2025 - 2029 жылдарға арналған Павлодар облысы Успен ауданының коммуналдық қалдықтарын басқару жөніндегі бағдарламасын бекіту туралы

Жаңа

Павлодар облысы Успен аудандық мәслихатының 2025 жылғы 18 наурыздағы № 146/30 шешімі

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 365-бабы 3-тармағының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6-бабы 1-тармағының 15) тармақшасына сәйкес Успен аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса берілген 2025 - 2029 жылдарға арналған Павлодар облысы Успен ауданының коммуналдық қалдықтарын басқару жөніндегі бағдарламасы бекітілсін.

      2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Успен аудандық мәслихатының заңдылық және әлеуметтік саясат мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін.

      3. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Успен аудандық мәслихатының төрағасы Ж. Бараисов

  Успен ауданының
2025 жылғы 18 наурыздағы
№ 146/30 шешімімен
бекітілді

2025 - 2029 жылдарға арналған Павлодар облысы
Успен ауданының коммуналдық қалдықтарын басқару бағдарламасы

      ӘЗІРЛЕУШІ "CSD-Consulting" жауапкершілігі шектеулі серіктестік

      Успен ауылы 2024 ж.

      МАЗМҰНЫ

ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ

4

ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР

5

БАҒДАРЛАМА ПАСПОРТЫ

7

КІРІСПЕ

8

1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР ЖӘНЕ УСПЕН АУДАНЫН ДАМЫТУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ

9

2. УСПЕН АУДАНЫНДАҒЫ КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУДЫҢ АҒЫМДЫҚ ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ

11

2.1. Коммуналдық қалдықтардың түзілуінің және қайта өңделуінің сандық көрсеткіштері

11

2.2. Қатты тұрмыстық қалдықтардың сапалық құрамы

11

2.3. Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары және тарифтер

12

2.4. Коммуналдық қалдықтарды басқарудың қолданыстағы жүйесін бағалау

13

2.5. Қалдықтардың жеке түрлерін басқару жүйесін талдау

15

2.6. Қалдықтарды басқару жөніндегі іс-шараларға бөлінген қаржыларды талдау

16

2.7. 2025-2029 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтардың түзілу көлемін болжау

16

2.8. Коммуналдық қалдықтарды басқару бойынша ағымды жағдайды талдау бойынша қорытындылар

17

2.9. Коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін талдау

18

3. КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ МАҚСАТТЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

18

3.1. Мақсаты және міндеттері

18

3.2. Мақсаттық көрсеткіштер

19

4. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ, ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРҒА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ СӘЙКЕС ШАРАЛАР

19

4.1. Ұйымдастырушылық-әкімшіліктік басқаруды жақсарту

19

4.2. Қалдықтарды жүйелі түрде шығаруды ұйымдастыру

23

4.3. Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету

28

4.4. Коммуналдық қалдықтарды жинау, кәдеге жарату және қайта өңдеу, соның ішінде қалдықтарды бөлек жинаудың ұтымды жүйесіне тұрғындардың қызығушылықтары мен мәдени деңгейін жоғарылату

30

5. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР

31

6. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

32

7. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МОНИТОРИНГІ

33

8. КҮТІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМ

34

1-қосымша. Успен ауданында коммуналдық қалдықтарды жинау және шығарумен қамтуды жоғарылату үшін қажетті контейнер мен контейнерлік алаңдарды алдын ала есептеу

35

2-қосымша. Успен ауданының 2025-2029 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарын басқару жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары

37

3-қосымша. Успен ауданның контейнерлік алаңдарының, контейнерлерінің және қалдықтарды көму орындарының жай-күйін бағалау

41

      ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗІМІ

ЖК

Жеке кәсіпкер

АҚ

Акционерлық қоғам

ІКҚ

Ірі көлемді қалдықтар

ҚР ЭГТРМ

Қазақстан Республикасының экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі

ЭЭЖҚ

Электрондық және электрлік жабдық қалдықтары

Бағдарлама

Коммуналдық қалдықтарды басқару жөнінегі бағдарлама

ҚР

Қазақстан Республикасы

ҚСБ Қ

Құрамында сынап бар қалдықтар

РОП

Өндірушінің кеңейтілген жауапкершілігі

ҚТҚ

Қатты тұрмыстық қалдықтар

ЖШС

Жауапкершілігі шектеулі серіктестік

ҮЕҰ

Үкіметтік емес ұйым

БАҚ

Бұқаралық ақпарат құралдары

КММ

Коммуналдық мемлекеттік мекеме

ЭК РК

Қазақстан Республикасының Экологиялық кодексі

ҚР ҚН

Қазақстан Республикасының құрылыс нормалары

ҚР ҰС

Қазақстан Республикасының Ұлттық стандарты

      ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ АНЫҚТАМАЛАР

      Биоыдырайтын қалдықтар - анаэробты немесе аэробты ыдырауға қабілетті қалдықтар, соның ішінде бау-бақша және саябақ қалдықтары, сондай-ақ тамақ өнеркәсібінің қалдықтарымен салыстырылатын тамақ қалдықтары, макулатура.

      Қалдықтарды көму – қалдықтарды алу ниетінсіз, шектеусіз мерзім аралығында қауіпсіз сақтау үшін арнайы бекітілген орындарда жинау.

      Коммуналдық қалдықтар – тұтыну қалдықтары, құрамына кіретіндер:

      1) аралас қалдықтар және қағаз және картон, шыны, металл, пластмасса, органикалық қалдықтар, ағаш, тоқыма, қораптар, пайдаланылған электрлік және электрондық жабдықтар, батареялар мен аккумляторлар секілді үй шаруашылығында бөлек жиналған қалдықтар;

      2) аралас қалдықтар және өзінің сипаты мен құрамы бойынша үй шаруашылығындағы қалдықтарға ұқсас болып келетін басқа көздерден бөлек жиналған қалдықтар.

      Контейнерлік алаңдар – коммуналдық қалдықтарды жинақтауға арналған арнайы алаңдар, мұнда коммуналдық қалдықтарды тасымалдауды жүзеге асыратын мамандандырылған көлікке арналған жүру жолдары бар коммуналдық қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер орнатылады;

      Ірі көлемді қалдықтар – шаруашылық әрекет барысында (тұрмыстық техника, жиһаз және басқа ірі заттар) өзінің тұтынушылық қасиетін жойған және өзінің көлемі бойынша тек мамандандырылған көлік құралдарымен ғана тасымалдау мүмкіндігі бар тұтыну қалдықтары.

      Тұтыну қалдықтары – адамның тіршілігі барысында түзілген қалдықтар, толық немесе ішінара өзінің тұтынушылық қасиетін жойған өнімдер және (немесе) бұйымдар, олардың қораптары және басқа заттар немесе олардың қалдықтары, агрегатты күйіне қарамастан, пайдалану мерзімі немесе жарамдылық мерзімі өтіп кеткен, сонымен қатар, меншік иесі өз бетінше немесе құжат арқылы тұтыну қалдығы разрядына өткен қалдықтар.

      Электрондық және электрлік жабдық қалдықтары – жарамсыз немесе қолданыстан шыққан қалдық қатарына жатқызылатын электрондық және электрлік жабдықтар, сонымен қатар, оның тораптары, бөліктері, бөлшектері.

      Тамақ қалдықтары – тамақ өнімдерін өндіру және тұтыну нәтижесінде пайда болатын, тамақ өнеркәсібінде түзілетін қалдықтармен салыстырылатын қалдықтар.

      Қалдықтарды көму полигоны - қалдықтарды алу ниетінсіз, арнайы жабдықталған, экологиялық, құрылыс және санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкес келетін орынға тұрақты орналастыру.

      Қалдықтарды бөлек жинау – ары қарай мамандандырылған басқаруды жеңілдету мақсатында түрлері немесе топтары бойынша бөлек жиналған қалдықтар.

      Қалдықтарды жинау – жеке және заңды тұлғалардан мамандандырылған ұйымдарға ары қарай қайта қалпына келтіруге немесе жоюға бағыттау мақсатында қалдықтарды қабылдауды ұйымдастыру бойынша іс-әрекеттер.

      Мамандандырылған ұйымдар – коммуналдық қалдықтарды жинау, сұрыптау, тасымалдау, қалпына келтіру және (немесе) жою бойынша іс-әрекеттерді жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар;

      Құрылыс қалдықтары – ғимараттарды, құрылыстарды, өнеркәсіптік нысандарды, жолдарды, инженерлік және басқа коммуникациялардың құрылысы немесе оларды бұзу, сұрыптау, қайта жабдықтау, жөндеу (соның ішінде капиталдық) барысында түзілетін қалдықтар.

      Тұрмыстық қатты қалдықтар - қатты күйдегі коммуналдық қалдықтар.

      Қалдықтарды тасымалдау – жинау, сұрыптау, өңдеу, қалпына келтіру және (немесе) жою барысында түзілген, жинақталған қалдықтарды мамандандырылған көлік құралдары көмегі арқылы тасымалдаумен байланысты іс-әрекеттер.

      Қалдықтарды жою – термиялық, химиялық немесе биологиялық үдерістер нәтижесінде көлемі маңызды түрде төмендейтін және (немесе) қалдықтардың физикалық жай-күйі мен химиялық құрамы өзгеретін, бірақ өнім өндіру немесе энергия алу мақсатында қолданылмайтын қалдықтарды жою тәсілі.

      Қалдықтарды басқару – қалдықтар түзілгеннен бастап, соңғы жойғанға дейінгі жүзеге асырылатын опеарциялар.

      Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинаудың орталықтандырылған жүйесі – меншік нысаны және іс-әрекет түріне қарамастан, тұрғын үйлерде және (немесе) жеке тұрған ғимараттарда (құрылыстарда) тұратын немесе өзінің іс-әрекетін жүзеге асыратын, сонымен қатар, меншік иелігінде контейнерлік алаңдары мен контейнерлері жоқ, немесе жалпы пайдаланылатын жерде тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметін жүзеге асыру үшін контейнерлік алаңдары мен контейнерлері бар жеке және заңды тұлғаларды қамтамасыз ету мақсатында жергілікті атқарушы органмен ұйымдастырылатын жүйе.

      Бағдарлама Паспорты

Атауы

Павлодар облысы Успен ауданының коммуналдық қалдықтарын басқару жөніндегі бағдарлама

Әзірлеуге арналған негіздеме

Қазақстан Республикасының 2021 жылғы 2 қаңтардағы № 400-VI ҚРЗ Экологиялық Кодексі.
Жергілікті атқарушы органдарға коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі Бағдарламаны әзірлеу бойынша әдістемелік ұсынымдар, ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2023 жылғы 18 мамырдағы №154п бұйрығы.

Бағдарламаны әзірлеуге жауапты мемлекеттік орган

"Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" коммуналдық мемлекеттік мекемесі

Бағдарлама мақсаты

Экологиялық заңнама талаптары бойынша Успен ауданының аумағындағы коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесін ұйымдастыру

Бағдарлама міндеттері

1.Ұйымдастырушылық-әкімшіліктік басқаруды құру.
2. Коммуналдық қалдықтарды жүйелі түрде шығаруды ұйымдастыру.
3. Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету.
4. Коммуналдық қалдықтарды жинау, соның ішінде қалдықтарды бөлек жинау, кәдеге жарату және қайта өңдеудің ұтымды жүйесіндегі тұрғындардың қызығушылықтары мен мәдени деңгейін жоғарылату.

Қаржыландыру көлемі

Қаржыландыру көлемі 2025 - 2029 жылдарға Успен ауданындағы коммуналдық қалдықтармен жұмыс істеу саласындағы іс-шараларды қаржыландыруға жергілікті атқарушы органмен бөлінген бюджеттік құралдар санынан тәуелсіз есептеледі.

Бағдарламаны орындаушылар

Лозов ауылдық округі әкімінің аппараты, Қозыкеткен ауылдық округі әкімінің аппараты, Ольгин ауылдық округі әкімінің аппараты, Успен ауылдық округі әкімінің аппараты, Қоңырөзек ауылдық округі әкімінің аппараты, Новопокров ауылдық округі әкімінің аппараты, Равнополь ауылдық округі әкімінің аппараты, коммуналдық қалдықтарды жинаумен, шығарумен, қалпына келтірумен және көмумен айналысатын субъектілер, мемлекеттік мекемелер, әлеуметтік нысандар, заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, ҮЕҰ, тұрғындар және мүдделі тараптар.

Кезеңдері

5 жыл: 2025 – 2029 жылдар

КІРІСПЕ

      Коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарлама коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы ағымдық жай-күйді талдау және қалдықтарды басқару жүйесін жақсарту бойынша қойылған мақсаттар мен міндеттерді жетілдіруге бағытталған іс-шаралар тізбегін қарастыратын стратегиялық құжат болып табылады.

      Осы Бағдарлама ұлттық, стратегиялық, бағдарламалық және концептуалдық құжаттарды, сонымен қатар халықаралық тәжірибені ескере отырып, ҚР ЭК 365-бабына және "Коммуналдық қалдықтарды басқару жөніндегі бағдарламаны әзірлеу бойынша жергілікті атқарушы органдарға әдістемелік ұсыныстарына" (ҚР экология және табиғи ресурстар министрлігінің 2023 жылғы 18 мамырдағы №154п бұйрығы) сәйкес әзірленген.

      Бағдарламаны әзірлеу барысында Успен ауданының коммуналдық қалдықтарын басқарудың ағымдық жай-күйіне талдау жасалынды, мәселелер айқындалды және экологиялық заңнама талаптарына сәйкес, аудан аумағында коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құруға бағытталған іс-шаралар кешені әзірленді.

      Бағдарламаның негізгі бағыттарын іске асыру үдерісі Успен ауданындағы коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесін қалыптастыруға мүмкіндік береді: қалдықтарды басқару инфрақұрылымын жаңғырту, ҚТҚ жинау, тасымалдау, өңдеу және кәдеге жарату жүйесін жетілдіру, қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру, көмуге жіберілетін қалдықтардың санын қысқарту, тұрғындардың қалдықтарды бөлек жинау жөніндегі хабардарлығы мен қызығушылығын арттыру.

      Бағдарламаны жүзеге асырудың негізгі мақсаты Успен ауданындағы және жалпы Павлодар облысын қоса алғанда, коммуналдық қалдықтардың қоршаған ортаға әсерін төмендету, сонымен қатар, коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы Қазақстан Республикасының стратегиялық көрсеткіштеріне қол жеткізу болып табылады.

1. ЖАЛПЫ МӘЛІМЕТТЕР ЖӘНЕ УСПЕН АУДАНЫН
ДАМЫТУДЫҢ СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЫ

      Успен ауданы Павлодар облысының солтүстік-шығыс бөлігінде орналасқан. Ауданның солтүстігі мен солтүстік-шығысында Павлодар облысының Қашыр, батысында және оңтүстік-батысында Павлодар, оңтүстік-шығысында – Шарбақты аудандарымен, солтүстік-шығысында Алтай өңірімен және Ресей Федерациясының Новосібір облысымен шектеседі.

      Успен ауданының тарихы 1935 жылы 31 қаңтардан бастау алады, ол кезде ВЦИК қаулысымен Шығыс Қазақстан облысы Цюрупин ауданын бөлу нәтижесінде Лозов ауданының құрылымы бекітілді. Аудан құрамына 14 ауылдық кеңес кірді. Аудан орталығы ретінде Лозов ауылы бекітілді, ауданның алғашқы атауы осыдан шыққан. Соңғы нәтижесінде жаңа ауданның орталығы Успен ауылы болып табылады.

      Павлодар облысының Лозов ауданы 1938 жылы 15 қаңтарға дейін Шығыс Қазақстан облысының құрамына кірді. 1938 жылы 15 қаңтардан бастап, Лозов ауданы Павлодар облысына өтті.

      1963 жылдың 2 қаңтарынан бастап Успен ауданы деп аталады. Бұл облыстағы ауданы бойынша ең кішкентай аудан, жалпы ауданы - 5,5 мың км2, немесе облыс аумағының 4,4% алып жатыр.

      Аудан орталығы – Успен ауылы. Облыс орталығынан (Павлодар қаласынан) қашықтығы 81 км.

      Өндірістік іс-әрекеттің негізгі бағыттары – өсімдік шаруашылығы және жануарлар шаруашылығы. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің құрылымында өсімдік шаруашылығы саласы басым. Өсімдік шаруашылығындағы өндірістің басым бағыттарының бірі астық (жаздық егіс аумағынан 62,7%) және майлы дақылдарды (15,2%) өсіру болып табылады. Өңірдегі өсірілетін негізгі мәдени өсімдіктер бидай болып табылады, ол дәнді дақылдарды егу аумағының 65,4% құрайды.

      Ауданда өндірілетін өндірістік және ауылшаруашылық өнімдерінің негізгі түрлері – бұл дәнді дақылдар, ет, сүт, күнбағыс майы, шұжық, ірімшік, ұн.

      Облыстағы өнеркәсіптік өндірістің аудандағы үлесі 0,1% құрайды.

      Жалпы, құрылым өңдеуші өнеркәсіптердің басымдығымен сипатталады, үлестік салмағы 91,3% құрайды.

      Аудан экономикасын дамытудың басым бағыттарының бірі шағын және орта бизнесті дамыту болып табылады.

      Успен ауданының әкімшіліктік бөлінісі келесідей: ауданда 7 ауылдық округ, 21 ауыл бар (1-кесте).

      1-кесте – Успен ауданының әкімшіліктік-аумақтық бөлінісі

Ауылдық округтер

Елді мекен

Халқы, адамдар

Ольгин ауылдық округі

Қызылағаш ауылы

338

Ольхов ауылы

80

Тимирязев ауылы

257

Қозыкеткен ауылдық округі

Ковалев ауылы

531

Қозыкеткен ауылы

405

Қоңырөзек ауылдық округі

Қоңырөзек ауылы

490

Дмитриев ауылы

114

Вознесен ауылы

283

Надаров ауылы

53

Чистополь ауылы

18

Лозов ауылдық округі

Лозов ауылы

784

Богатырь ауылы

271

Қаратай ауылы

407

Новопокров ауылдық округі

Новопокров ауылы

362

Галицк ауылы

1150

Равнополь ауылдық округі

Константинов ауылы

1094

Равнополь ауылы

350

Таволжан ауылы

429

Успен ауылдық округі

Успен ауылы

3983

Белоусов ауылы

290

Травян ауылы

46

БАРЛЫҒЫ


11735

      Успен ауданының халқы 2024 жылдың 1 қарашасына 11 735 адамды құрайды (аудан әкімдігінің мәліметтері бойынша).

      Ауданды дамытудың негізгі құжаттары болып мыналар табылады:

      Павлодар облысының экологиялық мәселелерін кешенді шешу жөніндегі жол картасы (2020 жылғы қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі және Павлодар облысының әкімдігі бекіткен), онда облыстың ауылдық жерлерінде қалдықтарды бөліп жинауды кезеңмен ендіру жоспарланған.

      Павлодар облысы бойынша қоршаған орта сапасының мақсаттық көрсеткіштері. Павлодар облыстық мәслихатының 2024 жылғы 8 тамыздағы № 140/15 Павлодар облысы бойынша қоршаған орта сапасының мақсаттық көрсеткіштерін бекіту туралы шешімімен Успен ауданында (Успен ауылы) 2028 жылғы заңнама талаптарына сәйкес, тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны жұмыс істейтін болады деп анықталды.

2. УСПЕН АУДАНЫНДАҒЫ КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ
БАСҚАРУДЫҢ АҒЫМДЫҚ ЖАЙ-КҮЙІН ТАЛДАУ

      2.1 Коммуналдық қалдықтардың түзілуінің және қайта өңделуінің сандық көрсеткіштері

      ҚР ЭТРМ мәліметтері бойынша Қазақстан Республикасында жыл сайын 4 млн тонна ҚТҚ түзіледі.

      Павлодар облысында жылына шамамен 270 мың тонна коммуналдық қалдықтар түзіледі, оның ішінде тек 27,4 % ғана қайта өңделеді.

      Успен ауданында жылына 6 мың тонна коммуналдық қалдықтар түзіледі ("Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ мәліметтері бойынша).

      2-кестеде Успен ауданында 2021 - 2023 жылдар аралығындағы ҚТҚ түзілу және қайта өңдеу көлемі жөніндегі мәліметтер ұсынылған.

      2-кесте. ҚР, Павлодар облысы, Успен ауданы бойынша 2021 - 2023 жылдардағы ҚТҚ түзілу және қайта өңдеу көлемі

Атауы

Өлшем бірлігі

Жылдар

2021

2022

2023

1

ҚТҚ түзілу көлемі

1.1

Қазақстан Республикасы*

тонна

4 214 056

4 340 630

4 100 000

1.2

Павлодар облысы**

тонна

380813

217753

222491

1.3

Успен ауданы ***

тонна

6486,5

6431,6

6358,3

2

Түзілген ҚТҚ жалпы көлемінен қайта өңдеу үлесі

2.1

Қазақстан Республикасы*

%

21,1

25,4

24

2.2

Павлодар облысы**

%

23,8

25,6

27,4

2.3

Успен ауданы ***

%

0

0

0

      *ҚР ЭТРМ мәліметтері

      ** Ұлттық статистика бюросының мәліметтері

      *** "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ мәліметтері

      2-кестеден Успен ауданындағы коммуналдық қалдықтардың орташа жылдық түзілу көлемі 6425,5 тоннаны, немесе Павлодар облысындағы коммуналдық қалдықтардың түзілуінің жалпы көлемінен 2,8% құрайды.

      Успен ауданында ҚТҚ қайта өңдеу қарастырылмаған.

      2.2 ҚТҚ сапалық құрамы

      Қалдықтардың сапалық құрамы оның морфологиялық құрамымен анықталады. Қалдықтардың морфологиялық құрамы ҚТҚ жинау, жою жүйесіндеі талаптармен сонымен қатар, олармен жұмыс істеу бойынша оңтайлы шаралармен анықталады.

      Қалдықтардың морфологиялық құрамы қасиетімен, пайда болуымен, жалпы массадағы пайызбен көрсетілетін химиялық құрамымен бір-бірінен ерекшеленетін жеке құрамдас (компонент) өндіріс және тұтыну қалдықтарының қатынасы. Шығарылатын және немесе қайта өңдеуге жатқызылатын қалдықтардың көлемін нақты бағалау үшін ҚТҚ талдау барысында қолданылады.

      ҚТҚ морфологиялық құрамы бойынша келесідей компоненттерден тұратын күрделі қоспалардан тұрады: тағам қалдықтары; қағаз және картон; полимерлер (пластик, пластмасса), шыны; қара металл; түсті металл; мата; ағаш; қауіпті қалдықтар (батарейкалар, құрғақ және электролитті аккумляторлар, еріткіш, бояу ыдыстары; сынапты шамдар; телевизиялық кинескоп және т.б.) сүйек, тері, компоненттері алынғаннан кейінгі коммуналық қалдықтардың қоқыстары, құрылыс қоқыстары, тас, көше қалдықтары және т.б. секілді компоненттерден тұратын күрделі қоспа (Тұрмыстық қатты қалдықтардың морфологиялық құрамын анықтау әдістемесі, Құрылыс және тұрғын-коммуналдық шаруашылығы істері бойынша ҚР агенттігінің төрағасының 2012 жылғы 10 ақпандағы №4 бұйрығы).

      Қазақстанда ҚТҚ морфологиялық құрамының орташа көрсеткіштері келесідей: тағам қалдықтары (37,2), пластик (16,2%), макулатура (11,1%). Қалдықтардың (11%) компоненттері және басқалары алынғаннан кейінгі бөліктері коммуналдық қалдықтарға жатқызылады ("Жасыл технологиялар және инвестициялық жобалардың халықаралық орталығы" КЕАҚ 2020 жылы Қазақстан қалаларында жүргізген зерттеу мәліметтері бойынша анықталды).

      Ауылдық жерлердегі қалдықтардың морфологиялық құрамы қаладағы қалдық құрамынан өзгешеленеді. Мұнда органикалық қалдықтар басым және пластмассаның, қораптық материалдардың, қағаз және картонның аз бөлігі кездеседі. Қалдықтардың органикалық бөлігі шындығында үйінділерге немесе полигондарға тасталынбайды, жануарларға жем-қор ретінде беріледі немесе үй жағдайында қордаланады. Ағаш, қағаз және картондар үй пештерінде жағылады. Полигонға келіп түсетін қалдықтардың басым бөлігі қождар, құрылыс материалдары және сынған шынылар.

      Успен ауданындағы ҚТҚ морфологиялық құрамына зерттеулер жүргізілмеген.

      Қалдықтардың морфологиялық құрамы туралы ақпараттар қалдықтармен жұмыс жасауды тиімді жоспарлау мен басқаруды қамтамасыз етеді: қауіпсіз жинау мен тасымалдау жүйесін ұйымдастыру; пайдалануға немесе зарарсыздандыруға осы немесе басқа технологияларды қолдану негіздемесі; екінші реттік қайта өңдеуге жарамды пайдалы компоненттердің нақты құрамы; кәдеге жаратудың тиімді технологиясын таңдау.

      Успен ауданында орташа жылдық жобада ҚТҚ морфологиялық құрамына зерттеулер жүргізу қажет.

      2.3 Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормалары және тарифтер

      Болашақта коммуналдық қалдықтардың түзілу көлемін жоспарлауда және қалдықтарды басқаруды тиімді ұйымдастыруда ең маңыздысы бір есептік бірлікке шаққандағы жинақталатын коммуналдық қалдықтардың саны туралы ақпараттар, яғни есептік бірліктегі ҚТҚ түзілу нормативтері болуы керек.

      Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу үшін негізгі нормативтік-құқықтық құжаттар Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 01 қыркүйектегі № 347 бұйрығымен бекітілген коммуналдық қалдықтардың түзілуі және жинақталу нормаларын есептеудің типтік ережелері, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығымен бекітілген Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға сұрыптауға және көмуге тарифтті есептеу әдістемесі болып табылады.

      Успен ауданында Успен ауданы бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу ережесі бекітілген (Павлодар облысының Успен ауданы әкімінің 2022 жылғы 27 мамырдағы № 120/5 Қаулысы), дегенмен, аудандағы 1 тұрғынға коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларының өзі бекітілмеген.

      Экологиялық заңнама бойынша (ҚР ЭК 367-бабы, 3-тармағы) тұрғындар жариялық келісім негізінде ҚТҚ жинаудың орталықтандырылған жүйесін пайдалануға міндетті және мәслихатпен бекітілген тариф бойынша қалдықтарды тасымалдау қызметіне ақы төлеуге міндетті. Успен ауданы бойынша тұрмыстық қатты қалдықтарды тұрғындардан жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму бойынша тарифтер бекітілмеген.

      Жақын арада Успен ауданында 1 тұрғынға коммуналдық қалдықтарды түзілу және жинақталу нормаларын және тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифтерді есептеп бекіту қажет.

      2.4 Коммуналдық қалдықтарды басқарудың қолданыстағы жүйесін бағалау

      Қалдықтарды жинау, жинақтау және бөлек жинау

      Успен ауданы жеке үй иеліктері бар ауылдық елді мекендермен ерекшеленеді. Жайлы жабдықталған үйлер тек аудан орталығы - Успен ауылында ғана (бірнеше екі және үш қабатты үйлер бар). Мұнда аудан тұрғындарының бірден үш бөлігі тұрады. Успен ауылында үш жалпыға білім беретін мектеп, балалар бақшасы, мәдениет үйі, музей, стадион, емхана, дәріханалар, санэпидемстанция, құжаттарды сақтау қоры, май зауыты және әкімшілік ғимараттар бар.

      Ауданда қалдықтарды бөлек жинауға арналған торлы контейнерлер, араластырып жинауға арналған бактар, жабдықталмаған контейнерлік алаңдар бар (3-кесте).

      3-кесте – Успен ауданындағы контейнерлік алаңдар мен контейнерлердің саны

Ауылдық округ

Елді мекен

Контейнерлер саны

Контейнерлік алаңдар саны

Араластырып жинау үшін

Бөлек жинау үшін

Ольгин ауылдық округі

Қызылағаш ауылы

2

3

3

Ольхов ауылы

2

3

3

Тимирязев ауылы

1

3

2

Қозыкеткен ауылдық округі

Ковалев ауылы

-

6

2

Қозыкеткен ауылы

-

3

1

Қоңырөзек ауылдық округі

Қоңырөзек ауылы

-

12

4

Дмитриев ауылы

-

-

-

Вознесен ауылы

-

6

2

Надаров ауылы

-

-

-

Чистополь ауылы

-

-

-

Лозов ауылдық округі

Лозов ауылы

3

6

1

Богатырь ауылы

1

6

1

Қаратай ауылы

1

6

1

Новопокров ауылдық округі

Новопокров ауылы

-

-

-

Галицк ауылы

-

-

-

Равнополь ауылдық округі

Константинов ауылы

-

3

-

Равнополь ауылы

-

-

-

Таволжан ауылы

-

-

-

Успен ауылдық округі

Успен ауылы

-

24

-

Белоусов ауылы

-

3

-

Травян ауылы

-

3

-

БАРЛЫҒЫ:


10

87

20

      Мектеп жанынан бөлек жинауға арналған торлы контейнерлер орнатылған, бірақ олар бос, онымен ешкім айналыспайды. Жабдықталған контейнерлік алаңдар жоқ.

      Успен ауданында коммуналдық қалдықтарды жүйелі түрде шығару жоқ. Әрбір үй шаруашылығы жылына 2 рет өз бетінше өз аумағындағы қалдықтарды шығару үшін қоқыс шығаратын қызметтерге тапсырыс береді немесе өзінің меншігіндегі көлігімен шығарады. Қоқыстарды шығару үшін тапсырыс берілетін көлік құны 7-8 мың теңге. Коммуналдық қалдықтар шығарылғанға дейін өз аулаларында жинайды, тағам қалдықтарымен үй жануарларын тамақтандырады. Қағаз, картон, ағаш үй пештеріне жағылады. Әрбір үйдің ауласында рұқсатсыз үйінділер ұйымдастырылған. Қалдықтарды шығару әрбір ауылдық округтегі жергілікті үйінділерге шығарылады. Жергілікті үйінділер қоршалмаған, экологиялық және санитарлық талаптарға жауап бермейді, шашылған, олардың құрамында қалдық полигонына көмуге тиым салынған қалдықтар да бар, атап айтқанда, медициналық, құрамында сынабы бар және қалдықтар, олар адам денсаулығы мен қоршаған орта үшін қауіпті болып табылады. Үйінділерде ең көп қалдықтардың бірі малдың қилары мен күл.

      Ауданда мал өртеу орыны бар. Малдың өлекселері өртеледі.

      ҚТҚ жинауды талдау нәтижелері бойынша келесілер айқындалды:

      - Успен ауданында коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару ұйымдастырылмаған;

      - контейнерлер қолмен жасалынған, сыйымдылығы бойынша шағын, басым көпшігілі қанағаттанарлықсыз деңгейде;

      - қалдықтарды жинауға арналған арнайы контейнерлер жоқ;

      - жабдықталған контейнерлік алаңдар жоқ.

      Қалдықтарды бөлек жинау

      Ауданда қалдықтарды бөлек жинауға арналған 87 торлы контейнерлер орнатылған, (3-кесте), бірақ олардың басым бөлігінің іші бос, тұрғындар қалдықтарды бөліп жинаумен айналыспайды.

      Қалдықтарды тасымалдау

      ҚТҚ орталықтандырылған жүйесі жоқ.

      Жергілікті тұрғындар ауылдық үйінділерге ҚТҚ өз бетінше апарады немесе мемлекеттік мекемелер мемлекеттік сатып алу порталына бағалық ұсыныстарды сұрау арқылы өтініш береді және жеке тұлғалар өз беттерінше жергілікті үйінділерге коммуналдық қалдықтарды шығарады.

      ҚР Экологиялық Кодексіне сәйкес (337-бап) қалдықтарды жинау, сұрыптау және тасымалдау бойынша, қауіпсіз қалдықтарды қалпына келтіру және жою бойынша іс-әрекеттерді жоспарлайтын немесе жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері ҚР ЭТРМ іс-әрекеттің басталғандығы туралы хабарлау керек.

      Успен ауданында қауіпсіз қалдықтарды жинау, сұрыптау, тасымалдау, қайта қалпына келтіру және жою бойынша кәсіпкерлік іс-әрекеттерін жүзеге асыратын компаниялар тіркелмеген.

      ҚР ЭК 367-бабына сәйкес, ҚТҚ жинаудың орталықтандырылған жүйесі ҚТҚ нарығына қатысушыларды анықтау бойынша конкурс (тендер) жүргізу көмегімен ұйымдастырылады.

      Успен ауданында ҚТҚ жинау және шығаруды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерін анықтауға конкурс жүргізілмейді.

      Қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу

      Ауданда екінші шикізатты (пластик, шыны, қағаз және картон қалдықтары) қабылдайтын пункттер жоқ.

      Қалдықтарды көму

      Успен ауданында қалдықтарды көму жергілікті үйінділерде жүзеге асырылады. Үйінділерге жер актісі бар жер телімдері бөлінген. Тұрақты жер пайдалану құқығына актісі бар елді мекендер: Богатырь, Қаратай, Лозов, Ольхов, Тимирязев, Белоусов, Травян, Успен, Ковалев, Қозыкеткен, Галицк, Новопокров. Барлық үйінділер ауылдық округтер әкімдігі аппаратының коммуналдық меншігінде.

      Коммуналдық қалдықтар белгіленген орындарға ғана емес, ауданның әрбір елді мекендерде төгілген, нәтижесінде қоқыс үйінділері түзілген және олар санитарлық, экологиялық талаптарға жауап бермейді.

      Барлық үйінділердегі қалдықтарды орналастырудың негізгі әдісі – үю (қоймалау). Ең көп қалдық түрі – ауыл шаруашылық қалдықтары.

      Қалдықтардың барлық үйінділеріне қалдықтар рұқсатсыз, қоршаған ортаға эмиссияға міндетті рұқсатынсыз және алдын-ала сұрыптаусыз қабылданады, бұл экологиялық заңнама талаптарын бұзады.

      Үйінділердегі негізгі жұмыс түрі – сүймелеу.

      Апатты үйінділер

      Ауданда әрбір елді мекендерде апатты үйінділер түзілген, оның басты себебі, қалдықтарды жинаумен шығарудың орталықтандырылған жүйесінің және қажетті инфрақұрылымның болмауымен сипатталады.

      2.5 Қалдықтардың жеке түрлерін басқару жүйесін талдау

      Құрамында сынабы бар қалдықтар

      Құрамында сынабы бар қалдықтарға (ары қарай-ҚСБҚ) тұтынушылық қасиетін жойған құрамында сынабы бар шамдар мен приборлар жатады. ҚР ЭК 351-бабына сәйкес, құрамында сынабы бар шамдар мен приборлар қалдық ретінде танылады және полигондарға көмуге жарамсыз, сондықтан олар қалдықтарды кәдеге жарататын мамандандырылған ұйымдарға берілуі керек. Сол үшін ҚСБҚ жинау ұйымдастырылуы тиіс.

      "Энергия үнемдеу және энерготиімділікті арттыру туралы" ҚР Заңына (13.01.2012 жыл № 541-IV) сәйкес, астана, республикалық маңызы бар қаланың жергілікті атқарушы органдары және ауданның (облыстық маңызы бар қала) жергілікті атқарушы органдары тұрғындар бұрын пайдаланған құрамында сынабы бар энергоүнемдейтін шамдарын кәдеге жаратуды ұйымдастыруға жауапты.

      Успен ауданында тұрғындардан ҚСБҚ жинау ұйымдастырылмаған, ҚСБҚ жинауға арналған контейнерлер орнатылмаған. Тұрғындардан түзілетін қоректік көздер мен ҚСБҚ, ҚТҚ араласып контейнерлерге жинақталады және жалпы ағынмен бірге қоршаған ортаға зиян келтіре отырып, үйінділерге тасталынады.

      Электрлік және электрондық жабдық қалдықтары (ЭЭЖҚ)

      Электрондық және электрлік жабдық қалдықтарға барлық пайдаланылған батареялар немесе электрлік желі арқылы жұмыс істеген заттар (теледидар, компьютер, тоңазытқыш, радиоқабылдағыш, электрлік балалар ойыншықтары, компакт-диск және т.б.) және олардың элементтері (мысалы, батарея) жатады.

      ҚР ЭК-351 бабына сәйкес, электрлік және электрондық жабдық қалдықтарын полигондарға көмуге тыйым салынады. Жеке тұлғалардан электрлік және электрондық жабдық қалдықтарын жинауды, қайта өңдеуді және кәдеге жаратуды мердігерлік ұйымдар жүзеге асырады

      Успен ауданының тұрғындарынан ЭЭЖҚ бөлек жинау ұйымдастырылмаған, сондықтан олар жалпы ағынмен бірге үйінділерге түседі.

      Ауданда ЭЭЖҚ кәдеге жарату мен қайта өңдеудің жүйесі жоқ.

      ҚР Экологиялық Кодексінің (365-б) талаптарына сәйкес, ЭЭЖ қалдықтарының қауіпті құрамдары бөлек жиналып, мамандандырылған кәсіпорындарға қайта қалпына келтіру үшін өткізілмейді.

      Ірі көлемді және құрылыс қалдықтары

      Экологиялық заңнамаға сәйкес, жеке тұлғалар өз бетінше ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын шығаруға мүмкіндігі бар арнайы ұйымдастырылған алаңдарға жинақталуы керек. Мұндай алаңдар Успен ауданында жоқ. Ірі көлемді және құрылыс қалдықтары басқа қалдықтармен бірге полигондарға шығарылады.

      Жергілікті атқарушы органдардың маңызды міндеті ірі көлемді және құрылыс қалдықтарына арналған арнайы ұйымдастырылған алаңдарды құру және оларды тасымалдау бойынша мамандандырылған компанияларды анықтау болып табылады.

      Тағам қалдықтары

      Ауданда тағам қалдықтарын бөлек жинау ұйымдастырылмаған. Аудан негізінен жеке үй құрылысы бар ауылдық елді мекендерден тұрады, мұнда тағам қалдықтары үй жануарлары мен төрт түлікке жем-қор ретінде пайдаланылады немесе басқа қалдықтармен бірге контейнерлерге түсіп, үйінділерге жіберіледі.

      2.6 Қалдықтарды басқару жөніндегі іс-шараларға бөлінген қаржыларды талдау

      Қоршаған ортаны қорғау іс-шараларына бөлінген қаржы көлемі 4-кестеде көрсетілген (Ұлттық статистика бюросының мәліметтері бойынша).

      4-кесте – Успен ауданы бойынша 2020 - 2022 жылдарға арналған қоршаған ортаны қорғауға бөлінген ағымдық шығындардың көлемі

жылдар

2020

2021

2022

Шығын көлемі (мың теңге)

1091

579

822

      Успен ауданында контейнерлерді сатып алу, контейнерлік алаңдарды жөндеу, апатты үйінділерді жою, қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлерді сатып алу мен жөндеу шығындары туралы мәліметтер жоқ.

      2024 жылы үйінділерді толтыруға Қозыкеткен (500 мың теңге), Ольгин (492 мың теңге), Успен, Қоңырөзек, Новопокров, Лозов ауылдық округтерінде (шығындар туралы мәліметтер жоқ) қаржылар бөлінген.

      Ауданның барлық өңірінде қалдықтарды басқарудың орталықтандырылған жүйесін құру үшін жаңа контейнерлерді, қоқыс таситын көліктерді сатып алу, контейнерлік алаңдарды құру, ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын жинауға арналған арнайы орындарды құру, экологиялық, құрылыс және санитарлық талаптарға сәйкес келетін полигондарды құру, қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру, ауылдық округтерден қалдықтарды жинау және шығару бойынша компанияларды анықтау, құрамында қауіпті заттары бар коммуналдық қалдықтарды қабылдау пункттерін ашу және т.б. керек.

      Мұның барлығы да қосымша шығындарды талап етеді, сол себепті, жергілікті бюджетте қарастырылуы керек.

      2.7 2025 - 2029 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтардың түзілу көлемін болжау

      Павлодар облысының даму жоспарына сәйкес, Успен ауданында тұрғындар санының артуы, жаңа кәсіпорындардың ашылуы, экономикалық көрсеткіштердің өсуі, өмір сапасының жақсаруы, халық табысының артуы, коммуналдық қалдықтарды орталықтан жинау және шығару жүйесімен қамтылатын тұрғындар санының артуы байқалады деп жоспарлануда. Нәтижесінде кәсіпорындар мен тұрғындардан түзілген және жиналған ҚТҚ санының артуы болжамдануда.

      ҚР ЭТРМ ақпараты бойынша, Қазақстан Республикасында коммуналдық қалдықтардың жыл сайынғы өсімі 5% құрайды. 5-кестеде 2029 жылға дейінгі Успен ауданында қалдықтардың түзілу болжамы келтірілген.

      5-кесте - 2029 жылға дейінгі Успен ауданындағы коммуналдық қалдықтардың түзілуін болжау

Атауы

Түзілген қалдықтардың нақты саны

 
ҚТҚ жоспарланған түзілу көлемі

Жылдар

2021

2022

2023

2024

2025

2026

2027

2028

2029

ҚТҚ түзілуі, тонна

6486

6431

6358

6676

7010

7360

7728

8114

8520

      Есептеулер 2023 жылдан кейін әр жыл сайын қалдықтар санын 5%-ға арттырылып көрсетілген.

      Түзілген қалдықтар санының өсуі болжамданып жатқандықтан, "жасыл экономиканың" мақсаттық индикаторларына қол жеткізу мақсатымен Успен ауданындағы коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіру қажет (Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" өтуі жөніндегі тұжырымдама туралы" ҚР Президентінің 2013 жылғы 30 мамырдағы № 577 Жарлығына өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2024 жылғы 10 маусымдағы № 568 Жарлығы (6-кесте).

      6-кесте - Қалдықтарды басқару жөніндегі "жасыл экономиканың" мақсаттық индикаторлары


2022 ж.

2030 ж.

2040 ж.

2050 ж.

Коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару жөніндегі қызметтермен тұрғындарды қамтамасыз ету (%)

82

90

100

100

Жалпы түзілу көлемінен коммуналдық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату үлесі (%)

25,4

40

50

60

      2.8 Коммуналдық қалдықтарды басқару бойынша ағымды жағдайды талдау бойынша қорытындылар

      Успен ауданындағы коммуналдық қалдықтарды басқарудың ағымдық жай-күйін талдау бойынша қалдықтарды жинау және шығару жүйесі жоқ екендігі анықталды. Ауданның барлық ауыл тұрғындары жергілікті үйінділерге немесе полигондарға ҚТҚ өз бетінше шығарумен айналысады.

      Ауданда экологиялық заңнама талаптарына сәйкес келетін коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру және келесі өзекті мәселелерді шешу қажеттілігі туындайды:

      ҚТҚ жинауға арналған арнайы контейнерлер мен контейнерлік алаңдардың жоқтығы;

      қалдықтарды жинау мен шығарумен айналысатын мамандандырылған кәсіпорындардың болмауы;

      тұрғындардан құрамында қауіпті заттары бар қалдықтарды (СБҚ, ЭЭЖҚ, медициналық) жинаудың ұйымдастырылмауы;

      апатты үйінділердің үлкен саны;

      ҚТҚ бөлек жинауға арналған қоқыс сұрыптайтын желінің болмауы;

      қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге жаратудың болмауы;

      ҚТҚ жинауға және тасымалдауға арналған (қоқыс таситын машина) инфрақұрылымның ауылдық елді мекендерде болмауы;

      санитариялық, құрылыс және экологиялық талаптарға сәйкес келетін ҚТҚ полигонының болмауы;

      қалдықтарды басқару мәселелері бойынша халықтың экологиялық мәдениетінің төмен деңгейі.

      2.9 Коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін талдау

      Успен ауданында коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесін талдау үшін SWOT- талдау жүргізілді, бұл талдау арқылы қалдықтарды басқарудың күшті және әлсіз жақтары, маңызды мүмкіндіктері мен қауіптері анықталды (7-кесте).

      7-кесте – Күшті және әлсіз жақтарын, мүмкіндіктері мен қауіп-қатерлерін талдау

Күшті жақтары

Әлсіз жақтары

1. Қалдықтарды бөлек жинауға арналған торлы контейнерлер орнатылған.
2. Коммуналдық қалдықтарды басқару инфрақұрылымын жақсарту жоспарланған.
3. Қаржыландырудың жеке көздерімен потенциалды инвесторларды тарту жоспарлануда.

1. Коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару жүйесінің толыққанды болмауы.
2. Қалдықтарды бөлек жинаудың жеткіліксіз ұйымдастырылуы.
3. Қалдықтарды қайта өңдеу мен кәдеге жаратудың болмауы.
4. Қалдықтарды басқару мәселелері бойынша тұрғындардың экологиялық мәдениетінің төменгі деңгейі.

Мүмкіндіктер

Қауіп-қатерлер

1. Коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру. 2. Қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату жүйесін құру.
3. Қалдықтарды басқару бағдарламасының іс-шаралар жоспарын кезеңмен жүзеге асыру.
4. Павлодар облысының қоршаған ортаны қорғау шараларының жөніндегі тізбесі бюджетіне өтініш беру.
5. Қалдықтарды бөлек жинау және қалдықтарды басқару мәселелері бойынша тұрғындардың экологиялық мәдениетін жоғарылату.
6. Қалдықтарды басқару бойынша инфрақұрылымды дамытуға инвесторларды тарту.

1. Түзілетін қалдықтардың көлемінің артуы.
2. Қалдықтар жинақталған зоналардағы сыни экологиялық жағдайлардың пайда болуы. 3. Үйінді орналасқан зоналардағы атмосфера, топырақ, су ресурстарының ластануы.
4. Рұқсат етілмеген үйінділер санының артуы.

      Қалдықтарды басқару жүйесінің жай-күйінің күшті және әлсіз жақтарын талдау көрсеткендей, Успен ауданында күшті жақтарына қарағанда әлсіз тұстары басымдау, сол себепті, жақын арада коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру үшін міндеттердің толық кешенін шешу керек.

3. КОММУНАЛДЫҚ ҚАЛДЫҚТАРДЫ БАСҚАРУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ
МАҚСАТЫ, МІНДЕТТЕРІ ЖӘНЕ МАҚСАТТЫҚ КӨРСЕТКІШТЕРІ

      3.1 Мақсаты және міндеттері

      Бағдарлама мақсаты: Павлодар облысы Успен ауданының аумағында заңнама талаптарына сәйкес келетін коммуналдық қалдықтарды басқарудың тиімді жүйесін құру.

      Бағдарлама міндеттері:

      1. Ұйымдастырушылық-әкімшіліктік басқаруды құру

      2. Коммуналдық қалдықтарды жүйелі түрде шығаруды ұйымдастыру

      3. Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету

      4. Қалдықтарды бөлек жинау саласындағы, сонымен қатар, қалдықтарды жинау, кәдеге жарату және қайта өңдеудің ұтымды жүйесі туралы тұрғындардың мәдениеті мен қызығушылықтарын жоғарылату

      3.2 Мақсаттық көрсеткіштер

      Бағдарламаның мақсаттық көрсеткіштері Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшу тұжырымдамасының (ҚР стратегиялық құжаты) талаптарына сәйкес бекітілген.

      Мақсаттық көрсеткіштер Успен ауданының коммуналдық қалдықтарын басқару жүйесін жетілдіруге бағытталған (8-кесте).

      8-кесте – 2025 - 2029 жылдарға Успен ауданындағы коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесін жетілдіруге арналған мақсаттық көрсеткіштер

р/н

Мақсаттық көрсеткіштер атауы

Мақсаттық көрсеткіштердің мәндері

Ағымдық жағдай (2021-2023)

2025

2027

2029

1.

ҚТҚ жинау және шығарудың орталықтандырылған жүйесімен тұрғындардың қамтылуы %

0

10

50

100

2.

Коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ендіру:
- фракциялар бойынша, соның ішінде қалдықтардың жеке қауіпті түрлері бойынша (медициналық және сынабы бар, электрондық және тұрмыстық) %

0

20

50

75

3.

ҚТҚ кәдеге жарату және қайта өңдеу үлесі (түзілу көлемінен), %

0

10

15

25

4.

Экологиялық және санитарлық нормаларға сәйкес келетін жаңа полигон құрылысы, бірлікпен

0

0

0

1

5.

Тұрмыстық қатты қалдықтарды жинау, кәдеге жарату және қайта өңдеудің, соның ішінде бөлек жинауды қоса алғанда ұтымды жүйесі туралы тұрғындардың хабардарлығын жоғарылату %

20

80

100

100

      Орталықтандырылған жүйе шеңберінде тұрғындарды ҚТҚ жинау және шығарумен қамту бойынша мақсаттық көрсеткіштер Қазақстан Республикасының стратегиялық құжаттарына сәйкес бекітілген.

4. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУДЫҢ НЕГІЗГІ БАҒЫТТАРЫ,
ҚОЙЫЛҒАН МАҚСАТТАРҒА ЖЕТУ ЖОЛДАРЫ ЖӘНЕ СӘЙКЕС ШАРАЛАР

      4.1 Ұйымдастырушылық-әкімшіліктік басқаруды жақсарту

      ҚТҚ жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге нормативтер мен тарифтерді әзірлеу және бекіту

      Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеу үшін негіз болып табылатын нормативтік-құқықтық құжат Қазақстан Республикасының Экологиялық Кодексі, Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 1 қыркүйегінде № 347 бұйрығымен бектілген коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің типтік ережелері. Бір есептік бірлікке жинақталатын коммуналдық қалдықтардың саны туралы ақпараттар болашақта коммуналдық қалдықтардың түзілу көлемін жоспарлау үшін қажет және мұнда коммуналдық қалдықтарды басқарудың барлық үдерісін ұйымдастыру қажет.

      Тарифтерді есептеуге негіз болатын "Халық үшін қатты тұрмыстық қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге арналған тарифті есептеу әдістемесін бекіту туралы" құжаты. (Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің 2021 жылғы 14 қыркүйектегі № 377 бұйрығы).

      Көрсетілген әдістемеге сәйкес тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифтерді есептеу өзіндік құн арқылы жүргізіледі, мұнда, калькуляция баптары бойынша топтастырылған ҚТҚ жинауды, тасымалдауды, сұрыптауды және көмуді жүзеге асыратын нарық қатысушыларының нақты және/немесе нормативті шығындары көрсетіледі.

      Қызметтердің толық өзіндік құны ҚТҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму бойынша жұмыстарды орындау шығындарының қосындысы, сонымен қатар, жалпы пайдалану және пайдаланудан тыс шығындардың қосындысы ретінде анықталады.

      Калькуляциялық бірліктің өзіндік құны ҚТҚ жинау және тасымалдау бойынша толық өзіндік құнды жиналған және шығарылған ҚТҚ көлеміне бөлу арқылы, ҚТҚ сұрыптау бойынша толық өзіндік құнды сұрыпталған ҚТҚ көлеміне бөлу арқылы, ҚТҚ көму бойынша толық өзіндік құнды көмілген ҚТҚ көлеміне бөлу арқылы анықталады.

      Калькуляция баптарынан көріп отырғанымыздай, тариф шамасы жылдан жылға өзгеріп отырады, себебі, жиналған, шығарылған, сұрыпталған, көмілген қалдықтардың көлемдік шамасы да өзгеріп отырады. Сол себепті, уақытылы индексация жүргізіп, тарифтерді қайта есептеу тұру қажет, бұл мамандандырылған компаниялардың экономикалық жай-күйінің төмендеп кетуінің алдын-алады.

      ҚР Экологиялық кодексінде тарифтерді қайта қараудың нақты мерзімдері белгіленбеген, алайда 2023 жылдың маусымында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігімен (ЭТРМ) және ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігімен бірге ҚТҚ басқару саласында бәсекелестікті дамыту жөніндегі Жол картасы қабылданды. Жол картасында ҚТҚ жинау, тасымалдау, сұрыптау және көму тарифін 2 жылда 1 рет қайта қарау қажеттілігі көрсетілген.

      Жақын арада Успен ауданында 1 тұрғынға коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеп бекіту қажет, сонымен қатар, тұрғындардан тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифтерді бекіту қажет. Ары қарай әр 2 жыл сайын нормаларды қайта қарастырып, жаңа тарифті бекіту қажет.

      ҚТҚ жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын тұрмыстық қатты қалдықтар нарығына қатысушыларды анықтау

      ҚТҚ жинау және тасымалдаумен айналысатын компанияны жергілікті атқарушы органдар конкурс (тендер) жүргізу арқылы анықтайды. ЖАО осы компаниялармен біріге отырып, ҚТҚ жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге бекітілген тарифтерге сәйкес, қалдықтарды тасымалдау бойынша көрсетілетін қызметтерге төлем жинауды ендіру қажет. Тарифті уақытылы қайта қарастырып отыру ұсынылады.

      Экологиялық заңнама талаптарына сәйкес (367-б) ҚТҚ жинаудың орталықтандырылған жүйесі жергілікті атқарушы органмен ҚТҚ нарығына қатысушыларды анықтау мақсатында конкурс (тендер) жүргізу арқылы ұйымдастырылады. Конкурс тәсілі арқылы мемлекеттік сатып алулар "Мемлекеттік сатып алулар" туралы ҚР Заңының 4 бөліміне сәйкес жүзеге асырылады, мұнда ҚТҚ жинау және тасымалдау конкурсына қатысушыларға төменгі талаптар бекітілген:

      - қалдықтарды басқару саласындағы кәсіпкерлік субъектілерінің рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімінде тіркеуде бар болуы (ҚР ЭК 337 бабының талаптарына сәйкес);

      - жеке меншігінде спутниктік навигация жүйелерімен жабдықталған көлік құралдарының бар болуы және /немесе жалға алынуы;

      - жеке меншігінде көліктерді қоюға, сақтауға, оларға техникалық қызмет көрсетуге және жөндеуге арналған жылытылатын өндірістік орындарының бар болуы және немесе жалға алынуы;

      - коммуналдық қалдықтарды шығару бойынша қызмет көрсететін білікті басқарушы және техникалық мамандардың бар болуы;

      - ҚТҚ жинау және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері сұрыптау кешеніне сұрыпталған қалдықтарды жеткізуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен келісім-шартқа отыруы керек немесе өз бетінше сұрыптауды жүзеге асыру керек;

      - ҚТҚ жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің қауіпті емес қалдықтарды қалпына келтіру және жоюды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерімен келісім-шарты болуы керек; сонымен қатар, құрамында қауіпті заттары бар коммуналдық қалдықтарды сұрыптау кешеніне жеткізу де келісім-шарт негізінде жүзеге асырылуы керек;

      - ҚТҚ жинауды және тасымалдауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілері көмуді жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілеріне қалдықтарды жеткізу кезінде полигон операторымен "қалдықтарды қабылдауға" арналған шарты болуы тиіс.

      Успен ауданының әкімдігі конкурстық (тендерлік) негізде ҚТҚ жинау және тасымалдау бойынша компанияларды анықтап, олармен келісім-шартқа отыруы керек, ол келісім-шартта ауданның елді мекендерінен және ауылдық округтерінен коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару бойынша қызмет көрсету тәртібін, кестесін және шартын бекітуі керек. Осы бағдарлама шеңберінде Успен ауылындағы ҚТҚ жинау және тасымалдаумен айналысатын компанияны анықтау қажет.

      Коммуналдық қалдықтарды басқаруға келісім-шарт ұзақ мерзімді болуы (кемінде 5-10 жыл) керек, бұл ҚТҚ жинау және шығарумен айналысатын субъектілерге өз қаржыларын компанияны дамытуға салуға мүмкіндік береді, бұл компания іс-әрекетінің нәтижелеріне мониторинг жүргізу арқылы орындалған жұмыстардың нәтижелерін көріп, бағалауға мүмкіндік береді.

      Конкурстық (тендермен) негізде таңдалған ҚТҚ жинау және шығарумен айналысатын компания елді мекендерден полигонға жеткізгенге дейінгі қалдықтарды тасымалдаудың оңтайлы желісін әзірлеу керек.

      Тұрғындарда түзілетін ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын жинауға арналған арнайы орындарды ұйымдастыру және тасымалдауға арналған конкурстарды (тендерді) жүргізу

      Қалдықтарды бөлек жинау жөніндегі талаптардың (Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 482 бұйрығы) 19-тармағына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар жеке тұлғаларда (тұрғындар) пайда болатын құрылыс және ірі көлемдегі қалдықтарды сақтау үшін 12 шаршы метрден кем емес жабдықталған алаң ұйымдастыруға міндетті.

      3780-2022 – "Қалдықтар. Контейнерлерді орнату алаңдарына жалпы талаптар" СТ сәйкес, коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру үшін жергілікті атқарушы органдар елді мекендерде (үй жайларының, мекемелердің, мәдени-жалпы мекемелердің, демалыс орындарының аумақтарында) жеке тұлғалардан (тұрғындардан) түзілген құрылыс және ірі көлемді қалдықтарды жинайтын 12 шаршы метрден кем емес аумақ орындарып анықтап, қоршауды ұйымдастыруы керек.

      Жылжымайтын нысандардың құрылысы мен жөндеу жұмыстарын жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалар құрылыс және ірі көлемді қалдықтарды жергілікті атқарушы органдармен ұйымдастырылған арнайы алаңдарға өз бетінше шығаруы керек.

      Осы талаптарды орындау үшін аудан әкімдігі ірі көлемдегі және құрылыс қалдықтарын уақытша сақтауға арналған арнайы учаскелер ұйымдастыруды жоспарлайды, бөлінген алаңдардағы осындай қалдықтарды жинау мен шығару ұйымдастыру үшін бюджет бөлу және конкурс (тендер) өткізу мүмкіндіктерін іздестіреді.

      Ірі көлемдегі және құрылыс қалдықтарын шығару қатты тұрмыстық қалдықтарды жинау, тасымалдау, өңдеу және жою тарифіне кірмейтіні туралы атап өту қажет, өйткені қазіргі тарифтік әдістеме мұны қарастырмайды.

      Ауданның жергілікті атқарушы органдары Қазақстан Республикасының "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Заңына сәйкес, тұрғындардан ірі көлемдегі және құрылыс қалдықтарын тасымалдау ұйымын анықтау үшін, жергілікті бюджет есебінен халықтан ірі көлемдегі және құрылыс қалдықтарын жинау және шығаруға конкурс (тендер) ұйымдастыру қажет.

      Ауданның жергілікті атқарушы органдары ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын шығаратын ұйымды анықтайды. Өзара әрекеттесу шарты ретінде типтік келісім шартқа техникалық спецификация бекітіледі. Қоқыс шығаратын компания мәлімдемелік тәртіпке сәйкес болуы керек және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органның реестріне кіруі керек.

      Ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын қалдық түзушілермен келісім-шарты бар мамандандырылған компаниялар оларды орналастыру кезеңінен бастап, үш күннен артық емес мерзімде шығаруды жүзеге асырады.

      Арнайы ұйымдастырылған орындарда құрылыс қалдықтарын жинау үшін, кем дегенде келесі тәсілдердің бірін жүзеге асыру қажет. Ауыстырмалы бункерлерде жинау және мультилифт жүйесі бар автокөліктермен шығару; қапқа жинау арқылы кейіннен бортты немесе өзі аударғыш машинасына тиеу; бір-бірінің үстіне басу арқылы қалдықтарды жинау ары қарай бортты немесе өзі аударғыш машинасына тиеу.

      Қалдықтарды тасымалдау бойынша қызметтерге төлемдерді жинау және жеке тұлғалармен жариялық келісімге отыру

      ҚР ЭК 367-бабына сәйкес, тұрғын үйлерде тұратын жеке тұлғалар жариялық ұсыныс келісім негізінде орталықтандырылған жүйені пайдалануға және жергілікті атқарушы органмен бекітілген тарифке сәйкес қалдықтарды тасымалдау қызметтеріне төлем төлеуге міндетті.

      Тұрғындарған тұрмыстық қатты қалдықтарды жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифтерді әзірлеп, жақын арада бекіту қажет.

      Коммуналдық қалдықтарды жинау және шығарудың орталықтандырылған жүйесін дұрыс ұйымдастыру (орнатылған контейнерлердің қажетті санының бар болуы, тендерді ұтып алған мамандандырылған компаниялармен қалдықтарды уақытылы шығару) қалдықтарды тасымалдау қызметіне төлем жинау жүйесін жақсартуға мүмкіндік береді.

      Аудан тұрғындары қалдықтарды жинау және шығарумен айналысатын мамандандырылған компаниялардың қызметіне жүйелі ақы төлеу қажеттілігі туралы ақпараттануы қажет.

      Успен ауданында ҚТҚ жинау және тасымалдау бойынша субъектілерді анықтағаннан кейін жеке тұлғалармен жариялық ұсыныс келісіміне отыру тәжірибесін ендіру қажет. Жариялық ұсыныс нысанындағы келісім мамандандырылған компаниялардың веб-сайтында, аудан әкімдігінің ресми сайтында және БАҚ құралдарында танысу үшін қолжетімді. Жариялық ұсыныс келісімін пайдалану ҚТҚ шығару бойынша қызметтерге ақы төлеу мен жинау көлемін арттырады және тұрғындар үшін қолайлы болып табылады. Осындай келісімдер негізінде төлем жинау жүзеге асырылады.

      Жеке және заңды тұлғаларға мамандандырылған компаниялар қызмет көрсету үшін абоненттік бөліммен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, коммуналдық қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша қызмет көрсетудегі жедел сұрақтармен тұтынушыларға қызмет көрсету үшін диспетчерлік қызмет жұмысымен қамтамасыз етіледі.

      4.2 Қалдықтарды жүйелі түрде шығаруды ұйымдастыру

      Коммуналдық қалдықтарды жинау және үнемі шығару қызметіне тұрғындардың қол жетімділігін қамтамасыз ету үшін, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету керек:

      - ҚТҚ бөлек жинауды (құрғақ және ылғалды фракциялар) ендіру үшін контейнерлерді сатып алу;

      - ҚТҚ жинау үшін орындарын анықтау және контейнерлік алаңдарды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендіру;

      - ірі көлемді және құрылыс қалдықтарын жинауға арналған алаңдарды ұйымдастыру үшін орындарды анықтау;

      -құрамында қауіпті заттары бар қалдықтарды бөлек жинау;

      - коммуналдық қалдықтарды жинау және үнемі шығару үшін мамандандырылған көлікті алу.

      ҚТҚ бөлек жинауға (құрғақ және ылғалды фракциялар үшін) арналған контейнерлерді сатып алу

      Қалдықтарды бөлек жинау халықаралық тәжірибеде қалдықтарды басқару жүйесін табысты қалыптастырудың негізі және Қазақстанның экологиялық заңнамасының міндетті талабы болып табылады.

      Қалдықтарды бөлек жинау үдерісі "Қалдықтарды бөлек жинауға, оның ішінде техникалық, экономикалық және экологиялық орындылығы ескеріле отырып, міндетті бөлек жинауға жататын қалдықтардың түрлеріне немесе топтарына (түрлерінің жиынтығына) қойылатын талаптарды" бекіту туралы құжатында (техникалық, экономикалық және экологиялық орындылығын ескере отырып, міндетті бөлек жинауға жатқызылатын қалдықтардың топтарына (түрлер жиынтығы) немесе түрлерін, қалдықтарды бөлек жинауға талаптар. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а. 2021 жылғы 2 желтоқсандағы № 482 бұйрығы) нақтыланған.

      СТ 3780-2022 Қалдықтар. Алаңдарда қалдықтарды бөлек жинау үшін контейнер құрамын және коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру үшін контейнерлерді орнату алаңдарына жалпы талаптар бойынша:

      -Электрондық қалдықтарға арналған контейнерлер;

      -ҚСБ қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер;

      -Қағаз және картон қалдықтарына арналған контейнерлер;

      -Батарея қалдықтарына арналған контейнерлер;

      -Тағам қалдықтарына арналған контейнерлер;

      -Шыныға арналған контейнерлер;

      -Пластик қалдықтарына арналған контейнерлер.

      Дегенмен, барлық түрлер үшін контейнерлерді орнату мүмкіндігінің болмауынан ҚСБҚ қоса алғанда қауіпті қалдықтарға арналған контейнерлерді қоспағанда "құрғақ" және "ылғалды" фракциялар үшін контейнерлерді орнатуға рұқсат етіледі.

      Успен ауданында қалдықтарды бөлек жинау үшін әрбір контейнерлік алаңдарға қалдықтарды бөлек жинау үшін (құрғақ және ылғалды фракицялар) 2 (кем дегенде) контейнерден алу және орнату керек.

      "Ылғалды" фракция құрамы мен сипаты бойынша үй шаруашылығы қалдықтарына ұқсас араласқан, органикалық, тағамдық қалдықтардан тұрады.

      "Құрғақ" фракция қағаз, картон, металл, пластика және шыныдан тұрады.

      Контейнерлер саны тұрғындар санына, қалдықтардың жинақталу нормасына, сақтау мерзіміне және басқа да қажетті факторларға сәйкес анықталады.

      Қалдықтарды бөлек жинауға арналған контейнерлер заңнама талаптарына сәйкес қазақ және орыс тілінде таңбалануы (жазба) керек, онда мыналар көрсетілуі керек:

      -Жиналатын қалдық түрі (фракциясы) туралы ақпараттық жапсырма/жазба;

      -Контейнердің меншік иесі туралы мәліметтер (атауы, телефоны);

      -Контейнер қызмет көрсететін ұйым атауы.

      Егер де таңбалау түрлі-түсті контейнерге жапсырылатын болса, онда контрасты түспен орындалуы керек.

      Сатып алуға қажетті контейнерлер саны 1,1 м3 көлеміндегі бір контейнер жағдайында қалдықтарды түзілу нормаларына (жайлы жабдықталмаған үйлер үшін бір тұрғынға – 1,7 м3) және Успен ауданның тұрғындар санына (әрбір елді мекендер бойынша) байланысты есептеледі – 1-қосымша.

      Бағдарлама шеңберінде (2025 - 2029 жылдар) Успен ауылында контейнерлерді сатып алуды және орнатуды жүзеге асыру керек: Контейнерлердің есептік саны – 34 (17- "құрғақ" фракция үшін, 17- "ылғалды" фракция үшін).

      Болашақта Успен ауданының барлық тұрғын пункттерінде 268 контейнерді сатып алу және орнату қажет (134 - "құрғақ" фракция үшін және 134 – "ылғалды" фракция үшін). Оның ішінде қалдықтарды күн сайын жинау үшін - 86 контейнер және 182 контейнер - апта және ай сайын шығарған жағдайда. Кей ауылдарда орнатылған 10 контейнер есепке алынбайды, себебі бұла қолмен жасалынған бөшкелер, арнайы контейнерлерге жатпайды.

      ҚТҚ жинауға арналған контейнерлік алаңдарды анықтау және контейнерлерді санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестендіру

      Контейнерлік алаңдардың есептік саны – 134 бірлік. Бір контейнерлік алаң 2 контейнермен жабдықталуы керек.

      Осы бағдарлама шеңберінде (2025 - 2029 жылдар арналған) Успен ауылы бойынша 17 бірлік шамасында контейнерлік алаңдарды жабдықтау қажет (1-қосымша).

      Успен ауданының контейнерлік алаңдары "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық талабына (ары қарай - ережелер) сәйкес болуы керек:

      - елді мекендерде контейнерлік алаңдарды тұрғын және қоғамдық ғимараттардан, балалар нысандарынан, спорттық алаңдардан және уақытша орналасуды қоспағанда (вахталық кенттер, тұрақты емес нысандар мен құрылыстар) тұрғындардың демалатын орындарынан 25 м кем емес қашықтыққа орналастырады;

      - алаң аумағы алаңға еркін кіретін жағына қарай қалыңдығы 100 м кем емес температуралық өзгеріске тұрақты қатты асфальтталған немесе бетондалған жабыны болуы керек;

      - периметр бойынша алаң үш жағынан жедел климаттық өзгерістерге және коррозияға тұрақты тұтас материалмен қоршалуы керек;

      - алаңның төртінші жағы басқарушы, қызмет көрсетуші ұйымдар мен тұрғындардың контейнерлермен жұмыс істеуге, қалдықтарды жинауға еркін енуіне мүмкіндік береді;

      - шатыр жедел климаттық өзгерістер мен коррозияға тұрақты тұтас материалдан дайындалады.

      Контейнерлер орнатылғаннан кейін және қалдықтарды шығару кестесі бекітілгеннен кейін қоқыс шығаратын компания контейнерлердің толуы бойынша бақылау жүргізіп, қажет жағдайда, контейнерлер немесе шығару санын арттыруы керек.

      Контейнердің меншік иелері ары қарай пайдалануға жарамсыз контейнерлерді алмастырып, жөндеуі керек, қоқыс қабылдайтын камераларды, алаңдарды, сонымен қатар қалдық жинауыштарды үнемі жууды, дезинфекциялауды, дезинсекциялауды (шыбынға және басқаларына қарсы) қамтамасыз ету керек.

      Қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау және кәдеге жарату

      Қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтар (электрондық және электрлік жабдықтар, құрамында сынабы бар қалдықтар, батарейкалар, аккумляторлар және қауіпті компоненттер) бөлек жинақталып, қайта қалпына келтірілуі үшін мамандандырылған кәсіпорындарға берілуі керек (ҚР ЭК 365 бабы).

      ҚР ЭК талаптарына сәйкес жергілікті атқарушы органдар қауіпті қалдықтардың басқа категорияларымен қауіпті қалдықтардың немесе басқа қалдықтармен, заттармен, материалдармен араласуының алдын-алу үшін қажетті шараларды қабылдауы керек және коммуналдық қалдықтармен жұмыс жасау бойынша инфрақұрылымды дамытуға жауапты болады.

      Құрамында сынабы бар қалдықтар (ҚСБҚ)

      Жергілікті атқарушы билік органдары аудан тұрғындарынан ҚСБҚ жинау жүйесін ұйымдастыруы және мыналарды қамтамасыз етуі қажет:

      – тұрғындарда пайда болатын құрамында сынабы бар қалдықтарды жинау үшін орнатылатын арнайы әмбебап контейнерлерді орнатуды және оларға қызмет көрсетуді бақылау;

      – кондоминиум нысандарын басқару органдарының қызметін бақылау және ұйымдастыру, олар арнайы әмбебап контейнерлерді сақтау жөніндегі шараларды қамтамасыз етуге, контейнерге қызмет көрсететін мамандандырылған кәсіпорынмен өзара іс-қимылды жүзеге асыруға, оларға еркін қол жеткізуді қамтамасыз етуге, тұрғындармен түсіндіру жұмыстарын жүргізуге, контейнерге бөгде заттарды сақтауға, контейнерге бөгде жарнамаларды, хабарландыруларды және т. б. жапсыруға жол бермеуге міндетті;

      – тұрғындар үшін үшін демеркуризациялау жөніндегі шаралар кешенін іске асыруға және ҚСБҚ-ға арналған контейнерлерді жөндеуге (ауыстыруға) мамандандырылған кәсіпорындардың жұмыстарын сатып алу үшін қаражат бөлу жолымен халық арасында пайдалануда болған құрамында сынабы бар энергия үнемдейтін шамдарды қайта өңдеуді ұйымдастыру.

      ҚСБҚ үшін контейнерлерді жөндеу (алмастыру) және тұрғындар үшін демеркуризация бойынша шаралар кешенін жүзеге асыруға мамандандырылған кәсіпорындардың жұмыстарын (қызметтерін) тарту үшін жергілікті атқарушы органдар конкурс (тендер) жүргізу керек (ҚР ЭК, "Мемлекеттік сатып алулар" туралы ҚР Заңы (4 бөлім), Коммуналдық қалдықтарды басқару ережелері. ҚР ЭГТРМ м.к. 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 508 бұйрығы).

      Қазіргі уақытта Успен ауданында ҚСБҚ жинауға арналған арнайы әмбебап контейнерлер жоқ. Әрбір контейнерлік алаңға ҚСБҚ арналған контейнерлерді орнату керек. Одан басқа, жергілікті атқарушы органдар қалдықтарды бөлек жинаудың қажеттілігі мен артықшылығы туралы және осы мақсатта контейнерлердің орнатылғандығы туралы ақпараттық- түсіндірмелік жұмыстарды жүргізуі шарт.

      Электрондық және электрлік жабдық қалдықтары (ЭЭЖҚ)

      ЭЭЖҚ қауіпті қалдықтарға жатқызылады. Олардың құрамында кадмий, қорғасын, сүрме, сынап секілді уытты заттармен қосылыстар бар, олар адам денсаулығы мен қоршаған ортаға теріс ықпал етеді.

      Тұрғындардан ЭЭЖҚ жинау жүйесін ұйымдастыру келесідей шараларды қамтиды:

      - Батареялар, электронды және электр жабдықтары сияқты қауіпті тұрмыстық қалдықтарды жинайтын стационарлық немесе жылжымалы пункттер құру. Қабылдау пункті көрсетілген тауарларды таратуды жүзеге асыратын сауда нүктелерінде құрылуы мүмкін. Қалдық ретінде қабылданатындар: тұрмыстық техника (теледидар, магнитофондар, электрлік ойыншықтар, үтіктер, батарейкалар, фен, тоңазытқышты қоса алғанда, ас үй жабдықтары); офистік техника (компьютерлер және жабдықтауыштар, ұялы телефон, планшет, көшірме аппараттары, сканер, тонер).

      - Қалдықтарды қабылдаудың ұйымдастырылған пункттері туралы халықты хабардар етуді және олармен қауіпсіз жұмыс істеуді насихаттауды қамтамасыз ету.

      - Қалдықтарды жинауға және кәдеге жаратуға арналған шығыстардың бір бөлігін жабу мақсатында, өндірушінің кеңейтілген жауапкершілік операторының функцияларын жүзеге асыратын "Жасыл Даму" АҚ-мен ынтымақтастықты нығайту.

      Жергілікті атқарушы органдардың электрондық қалдықтардың әсерінің қауіптілігі туралы және қалдықтарды жинау мен қайта өңдеудің қолданыстағы жүйесі туралы тұрғындарға ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстарды жүргізуінің үлкен маңызы бар. Тұрғындардың басым көпшілігі ТҚҚ жалпы ағынымен полигондарға түскен электрондық және электрлік жабдық қалдықтарының үлкен қауіптілігін әлі күнге дейін түсінбейді. Аудан тұрғындарына пайдаланылған электрондық және электрлік жабдықтарды жинаудың қолданыстағы пункттері туралы ақпараттарды жеткізу қажеттілігінің де маңызы жоғары.

      Заңды тұлғалардан қауіпті құрамдас коммуналдық қалдықтарды бөлек жинау және қайта қалпына келтіру

      Қызметтің түріне қарамастан, заңды тұлғаларда пайда болатын қауіпті коммуналдық қалдықтарды бөлек жинап, мамандандырылған ұйымдарға (кәсіпорындарға) қалпына келтіруге беруі тиіс (ҚР ЭК 365-б).

      Жергілікті атқарушы билік органдары қауіпті қалдықтарды басқару жөніндегі қызметтерді көрсететін мамандандырылған кәсіпорындармен келісім-шартқа отыру қажеттілігі туралы аудандық заңды тұлғалармен (мемлекеттік мекеме, бюджеттік ұйымдар) түсіндірме жұмыс жүргізуі және осы үдерісті бақылауы қажет.

      Органикалық коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру және оларды қордаландыру арқылы қайта қалпына келтіру

      Органикалық қалдықтар – өсімдік және жануарлардың биоыдырайтын қалдықтары.

      ҚР ЭК 365-бабының талаптары: жергілікті атқарушы органдар органикалық қалдықтарды бөлек жинауды тұрақтандыру және пайдалану арқылы коммуналдық қалдықтармен жұмыс жасаудағы экологиялық талаптардың сақталуын қамтамасыз етуі керек.

      Органикалық қалдықтардан органикалық тыңайтқыш – компост алынады және оны энергия ретінде пайдалануға болады. Ол қоршаған ортаны ластамайды және табиғи орта циклінің құрамдас бөлігі болып табылады

      Коммуналдық қалдықтарды басқару ережелерінде (19 т) аудандық, кенттік, ауылдық, ауылдық округтің жергілікті атқарушы органдары тұрғындарға жеке тұрғын құрылысында (жеке сектор) органикалық қалдықтарды қордаландыру жөніндегі ақпараттық кампанияларды (хабарламаларды) жүргізуі қажет.

      Компостты алу технологиясының негізі компосттау – қалдықтардың жедел бақыланып ыдырауы, нәтижесінде биоорганикалық тыңайтқыш алынады. Сырт жағынан қарағанда, компост кәдімгі топыраққа ұқсас және әртүрлі салаларда пайдаланылуы мүмкін.

      Органикалық қалдықтарды қордаландыру үй жағдайында да, орталықтандырылған жүйеде де жүзеге асады. Үй шаруашылығында қордаландыруда қарапайым қордалау шұңқырын немесе арнайы қордаландырғыш аппараттарды пайдалануға болады. Түзілген компостты ауыл шаруашылық қажеттіліктеріне және егіс алаңдары үшін тыңайтқыш ретінде үй маңындағы учаскелерге және қалдықтарды уақытша көму орындарын рекультивациялауға пайдалануға болады.

      Мектептерде, асханаларда, ресторанда биоыдырайтын қалдықтардың үлкен бөлігі жинақталады және жанында қосалқы шаруашылығы бар болғандықтан, жекелей өз беттерінше қордаландыруды жүргізуге болады.

      Жергілікті атқарушы органдардың міндеттері заңды тұлғалар мен тұрғындар арасында компостты қолдану және органикалық тыңайтқыштарды пайдалану тәжірибесін насихаттау бойынша ақпараттық -түсіндірмелі жұмыстарды жүргізу болып табылады.

      Коммуналдық қалдықтарды шығару үшін мамандандырылған көліктерді сатып алу

      Коммуналдық қалдықтарды шығаруға арналған мамандандырылған көліктерді сатып алу қалдықтарды басқару жүйесін табысты қалыптастыруға бағытталған негіз болып табылады.

      365-бапқа сәйкес (5-т.) жергілікті атқарушы орган коммуналдық қалдықтарды үнемі шығаруды ұйымдастыруды қамтамасыз етеді. ҚТҚ уақытылы шығаруды ұйымдастыру үшін ҚТҚ тасымалдауға арналған арнайы жабдықталған көлік құралдары – қоқыс таситын көліктерді сатып алу қажет.

      Ауданда бір күнде 55,7 м3 қалдық жиналады. 1 қоқыс шығаратын көліктің қалдық сыйымдылығы 20-22 м3. Болашақта ТҚҚ жинау және шығаруға арналған 2 қоқыс шығаратын көлік сатып алу қажет.

      Осы бағдарлама шеңберінде Успен ауылынан қалдықтарды жинауды және шығаруды ұйымдастыру қажет. Успен ауылында бір күнде 18,6 м3 қалдық түзіледі. 1 қоқыс таситын көлік сатып алу жеткілікті.

      Ауылдық пункттерден коммуналдық қалдықтарды шығару кестесін (күн сайын, апта сайын, немесе шалғай орналасқан және халқы аз ауылдар үшін ай сайын) бекіту керек. Қоқыс шығаратын көліктің қажетті санының болмауы тұрғындар үшін қолайсыздық тудырып, қалдықтарды шығару кестесінің бұзылуына әкеліп соқтырады. Алынған көлік құралдары ҚТҚ жинау және тасымалдаумен айналысатын және конкурс (тендер) өткізу арқылы таңдалған компанияға сенімді басқаруға беріледі.

      Успен ауданындағы коммуналдық қалдықтарды шығарудың ұсынылатын кестесі:

      Ауылдық үйінділердің санын оңтайландыра отырып, бес ауылдық мекенде ғана үйінділерді қалдыру керек: Успен, Константинов, Қоңырөзек, Лозов, Қызылағаш. Успен ауылына ҚТҚ толыққанды полигонын салу қажет. Константинов, Қоңырөзек, Лозов, Қызылағаш ауылдарында қалдықтарды көму орындарының алаңдарын ҚТҚ қолданыстағы полигондарына/қалдықтарды көму орындарына (ауылдық елді мекендерде) талаптарды бір реттік/бір уақытта жеңілдету механизмі түріндегі полигон ретінде рәсімдеу керек. Ауылдық полигондарға талаптарды заңдастыру және жеңілдету бойынша критерийлерді ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі қарастыру керек. Қалған ауылдық мекендердегі қалдықтарды көму орындарының аумағы рекультивациялануы тиіс.

      Қалдықтарды көму орындарының санын қысқарту адам денсаулығы мен қоршаған ортаға үйінділердің теріс әсерін қысқартуға, сонымен қатар, жердің пайдалы аумағын босатуға мүмкіндік береді.

      Көрсетілген орындардан 20 км қашықтықта орналасқан ауылдар үшін ҚТҚ шығару күн сайын: Успен, Белоусов, Травян ауылдарынан – Успен ауылындағы полигонға; Қонырөзек, Новопокров, Дмитриев, Вознесен, Надаров, Чистополь ауылдарынан – Қоңырөзек ауылындағы полигонға; Лозов – Лозов ауылындағы полигонға; Қызылағаш, Ольхов – Қызылағаш ауылындағы полигонға.

      Келесі ауылдардан апта сайын шығару жүзеге асырылатын болады: Қозыкеткен – Успен ауылындағы полигонға; Галицк – Қоңырөзек ауылындағы полигонға; Богатырь, Ковалев – Лозов ауылындағы полигонға.

      Шалғай орналасқан ауылдар үшін айына бірреттік шығару қарастырылады: Тимирязев – Қызылағаш полигонына; Қаратай – Лозов ауылындағы полигонға.

      Санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық талаптарға жауап беретін жүкті тиеу пункттері мен қалдықтарды уақытша сақтау орындарына арналған алаңдарды құру қажет.

      Коммуналдық қалдықтарды тасымалдау шығындарын төмендету үшін бекітілген санитарлық және табиғатты қорғау талаптарына сәйкес қалдықтарды шығарудың төменгі жиілігі қабылданады.

      Бастапқы кезеңдерде ауылдық округтердегі коммуналдық қалдықтарды бекітілген кесте бойынша үйлерді, көшелерді аралау жолымен шығарылатын болады. Контейнерлік алаңдар мен контейнерлерді орнатқаннан кейін шығару контейнерлік алаңдардан жүзеге асырылады.

      Коммуналдық қалдықтарды тасымалдау барысында ыдыссыз әдісті қолдану: мамандандырылған көлік келгенге дейін, жергілікті әкімдікпен бекітілген кестеге сәйкес қоқыстарды жинайтын және тасымалдайтын (шығаратын) күндері ғана көше бойына санитарлық нормалар мен ережелерге сәйкес коммуналдық қалдықтарды шығару.

      Қоқыстарды шығару кестесі тұрғындардың көзқарастарын ескере отырып, жергілікті атқарушы органмен бекітілген коммуналдық қалдықтарды жинау және тасымалдау бойынша мамандандырылған ұйымдарды анықтағаннан кейін ғана құрылатын болады.

      Жылына жинақталатын қалдық санын анықтау үшін жиналған және шығарылған қалдық санына (күн сайын) есеп жүргізу керек.

      Коммуналдық қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу және қалпына келтіру жүйесін құру

      Успен ауданында коммуналдық қалдықтарды сұрыптау, қайта өңдеу және қалпына келтіру жүйесі жоқ.

      Соған қарамастан, Павлодар облысында ҚТҚ қайта өңдеу және қалпына келтіру жұмыстары дамыған. Мысалы, Павлодар қаласында қалдықтарды кәдеге жаратумен айналысатын мамандандырылған компаниялар мыналар: "КазЭкоПром" ЖШС, "ЕР-АгроСервис" ЖШС, "ЭКО ГОЛД" ЖШС, "Уйсимбаева Мадина Бердибаевна" ДК, "Спецмашин" ЖШС, "Корабаев Азамат Серикболатулы" ДК, Завадин ДК, Бертебаева ДК, Тулебаев Д.Ж. ДК.

      Екібастұзда: "Tazalyk EK" ЖШС, Полигон ЭК ЖШС, Шакаров ДК, ПромВторСырье ЖШС.

      Автобөлшектерді қоса алғанда, екінші шикізатты қайта өңдеу саласымен айналысатындар: Попов И.А. ДК (Павлодар қ.) - пластик; Гофротара зауыты ЖШС (Павлодар қ.) - макулатура; "Inter rubber recycling" (Павлодар қ.) - жеңіл және жүк көліктері; "ЭкоГолд" ЖШС (Павлодар қ.) - жеңіл және жүк көліктері; "Тандем ПВ" ЖШС (Павлодар қ.) - пайдаланылған аккумлятор батареялары.

      Павлодар қаласында ең ірі екінші шикізатты қайта өңдейтін кәсіпорын - Попов И.А., ДК, пластик қалдықтарын сұрыптауды және қайта өңдеуді жүзеге асыра отырып, түйіршіктерге айналдыру арқылы жылына 800 тоннаға дейін кәсіпорын қуаттылығын дамытуды қолға алуда. Попов И.А., ДК макулатураны, шыны, темір ыдыстарды қайта сұрыптайды. Қалдықтарды қайта өңдеу өндірісін ары қарай кеңейту әлуеті қарастырылуда.

      "Спецмашин" ЖШС аумағында пластик қалдықтарын сұрыптау және екінші реттік пайдалану қарастырылған. Кәсіпорында қалдықтарды жинауға арналған қаптар, тазалау техникасына арналған щеткалар, ПЭТ/ПЭНД түйіршіктері дайындалады.

      Успен ауданының жергілікті атқарушы органдары осындай облыстық кәсіпорындармен өзара байланысып, қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату, шығару бойынша келісім-шартқа отырады.

      Жергілікті атқарушы органдар жергілікті бизнес-қауымдастықтың барлық өкілдерімен тығыз байланыста болуы қажет, бұл коммуналдық қалдықтарды пайда болу орындарында қайта өңдеу мүмкіндігін ұйымдастыру мен айқындауға мүмкіндік береді.

      4.3 Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көмуді қамтамасыз ету

      ТҚҚ жаңа полигонының құрылысы

      Жақын арада шешілуі қажетті міндеттердің бірі (осы бағдарлама шеңберінде) Успен ауылындағы полигон құрылысын салу. Бұл сұрақ ауданда бірнеше рет көтерілген, алдын-ала мерзімі – 2026 жылдың басында полигон құрылысын бастау бекітілген. Жақын арада полигон құрылысына қатысты мәселені шешу керек, себебі, Успен ауылындағы қоқыс үйінділері Павлодар-Новосібір тас жолының бойында бірнеше километрге созылып жатыр және адам денсаулығы мен қоршаған ортаға қауіп төндіреді.

      ҚТҚ полигондарына талаптар қойылатын негізгі құжаттар мыналар: ҚР Экологиялық Кодексі – 25 тарау; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығы. "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы. ҚР СТ 3696-2020. Аз қуатты тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигондар. ҚР СН 1.04-15-2013 Тұрмыстық қатты қалдықтар полигоны.

      Бағдарлама шеңберінде Константинов, Қоңырөзек, Лозов, Қызылағаш ауылдарында қалдықтарды көму орындарының алаңдарын ҚТҚ қолданыстағы полигондарына/қалдықтарды көму орындарына (ауылдық елді мекендерде) талаптарды бір реттік/бір уақытта жеңілдету механизмі түріндегі полигон ретінде рәсімдеу керек.

      Болашақта басқа ауылдық үйінділерді оңтайландыру, жабу және рекультивациялауды қарастыру керек.

      Шалғай және алыс орналасқан ауылдық округтер үшін қоқыс тиеу пункттерін құру

      Успен ауданында ҚТҚ ұсынылатын полигондарынан алыс орналасқан ауылдар бар: Тимирязев және Қаратай.

      Коммуналдық қалдықтарды басқаруды оңтайландыру және үйінділердің қажетті санын қысқарту үшін, сонымен қатар, қалдықтарды кәдеге жаратудың тиімді жүйесін қамтамасыз ету мақсатында осы ауылдарда қоқыс тиеу пункттерін құру қажеттілігін қарастыру керек. Қалдықтарды уақытша көмуге арналған лаңдарды құру керек және ол санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға жауап беруі керек.

      Бұл қоқыс тиеу пункттері келесі қызметтерді орындайтын болады:

      Қалдықтарды уақытша сақтау: алты айға дейінгі мерзімде коммуналдық қалдықтарды ары қарай қайта өңдеу немесе көму үшін уақытша сақтау мүмкіндігін ұсынады.

      Қалдықтарды сұрыптау: бұл пункттерде қалдықтарды сұрыптау жүзеге асырылады, яғни қайта өңдеуге жатқызылатын материалдар көмуге жіберілетіндерден бөлініп алынады.

      Тасымалдауды оңтайландыру: Қоқыс тиеу пункттері алыс ауылдық округтерден аудандық орталыққа немесе соңғы көму орындарына қалдықтарды тасымалдау үдерісін оңтайландыруға мүмкіндік береді.

      Мұндай шаралар қалдықтарды тиімді басқару және қоршаған ортаға теріс әсерді төмендетуге мүмкіндік береді.

      Рекультивациялау жоспарын әзірлеу, кезеңдік рекультивациялау және ауылдық үйінділердің жерлерін қалпына келтіру

      Қалдықтарды орналастыру орындарын оңтайландырғаннан кейін және оларды полигон қалпына келтірген соң, қалған ауылдық үйінділердің аумағын кезеңмен рекультивациялауды жүргізу қажет.

      Рұқсат етілмеген үйінділерді рекультивациялау туралы техникалық шешімдер құрылымдық белгіленуінен және рекультивациядан кейін аумақты пайдаланудан тыс қабылданатын болады.

      Апатты үйінділерді жою

      "Қазақстан Ғарыш Сапары" АҚ геопорталы – космостық мониторинг мәліметтері бойынша 2023 жылы экологтар Павлодар облысы бойынша 167 рұқсат етілмеген үйінділерді байқады. Бүгінде олардың үлкен бөлігі жойылды, бірақ облыста, соның ішінде Успен ауданында апатты үйінділер қайта түзілуде.

      Апатты үйінділердің түзілуі, оларды жою және болдырмау мәселелерін шешуге жергілікті мемлекеттік органдарды қоса алғанда, барлық мүдделі тараптарды тарту арқылы шешуші әрекеттер қабылдауды талап етеді. Успен ауданының әкімдігі апатты үйінділерді жедел анықтау үшін және оларды жою туралы шешімдер қабылдау үшін қоғамдық ұйымдармен тығыз байланысты орнату қажет.

      Үйінділерді зарарсыздандырудың қолданыстағы жалпы қабылданған әдістемесі келесі кезеңдерді іске қосады: үйінділердің қауіптілік деңгейін анықтау; баламалы нұсқаларды таңдау; зарарсыздандыру және рекультивациялау технологияларын әзірлеу.

      Жаңа үйінділердің түзілуінің алдын-алудың негізгі шаралары Успен ауданында қалдықтарды жинау және тасымалдау қызметтерімен халықты жоғары деңгейде қамту және қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу бойынша шағын және орта бизнес өкілдерімен сауықтыру жұмыстарын жүргізу болып табылады.

      4.4 Коммуналдық қалдықтарды жинау, кәдеге жарату және қайта өңдеу, соның ішінде қалдықтарды бөлек жинаудың ұтымды жүйесіне тұрғындардың қызығушылықтары мен мәдени деңгейін жоғарылату

      Қалдықтарды тиімді басқару, соның ішінде қалдықтарды бөлек жинау туралы қызығушылықты арттыру халықтың экологиялық ағартушылық деңгейімен тығыз байланысты.

      Мұны экологиялық заңнама да талап етеді. Қазақстан Республикасы экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а., "Коммуналдық қалдықтарды басқару ережелерін бекіту туралы" (ары қарай – Ереже) 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 508 бұйрығына сәйкес ауданның, облыстық және аудандық маңызы бар қалалар, республикалық маңызы бар қалалар, астана, ауылдық округтердің жергілікті атқарушы органдары жеке тұрғын құрылыстардағы (жеке сектор) органикалық қалдықтарды қордаландыруды ендіру және коммуналдық қалдық компоненттерін (қағаз, пластика, органикалық қалдықтар және басқалары) рұқсатсыз жағудың алдын-алу, қайталама ресурстарды (шикізатты) бөлек жинауды қоса алғанда коммуналдық қалдықтарды жинау, кәдеге жарату және қайта өңдеудің ұтымды жүйесі туралы тұрғындарға ақпараттық кампанияларды жүргізеді.

      Жергілікті атқарушы органдардың жұмыстары БАҚ, теледидар тарапынан ақпараттық компанияларды, яғни, қалдықтардың теріс әсерінен қоршаған ортаны қорғау мәәселелеріне тұрғындардың қызығушылығын қалыптастыратын, қалдықтарды басқарудың экономикалық және экологиялық аспектілері туралы айтатын видеороликтерді құру, буклеттерді және ақпараттық материалдарды шығару және таратуды ұйымдастыру болып табылады. Оқу орындары арасында макулатураны жаппай жинау, конкурстарды, акцияларды жүргізу, мамандандырылған ұйымдармен тұрғындардан киімдерді, заттарды, тұрмыстық техниканы, батареяларды қабылдау тиімді болып табылады.

      Успен ауданының әкімдігі "Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы" Заң (ары қарай Заң) шеңберінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, соның бір бөлігі қоршаған ортаны қорғауды жүзеге асыру бойынша ақпараттық-түсіндірмелік жұмыстарды жүргізуі қажет (5 -бап).

      Осы Заңға сәйкес, үкіметтік емес ұйымдардың мәліметтер базасына (6-1-бап) енгізілген үкіметтік емес ұйымдар (ары қарай – ҮЕҰ) конкурстық таңдау арқылы коммуналдық қалдықтармен жұмыс жасау бойынша тұрғындармен ақпараттық жұмыстарды жүргізуге мемлекеттік гранттарды ұсынады.

      Грант алған ҮЕҰ тұрғындардың коммуналдық қалдықтармен жұмыс жасауы бойынша ақпараттық жұмыс жоспарын әзірлейді, оған келесідей қоғам топтары жатқызылады:

      - Грант алған ҮЕҰ тұрғындардың коммуналдық қалдықтармен жұмыс жасауы бойынша ақпараттық жұмыс жоспарын әзірлейді, оған келесідей қоғам топтары жатқызылады:

      - білім беру мекемелері: педагогикалық құрам, техникалық мамандар, оқушылар;

      - балабақша: тәрбиешілер мен балалар;

      - заңды тұлға: медициналық мекеме, мәдениет үйі, сауда орталықтары, дүкендер;

      - еріктілер, белсенділер тобы және ҮЕҰ;

      - жергілікті атқарушы орган қызметкерлері;

      - жұмыс істейтіндер және жұмыс істемейтін (үй шаруасындағы әйел, зейнеткерлер, балалар).

      Ақпараттық жұмыс жоспары мыналардан тұрады:

      - бекітілген тарифке сәйкес ҚТҚ жинау және тасымалдау бойынша қызметтерге ақы төлеу, жариялық келісімдерге отыру туралы тұрғындарды ақпараттандыру;

      - қалдықтармен қауіпсіз жұмыс істеу тәсілдері туралы жергілікті БАҚ-та жариялау; Жергілікті газеттер мен журналдарға қалдықтармен дұрыс жұмыс істеу талаптарымен қалдықтарды басқарумен байланысты мәселелермен жұртшылықты таныстыруға бағытталған мақалаларды жариялау ұсынылады;

      - үйлерде тағамдық қалдықтарды қордаландыру туралы брошюроларды тарату;

      - жеке тұлғаларда (тұрғындар) түзілетін ҚСБҚ, ЭЭЖҚ, медициналық, құрылыстық және ірі көлемді қалдықтарды жинау үшін құрылған арнайы орындар туралы хабарлау;

      - пластик, шыны және макулатура үшін, бөлек жинау және үйдегі қалдықтарды сұрыптау тәртібін түсіндіретін мектептегі экологиялық акциялар;

      - коммуналдық қалдықтарды рұқсатсыз жағудың алдын алу бойынша ақпараттандыру;

      - тұрғындардың экологиялық сапалы өмір сүруін қанағаттандыру деңгейін жоғарылату мақсатында жыл сайынғы әлеуметтік сауалнаманы жүргізу;

      - мектеп оқушыларын ҚТҚ полигонымен таныстыру;

      - қалдықтарды басқару бойынша іс-әрекеттерді қоғамдық бақылау және насихаттау мақсатында еріктілер клубын құру.

      Жергілікті атқарушы билік органдары аудан тұрғындарымен ақпараттық-ағартушылық жұмыстарды үйлестіріп, қоғамдық мекемелермен, ҮЕҰ тығыз байланыста жұмыс жасауы керек.

5. ҚАЖЕТТІ РЕСУРСТАР

      Успен ауданының қалдықтарын басқару жөніндегі бағдарламасын қаржыландыру көздері мыналар болуы мүмкін:

      - мемлекеттік және жергілікті бюджет құралдары;

      - тікелей шетелдік және отандық инвестициялар;

      - ӨКЖ операторымен қалдықтарды жинау және тасымалдау жүйесін субсидиялау;

      - халықаралық қаржылық экономикалық ұйымдар мен донор мемлекеттердің гранттары;

      - екінші деңгейлі банк несиелері және Қазақстан Республикасының заңдылығында тиым салынбаған көздер.

      ҚР ЭК 29-бабына сәйкес ұсынылған бағдарламаны жүзеге асыруға және болжамды табиғатты қорғау шараларын орындауға кеткен қаржылық шығындар бюджеттік құрал есебінен жүзеге асыру жоспарлануда. Мұндай механизм Бағдарламаны әзірлеу және бекіту жылдарында үш жыл ішінде жергілікті бюджетке түскен қоршаған ортаға теріс әсер ету төлемдерінен пайдалануға мүмкіндік береді.

      Осы Бағдарламаны жүзеге асыру үшін алдын-ала есептелген қаржылық шығындар 65 млн теңгені құрайды (9-кесте).

      9-кесте – Успен ауданындағы қалдықтарды басқару бағдарламасын жүзеге асыруға алдын ала қаржылық шығындар

№ р/н

Іс-шаралар атауы

Қажетті шығындар, теңге

1

Қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын қайта қарастыру

3 000 000

2

ҚТҚ жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифтерді есептеу және бекіту. Осы тарифтерді экономикалық негізделген және уақытылы қайта қарау

2 000 000

3

Успен ауылында коммуналдық қалдықтар жинау және шығаруға арналған мамандандырылған көлікті сатып алу – 1 бірлік

40 000 000

4

Успен ауылына ҚТҚ "құрғақ" және "ылғалды" фракцияларын бөлек жинауға арналған контейнерлерді сатып алу және орнату (34 бірлік)

3 060 000

5

Успен ауылында контейнерлік алаңдарды ұйымдастыру (17 бірлік)

3 400 000

6

ІКҚ мен құрылыс қалдықтарына арналған ұсақтағышты сатып алу

10 000 000

7

Тұрғындардың коммуналдық қалдықтармен экологиялық қауіпсіз жұмыс жасау хабардарлығын жоғарылату бойынша ҮЕҰ арасында әлеуметтік тапсырыс алуға конкурстар жүргізу

4 000 000


ҚОРЫТЫНДЫ:

65 460 000

      Успен ауданындағы қалдықтарды басқару бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шараларға облыстық әкімдікпен үшжылдық жобада қоршаған ортаны қорғау бойынша іс-шаралардың типтік тізбегін негізге ала отырып, заңнама талаптарына сай әзірленетін Павлодар облысының қоршаған ортаны қорғау бойынша шаралар жоспарын қосу керек (ҚР ЭК – 4-қосымша).

      Қалдықтармен жұмыс жасау бойынша іс-шараларға жататындар:

      - кез-келген қалдықтардың, соның ішінде иесіз қалдықтарды жинау, тасымалдау, зарарсыздандыру және қайта өңдеу бойынша технологияларды ендіру;

      - зауыттар, цехтар, өндірістердің құрылысы, қайта жөндеу, қондырғыларды алу және пайдалану;

      - қалдықтардың кез-келген түрлерін жинауға арналған полигондар;

      - қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу, сұрыптау, кәдеге жарату және көму;

      - екінші материалдық ресурстарын жинау және қайта өңдеу;

      қалдықтардан пайдалы компоненттерді алумен байланысты шикізатты немесе дайын өнімді алу бойынша;

      - қалдықтарды орналастыру және түзілу көлемін төмендетуге бағытталған технологиялық үдерістерді және жабдықтарды қайта жөндеу, жаңғырту.

6. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ БОЙЫНША ІС-ШАРАЛАР ЖОСПАРЫ

      Осы бағдарламаның мақсаты мен міндеттерін жүзеге асыру үшін Успен ауданының қалдықтарын басқарудың тиімді жүйесін құру жөніндегі іс-шаралар жоспары құрылды (2-қосымша).

      Жоспарда қажетті іс-шаралар, оны жүзеге асыру және аяқтауға қажетті уақытша шектеулер, іс-шараны орындауға жауаптылар және талап етілетін ресурстар анықталған. Іс-шаралар міндеттері бойынша топтастырылған және қалдықтарды басқарудың ең тиімді үлгісін құруға бағытталған.

      Іс-шаралар жоспарында күтілетін нәтижелерге қол жеткізу мақсатымен Бағдарламадағы барлық жауапты орындаушылардың жұмыстарын үйлестіру және қалдықтарды жинау, тасымалдау, қайта өңдеу мәселелері кешенді әдіспен қамтамасыз етілген.

      Успен ауданы үшін қалдықтарды басқару бағдарламасы болашақта 2029 жылдан кейін әзірленетін болады. Успен ауылы үшін іс-шаралар жоспары 2025 - 2029 жылдар кезеңіне әзірленді.

      Мониторинг нәтижесінде қойылған мақсаттарға, мақсаттық көрсеткіштер мен міндеттерге қол жеткізу мүмкін болмаған жағдайда, іс-шаралар жоспарына түзетулер енгізілуі мүмкін. Осы жағдайда, басқа іс-шаралар анықталады және мәселелік сұрақтарды шешу бойынша іс-шараларды қабылдайды.

      Жоспарды жүзеге асыруға бағдарламаға тапсырыс беруші - "Павлодар облысы Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ жауап береді және олар келесі қызметтерді жүзеге асырады:

      1) Бағдарламаның барлық орындаушыларын үйлестіре отырып, Успен ауданы аумағындағы коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы міндеттерді шешуге бірыңғай орталықтандырылған кешенді әдісті қалыптастырып, қамтамасыз етеді;

      2) Бағдарламаны жүзеге асыруға облыстық бюджеттен субсидияны ұсыну бойынша Павлодар облысының атқарушы органдарымен өзара байланысады;

      Бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыру мәселелері бойынша ауданның ауылдық округтері әкімдіктерімен, жеке тұлғалармен, жеке кәсіпкерлермен өзара байланысады;

      4) Бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыруға мониторинг жүргізеді, қоғамдық кеңес мәжілісінде талқылау үшін мониторинг нәтижелерін шығарады;

      5) Бағдарламаға сәйкес өзгерістер енгізу қажеттілігі туралы негізделген ұсыныстар арқылы бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыруға қажетті қаржылық құралдарына, мақсаттық көрсеткіштеріне, іс-шараларынаа түзетулерді жүзеге асырады;

      6) Бағдарламаны жүзеге асыру шараларын тексеру барысына қатысады;

      7) Успен ауданы әкімдігінің ресми сайтына негізгі Бағдарламаны және бағдарламаның іс-шараларын жүзеге асыру туралы ақпараттарды тіркейді.

7. БАҒДАРЛАМАНЫ ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ МОНИТОРИНГІ

      Мониторинг Бағдарламаны іске асырылуын бақылау мақсатында жүзеге асырылады.

      Бағдарлама іске асуын бақылау коммуналдық қалдықтарды басқару саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыруға жауапты жергілікті атқарушы органның бірінші басшысының орынбасарымен тұрақты түрде жүзеге асырылады.

      Мониторинг (Бағдарламаның жүзеге асырылуын бақылау) ағымдық жағдайды жоспармен салыстыру үшін үздіксіз жүзеге асырылады. Мониторинг барысында жоспарланған іс-әрекетті және нақты мәліметтердің нәтижелері салыстырылады. Іс-шаралар мониторингі ресурстармен қаржыларды пайдалануды сонымен қатар аралық нәтижелерді қамтамасыз ету мен әрекетті жүзеге асыру қадағаланып отырады. Мониторинг нәтижелері бойынша өзгерістер енгізілуі мүмкін.

      Мониторинг нәтижелері бағдарламаны жүзеге асыру есебінде көрінеді. Есепте жүзеге асырылған шаралардың сипаттамасы, қол жеткізілген нәтижелер, жүзеге асыруға бағытталған қаржы құралдарының нақты көлемі, сонымен қатар, есепті кезеңдерде жоспарланған нәтижелердің болмауы және шаралардың орындалмау себептері көрінеді.

      Бағдарламаны жүзеге асыру мониторингі бойынша есептер барлық қызығушылық танытқан мүдделі тараптарға ұсынылады және Успен ауданы әкімдігінің интернет ресурстарында жарияланады. Аралық есеп - жарты жылда бір рет, яғни ағымдық жылдың 15-ші маусымына дейін, жылдық есеп келесі жылдың 30-шы қаңтарына дейін. Жылдық есеп алдыңғы жылдың қорытындысы бойынша жасалынады.

8. КҮТІЛЕТІН ӘЛЕУМЕТТІК-ЭКОНОМИКАЛЫҚ ТИІМ

      Бағдарлама көрсетілген іс-шаралар Успен ауданы тұрғындарының денсаулығына және қоршаған ортасына қалдықтардың теріс әсерін төмендетуге жағдайлар жасауға бағытталған. Осыған байланысты, ауданда коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару жүйесінің болмауынан, оны "нөлден бастап" қайта құру және әзірленген шаралар Успен ауылын дамытуға бағытталатын болады. Оларды ендіргеннен кейін және оң нәтижеге қол жеткізген соң, ауданның елді мекендеріне олар ауыстырылатын болады.

      Бағдарламада және Жоспарда алдын-ала қарастырылған іс-шараларды жүзеге асыру нәтижесінде келесі міндеттер орындалатын болады:

      - Успен ауылында қалдықтарды басқару жөніндегі қажетті инфрақұрылым құрылып жұмыс істейді: контейнерлік алаңдар құрылады, контейнерлер сатып алынып, орнатылады, ҚТҚ жинау және шығару үшін арнайы көлік сатып алынады;

      - Қалдықтарды бөлек жинау ендірілді: бөлек жинауға арналған контейнер орнатылады, қауіпті құрамдас қалдықтарды (ҚСБҚ, ЭЭЖҚ, медициналық) жинау үшін нүктелер анықталады; құрылыс және ірі көлемді қалдықтарды жинауға арналған алаңдар анықталады;

      - ҚТҚ жинау және тасымалдау бойынша компаниялар анықталды;

      - коммуналдық қалдықтарды 100% жинау және шығаруға қол жеткізілді.

      - көмуге бағытталған қалдықтар көлемі азайтылды.

      - санитарлық, құрылыстық және экологиялық талаптарға жауап беретін ҚТҚ полигондары құрылды;

      - апатты үйінділер жойылды;

      - тұрғындардың қалдықтарды бөлек жинауға қызығушылықтары артып, қалдықтарды басқару мәселелері бойынша хабардарлығы жоғарылаған.

      Бағдарламаның негізгі экономикалық тиімі тұтыну қалдықтарының қоршаған ортаға әсерін төмендету мүмкіндігі және экологиялық қауіпті жағдайлардың алдын-алумен қорытындылады.

      Бағдарламаның әлеуметтік тиімі Успен ауданы тұрғындарының экологиялық жағдайын сақтау және жақсарту болып табылады, бұл денсаулықты сақтауға, қоршаған ортаның ластағыш факторларының әсерінен туындайтын ауру қатерлерін төмендетуге мүмкіндік береді.

  1-қосымша

Успен ауданында коммуналдық қалдықтарды жинау және шығарумен қамтуды
жоғарылату үшін қажетті контейнер мен контейнерлік алаңдарды алдын ала есептеу

      Қалдықтардың түзілу нормалары - Успен ауданы үшін бекітілмеген. "Успен ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" КММ мәліметтері бойынша, қалдықтарды түзілуінің орташа нормасы бір адамға 1,7 м3.

      Контейнер көлемі - 1.1 м3

      Қалдықтарды шығарудың ұсынылатын кестесі:

      1. Күн сайын шығару: Успен, Белоусов, Травян, Қонырөзек, Новопокров, Дмитриев, Вознесен, Надаров, Чистополь, Лозов, Қызылағаш, Ольхов.

      2. Апта сайын шығару: Қозыкеткен, Галицк, Богатырь, Ковалев.

      3. Шалғай орналасқан ауылдардағы қоқыс тиеу пункттерінен айына бір реттік шығару:Тимирязев, Қаратай.

Ауыл/қала атауы

тұрғындар

Қала/ауылдағы түзілу, м3/жылына

Қала/ауылдағы түзілу, м3/күніне

Қала/ауылдағы түзілу, м3/аптасына

Апта сайын шығарғандағы контейнерлер саны

Контейнерлік алаңдар саны

Күн сайынғы шығарғандағы контейнерлер саны

Контейнерлік алаңдар саны

Шығаруға арналған полигон

Күн сайын

Успен

3983

6771,1

18,6

129,9

336

118

34

17

Успен

Белоусов

290

493,0

1,35

9,45

18

9

2

1

Успен

Травян

46

78,2

0,23

1,63

4

2

2

1

Успен

Константинов

1094

1859,8

5,1

35,67

64

32

10

5

Константинов

Равнополь

350

595,0

1,63

11,4

20

10

4

2

Константинов

Таволжан

429

729,3

2,0

14,0

26

13

4

2

Константинов

Қоңырөзек

490

833,0

2,28

16,0

30

15

4

2

Қоңырөзек

Новопокров

362

615,4

1,68

11,8

22

11

4

2

Қоңырөзек

Дмитриев

114

193,8

0,53

3,7

6

3

2

1

Қоңырөзек

Вознесен

283

481,1

1,32

9,23

18

9

2

1

Қоңырөзек

Надаров

53

90,1

0,25

1,73

4

2

2

1

Қоңырөзек

Чистополь

18

306,0

0,84

5,87

2

1

2

1

Қоңырөзек

Лозов

784

1332,8

3,65

25,56

46

23

8

4

Лозов

Қызылағаш

338

574,6

1,57

11,02

20

10

4

2

Қызылағаш

Ольхов

80

136,0

0,37

2,6

4

2

2

1

Қызылағаш

Апта сайын

Қозыкеткен

405

688,5

1,89

13,2

24

12

4

2

Успен

Галицк

1150

1955

5,36

37,5

68

34

10

5

Қоңырөзек

Богатырь

271

460,7

1,26

8,83

16

8

2

1

Лозов

Ковалев

531

902,7

2,7

18,86

34

17

6

3

Лозов

Айына 1 рет

Тимирязев

257

436,9

1,2

8,38

16

8

2

1

Қызылағаш

Қаратай

407

691,9

1,9

13,27

24

12

4

2

Лозов

  2-қосымша

Успен ауданының 2025 - 2029 жылдарға арналған коммуналдық қалдықтарын басқару
жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары

№ р\н

Іс-шаралар жоспары

Аяқтау нысаны

Орындалу мерзімі

Орындауға жауаптылар

Қажетті шығындар, теңге

Қаржыландыру көздері

1

2

3

4

5

6

7

Мақсаты – экологиялық заңнама таалптарына сәйкес, Успен ауданы аумағындағы коммуналдық қалдықтарды басқару жүйесін ұйымдастыру

1-міндет. Ұйымдастырушылық-әкімшілік басқаруды құру

1.1

Конкурс (тендер) жүргізу арқылы Успен ауданында коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару бойынша қызмет көрсету тәртібі, шарты және кестесі көрсетілген келісім-шартқа отыру арқылы ҚТҚ жинау және тасымалдау бойынша компанияларды анықтау

Келісім

2025-2026

Аудан әкімдігі , Успен а/о әкімдігі

-

Талап етілмейді

1.2

Қалдықтардығ түзілу және жинақталу нормаларын есептеу.
Қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын қайта қарастыру

Аудан әкіміне ақпарат

2025
2027

Аудан әкімдігі

1 500 000
1 500 000

Жергілікті бюджет

1.3

Тұрғындардың көзқарастарын ескере отырып, елді мекендерден коммуналдық қалдықтарды шығару кестесін әзірлеу және келісу

Кесте

2025-2028

Аудан әкімдігі, а/о әкімдіктері, мамандандырылған компания

-

Талап етілмейді

1.4

ҚТҚ жинау және тасымалдау бойынша бектіліген тариф шеңберінде ҚТҚ орталықтан жинау жүйесін пайдаланатын жеке тұлғалардан төлем жинауды ұйымдастыру.

Аудан әкіміне ақпарат

2025-2029

ТҚҚ жинау және тасымалдауды жүзеге асыратын мамандандырылған компаниялар

-

Талап етілмейді

1.5

ҚТҚ жинауға, тасымалдауға, сұрыптауға және көмуге тарифтерді есептеу және бекіту. Осы тарифтерді экономикалық негіздеу және уақытылы қайта қарастыру.

Аудандық мәслихат шешімі

2025
2027

Аудан әкімдігі

1 000 000
1 000 000

Жергілікті бюджет

1.6

Аудан әкімдігінің сайтына, интернет-ресурстарға бекітілген бағдарламаны жүктеу

Сайтта Бағдарламаны жүктеу

2025

Аудан әкімдігі

-

Талап етілмейді

1.7

Бағдарламаны жүзеге асыру мониторингі

Мониторинг нәтижелері бойынша есептілік

Жылына 2 рет

Аудан әкімдігі

-

Талап етілмейді

2-міндет. Жалпы қалдықтарды жинау және шығару жүйесін ұйымдастыру

2.1

Успен ауданында коммуналдық қалдықтарды жинау және шығару үшін мамандандырылған көлікті сатып алу – 1 бірлік

Қабылдау және өткізу актісі

2025-2026

Успен а/о әкімдігі

40 000 000

Жергілікті бюджет

2.2

ҚТҚ бөлек жинауға арналған "құрғақ" және "ылғалды" фракциялар үшін контейнерлерді сатып алу және орнату 34 бірлік

Қабылдау-өткізу актісі

2025-2027

Успен а/о әкімдігі

3 060 000

Жергілікті бюджет

2.3

Қауіпті құрамдас ҚТҚ бөлек жинауды және қалпына келтіруді ұйымдастыру

Келісім

2025-2029

Аудан әкімдігі, Успен а/о әкімдігі а/о әкімдіктері

-

Жеке инвестициялар

2.4

Органикалық коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды, соның ішінде қордаландыру арқылы қалпына келтіруді ұйымдастыру

Есептілік

2025-2027

Аудан әкімдігі , а/о әкімдіктері, ҮЕҰ

-

Бизнес

2.5

Успен ауылында контейнерлік алаңдарды ұйымдастыру - 17 бірлік

Қабылдау-өткізу актісі

2026-2027

Успен а/о әкімдігі мамандандыырлған компания

3 400 000

Жергілікті бюджет

2.6

Құрылыс және ірі көлемді қалдықтарды төгуге арналған алаңдарды анықтау

Аудан әкімдігіне ақпарат

2024-2025

Аудан әкімдігі, Успен а/о әкімдігі

-

Жергілікті бюджет

2.7

Құрылыс және ІКҚ арналған ұсатқышты сатып алу

Қабылдау-өткізу актісі

2028

Аудан әкімдігі

10 000 000

Жергілікті бюджет

3-міндет. Коммуналдық қалдықтарды қауіпсіз көмуі қамтамасыз ету

3.1

Успен ауылында ҚТҚ полигонының құрылысы

Қабылдау комиссисының актісі

2026-2029

Аудан әкімдігі,
Успен а/о әкімдігі

ЖСҚ әзірленгеннен кейін сомасы есептелетін болады.

Жергілікті бюджет
Облыстық бюджет

3.2

Ауылдық үйінділердің жерлерін кезеңдік рекультивациялау және қайта қалпына келтіру.

Қабылдау комиссиясының актісі

2027-2028

а/о әкімдіктері

Рекультивация жоспары әзірленгенненн кейін сомасы есептелетін болады.

Жергілікті бюджет

3.3

Үйінділерді жою және орнын қалпына келтіру

Орындалған жұмыстардың актісі

2025-2026

Аудан әкімдігі

Үйінділер анықталғаннан кейін сомасы есептелетін болады

Жергілікті бюджет

4-міндет. Коммуналдық қалдықтарды жинау, кәдеге жарату және қайта өңдеу, соның ішінде қалдықтарды бөлек жинаудың ұтымды жүйесіне халықтың қызығушылықтарын және мәдени деңгейін жоғарылату

4.1

Коммуналдық қалдықтармен экологиялық қауіпсіз жұмыс істеуде тұрғындардың хабардарлығын жоғарылату бойынша ҮЕҰ арасынан мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс алуға конкурс жүргізу

ҮЕҰ мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс туралы келісім-шарт

2025
2027

Аудан әкімдігі

4 000 000

Жергілікті бюджет

4.2

ҚТҚ басқару бойынша тұрғындардың хабардарлығын және экологиялық мәдениетін жоғарылату: ақпараттық кампаниялар, ақпараттық материалдар мен видеороликтер әзірлеу, тұрғындармен кездесу жүргізу, сенбіліктер, мектеп оқушылары арасындағы еріктілік клубтарды құру, жергілікті БАҚ жарияланымдар және т.б.

Орындалған жұмыстардың актісі

2025-2029

Аудан әкімдігі, а\о әкімдіктері ҮЕҰ

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ҮЕҰ бөлінген бюджет

4.3

Тұрғындардағы киім, зат, тұрмыстық техника, батареяны мамандандырылған кәсіпорындардың қабылдауы, оқу білімдері арасында макулатураны жаппай жинау үшін конкурстар, акциялар жүргізу

Есептілік

Үш айда 1 рет

Аудан әкімдігі, а\о әкімдіктері

мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ҮЕҰ бөлінген бюджет

      * Қажетті шығындар мен қаржыландыру көздері бойынша шығыстардың мөлшерлемелері тиісті қаржы жылына арналған, Қазақстан Республикасының заңдылығына сәйкес, республикалық және жергілікті бюджеттерді бекіту мен нақтылауды ескере отырып түзетілетін болады.

  3-қосымша

Успен ауданның контейнерлік алаңдарының, контейнерлерінің
және қалдықтарды көму орындарының жай-күйін бағалау



 

Успен ауылында арнайы контейнердің орнына қалдықтарды жинауға арналған бөшке қойылған.
Ұсыныстар: "құрғақ" және "ылғалды" фракциялар үшін 1,1 м3 көлеміндегі контейнерлерді сатып алу және орнату. СТ 3780-2022 Қалдықтар. Алаңдарда қалдықтарды бөлек жинау үшін контейнер құрамын және коммуналдық қалдықтарды бөлек жинауды ұйымдастыру үшін контейнерлерді орнату алаңдарына жалпы талаптар бойынша:
-Электрондық қалдықтарға арналған контейнерлер;
-ҚСБ қалдықтарды жинауға арналған контейнерлер;
-Қағаз және картон қалдықтарына арналған контейнерлер;
-Батарея қалдықтарына арналған контейнерлер;
-Тағам қалдықтарына арналған контейнерлер;
-Шыныға арналған контейнерлер;
-Пластик қалдықтарына арналған контейнерлер.
Дегенмен, барлық түрлерге арналған контейнерлерді орнату мүмкіндігі болмаған жағдайда, қауіпті қалдықтарға соның ішінде ҚСБҚ арналған контейнерлерді алып тастағандағы, "құрғақ" және "ылғалды" фракциялар үшін контейнерлер орнатылады.



 

 
Успен ауылында мектеп жанында торлы контейнерлер орнатылған.
Контейнерлер орнатылғанымен, олар бос. Халық қалдықтарды бөлек жинаумен айналыспайды.
Ұсыныстар: Қазақстан Респубилкасы экология, геология және табиғи ресурстар министрінің м.а., 2021 жылғы 28 желтоқсандағы № 508 "Коммуналдық қалдықтарды басқару ережелерін бекіту туралы" бұйрығына сәйкес, ауыл, ауылдық округтердің, кенттердің жергілікті атқарушы органдары екінші шикізатты бөлек жинауды қоса алғанда, коммуналдық қалдықтарды жинау, кәдеге жарату және қайта өңдеудің ұтымды жүйесі туралы халықтың ақпараттануын қамтамасыз ету үшін ақпараттық кампанияларды жүргізуі қажет.



 

Успен ауылындағы үйінді.
Қағаз бен пластик қалдықтары басым. Успен ауылында торлы контейнерлер орнатылғанына қарамастан, қағаз және пластикті жинаумен және қайта өңдеумен айналысатын кәсіпорын жоқ.
Ұсыныстар: жергілікті атқарушы органдар қалдықтарды шығарумен, кәдеге жаратумен және қайта өңдеумен айналысатын облыстық кәсіпорындармен өзара байланысуы қажет, сонымен қатар, коммуналдық қалдықтарды пайда болу орындарында қайта өңдеуді ұйымдастыру мен дамыту мүмкіндіктерін айқындау мақсатында аудан аумағында жұмыс істейтін кәсіпорындармен және бизнес қауымдастық өкілдерімен де байланысты нығайту керек.



 

Успен ауылындағы үйінді Павлодар-Новосібір тас жолының бойынша бірнеше километрге созылып жатыр. Қалдықтар тікелей топыраққа тасталынады, мұнда ауыл шаруашылық қалдықтары басым. Жиі жану құбылысы байқалады.
Ұсыныстар: экологиялық заңнама талаптарына жауап беретін ТҚҚ полигонын құру қажет.
ТҚҚ полигонына арналған талаптар келесі құжаттарда көрсетілген: ҚР ЭК (25 бөлім), "Өндіріс және тұтыну қалдықтарын жинауға, пайдалануға, қолдануға, залалсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар" санитариялық қағидаларын бекіту туралы (Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің м.а. 2020 жылғы 25 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-331/2020 бұйрығы), ҚР СТ 3696-2020. Тұрмыстық-қатты қалдықтарға арналған аз қуатты полигондар. Талаптар. ҚР СН 1.04-15-2013 Тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған полигондар.


Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады