БҰЙЫРАМЫН:
1. "Ғылыми-техникалық кеңес туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2024 жылғы 27 қыркүйектегі № 681 бұйрығына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ғылыми-техникалық кеңес туралы ережеде:
5-тармақ мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
"6) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми-зерттеу, ғылыми-техникалық және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстардың жобаларын қарау";
бірінші бөлігінің 3) тармақшасы алып тасталсын;
бірінші бөлігінің 8) тармақшасы алып тасталсын;
үшінші бөлігі 4) және 5) тармақшалармен толықтырылсын:
"4) бағынысты ғылыми ұйымдардың стратегиялық және бағдарламалық құжаттарын қарау және келісу;
5) денсаулық сақтау саласындағы ғылыми және ғылыми-техникалық, технологиялық және инновациялық қызметтерді, ҒҒТҚН коммерцияландыру саласындағы Қазақстан Республикасының нормативтік-құқықтық актілерді жетілдіру бойынша ұсыныстарды қарау және әзірлеу.";
10-тармақтың бесінші абзацы алып тасталсын.
11-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) ұлттық ғылыми кеңестердің, жеке кәсіпкерлік субъектілерінің салалық қауымдастықтардың, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет субъектілері болып табылатын бейінді ғылыми ұйымдардың мүшелері".
21-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
"21. ҒТК-ның жұмыс органының лауазымды тұлғасы болып табылатын хатшы мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) отырыстарға арналған материалдарды дайындау, жинау және жүйелеу;
2) ҒТК мүшелері мен шақырылған тұлғаларға ҒТК отырыстарының өтетіндігі туралы хабарламаларды уақтылы жіберу;
3) отырыстардың күн тәртібін қалыптастыру, отырыстарды хаттамалау;
4) ҒТК шешімдерінің жобаларын дайындау және отырыстардан кейін хаттамаларды ресімдеу".
25-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
"4) ҒТК мүшелеріне отырыс өткізуге 5 (бес) жұмыс күні қалғанға дейін жіберілетін материалдарды жинау".
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті:
1) осы бұйрыққа қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық түрдегі көшірмелерін ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
2) осы бұйрықты ресми жариялағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін;
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау бірінші вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі |
А. Әлназарова |