"Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ережені бекіту туралы

Жаңа

Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің 2025 жылғы 24 сәуірдегі № 109 қаулысы

      "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-1 бабына, "Мемлекеттік мүлік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 17- бабын 7) тармақшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы ереже осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

      2. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте қамтамасыз етсін:

      1) жоғарыда көрсетілген Ережені заңнамада белгіленген тәртіпте әділет органдарында мемлекеттік тіркеуді;

      2) осы қаулыға қол қойылған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде қазақ және орыс тіліндегі электрондық түрдегі көшірмесін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің "Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты" шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына ресми жариялау және Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жолдауды;

      3) осы қаулыны ресми жариялағаннан кейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды.

      3. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Ғ. Нұрмұхамбетов

  Солтүстiк Қазақстан
  облысы әкiмдiгiнiң
  2025 жылғы "24" сәуірдегі
  № 109 қаулысымен
  бекітілді

"Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi туралы ЕРЕЖЕ

      Петропавл қ., 2025 жыл

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi Солтүстiк Қазақстан облысының аумағында ауыл шаруашылығы және жер қатынастары саласындағы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

      2. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнің ведомстволық бағынысты ұйымдары жоқ.

      3. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге және осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

      4. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі коммуналдық мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртабандары, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес белгіленген үлгідегі бланкілері, Қазынашылық органдарында шоттары бар.

      5. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

      6. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi егер заңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген жағдайда мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқылы.

      Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіпте бұзылған құқықтарын қорғау үшін сот органдарына талап арыз беруге құқылы.

      7. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi өз құзыреті шегіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіпте шешімдер қабылдайды және олар "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi басшысының бұйрықтарымен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы заңнамасында көзделген басқа нормативтік актілермен рәсімделеді.

      8. "Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

      9. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң орналасқан жерi: 150011, Қазақстан Республикасы Солтүстiк Қазақстан облысы Петропавл қаласы Парк көшесi, 57 В.

      10. Осы Ереже "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң құрылтай құжаты болып табылады.

      11. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiн қаржыландыру жергiлiктi және республикалық бюджеттен жүзеге асырылады.

      12. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау үшiн шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

      Егер "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне заңнамалық актiлермен кiрiстер әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, егер Қазақстан Республикасының Заңында басқаша белгіленбесе онда осындай қызметтен алынған кiрiстер мемлекеттiк бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi.

      "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнде жұмыс режимi iшкi күн тәртiбiне сәйкес белгiленедi.

      "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi мен құрылтайшы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айкындалады және реттеледi.

      "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi мен оның еңбек ұжымы арасындағы өзара қарым-қатынас Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес айқындалады.

2-тарау. Мемлекеттік органның міндеттері мен өкілеттіктері

      13. Мiндеттерi:

      1) агроөнеркәсiптiк кешен салаларын тұрақты дамыту, олардың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру;

      2) өсiмдiк шаруашылығы өнiмiнiң көлемi мен сапасын арттыруды қамтамасыз ету;

      3) мал шаруашылығы өнiмiнiң өнiмдiлiгi мен сапасын арттыру;

      4) қайта өңдеу өндiрiстерiн тұрақты дамыту және қолдау;

      5) агроөнеркәсiптiк кешеннiң ғылыми және технологиялық жедел дамуын қамтамасыз ету;

      6) бәсекеге қабiлеттi ғылыми әзiрлемелердi жасаудың, енгiзу мен таратудың және адам капиталын дамытудың тиiмдi жүйесiн құру;

      7) агроөнеркәсiптiк кешен салаларына қызмет көрсететiн инфрақұрылымын дамыту және техникалық жабдықтауды арттыру;

      8) өз құзыретi шегiнде мемлекеттiк, салалық бағдарламаларды әзiрлеуге қатысу;

      9) заңнаманы қолдану тәжiрибесiн талдау, оны жетiлдiру бойынша ұсыныстарды дайындау, өз құзыретi шегiнде облыс әкiмiнiң және әкiмдiгiнiң нормативтiк құқықтық актiлерiнiң жобаларын әзiрлеу және дайындау;

      10) Солтүстiк Қазақстан облысының аумағында жер қатынастары саласында бiрыңғай мемлекеттiк саясатты жүргiзу және жер қатынастары саласында мемлекет мүдделерiн қорғау.

      14. Өкілеттіктері:

      1) құқықтары:

      мемлекеттік органдардан, мекемелерден, ұйымдардан, лауазымды адамдардан белгіленген тәртіпте қажетті ақпаратты сұрату және алу;

      агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі өңірлік бағдарламаларды әзірлеу және жергілікті өкіметті органдардың (мәслихат) бекітуіне ұсыну, олардың іске асырылуына мониторинг жүргізу;

      агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау бойынша қолданыстағы заңнамаға, мемлекеттік, салалық секторлардың, өңірлік бағдарламаларға және басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес ұсыныстар әзірлеу;

      агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне агроазық-түлік саясатының негізгі бағыттары мен тетіктерін түсіндіру жұмысын үйлестіру;

      ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруді дамытудың орта мерзімді жоспарларын әзірлеу бойынша ұсыныстар енгізу;

      Солтүстiк Қазақстан облысында агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;

      өз қызметін атқару барысында атқарушы билік органдарымен және жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен өзара іс-қимыл жасау;

      заңнамада белгіленген тәртіпте жергілікті мемлекеттік басқару органдарынан және басқа да ұйымдардан өз құзыреті шегінде қажетті ақпараттық материалдарды алу;

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес заңды және жеке тұлғалармен шарттар жасасу, мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарды иелену, өз мүдделерін мемлекеттік органдарда және ұйымдарда білдіру;

      халықаралық ұйымдармен және шетелдік ұйымдармен өз құзыреті шегінде ынтымақтастық орнату;

      2) міндеттері:

      Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;

      Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың сондай-ақ облыс әкімі мен әкімдігінің актілері мен тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау;

      мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру;.

      15. Функциялар:

      1) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру;

      2) ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқаптарының құрылымын әртараптандыру мәселесі бойынша келісімдер (меморандумдар) жасасу;

      3) "Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңына және осы саладағы өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін мемлекеттік қолдау жөніндегі ұсыныстарды әзірлеу;

      4) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

      5) машина-трактор паркін және технологиялық жабдықтарды жаңартуды ұйымдастыру;

      6) машина-технологиялық станциялар (сервистік орталықтар) желісін дамыту және олардың қызметіне мониторинг жүргізу;

      7) жыл сайын ауыл шаруашылығы жұмыстарының күтілетін көлемдерін ескере отырып, агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп, мұнай өнімдерін өндіру саласындағы уәкілетті органға ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге мұнай өнімдерін жеткізу көлемі туралы ұсыныстарды енгізу;

      8) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген шектерде халықты азаматтық қорғау саласындағы жұмыстарды жүзеге асыру;

      9) агроөнеркәсіптік кешен салаларын мамандармен қамтамасыз ету, агроөнеркәсіптік кешен кадрларын даярлау, қайта даярлау және біліктілігін арттыруды ұйымдастыру жөніндегі шараларды жүзеге асыру;

      10) өндірілетін өнімнің ассортименті бойынша өңірлік көрмелер, жәрмеңкелер ұйымдастыру;

      11) "Агроөнеркәсіптік кешендегі-"Үздік кәсіп" конкурсын өткізу;

      12) агроөнеркәсіптік кешен өнімдерін сату жөніндегі көтерме базарлар ұйымдастыру;

      13) агроөнеркәсіптік кешен өнімдерінің азық-түлік қауіпсіздігі, бағалары мен нарықтары жағдайына мониторинг жүргізу;

      14) өңірдегі агроөнеркәсіптік кешен саласындағы инновациялық тәжірибені тарату және енгізу жөніндегі іс-шараларды әзірлеу және іске асыру;

      15) өңірдегі агроөнеркәсіптік кешен саласында инновациялық жобаларды іріктеуді ұйымдастыру ережелерін бекіту жөніндегі ұсыныстар енгізу;

      16) мал шаруашылығы өнімдері мен шикізатын дайындау жөніндегі мемлекеттік пункттерді салу, күтіп-ұстау және реконструкциялау жұмыстарын қамтамасыз ету;

      17) кеңейтілген күтіп-молайту үшін жоғары сапалы асыл тұқымды жануарларды сатып алу, күтіп-ұстау және толықтырма төл өсіруді ұйымдастыру;

      18) агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі уәкілетті орган айқындайтын тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдермен күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізуді қамтамасыз ету;

      19) тиісті өңірде азық-түлік тауарларының қорын есепке алуды жүргізу және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті органға есептілік ұсыну;

      20) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерінің қарыздарын кепілдендіру кезінде комиссияның бір бөлігін және қарыздарды сақтандыру кезінде сақтандыру сыйлықақыларының бір бөлігін өтеу;

      21) агроөнеркәсіптік кешен субъектісі инвестициялық салымдар салған кезде шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу;

      22) олар бойынша кепілдендірілген сатып алу бағасы және сатып алу бағасы белгіленетін сатып алынатын ауыл шаруашылығы өніміне субсидиялар нормативін бекіту жөнінде ұсыныстар енгізу;

      23) өңдеу кәсіпорындарының ауыл шаруашылығы өнімін терең өңдеу өнімдерін өндіру үшін оны сатып алуға жұмсалатын шығындарды субсидиялау;

      24) ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ревизиялық одақтарының ауыл шаруашылығы кооперативтерінің ішкі аудитін жүргізуге арналған шығындарын субсидиялау;

      25) тыңайтқыштар (органикалықты қоспағанда) құнын субсидиялауды жүзеге асыру;

      26) басым дақылдарды, оның ішінде көп жылдық екпелерді өндіруді субсидиялауды жүзеге асыру;

      27) саны зияндылықтың экономикалық шегінен жоғары зиянды және аса қауіпті зиянды организмдерге және карантиндік объектілерге қарсы өңдеуді жүргізуге арналған пестицидтердің, биоагенттердің (энтомофагтардың) құнын субсидиялауды жүзеге асыру;

      28) жеке және заңды тұлғаларға жойылған жеміс-жидек дақылдарын, жемісті бактериалды күйік ауруына шалдыққандарды отырғызу және өсіру жөніндегі шығындарын өтеу;

      29) мыналар бойынша іс-шаралар әзірлеу:

      агроөнеркәсiптiк кешен салаларына инвестициялар мен екiншi деңгейдегi банктердiң кредиттерiн тарту;

      бәсекеге қабiлеттi өндiрiстердi қалыптастыру және дамыту, оларды жаңғырту және сапа менеджментiнiң халықаралық жүйесiне көшiру үшiн жағдай жасау;

      мамандандырылған мал шаруашылығы қожалықтарының өсуi үшiн жағдай жасау;

      30) агроөнеркәсiптiк кешеннiң ақпараттық-маркетингтiк жүйесiнiң жұмыс iстеуi мен дамуы үшiн жағдай жасау;

      31) iшкi және сыртқы азық-түлiк нарықтарындағы ахуалды зерделеу және агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiнiң тиiстi ақпаратқа қол жеткiзуiн қамтамасыз ету;

      32) агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту мәселелерi жөнiндегi уәкiлеттi мемлекеттiк органдарға агроөнеркәсiптiк кешеннің жай-күйi және олардың дамуы туралы ақпарат ұсыну;

      33) агроөнеркәсiптiк кешен субъектiлерiне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдығын сатып алуға лизинг кезiнде сыйақы мөлшерлемелерiн субсидиялауды жүзеге асыру;

      34) агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржылық сауықтыру бағыты аясындағы кредиттік және лизингтік міндеттемелер бойынша сыйақы мөлшерлемелерін субсидиялауды жүзеге асыру;

      35) облигациялар бойынша купондық сыйақыны субсидиялауды жүзеге асыру;

      36) астық нарығы саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

      37 ) астық қолхаттарын бере отырып, қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөнiндегi қызметтi лицензиялау;

      38) табиғи-климаттық жағдайларды және нарықтық конъюнктураны ескере отырып, астық өндiрiсiнiң құрылымын оңтайландыру, астықты өндiру, сақтау мен сатудың жаңа прогресивті технологияларын жетiлдiру және енгiзу;

      39) астық қабылдау кәсiпорындарын мемлекеттiк бақылау;

      40) Қазақстан Республикасының Әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртiпте астық қолхаттарын беру арқылы қойма қызметi бойынша қызметтер көрсету жөніндегі қызметтi жүзеге асыру құқығына лицензияның қолданылуын тұтастай немесе жекелеген операцияларды жүзеге асыру бөлiгiнде алты айға дейiнгi мерзiмге тоқтата тұру;

      41) астық қабылдау кәсiпорындарының Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiк кодексiне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу, астықты сақтау, астық қолхаттарын ұстаушылардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiн қалыптастыру және жүргiзу қағидаларын сақтауын бақылау;

      42) Қазақстан Республикасының астық туралы заңнамасының бұзылуы туралы нұсқамалар беру, Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңнамасына сәйкес әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы iстердi қарау;

      43) әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде астық нарығының мониторингiн жүзеге асыру;

      44) астық қауiпсiздiгi мен сапасын мемлекеттiк бақылау;

      45) "Астық туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 28-бабы 2-тармағында көзделген негiздер болған кезде астық қабылдау кәсiпорнынан астықты көлiктiң кез келген түрiмен тиеп жөнелтуге тыйым салу;

      46) тiзiлiмнiң деректерiне сәйкес астықтың сандық-сапалық есебiн жүргiзу және өның сақталуын қамтамасыз ету жөнiндегi талаптарды сақтау тұрғысынан астық қабылдау кәсiпорындарының қызметiн инспекциялау (тексеру);

      47) астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды енгiзу және мерзiмiнен бұрын аяқтау туралы сотқа арыз беру;

      48) астық нарығына қатысушылардың астығының нақты бар-жоғы мен сапасын және оның есептi деректерге сәйкестiгiн тексеру;

      49) астықтың сандық-сапалық жай-күйiн бақылау;

      50) астық қолхаттарын ұстаушыларға астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқару жөнiндегi комиссияның құрамына енгiзу үшiн кандидатуралар ұсыну туралы хабарлама жiберу;

      51) астық қабылдау кәсiпорнын уақытша басқаруды енгiзу жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

      52) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк бақылауды жүзеге асыру;

      53) тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

      54) уәкiлеттi органның қарауына элиталық тұқым өсiру шаруашылықтарының элиталық тұқымдарды өндiру мен өткiзу көлемi жөнiнде ұсыныстар енгiзу;

      55) уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiпте тиiстi куәлiк бере отырып, тұқым шаруашылығы субъектiлерiн аттестаттауды жүргiзу;

      56) рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттiк электрондық тiзiлiмiн жүргiзу;

      57) облыс бойынша тұқым баланстарын жасау;

      58) ауыл шаруашылығы саласындағы уәкiлеттi органға ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы саласындағы қажеттi ақпаратты берудi қамтамасыз ету;

      59) құзыретi шегiнде ауыл шаруашылығы тауарын өндiрушiлердiң сақтық және ауыспалы тұқым қорларын қалыптастыруына жәрдемдесу;

      60) бастапқы, элиталық тұқым шаруашылығын жүргiзу және ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдарын жаппай көбейту схемалары мен әдiстерi бойынша ұсыныстар енгiзу;

      61) сұрыптық және тұқымдық бақылауды жүзеге асыру, сұрыптық егiстiктердi байқаудан өткiзу, топырақты бағалау, зертханалық сұрыптық сынақтар, тұқым сапасына сараптама жүргiзу тәртiбiнiң орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      62) тиiстi аумақта тұқым ресурстарының мониторингiн жүзеге асыру;

      63) апробат кадрлар мен тұқым сарапшыларды даярлауды және бiлiктiлiгiн арттыруды ұйымдастыру;

      64) ауыл шаруашылығы өсiмдiктерi тұқымдарының сұрыптық және егiстiк сапасына сараптама жүргiзу жөнiндегi нормативтiк құқықтық актiлердiң сақталуына бақылауды жүзеге асыру;

      65) тұқым шаруашылығы жөнiндегi мемлекеттiк инспектордың ұсынысы негiзiнде мыналарды тоқтату:

      субъектiнiң тұқым шаруашылығы саласындағы қызметтi жүзеге асыруға құқығын куәландыратын аттестаттау туралы куәлiгiнiң қолданысын;

      тұқымдардың сұрыптық және егiстiк сапаларына сараптама жүргiзу жөнiндегi қызметтi;

      66) асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

      67) бекiтiлген нысандар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы саласындағы деректердi есепке алуды жүргiзу;

      68) асыл тұқымды малдың, оның iшiнде тектiк қоры шектеулi тұқымдардың тектiк қорын сақтауға және қалпына келтiруге бағытталған iс-шараларды субсидиялауды жүзеге асыру;

      69) асыл тұқымды мал шаруашылығын сақтау және дамыту бойынша облыстық бағдарламалар әзiрлеу;

      70) өсiмдiктердi қорғау саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

      71) пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдық және фумигациялық тәсiлдермен қолдану бойынша қызметтi лицензиялау;

      72) карантиндiк объектiлердiң таралу есебiн жүргiзу және уәкiлеттi орган мен мүдделi адамдарға ақпарат ұсыну;

      73) өсiмдiктердiң карантинi саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

      74) мемлекеттiк карантиндiк фитосанитариялық бақылау және қадағалау объектiлерiнде осы объектiлердiң иелерi — жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ мемлекеттiк басқару органдарының өсiмдiктер карантинi жөнiндегi iс-шараларды жүргiзуiн ұйымдастыру;

      75) уәкiлеттi орган ведомствосы аумақтық бөлiмшелерiнiң ұсынуы келiп түскен күннен бастап бес жұмыс күнi iшiнде тиiстi аумақтарда карантиндiк режимдi енгiзе отырып, карантиндiк аймақты белгiлеу немесе оның күшiн жою туралы шешiм қабылдау;

      76) облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер қойнауын пайдалану мақсаттары (өндiру жөнiндегi; бiрлескен барлау және өндiру жөнiндегi; барлаумен және (немесе) өндiрумен байланысты емес жерасты құрылыстарын салу және (немесе) пайдалану жөнiндегi жұмыстарды жүргiзу үшiн), магистральдық құбыржолдарды, мұнай және газ өңдеу объектiлерiн, жаңартылатын энергия көздерiн пайдалану жөнiндегi объектiлердi салу (реконструкциялау) үшiн, индустриялық-инновациялық қызмет субъектiлерiнiң индустриялық-инновациялық жобалары, инвестициялық басым жобаларды Қазақстан Республикасының Кәсiпкерлiк кодексiне сәйкес iске асыру, жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшiн жер учаскелерiн беру жөнiндегi, сондай-ақ пайдалы қазбалардың кен орындары табылған кезде және оларды игеру үшiн, магистральдық құбыржолдарды салу (реконструкциялау), жергiлiктi маңызы бар ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құру және кеңейту үшiн жер учаскелерiн мемлекет мұқтажына мәжбүрлеп иелiктен шығару жөнiндегi ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

      77) жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттiк саясатты iске асыру;

      78) облыстың жергiлiктi атқарушы органының жер учаскелерiн мемлекеттiк ғылыми-зерттеу ұйымдары мен олардың тәжiрибелiк шаруашылықтарына, сондай-ақ мемлекеттiк тұқым өсiру шаруашылықтары мен асыл тұқымды мал зауыттарына беру жөнiндегi ұсыныстары мен шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

      79) жердi резервте қалдыру жөнiндегi ұсыныстарды дайындау;

      80) өз құзыретi шегiнде жер учаскелерiнiң бөлiнетiндiгi мен бөлiнбейтiндiгiн айқындау;

      81) жерге орналастыруды жүргiзудi ұйымдастыру және жер учаскелерiн қалыптастыру жөнiндегi жерге орналастыру жобаларын бекiту;

      82) облыстың жердi аймақтарға бөлу жобаларын, жердi ұтымды пайдалану жөнiндегi жобалары мен схемаларын әзiрлеудi ұйымдастыру;

      83) өз құзыреті шегінде жер сауда-саттығын (аукциондарын) жүргізуді ұйымдастыру;

      84) жердi пайдалану мен қорғау мәселелерiн қозғайтын облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргiзу;

      85) өз құзыретi шегiнде жер учаскесiн сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жердi уақытша өтеусiз пайдалану шарттарын жасау және жасалған шарт талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

      86) аудандардың, облыстық маңызы бар қаланың деректерi негiзiнде облыстың жер балансын жасау;

      87) Қазақстан Республикасы Жер кодексiнiң 71-бабына сәйкес облыстың жергiлiктi атқарушы органының iздестiру жұмыстарын жүргiзуге жер учаскелерiн пайдалануға рұқсат беруi жөнiнде ұсыныстар дайындау;

      88) ауыл шаруашылығы алқаптарын бiр түрден екiншiсiне ауыстыру жөнiнде ұсыныстар дайындау;

      89) жер-кадастрлық жоспарды бекiту;

      90) облыстың жергiлiктi атқарушы органының қорғаныс және ұлттық қауiпсiздiк мұқтажы үшiн жер учаскелерiн беру және алып қою жөнiндегi ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

      91) аумақтық сулар алып жатқан жер учаскелерiн жасанды ғимараттар салу үшiн беру жөнiндегi облыстың жергiлiктi атқарушы органының ұсыныстарын және шешiмдерiнiң жобаларын дайындау;

      92) Қазақстан Республикасының Жер кодексiмен және басқа да заңнамалық актiлерiмен белгiленген құзыреттерге сәйкес аудандар арасында жер қатынастарын реттеу;

      93) жеке және заңды тұлғалардың жер мәселелерi жөнiндегi ауызша және жазбаша арыздарын қарау, жер заңнамасын түсiндiру жөнiнде консультация өткiзу;

      94) "Солтүстік Қазақстан облысы бойынша биоотын өндірісін мемлекеттік реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру";

      95) биоотын өндірісі саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;

      96) биоотын өндірісіне мониторинг жүргізу;

      97) инвестициялық субсидиялау мониторингін жүргізу;

3 тарау. Мемлекеттік органның бірінші басшысының мәртебесі мен өкілеттіктері

      16. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне басшылықты "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бiрiншi басшы жүзеге асырады.

      17. Бiрiншi басшыны Солтүстiк Қазақстан облысының әкiмi Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады.

      18. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi бiрiншi басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

      19. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi бiрiншi басшысының өкiлеттiктерi:

      1) басшы орынбасарларының, құрылымдық бөлiмше басшыларының мiндеттерi мен өкiлеттiктерiн айқындайды;

      2) "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн қызметке тағайындайды және қызметiнен босатады;

      3) "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерiн көтермелеу мәселелерiн шешедi және тәртiптiк жазалар қолданады;

      4) "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң бұйрықтарына қол қояды, сондай-ақ "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметкерлерi орындауға мiндеттi нұсқаулар бередi;

      5) мемлекеттiк органдарда, өзге де ұйымдарда "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң атынан өкiлдiк етедi;

      6) "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнде мемлекеттiк сатып алу туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етедi;

      7) ерлер мен әйелдердiң тең құқықтары мен тең мүмкiндiктерiнiң мемлекеттiк кепiлдiктерi туралы заңнаманың сақталуын қамтамасыз етедi;

      8) "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi қызметкерлерiнiң сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауына дербес жауапты болады;

      9) медиация саласындағы жүйелі жұмысты қамтамасыз етеді.

      "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң бiрiншi басшысы болмаған кезеңде қолданыстағы заңнамаға сәйкес оның өкiлеттiктерiн оны алмастыратын адам атқарады.

      20. Бiрiншi басшы қолданыстағы заңнамаға сәйкес орынбасарларының өкiлеттiктерiн айқындайды.

      Басшының орынбасарлары:

      1) өз өкiлеттiктерi шегiнде қызметтi үйлестiредi;

      2) басшы болмаған кезеңде "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қызметiне жалпы басшылықты жүзеге асырады және "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне жүктелген мiндеттердiң орындалуына және өз функцияларын жүзеге асыруына дербес жауапты болады.

4 тарау. Мемлекеттiк органның мүлкi

      21. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауландырылған мүлкi болуы мүмкiн.

      "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң мүлкi оған меншiк иесi берген мүлiк, сондай-ақ өз қызметi нәтижесiнде сатып алынған мүлiк (ақшалай кiрiстi қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебiнен қалыптастырылады.

      22. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiне бекiтiлген мүлiк коммуналдық меншiкке жатады.

      23. Егер өзгесi заңнамада белгiленбесе, "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң өзiне бекiтiлген мүлiктi және қаржыландыру жоспары бойынша өзiне берiлген қаражат есебiнен сатып алған мүлiктi өз еркiмен иелiктен шығаруға немесе оған өзге де тәсiлмен иелiк етуге құқығы жоқ.

      "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесi таратылған жағдайда мүлiк Құрылтайшыға берiледi және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бөлiнедi.

5 тарау. Мемлекеттiк органды қайта ұйымдастыру және тарату

      24. "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiн қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

      "Солтүстiк Қазақстан облысы әкiмдiгiнiң ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" коммуналдық мемлекеттiк мекемесiнiң қарамағында ұйымдар мен ведомстволар жоқ.

Егер Сіз беттен қате тапсаңыз, тінтуірмен сөзді немесе фразаны белгілеңіз және Ctrl+Enter пернелер тіркесін басыңыз

 

бет бойынша іздеу

Іздеу үшін жолды енгізіңіз

Кеңес: браузерде бет бойынша енгізілген іздеу бар, ол жылдамырақ жұмыс істейді. Көбінесе, ctrl-F пернелері қолданылады