

-

-

4.

10 х 10 метрге қайтармалы жүгіру (секунд)

өте жақсы

25

26

27

28

30

31

32

-

жақсы

26

27

28

29

31

32

33

-

қанағаттанарлық

27

28

29

30

32

33

34

-

5.

60 метрге жүгіру
(секунд)

өте жақсы

-

-

-

-

9,5

10,0

10,5

13,0

жақсы

-

-

-

-

10,0

10,5

11,0

14,0

қанағаттанарлық

-

-

-

-

10,5

11,0

11,5

15,0

3-параграф. Төзімділік деңгейін бағалау

6.

1000 метрге жүгіру (минут, секунд)

өте жақсы

3,30

3,40

4,00

4,10

4,30

5,00

6,00

-

жақсы

3,40

3,50

4,10

4,20

4,45

5,30

6,30

-

қанағаттанарлық

3,50

4,00

4,20

4,30

5,00

6,00

7,00

-

4-параграф. Қызметтік-қолданбалы жаттығулар

7.

Оқу мұнарасының 4-қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу (секунд)

өте жақсы

28

30,8

36,4

39,2

42,5

50,9

-

-

жақсы

30

33

39

43

45,4

54,0

-

-

қанағаттанарлық

36

39,6

46,8

50,4

54,0

64,8

-

-

Ескертпе:
Ерлерге арналған күш жаттығуларының кешені жас санаттарын ескере отырып орындалады бір шеңбер/ қайталау саны:
1) қолды тіреп жатып бүгу және жазу (тік дене, қолды иық еніне тіректі кеудеге тигізгенге дейін бүгу) – 10 рет (I – IV топ), 5 рет - (V – VIII топ);
2) қолды тіреп жатып аяқты отырып қалыпқа келтіру (тізе иық деңгейіне дейін) және жатып тірекке бастапқы қалыпқа оралу – 10 рет (I – IV топ), 5 рет - (V – VIII топ);
3) отырған қалпынан (жамбас пен жіліншік арасындағы бұрыш 90 градустан төмен, қолдар еденге тиеді) жоғары секіріп шығу (жоғары созылған қолдар, дене, аяқтар бір түзуді құрайды) және бастапқы қалыпқа оралу-10 рет (I – IV топтар), 5 рет – (V-VIII топтар);
4) арқаға, қол мен иыққа немесе желкеге жату, тізенің шынтақпен жанасуына дейін дененің алға еңкеюі (аяқтың сәл бүгілуіне жол беріледі), бастапқы қалыпқа оралған кезде тірекке жауырынмен тигізу қажет – 10 рет (I – IV топ), 5 рет - (V – VIII топ).
Жаттығулар тоқтаусыз орындалады, кешендер арасындағы интервал 10 секундтан аспайды.
Жаттығуды дұрыс орындамаған жағдайда үш реттен артық емес "санамау" пәрмені беріледі, одан кейін қызметкер/әскери қызметші жаттығуды орындаудан шығарылады.

2-тарау. "А" санатындағы әйел қызметкерлердің дене шынықтыру және өрт-құтқару даярлығы бойынша кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер

Жаттығудың атауы

Баға

Медициналық-жас ерекшелігіне қарай топтар

I

II

III

IV

V

VI

VII

до 23

23-29

30-34

35-39

40-44

45-47

48 и ст.

1-параграф. Күштік дайындық деңгейін бағалау

8.

Күштік жаттығулар кешені
(қайталау саны)

өте жақсы

38

35

32

29

26

22

18

жақсы

35

32

29

26

22

18

14

қанағаттанарлық

32

29

26

23

18

14

10

2-параграф. Күштік дайындық деңгейін бағалау

9.

100 метрге жүгіру
(секунд)

өте жақсы

17,0

17,5

18,0

-

-

-

-

жақсы

17,5

18,0

18,5

-

-

-

-

қанағаттанарлық

18,0

18,5

19,0

-

-

-

-

10.

10 метрден 6 рет қайтармалы жүгіру
(секунд)

өте жақсы

18

20

22

24

26

-

-

жақсы

19

21

23

25

27

-

-

қанағаттанарлық

20

22

24

26

28

-

-

11.

60 метрге жүгіру
(секунд)

өте жақсы

-

-

-

12,0

13,0

14,0

15.0

жақсы

-

-

-

13,0

14,0

15,0

16.0

қанағаттанарлық

-

-

-

14,0

15,0

16,0

17.0

3-параграф. Төзімділік деңгейін бағалау

12.

1000 метрге жүгіру
(минут, секунд)

өте жақсы

4,50

5,10

5,30

6,00

6,20

-

-

жақсы

5,10

5,30

5,50

6,20

6,40

-

-

қанағаттанарлық

5,30

5,50

6,10

6,40

7,00

-

-

4-параграф. Қызметтік-қолданбалы жаттығулар

13.

Құтқару арқанын байлаудың төрт тәсілінің бірімен ғимараттың конструкциясына бекіту (секунд)

өте жақсы

4

4,5

5

5,5

6

-

-

жақсы

5

5,5

6

6,5

7

-

-

қанағаттанарлық

6

6,5

7

7,5

8

-

-

Ескертпе:
VІ және VII (әйелдер) медициналық-жас топтарында нормативтерді тапсыру кезінде дене шынықтыру даярлығы үшін баға екі нормативтерді орындау бойынша қойылады.
Әйелдерге арналған күш жаттығуларының жиынтығы жас санаттарын ескере отырып, бір шеңбер/ қайталау саны.
Әйелдерге арналған күштік жаттығулар кешені бір минут бойы тоқтаусыз орындалады, арқада жатып, қол ұшынан иыққа немесе желкеге қарай алғашқы 30 секунд, шынтақпен тізеге тигізгенге дейін алға еңкеюдің ең көп саны, аяқтар бекітілген (аяқтың сәл бүгілуіне жол беріледі), бастапқы қалыпқа оралған кезде тіректі жауырынмен тигізу қажет; содан кейін тізені төңкеріп тастау қажет; келесі 30 секунд ішінде тынығу үшін кідіріссіз және жатып тіреуде қолды бүгу мен созудың ең көп санын орындау керек (денені түзу, қолды тірекке тигізгенге дейін бүгу керек).
Жаттығуды дұрыс орындамаған жағдайда үш реттен артық емес "санамау" пәрмені беріледі, одан кейін қызметкер/әскери қызметші жаттығуды орындаудан шығарылады.

2-бөлім. "Б" санатындағы қызметкерлердің дене шынықтыру және өрт-құтқару даярлығы бойынша кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер

1-тарау. "Б" санатындағы ер қызметкерлердің дене шынықтыру және өрт-құтқару даярлығы бойынша кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер

Жаттығудың атауы

Баға

Медициналық-жас ерекшелігіне қарай топтар

I

II

III

IV

V

VI

VII

VIII

23-ке дейін 23-29 30-34 35-39 40-44 45-49 50-54 55 және одан жоғары

1-параграф. Күштік дайындық деңгейін бағалау

1.

Белтемірге тартылу
(рет саны)

өте жақсы

14

13

11

9

7

5

4

3

жақсы

12

11

9

7

5

4

3

2

қанағаттанарлық

10

9

7

5

3

3

2

1

2.

Күштік жаттығулар кешені
(қайталау саны)

өте жақсы

5

4

3

3

4

4

3

3

жақсы

4

3

2

2

3

3

2

2

қанағаттанарлық

3

2

1

1

2

2

1

1

2-параграф. Жылдамдыққа дайындық деңгейін бағалау

3.

100 метрге жүгіру (секунд)

өте жақсы

14,0

14,5

15,0

16,0

-

-

-

-

жақсы

14,5

15,0

15,5

16,5

-

-

-

-

қанағаттанарлық

15,0

15,5

16,0

17,0

-

-

-

-

4.

10 х 10 метрге қайтармалы жүгіру (секунд)

өте жақсы

26

27

28

29

31

32

33

-

жақсы

27

28

29

30

32

33

34

-

қанағаттанарлық

28

29

30

31

33

34

35

-

5.

60 метрге жүгіру (секунд)

өте жақсы

-

-

-

-

10,5

11,0

11,5

13,0

жақсы

-

-

-

-

11,0

11,5

12,0

14,0

қанағаттанарлық

-

-

-

-

11,5

12,0

12,5

15,0

3-параграф. Төзімділік деңгейін бағалау

6.

1000 метрге жүгіру (минут, секунд)

өте жақсы

3,45

4,00

4,15

4,30

4,45

5,30

6,30

-

жақсы

4,00

4,15

4,30

4,45

5,00

6,00

7,00

-

қанағаттанарлық

4,15

4,30

4,45

5,00

5,15

6,30

7,30

-

4-параграф. Қызметтік-қолданбалы жаттығулар

7.

Оқу мұнарасының 3-қабатының терезесіне орнатылған жылжымалы сатысымен көтерілу (секунд)

өте жақсы

8

9

10

11

12

13

14

15

жақсы

10

11

12

13

14

15

16

17

қанағаттанарлық

12

13

14

15

16

17

18

19

Ескертпе:
Ерлерге арналған күш жаттығуларының кешені жас санаттарын ескере отырып орындалады бір шеңбер/ қайталау саны:
1) қолды тіреп жатып бүгу және жазу (тік дене, қолды иық еніне тіректі кеудеге тигізгенге дейін бүгу) – 10 рет (I – IV топ), 5 рет - (V – VIII топ);
2) қолды тіреп жатып аяқты отырып қалыпқа келтіру (тізе иық деңгейіне дейін) және жатып тірекке бастапқы қалыпқа оралу – 10 рет (I – IV топ), 5 рет - (V – VIII топ);
3) отырған қалпынан (жамбас пен жіліншік арасындағы бұрыш 90 градустан төмен, қолдар еденге тиеді) жоғары секіріп шығу (жоғары созылған қолдар, дене, аяқтар бір түзуді құрайды) және бастапқы қалыпқа оралу-10 рет (I – IV топтар), 5 рет – (V-VIII топтар);
4) арқаға, қол мен иыққа немесе желкеге жату, тізенің шынтақпен жанасуына дейін дененің алға еңкеюі (аяқтың сәл бүгілуіне жол беріледі), бастапқы қалыпқа оралған кезде тірекке жауырынмен тигізу қажет – 10 рет (I – IV топ), 5 рет - (V – VIII топ).
Жаттығулар тоқтаусыз орындалады, кешендер арасындағы интервал 10 секундтан аспайды.
Жаттығуды дұрыс орындамаған жағдайда үш реттен артық емес "санамау" пәрмені беріледі, одан кейін қызметкер/әскери қызметші жаттығуды орындаудан шығарылады.

2-тарау. "Б" санатындағы әйел қызметкерлердің дене шынықтыру және өрт-құтқару даярлығы бойынша кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтер

Жаттығудың атауы

Баға

Медициналық-жас ерекшелігіне қарай топтар

I

II

III

IV

V

VI

VII

до 23 23-29 30-34 35-39 40-44 45-47 48 и ст.

1-параграф. Күштік дайындық деңгейін бағалау

8.

Күштік жаттығулар кешені
(қайталау саны)

өте жақсы

35

32

29

26

23

19

15

жақсы

32

29

26

23

19

15

11

қанағаттанарлық

29

26

23

20

15

11

7

2-параграф. Жылдамдыққа дайындық деңгейін бағалау

9.

100 метрге жүгіру (секунд)

өте жақсы

18,0

18,5

19,0

-

-

-

-

жақсы

18,5

19,0

19,5

-

-

-

-

қанағаттанарлық

19,0

19,5

20,0

-

-

-

-

10.

10 метрден 6 рет қайтармалы жүгіру (секунд)

өте жақсы

19

21

23

25

27

-

-

жақсы

20

22

24

26

28

-

-

қанағаттанарлық

21

23

25

27

29

-

-

11.

60 метрге жүгіру (секунд)

өте жақсы

-

-

-

12,5

13,5

14,5

15,5

жақсы

-

-

-

13,5

14,5

15,5

16,5

қанағаттанарлық

-

-

-

14,5

15,5

16,5

17,5

3-параграф. Төзімділік деңгейін бағалау

12.

1000 метрге жүгіру (минут, секунд)

өте жақсы

5,10

5,30

5,50

6,20

6,40

-

-

жақсы

5,30

5,50

6,10

6,40

7,00

-

-

қанағаттанарлық

5,50

6,10

6,30

7,00

7,20

-

-

4-параграф. Қызметтік-қолданбалы жаттығулар

13.

Құтқару арқанын байлаудың төрт тәсілінің бірімен ғимараттың конструкциясына бекіту (секунд)

өте жақсы

4

4,5

5

5,5

6

-

-

жақсы

5

5,5

6

6,5

7

-

-

қанағаттанарлық

6

6,5

7

7,5

8

-

-

Ескертпе:
VІ және VII (әйелдер) медициналық-жас топтарында Нормативтерді тапсыру кезінде дене шынықтыру даярлығы үшін баға екі нормативтерді орындау бойынша қойылады.
Әйелдерге арналған күш жаттығуларының жиынтығы жас санаттарын ескере отырып, бір шеңбер/ қайталау саны.
Әйелдерге арналған күш жаттығуларының кешені бір минут бойы тоқтаусыз орындалады, арқада жатып, қол ұшынан иыққа немесе желкеге қарай алғашқы 30 секунд, шынтақпен тізеге тигізгенге дейін алға еңкеюдің ең көп саны, аяқтар бекітілген (аяқтың сәл бүгілуіне жол беріледі), бастапқы қалыпқа оралған кезде тіректі жауырынмен тигізу қажет; содан кейін тізені төңкеріп тастау қажет; келесі 30 секунд ішінде тынығу үшін кідіріссіз және жатып тіреуде қолды бүгу мен созудың ең көп санын орындау керек (денені түзу, қолды тірекке тигізгенге дейін бүгу керек).
Жаттығуды дұрыс орындамаған жағдайда үш реттен артық емес "санамау" пәрмені беріледі, одан кейін қызметкер/әскери қызметші жаттығуды орындаудан шығарылады.

  Азаматтық қорғау органдары
лауазымдарының санаттары
үшін кәсіби жарамдылығын
айқындау жөніндегі
нормативтеріне
2-қосымша

Кәсіби жарамдылығын анықтау бойынша қызметкерлер санаты

      1. "А" санатындағы қызметкерлер:

      1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - ТЖМ) Төтенше жағдайлар департаменттері (бұдан әрі - ТЖД):

      жүргізуші-қызметкерді қоспағанда, өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстарын ұйымдастыру жөніндегі бөлімшелердің қызметкерлері;

      2) ТЖМ ТЖД-ның Төтенше жағдайлар басқармалары (бөлімдері) (бұдан әрі - ТЖБ(Б)):

      өрт сөндіру автомобилін жүргізу жөніндегі аға нұсқаушыны, өрт сөндіру автомобильдерінің аға жүргізуші-қызметкерін, өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізуші-қызметкерін, аға байланыс шеберін, радиотелефонисті, газ түтіннен қорғау қызметі базасының бастығын, газ түтіннен қорғау қызметінің аға шеберін, дәрігерлерді, фельдшерлерді, сондай-ақ кадр жұмысы бөлімшелерінің қызметкерлерін қоспағанда, барлық қызметкерлер;

      3) ТЖМ білім беру ұйымының барлық қызметкерлері.

      2. "Б" санатындағы қызметкерлер:

      1) ТЖМ аппараты мен ведомстволарының барлық қызметкерлері;

      2) ТЖМ ТЖД:

      осы қосымшаның 1-тармағының 1) тармақшасында аталған қызметкерлерді қоспағанда, барлық қызметкерлер;

      3) ТЖБ (Б):

      өрт сөндіру автомобилін жүргізу жөніндегі аға нұсқаушы, өрт сөндіру автомобильдерінің аға жүргізушісі-қызметкері, өрт сөндіру автомобильдерінің жүргізушісі-қызметкері, аға байланыс шебері, радиотелефонисті, газ түтіннен қорғау қызметі базасының бастығы, газ түтіннен қорғау қызметінің аға шебері, дәрігер, фельдшер, сондай-ақ кадр жұмысы бөлімшелерінің қызметкерлері.

  Азаматтық қорғау органдары
лауазымдарының санаттары
үшін кәсіби жарамдылығын
айқындау жөніндегі
нормативтеріне
3-қосымша
Нысан

Дене шынықтыру және өрт-құтқару дайындықтары бойынша кәсіби жарамдылығын айқындау жөніндегі нормативтерді тапсыру ведомосі

______________________________________________________________________ (бөлімшенің атауы)

20____ жыл "_____" ____________ ______________ қала

Атағы, тегі, аты, әкесінің аты

Лауазымы

Жасы

Дене дайындығы

Жалпы бағалау

Өрттен құтқару дайындығы

60/100 метр қашықтыққа жүгіру

1000 метр қашықтыққа жүгіру

Белтемірге тартылу/
күштік жаттығулар кешені

қайтармалы жүгіру

Оқу мұнарасының 4-қабатының терезесіне шабуыл сатысымен көтерілу / оқу мұнарасының 3-қабатының терезесіне орнатылған жылжымалы сатысымен көтерілу/ құтқару арқанын байлаудың төрт тәсілінің бірімен ғимараттың конструкциясына бекіту

Нәтиже

Баға

Нәтиже

Баға

Нәтиже

Баға

Нәтиже

Баға

Нәтиже

Баға

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

(қызметтің атауы)

1.















      __________________________________________________________________

      __________________________________________________________________
(лауазымы, атағы, тегі, аты, әкесінің аты, сынақ қабылдаушы тұлғаның қолы)

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2025 жылғы 26 наурыздағы
№ 104 бұйрығына
3-қосымша

Азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттары үшін шекті мәндер

      1. Осы Азаматтық қорғау органдары лауазымдарының санаттары үшін шекті мәндер "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 48-бабы 2-тармағына, 84-бабының бесінші бөлігіне, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің мәселелері" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2020 жылғы 23 қазандағы № 701 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігі туралы ереженің 16-тармағының 171) тармақшасына сәйкес әзірленді және аттестаттау шеңберінде Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге және логикалық ойлауға компьютерлік тестілеу (бұдан әрі – компьютерлік тестілеу) бойынша азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері (бұдан әрі - қызметкерлер) үшін шекті мәндерді айқындайды.

      2. Аттестаттау шеңберінде азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін компьютерлік тестілеу бойынша шекті мәндерді:

      1) қатардағы және кіші басшы құрамдағы тұлғалар үшін – Қазақстан Республикасының әрбір нормативтік құқықтық актісі бойынша кемінде 50 % дұрыс жауаптар;

      2) орта, аға және жоғары басшы құрамдағы тұлғалар үшін – Қазақстан Республикасының әрбір нормативтік құқықтық актісі бойынша кемінде 60 % дұрыс жауаптар құрайды.

      3. Логикалық ойлау қабілетін компьютерлік тестілеудің шекті мәні белгіленбейді.

      4. Егер Қазақстан Республикасының заңнамасын білуге арналған тест сұрақтарының бірі бойынша қызметкер шекті мәнге ие болмаған жағдайда, қалған тест сұрақтары бойынша алынған шекті мәндерге қарамастан, тестілеу өтпеген болып есептеледі.

  Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрінің
2025 жылғы 26 наурыздағы
№ 104 бұйрығына
4-қосымша

Азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидалары, кезеңдері және мерзімдері

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу қағидалары, кезеңдері және мерзімдері (бұдан әрі - Қағидалар) "Құқық қорғау қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Заңының (бұдан әрі - Заң) 47-1-бабының 2-тармағына, 84-бабының бесінші бөлігіне сәйкес әзірленді және азаматтық қорғау органдары қызметкерлерін жоспардан тыс аттестаттаудан өткізу тәртібін, кезеңдері және мерзімдерін айқындайды (бұдан әрі - аттестатталатын қызметкерлер).

      2. Жоспардан тыс аттестаттау:

      1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің (бұдан әрі - Министр) - Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - ТЖМ) аттестаттау комиссиясының отырыстарында қаралатын қызметкерлер үшін;

      2) ТЖМ (бұдан әрі - ТЖД) - ТЖД аттестаттау комиссиясының отырыстарында қаралатын қызметкерлер үшін-облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы;

      3) ТЖМ білім беру ұйымының бастығы - ТЖМ білім беру ұйымының аттестаттау комиссиясының отырыстарында қаралатын қызметкерлер үшін қызметкерлерді шешім бойынша жоғары тұрған басшы лауазымға ұсыну мәселесін шешу үшін жүргізіледі.

      Бұл ретте аттестаттау комиссиясы Заңның 50-бабы 6-тармағының 3) және 4) тармақшаларында көзделген шешімдер қабылдаған қызметкерлерге жоспардан тыс аттестаттауды жүргізуге жол берілмейді.

      Жоспардан тыс аттестаттауды өткізу кезінде аттестаттау комиссиясын құру және оның қызметі тәртібі Заңның 49-бабында көзделген ұқсас тәртіппен айқындалады.

2-тарау. Жоспардан тыс аттестаттауды өткізу тәртібі, кезеңдері мен мерзімдері

      3. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген адамдардың шешімі осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделеді, онда жоспардан тыс аттестаттауға жататын қызметкерлердің тізімі (бұдан әрі - тізім) бекітіледі.

      4. Жоспардан тыс аттестаттау бірқатар дәйекті кезеңдерді қамтиды:

      1) жоспардан тыс аттестаттауды өткізуге дайындық (бұдан әрі - дайындық);

      2) қызметкерге психологиялық-әлеуметтік зерттеу жүргізу;

      3) полиграфологиялық зерттеу жүргізу;

      4) аттестаттау комиссиясының отырысы;

      5) аттестаттау комиссиясының шешімін шығару.

      5. Тізім бекітілгеннен кейін, азаматтық қорғау органдарының кадр қызметтері (бұдан әрі – кадр қызметі) дайындықты ұйымдастырады.

      Дайындық мыналарды қамтиды:

      1) жоспардан тыс аттестаттауды өткізу графигін әзірлеу;

      2) аттестатталатын қызметкерлерге құжаттарды дайындау.

      6. Осы Қағидалардың 2-тармағында көрсетілген адамдар кадр қызметінің ұсынымы бойынша осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жоспардан тыс аттестаттауды өткізу графигін (бұдан әрі - график) бекітеді.

      7. Кадр қызметтері аттестатталатын қызметкерлерді оларға қатысты жоспардан тыс аттестаттауды өткізу туралы график бекітілгеннен кейін бір айдан кешіктірмей жазбаша хабардар етеді және олардың құжаттарын қалыптастырады.

      Аттестатталатын қызметкердің тікелей басшысы осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша оған қызметтік мінездеме ресімдейді, онымен қол қойғызып таныстырады және тиісті аттестаттау комиссиясының отырысына дейін үш аптадан кешіктірілмейтін мерзімде оны кадр қызметінің қызметтік электрондық поштасына жібереді.

      Қызметтік мінездеме аттестатталатын қызметкердің кәсіби, жеке қасиеттерін және қызметтік қызметінің нәтижелерін объективті және негізделген бағалауды қамтуға тиіс.

      Кадр қызметі аттестатталатын қызметкердің іскерлік және жеке қасиеттерін, қызметтік қызметінің нәтижелерін зерделеу үшін Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің ақпараттық сервисі (бұдан әрі - БП ҚСжАЕАК АС) бойынша, сондай - ақ жеке құрам жөніндегі инспекция бөлімшелеріне (бұдан әрі – ЖҚЖИ) және азаматтық қорғау органдарының мүдделі бөлімшелеріне (аттестатталатын қызметкер қызметінің бағыты бойынша) сұрау салу жібереді.

      8. Аттестатталатын қызметкерлердің құжаттарын қалыптастырғаннан кейін (қызметтік мінездеме, БП ҚСжАЕАК АС, ЖҚЖИ және азаматтық қорғау органдарының мүдделі бөлімшелерінен ақпарат) аттестатталатын қызметкерлер азаматтық қорғау органдарының психологтары жүргізетін психологиялық- әлеуметтік зерттеуден өтеді.

      Психологиялық-әлеуметтік зерттеу жүргізу тәртібі мен әдістері Заңның 48-бабы 2-тармағының үшінші бөлігіне сәйкес айқындалады.

      9. Психологиялық-социологиялық зерттеуден өткеннен кейін қызметкерлер "Қазақстан Республикасының құқық қорғау органдарында, азаматтық қорғау органдарында, мемлекеттік фельдъегерлік қызметінде полиграфологиялық зерттеуден өту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 маусымдағы № 683 қаулысында көзделген тәртіппен полиграфологиялық зерттеуден өтеді.

      10. Кадр қызметі жиналған аттестаттау материалдарын (қызметтік мінездеме, БП ҚСжАЕАК АС, ЖҚЖИ және азаматтық қорғау органдарының мүдделі бөлімшелерінен алынған ақпарат, психологиялық-әлеуметтік және полиграфологиялық зерттеу қорытындылары) тиісті аттестаттау комиссиясына оның отырысына дейін бір аптадан кешіктірілмейтін мерзімде жібереді.

      11. Аттестаттау комиссиясының отырысында аттестатталатын қызметкермен әңгімелесу өткізіледі.

      Отырыс барысында аттестаттау комиссиясы ұсынылған материалдарды зерделейді, аттестатталатын қызметкерді тыңдайды.

      Әңгімелесу кезінде аттестаттау комиссиясы аттестатталатын қызметкердің лауазымдық міндеттерін негізге алады, оның кәсіби даярлығы мен құқықтық мәдениетінің деңгейі, стратегиялық және бағдарламалық құжаттарды, сондай-ақ аттестатталатын қызметкердің қызметтік қызметін регламенттейтін құжаттарды білуі айқындалады.

      Әңгімелесу дұрыс және ізгі ниет жағдайында өтуі керек.

      Әңгімелесу техникалық жазу құралдарының (аудио-, бейнежазба) көмегімен тіркеледі.

      Әңгімелесу барысында жазудың техникалық құралдарының көмегімен жазылған материалдар кадр қызметінде үш жыл бойы сақталады.

      12. Жоспардан тыс аттестаттау қорытындысы бойынша аттестаттау комиссиясы мынадай шешімдердің бірін қабылдайды:

      1) жоғары тұрған басшылық лауазымға өсіруге ұсынылады;

      2) жоғары тұрған басшылық лауазымға өсіруге ұсынылмайды.

      13. Аттестаттау комиссиясының шешімі үш жұмыс күні ішінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша хаттамамен ресімделеді, оған аттестаттау комиссиясының төрағасы мен отырысына қатысқан мүшелері және хатшы қол қояды.

      14. Кадр қызметі аттестаттау комиссиясының шешімін аттестатталатын қызметкердің аттестаттау парағына осы Қағидаларға 5-қосымшаға сәйкес нысан бойынша енгізеді, ол шешіммен қабылданған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде қол қойғызып танысады.

      15. Жоспардан тыс аттестаттаудан өткен қызметкердің аттестаттау парағы және оның қызметтік мінездемесі жеке ісінде сақталады.

      16. Қызметкер жоспардан тыс аттестаттаудан өткеннен кейін Заңның 47-бабында көзделген аттестаттауды өткізу мерзімі соңғы аттестаттау өткізілген сәттен бастап есептеледі.

  Азаматтық қорғау органдары
қызметкерлерін жоспардан
тыс аттестаттауды өткізу
қағидаларына, кезеңдеріне және
мерзімдеріне
1-қосымша
Нысан
  "Бекітемін"
Лауазымы, атағы және күні

Жоспардан тыс аттестаттауға жататын қызметкерлердің тізімі

Арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), атқаратын лауазымы

Соңғы аттестаттаудың бекітілген күні

Аттестаттау материалдарын аттестаттау комиссиясына тапсыру күні

Ескертпе
















      Кадр қызметінің бастығы

  Азаматтық қорғау органдары
қызметкерлерін жоспардан
тыс аттестаттауды өткізу
қағидаларына, кезеңдеріне және
мерзімдеріне
2-қосымша
Нысан

Жоспардан тыс аттестаттауды өткізу кестесі

Арнаулы атағы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), атқаратын лауазымы

Психологиялық-әлеуметтік зерттеу

Полиграфологиялық зерттеу

Аттестаттау комиссиясының отырысы
















  Азаматтық қорғау органдары
қызметкерлерін жоспардан тыс
аттестаттауды өткізу
қағидаларына, кезеңдеріне және
мерзімдеріне
3-қосымша
  Нысан

Қызметтік мінездеме

      Қызметкердің Т.А.Ә.:

      Лауазымы:

      Тағайындалған күні:

      Арнаулы атағы:

      Қызметкер (арнаулы атағы, Т.А.Ә.) туған жылы ____, білімі ___ , ___ жылы ___ "__" мамандығы бойынша бітірген.

      Азаматтық қорғау органдарында ____ жылғы ____ бастап ___ құрамның қызметін атқарады, 20___ жылғы ____ бастап _____ лауазымына тағайындалды.

      ___ лауазымында қызмет еткен уақыт ішінде, өзін _____________ көрсетті.

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      _____________________________________________________________________

      Баяндалғанның негізінде (атағы, Т.А.Ә.) ұсынылады: ___________________.

      Аттестатталатын қызметкердің

      тікелей басшысы

      Таныстым (а) ________________________________________________________

      Ескертпе: Т.А.Ә. - тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Азаматтық қорғау органдары
қызметкерлерін жоспардан
тыс аттестаттауды өткізу
қағидаларына, кезеңдеріне және
мерзімдеріне
4-қосымша
Нысан

_________________________________ аттестаттау комиссия отырысының № ___ ХАТТАМАСЫ

      Күн тәртібі: _____________________________. (лауазымы, атағы, Т.А.Ә.)

      Төраға: _____________________________. (лауазымы, атағы, Т.А.Ә.)

      Комиссия мүшелері: _________________________

      _________________________

      _________________________.

      (лауазымы, атағы, Т.А.Ә.)

      Аттестаттау комиссиясы әңгімелесу және аттестатталушылардың материалдарын қарау қорытындылары бойынша мынадай шешімдер қабылдады:

Аттестатталушының лауазымы, атағы, тегi және аты-жөнi

Аттестаттау комиссиясының шешімі

1.



2.



      Аттестаттау комиссиясының төрағасы: ______________________

      Аттестаттау комиссиясының мүшелері: ______________________

      Аттестаттау комиссиясының хатшысы: ______________________

      Күні

      Ескертпе: Т.А.Ә. - тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)

  Азаматтық қорғау органдары
қызметкерлерін жоспардан
тыс аттестаттауды өткізу
қағидаларына, кезеңдеріне
және мерзімдеріне
5-қосымша
Нысан

АТТЕСТАТТАУ ПАРАҒЫ

      1. Тегі, Аты, Әкесінің аты (бар болса): ___________________________.

      2. Жоспардан тыс аттестаттау кезінде атқаратын лауазымы: __________________.

      3. Арнайы атағы: __________________________________________________.

      4. Аттестаттау комиссиясының шешімі: __________________________________.

      5. Өзге де мәліметтер: _________________________________________________.

      Аттестаттау комиссиясының төрағасы _____________________. (қолы)

      Аттестаттау комиссиясының хатшысы _____________________. (қолы)

      Жоспардан тыс аттестаттауды өткізу күні: _____________________.

      Аттестаттау парағымен таныстым ________________________________.

      (қызметкердің қолы және күні)

      Мөр орны

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады